Материалдар / Педагогикалық жағдаяттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық жағдаяттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі педагогикалық жағдаяттар берілген. Оларды түрлі ойындарда жарыстарда қолдануға болады.Педагогикалық жағдаяттарды мұғалімдер арасында талқыға салуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
12193
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық жағдаят №1

Мектептен қайтып келе жатып үнемі сабаққа келмейтін сыныптасыңыздың көлік жуып жүргенін көріп қалдыңыз.

Не істейсіз?

  1. Ештеңе көрмегендей сыңай танытып өтіп кетесіз: бұған не істейсің өмір осылай!

  2. Сыныптасыңызға жақындай келіп, көзіне тік қарап, сөйлемей бұрылып кетіп қаласыз.

  3. Жедел түрде сынып жетекшісіне айтып, жағдайды талқылау.

  4. Ұялы телефонға түсіріп алып, сыныптастарға көрсетесіз

  5. Өз жауабыңыз.


Педагогикалық жағдаят №2

Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгел оған мән де бермейді. Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?. Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз?Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №3

Сыныпта оқушылар сенбілікке қатысқысы келмей: «Біз жұрттың қоқысын жинауға міндетті емеспіз», «Ол жер лас» - деп, балалар айқай салуда. Оқушылардың барлығын қалалық сенбілікке қатыстыру үшін мұғалім не істеу керек? Сіз не істер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №4

Мұғалім жүйелі түрде жоғары сынып оқушысынан махаббат жайында хат алып отырады. Ол баланың ата-анасын шақыртып болған жағдайды айтып берді. Сіздің ойыңызша мұғалім осы жағдаятта қандай мінез көрсетуі керек деп ойлайсыз, негіздеңіз. Сіз сол мұғалімнің орнында болғанда не істер едіңіз?




Педагогикалық жағдаят №5

Оқушы мұғалімге: «Басқа балаларға қарағанда маған жақсы көзбен қарағаныңызды қалаймын, өйткені мен бәрінен де жақсы оқимын»- дейді. Мұғалім оқушыға таңқала қарап, ол үшін бәрі бірдей екендігін айтты.Сіз осы жағдаятты қалай шешетін едіңіз (не істер едіңіз? не айтар едіңіз? т.б ) Оқушының мұндай өтінішіне мұғалім қалай жауап беруі керек?


Педагогикалық жағдаят №6
7-сынып оқушысы үнемі тәртіп бұзады. Мектеп әкішілігі мен сынып жетекшісі әңгімелескеннен кейін екініші рет қайталамауға уәде береді. Бірақ, есіктен шыға бере баяғысын тағы бастайды. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?

Педагогикалық жағдаят №7

Әйгерімнің есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан ол кез келген мәтінді , әнді, ақпаратты оңай жаттап алады. Мереке кезінде ол тек өз рөлін ғана емес , басқа да балалардың рөлдеріндегі мәтіндерді жаттап алған. Сол мәтінді қайталап басқаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?


Педагогикалық жағдаят №8

Мынадай жағдайды елестетіңіз: Сіз азық- түлік дүкенінде кезекте тұрсыз. Сіздің алдыңызда жасы 6-7жасар бала сауда жасап тұр. Сатушыға келіп саудадан артылған ақшаны (сдача) алды. Сатушының ақшаны дұрыс қайтармағанын сіз байқап қалдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?


Педагогикалық жағдаят №9

Сіз қоғамдық көлікте келе жатып, қасыңызда отырған жолаушының сөмкесінен бір адамның әмиян алып жатқандығының уәсі болдыңыз. Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?


Педагогикалық жағдаят №10

Сіздің сыныптастарыңыз жаңадан келген мұғалімнің сабағына саналы түрде кешігіп келді. Сыныптастарыңыз рұхсатсыз кіріп, мұғалімнің ашуына тимекші болды. Мұғалім сәл жымиып, өз орындарына отыруларына рұқсат етті. Оқушылар мұғалімнің мұндай әрекетінен сасып қалды. таң қалды.

Сіз бұл жағдаятқа қалай әсер ете аласыз? Мұндай жағдаятта сіз қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір?


