Материалдар / Педагогпен ата-*ата арасындағы байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогпен ата-*ата арасындағы байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға ата-аналармен жұмыс жасау барысында қолдануға арналған әдіс - тәсілдер туралы, Өзімнің тәжірбиемен бөлісе келе балалар бақыты үшін көптеген мәселелерді шешуге арнайы жұмыс түрлерін ұсындым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2021
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Педагогпен ата-ана арасындағы байланыс»

Мен «Арайлым» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып 11 жылдан бері жұмыс атқарып келемін. Өз мақаламда мен өзімнің жас, жұмысты енді бастап келе жатқан тәрбиешілер мен ата-аналарымыздың арасындағы қатынас барысында өзара түсіністікке қол жеткізудің бірқатар жақсы танымал, кейбір жағдайда аңғармай жіберіп алатын тиімді тәсілдеріне көңіл аударғым келеді.

Ата-аналардың барлығы да жақсы, алайда тіпті нағыз керемет адамның өзі де өмірдегі ойлау стереотипіне байланысты білімінің жетіспеушілігін тәжірибесінің аздығынан қателесуі мүмкін. Сондықтан, кейбір жағдайларда ата-аналар өздерінің пікірлерін жалғыз дұрыс пікір деп ешкімді тыңдағысы келмей, мәселеден бастарын аулақ салып, барлығы дұрыс деп көрсететіндері кездесіп жатады. Ерекше санатқа жататындар: бұлар баланың амандығы мен тәрбиесі үшін өзге адамдарға ақысын төлеуге дайын тұратын материалдық жағынан қамтамасыз етілген ата-аналар. Бала үшін басты мәселе үнемі қолдары босамайтын және оған уақытының бір бөлігін қиюға қолдары тимейтін жақын адамдар түсінбестігі болып табылады. Балалар көбінесе ықылас, қамқорлық, қолдау, мейірімді қарым-қатынастың тапшылығынан азап тартады. Алуан түрлі ата-аналар кездеседі, сол себепті олармен өзара қарым-қатынас құру барысында тәрбиешіге қиындықтар тууы мүмкін. Бала балабақшаға жалғыз келмейді, ол бізге өзінің ата-аналарымен және өзге жақын туыстарымен келеді. Балабақшаға келген кезде әрбір ересек адам кездейсоқ жүрген адам емес. Ол бала үшін белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Балабақша жайында ересектердің балаға айтқан ақпараты жағымды болған сайын тәрбиеші мен бала арасындағы өзара іс-әрекет үйлесімді болады. Бұл үрдіс екі жақты, сондықтан бала тарапынан жағымды қарым-қатынас ата-аналардың балабақшаға қатынасын және педагогикалық ұжыммен ынтымақтастығы сапасына әсерін тигізеді.

Сонымен, ата-ана балабақшаға жұмыс пен үй, тірлік пен қамқорлық әлемінен келеді, алайда оның көңіл күйі әрқашан да жақсы бола бермейді. Оны тәрбиешінің қалай қарсы алуының өзі олардың бұдан арғы диалогы дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді. Көптеген тәрбиешілердің үндемей келіп немесе немқұрайлы сәлем беріп қабағы түнерген ата-аналарды қарсы алуы ықтимал. Ата-аналардың осындай мінез-құлық стереотипін өзгертуге көмек көрсету аса маңызды.

Мысалы, мұны төмендегідей жасауға болады; ата-ананың аты-жөні қалай екенін еске түсіріңіз, оны жылы шырай қалыпты елестетіңіз, күлімсіреңіз, оны сенімді түрде есімімен атаңыз, көзіне қарап тұрып сәлемдесіңіз. Сіздің баланы және оның ата-анасын көргеніңізге қуанышты екендігіңіз туралы сөзіңіз оның нәтижесін арттырады. Әрине, бірінші кезден бастап мұндай нәтижеге қол жетпеуі мүмкін, алайда тәрбиешінің шыдамдылығы мен табандылығы бірқатар уақыттан кейін ата-атаның мейірімді және ілтипатты қатынасы өзіндік үлесін алуға ұмтылатындығына себеп болады. Тәрбиешінің мұндай қарым-қатынасын көрген балалар тез арада жағымды сөздер айтуға дағдыланады және өздері де мейірімділік пен жылы шырайлықтың үлгісін көрсетеді.

Ата-анамен әңгіме барысында оны есімімен жиі атау пайдалы, өйткені осының өзі кез келген адамды қоршаған топтағы адамдардан ерекшелейді; ата-ананы есімімен айту тәрбиешінің оған мүдделі екендігін және ықыласпен қарайтындығын көрсетеді. Ересек адамдардың тұрғысынан сыпайы қатынас орнату мақсатында ата-анаға «сіз» деп және аты мен әкесінің атын айту маңызды, қажет болған жағдайда ата-ананың қалауы бойынша атын толық түрде айту керек, бұл өзара қарым-қатынастағы қашықтықты сақтайды.

