Педагогикалық білім берудің мазмұнын жаңарту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық білім берудің мазмұнын жаңарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандағы мақсатымыз ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту, адам, табиғат және қоғам туралы, рухани адамгершілік құндылықтарын ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты дамыту болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы
Педагогикалық білім берудің мазмұнын жаңарту.Мен өз шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамынАльберт Энштейн

Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандағы мақсатымыз ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту, адам, табиғат және қоғам туралы, рухани адамгершілік құндылықтарын ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты дамыту болып табылады.Мектеп мұғалімдерін дайындау бойынша халықаралық тәжірибенің түрлі аспектілерін қарай отырып, орта білім берудің мазмұны мен жаңартулардың педагогикалық білім берумен байланыстырып қарастырамыз. Мұғалім жаңартылған білім жүйесінде негізгі 4 тармақпен жұмыс жүргіземіз. Ең алдымен кәсіби тәжірибеге дайындық болу керек, яғни мұғалім сабақты жүргізуге қаншалықты дайын, дайын еместігін, оқушыларға сабақты түсіндірген кезде әдістерді қалай пайдалана білуі осыны анықтап аламыз. Екінші тармақта білім мен түсіну. Мұғалімнің сабақты түсіндіруде білімі қаншалықты екендігін жаңарту конспектісінде. Бұл білімдердің тәжірибеде қалай жұмыс істейтінін білу емес, сонымен қатар түсіну де маңызды болып табылады. Қазіргі кезде «Функционалдық сауаттылық» деген жаңа ұғым енгізілуде. Мұғалімнің практикалық білімі болмаса, ол оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын таратып беруге қабілетті бола алмайды. Сондықтан да практикалық білімі жоғара болуы керек. Үшінші тармақта мұғалімнің мектептегі жұмысқа дайындығы рефлексия мен тәжірибе арасындағы байланысты көрсетеді.Төртінші тармақта мұғалімнің зерттеушілік қабілеті жоғары оқулықтардың, оқу материалдарының жаңартылған білім беру мазмұнының оқу мақсаттарымен келісуінің маңыздылығын атап көрсетті. Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесін жетілдіру үшін мынадай шарттар болуы керек.217 дағдылар, коммуникациялар, сыни ойлау, ынтымақтастық, оны ағылшын тілінде «collaboration» дейді және шыңармашылықтың креативтілігін айтамыз. Оқытуға арналған бағалау, қалыптастыру бағалау. Оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау-сыни бағалау. Оқытудың әр түрлі критерийлерін қарастырамыз. Жалпы бағалауға келсек, шетел ғалымдары Харрис пен Маккэннің бағалауға берген анықтамалары мынадай: «Бағалау – бұл үйренушілердің оқу әрекеттерін өлшеу және оқытудағы проблемаларды диагностикалау, сондай-ақ үйренушілердің прогресін анықтау»болу керектігін алға тартады. Оқушылардызерттей отырып, өз тәжірибемізді қаншалықты байыта алуымызда екендігі. Дидакт ғалым Тимперли педагогтің кәсіби дамуының 10 негізгі қағидаттарын былай көрсетеді:
  • Оқушыларды оқыту нәтижелеріне бағыттай алуы.
  • Оқытудың мазмұнын құнды және пайдалы етіп әзірлеудің маңызы зор.
  • Теория мен тәжірибені қатар алып жүру маңызды.
  • Сұхбаттар жүргізіп отыру.
  • Бақылаудың деректерін бақылап отыру. Жүйелі талдау жүргізу.Кәсіби өсу үшін мүмкіндігі мол.
  • Педагогтің сенімдері мен көзқарастарының арасындағы байланыстың болуы.
  • Кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігі болуы және ынтымақтастық орнату.
  • Сыртқы сарапшылармен байланыста болу.
  • Көшбасшылық феномені болу.
  • Мұғалімнің тұрақты кәсіби дамуына нақты семинарлар, біліктілікті курстарынан өту.
Мұғалім әрқашанда оқушыға үлгі болуы керек. Кей мұғалімнің өз пәні бойынша білімі өте жоғары болады, бірақ сабақты түсіндіре алмайды, жеткізе алмайды, кейбір мұғалімнің әдістемелік қабілеті өте жоғары болады. Сондықтан да білім мен әдістеме қатар болуының маңызы зор. Дидакт ғалым Майкл Уолос бірінші модельді мұғалімді дербес дамытудың ақпараттық технологиялық моделі ретінде сипаттайды. Мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық білімі қатар жүріліп отыруы өте қажет. Кәсіби стандарттарға келсек, қазіргі таңда Қазақстанда педагогтің кәсіби стандарттары әзірленіп жатыр. Басқа елдердің стандарттарына да көз жүгіртіп қайтсақ. Англиядағы мұғалімнің кәсіби стандарттары да 8 біліктілік көрсеткен.
  • Оқушыларды оқуға ынталандыру.
  • Әр сабақтан, әр тоқсаннан кейін оқытудың нақты нәтижелерін көру, қолдау көрсету.
  • Оқыту пәні мен бағдарламасы бойынша жақсы білімді көрсету.
  • Сабақты нақты жоспарлау және өткізу.
  • Оқушылардың қабілеттері мен мұқтаждықтарына қарай, саралап оқыту.
  • Бағалау жүйесі. Бұл формативті бағалау, оқыту үшін бағалау, дамыту үшін бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау.
  • Өз пәндеріне қолдау көрсету.
  • Неғұрлым кеңірек кәсіби міндеттемелерді орындау.
Англиядағы кәсіби стандарттары сыныптағы тәртіпке қолдау көрсетуге байланысты болады. Британ ғалымы Лауренс Стенхаус айтқан болатын «Мектептегі білім беруді жаңарту мен оның мазмұнын педагогикалық білім беруді жаңғыртпайынша мүмкін емес».Пәнаралық байланыстардың болуы мұғалімдер арасындағы ынтымақтастыққа жақсы әсер етеді. Қорыта келе мен ақын М.Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртымызды сақтасақ та бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген сөздермен аяқтай келе, ХХІ ғасыр ғылым ғасыры. Мақсаты білім беру – тұлға дамытуын жүзеге асыратын мәселе. Жаңартылған білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден бір жол!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2019
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі