Материалдар / Пікірлесу "СПИД –ХХІ ғасыр дерті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пікірлесу "СПИД –ХХІ ғасыр дерті"

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СПИД –ХХІ ғасыр дерті

Мақсаты : табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтауды , оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға , денсаулықтың қадірін түсініп сақтай білуге тәрбиелеу .

1 – жүргізуші : «СПИД – ғасыр дерті» атты пікірлесуімізді назарларыңызға ұсынамыз .

2 – жүргізуші : Салауатты өмір салты дегеніміз не ?

Оқушылар : Спортпен шұғылдану , таза ауамен демалу , жеке бас гигиенасын сақтау , дұрыс тамақтану , күн тәртібін сақтау .

1 – жүргізуші : ЖИТС – жүре пайда болған имуннитет тапшылығының синдромы . СПИД – синдром приобретенного иммуннодефицита .

2 - жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы баса айтқан болатын: «Жаңа жүз жылдықта біз өз тұрмысымызды , өз санамызды , қоғамымызды , жалпы алғанда әрбір жанұямызды салауатты өмір салтына ынталандыруды енгізуіміз қажет . Бұл еліміздің , ұлтымыздың болашағы үшін басқа басымдықтардан маңызды болуы мүмкін».

1 – жүргізуші : Салауатты өмір , келеңсіз жайлардың алдын алу , адамдардың денсаулығын күшейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып отыр . ХХІ ғасыр дертіне айналып қоғамымызды толғандырып жүрген – ЖҚТБ (СПИД) ауруы .

2 – жүргізуші : Ғасыр дерті болып табылатын ЖИТС (СПИД) туралы таныса жүріңіз.

Кітапханашы Сембаева Ж.Т. - Дүние жүзінде ЖҚТБ ( СПИД) уақыт өткен сайын үдеп , бұл дертке шалдыққандар саны көбейе түсуде . ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ағзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру. ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, виросолог Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Галло вирусты жан-жақты тексерді. Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасушыларға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша есте ұстайтын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынасындағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. СПИД вирусы химиялық немесе физикалақ әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегі медициналақ тәжірбиеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т.б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп-оңай жоқ қылдырады.

1 – жүргізущі : ЖҚТБ (СПИД) аурудың негізгі белгілері туралы таныса жүріңіз.

Математика пән мұғалімі Уақаева Н.С. - Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең – бастапқы АИВ инфекция 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандар саны 2000 жылдан кейін 40-50 миллионға жетуі ықтимал. Вирус жұққан адам – вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, әсіресе, вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.

2 – жүргізуші : Осы дерттің алдын алуда облыстардағы СПИД орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста қандай жұмыс атқарылып келеді ?

Кітапханашы Сембаева Ж.Т. - Биылғы жылы медициналық қызметіне ВИЧ ауруымен күресу үшін республикалық бюджеттен 4 млн қаржы бөлінген . Ғаламдық қор бөлген қомақты қаржыға барлық қажеттіліктер қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмек жағы жеткілікті болды. Қазақстан Республикасындағы СПИД эпидемиясына қарсы бағдарламаның жаңа жобасына ұсыныстар жіберілді . Қаражат ВИЧ - пен зақымданғандарды емдеуге дәрі – дәрмек алуға, жеке пайдаланатын бұйымдарды дезинфекциялауға, жеке қауіпсіздікті сақтайтын медициналық құралдарға, медициналық-ағартушылық ақпаратпен қамтамасыз етілуге жұмсалды. Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында ВИЧ-тің алдын-алу мақсатында 10 конференция, 3 дөңгелек үстел, 88 семинар, 784 сабақ, 365 тренинг, 756 радиодәріс өткізілді. 452 санитарлық бұрыш жабдықталып, 655 санитарлық бюллетень шығарылды. Осы дерттің алдын алуда облыстардағы СПИД орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылып келеді. Арнайы контингентті ВИЧ инфекциясына тексеру жұмыстары аймақтардағы СПИД орталықтарымен бірігіп жүргізіледі. ВИЧ-тің алдын алудағы барлық шаралар Әділет министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігімен 2005 жылғы 13-сәуірдегі бірігіп шығарған бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын 1-қараша мен 1-желтоқсан аралығында ВИЧ, СПИД дертіне қарсы айлық жүргізіліп, оның нәтижелері "СПИД тің алдын алу және күрес жөніндегі" республикалық орталығына жіберіліп отырылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда республикамызда 7088 адам ВИЧ-пен зақымданса, 445-адам СПИД-ке шалдыққан.

1 – жүргізуші : Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдың 1 – желтоқсанынан бастап «1 – желтоқсан - Бүкіләлемдік ЖҚТБ - ға (СПИД) – қарсы күрес күні» болып жарияланды .

2 – жүргізуші : Салауатты өмір салтын қолдайық ,

Ата – ана , ел үмітін ақтайық ,

«Өмірдегі – басты байлық» дейтұгын

Денсаулықты сақтайық !











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!