Енді ата-аналар арасындағы маңызды диалог – көңіл қоя тыңдау жайында. Кез келген ата-ана өз баласына қатысты тәрбиешінің пікірімен сай келу келмеуіне қарамастан, кез келген жағдайда өзіндік пікірінің болуына құқылы. Ата-ананың қандай болмасын пікір немесе сенімдерді айту барысында өзінің табандылығы мен артық негативін азайту үшін оны ықыласпен тыңдау қажет, бұл тәрбиешінің оған ата-ананаың не айтып тұрғандығын нақты білдіруін көрсетеді.

Мысалы, егер баланың анасы оның баласын топтағы бір баланың ұрғандығы жайында тағы да шағым жасағандығы туралы ашуланып айта бастаса, онда өзінің жауабыңды келесі сөздермен бастаған жөн: «Меніңше, сіз кешегі балаңызбен болған жағдай үшін ренжулі сияқтысыз». Немесе ертеңгіліктен кейін ата-ана өз қызының неліктен ханшайым емес, көбелек рөлін ойнағандығын сұраса, тәрбиеші: «Сіз қызыңыздың ертеңгілікте басты рөлді ойнамағандығына қапалы сияқтысыз» деп жауап беруіне болады. Барлық жағдайда да жауапты сұрақ түрінде емес мақұлданған жауап түрінде беру маңызды, сөйтіп тәрбиеші ата-анаға оны тыңдап және оның сөзі мен сезімін ұғынғандығын көрсетеді. Кейбір жағдайда да көңіл қоя тыңдау ата-ананың оның балабақшада болған сәтіне мүлде қатысы жоқ ағымсыз жайттарды айтып салуына себеп болады.

Мысалы, баланы алуға келген ашулы ана тәрбиешінің пікіріне, әрбір ұсақ-түйектерге мін таға бастайды. Ол баланың серуенге неге қызыл футболка кимегендігін, ертеңгілікте неге тақпақ айтпайтындығы және сол сияқтыларды сұрайды. Ата-ананың осындай ашулы әрекетіне тәрбиешінің былай жауап беруіне болады: «Сіз ашулы және ренжулі сияқтысыз». Бұл сөздер ананың өзіндік жекелей жағдайына қайта оралуына септігін тигізеді, бәлкім ол өзінің неге ренжулі екендігінің себебін айтуы мүмкін. Сөйтіп, көңіл қоя тыңдауы келесі сөздермен жалғастыруға болады: «Өкінішті жайт, мұндай болғаны өте өкінішті». Ата-ана өзінің ашу, ренішін басқаннан кейін диалог анағұрлым сындарлы арнаға түседі.

Ата-анамен сындарлы өзара қарым-қатынастың тағы бір маңызды элементі – бұл тәрбиешінің жағымды ойды пайдалану қабілеті, яғни кез келген қалыптасқан жағдайдан жағымды нәрсе көру.

Мысалы бала төбелескен жағдайда одан қандай жағымды нәрсе көруге болады? Бұдан баланың өте сәтті болмаса да дау-жанжалды шешудың бір жолын тапқындығын көруге болады. Бала мүмкін өзін қорғаған болар, өзінің ұстанымын талап етіп, бәлкім мұндай әдіспен ойыншықты иеленудің құқығын көрсеткен болар. Ал әйтпесе Отанның ержүрек қорғаушысы несмесе қарапайым жұбай және әке қалай өседі? Немесе қыздың ханым немесе ханшайым рөлін емес, тиіннің рөлін алғандығынан қандай жағымды нәрсе табуға болады? Ал бұл өзіңе жаңа көп игерілмеген рөлді орындаудың, мейрамға қатысудан ләззат алуға үйренудің, әртістік қабілеттіліктерін дамытудың, екінші орындағы шағын рөлді ашық, қызғылықты, есте қаларлықтай ойнаудың тамаша мүмкіндігі. Осы арқылы актерлік талантты дамытуға немесе кез келген жағдайда өзінің лайықты адам екендігін сезіну қабілетін арттыруға болады.

Кез келген жағдайда көңіл қоя тыңдау арқылы мейірімділік, жарқын жүзділік және құрмет танытып, ата-аналардың алдында жағымды қасиеттерін аша отырып, сіз күнделікті мына қарбалас өмірде оған әдемілік пен жарқындықты көруге, кез келген қиын жағдайда пайдалы тәжірибе алуды, жылдам өтіп бара жатқан күндерден қуаныш пен бақытты сәттерді табуға және ләззат алуға мүмкіндік бересіз. Сіз оларға өз баласын сүйіспеншілік пен қолдау, түсіністік пен табыстылыққа деген сенімнің қоршауында өсіруіне жағдай жасайсыз.


Олай болса қиындығы мен қызығы мол мектепке дейінгі тәрбие саласы қызметкерлеріне тың табыстар тілей отырып,барша әріптестерге мықты денсаулық тілеймін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!