Педагогикалық жағдаят №11

Сіз тұрған үйде көрші болып бір-бірімен жақын дос ұл бала мен қыз тұрады. Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, достығы айналадағы балалардың қалыңдық пен күйеу жігіт деп мазақтауына себеп болады. Сондықтан олар бір-бірінен алшақтай бастады. Мұндай жағдайда не істер едіңіз?

  1. Ештеңе болмағандай кейіп танытасыз.

  2. Ешкімге көңіл аудармауға кеңес бересіз.

  3. «Мазақтаушылармен» сөйлесесіз.

  4. Сіздің жауабыңыз.


Педагогикалық жағдаят №12

Кейбір ата-аналар брендтік киімдерге, балаларының сыртқы киіміне көп көңіл бөледі. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Мұндай ата-аналармен және балалармен қандайда бір жұмыс жүргізу қажет пе?

Өз жауабыңды түсіндір.

Педагогикалық жағдаят №13

Серуен кезінде құмда ойнап отырған балалар байқамай Азаматтың күртешесін бүлдіріп алды. Азаматтың қатты көңілі түсіп кетті. Ол балалар әдейі істеді деп ойлады. Ол ыңғайлы сәтін күтіп отырып, балаларға ылғал құмды лақтырып жіберді. Нәтижесінде балалардың барлық киімдері лас болып қалды. Балалардың ызалылығында шек жоқ еді. Ал Азамат олардың кешірім сұрамағандығын алға тартты.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір.

Педагогикалық жағдаят №14

Сегізінші сыныпта оқитын қызға жазылған хат мұғалімнің қолына түседі. Ал ол: «Ромео болғаныңа!» деп, хаттағы грамматикалық қателерді жөндей бастайды. «Ромео» болса сыныптан атып шығып, үш күн бойы сабаққа келмейді. Кәсіби тұрғыдан педагогтың әрекетін бағалаңыз. Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №15

Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді. .

Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?









Педагогикалық жағдаят №16

Мектепке жаңа мұғалім келді . Ол жас, көңілді және жайдары. Сіздің сыныптастарыңыз оны қызыға қарсы алды. Міне бірінші сабақ. Сынып тып-тыныш, кенет « Kу-ка-ре-ку » деген дауыс шықты . Мұғалім балаларға таңдана қарады. «Қораз» дым болды, бірнеше секунд үнсіздіктен кейін сыныптың басқа бұрышынан тағы да «ку-ка-ре-ку» деген дауыс естілді. Сабақ үзілді.

Сіздің ойыңызша, «Қораз» «ку-ка-ре-ку»ламау үшін, сабақ жалғасуы үшін мұғалім не істеуі керек еді? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №17

Сіз тұрып жатқан үйде бір кішкентай қыз тұрады делік. Ол басқа балалар ойнап жатқанда скрипкада ұзақ уақыт және құштарланып дайындалатын. Бір күні ол жас музыканттардың конкурсында бірінші орынды жеңіп алғандығын сыныптастарына қуана айтты. Бірақ сыныптастары оның үстінен күліп «оқымысты» деген сөздермен келемеждей бастады. Мұғалім бұл жағдайды назарсыз қалдырды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №18

Сіздің бірнеше сыныптастарыңыз жастар ансамблінің концертіне бару үшін сабақтан кетіп қалды. Келесі күні сынып жетекшісі келіп, мұны кім бастағынын сұрады. Бірақ ешкім дұрыс жауап бермеді. Мұғалім бүкіл сыныпты жазалады.

Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №19

Жеке әңгімелесу кезінде оқушы сынып жетекшісіне өз сыныптастарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған төтенше жағдайлар туралы құпия ақпаратты жеткізді.   Бірақ мұғалім бұған аса көңіл бөлмеді және ешқандай әрекет жасамады. Соның салдарынан сыныптағы бірнеше оқушы зардап шекті.

Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №20

Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған . Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетінг көрсетіңіз?

  1. Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.

  2. Хат иесін жарииялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.

  3. Бұған қалжыңмен қарау

  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.


Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №21

Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім, ашуланып: "Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой" деп, ұрысты.

Оқушылар: "Достарымызбен сөйлесуге келеміз " деп бір дауыспен жауап берді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай 
әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?










Педагогикалық жағдаят №22

Төртінші сабаққа таман оқушылар шаршап, қатты сөйлеп, шулай бастады.
Мұғалім сергіту сәтін жасайтындарын айтты, бәрі қуана келісті, алайда бірнеше оқушы мән бермегендей отыра берді.

Мұғалім сұрағанда:
-Неге жаттығу жасамай отырсындар?
Оқушылар

  • Біз ешнәрсе жасағымыз келмейді- деп жауап қайтарады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №23

Биология пәнінің мұғалімі 10 сыныпқа сабаққа кірді. Оқушылар "Фототсинтез "тақырыбына дайындалған плакатты керісінше іліп қойды да, мұғалімнің қандай күйде болатынын күтіп отырды.
Мұндай жағдайда ұстаздың әрекеті:

  1. Плакатты дұрыстап қойды.

  2. Сыныпқа ескерту жасап, кезекші оқушыға дұрыс ілуін талап етті.

  3. Қалжыңдай отыра, жымиып плакатты түзеп, сабақты жалғастырады.

  4. Сіздің өз жауабыңыз.


Таңдаған жауабыңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №24

Ән сабағының мұғалімі мектепте бірінші жыл жұмыс істейді. Ол 4 сыныптың сынып жетекшісі. Осы сыныпта оның сабағы басталды. Ол орындыққа отыра бергенде, кенет бір оқушы орындықты тартып жіберіп, мұғалім құлап қалады.
Осы жағдайда мұғалімнің іс - әрекеті:

  1. Оқушыны алаңғасарлығы үшін жазалайды.

  2. Оқушыға кешірім сұратады.

  3. Қалжың ретінде қабылдайды.

  4. Сіздің жауабыңыз.
    Өз жауабыңды түсіндір.

Педагогикалық жағдаят №25

Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.

Мұғалім:

Оқушы:

Жоқ, ата- анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын, деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №26

Мұғалім оқушыларға "Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар...." дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:

  • Неге жазбай отырсын? - дейді.

Оқушы:

  • Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын –деді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №27

9 сынып оқушысы мүлдем сабақ оқымай, сәнді киімдерге, биге қызығатын болды. Ол өте ерке, сыныптағы оқушылардың ойымен мүлде санаспайды. Мұғалімдермен үнемі жанжалдасады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісінің ол қыздың мінезін түзеуге деген мүмкіндіктері еш жүзеге аспады. Ата –анасы қызының мінезінде еш ауытқушылық жоқ деп, оның мұндай әрекеттеріне мектеп кінәлайды.

Осы жағдайды қалай түзеуге болады? Сіз қандай әрекет жасар едіңіз? лар Өз әрекетіңізді негіздеңіз.






Педагогикалық жағдаят №28

Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің

неге кешігіп жүрсіндер? деген сұрағына , оқушы «Асханада болдық» - деп жауап берді.

Нәтижесінде мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №29

Сабақта бірнеше оқушы "Теңіздегі шабуыл" ойынын ойнап отырады. Мұғалімнің ескертуіне: "Сіздің сабағыңыз бізге мүлдем қажеті жоқ. Ол бізге өмірде де керек емес"- деп жауап береді. Мұғалім күнделіктеріне ескерту жазып береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?

Педагогикалық жағдаят 30

Оқушы өзінің бақылау жұмысына қасындағы дос құрбысынан төмен баға алғанын көріп, жұмысының дұрыс бағаланбады деп деп ойлайды, соған ренжіп, мұғалімнің берген тапсырманы орындамай қабағын түйіп, кітап дәптерлерін партадан итеріп тастап, көзі жасқа толып отыра береді. Бұны көрген мұғалім оқушыға:

- Саған не болды, тапсырманы неге орындамайсың дейді? – Оқушы мұғалімге жауап бермей үндемей отыра берді.

Сіз бұл жағдаяттан қалай шыгар едіңіз. Бұл жағдайда не айтар едіңіз? Не істер едіңіз? Неліктен?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!