Материалдар / поэзия кеші "Мен өлмеймін, менікі де өлмейді"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

поэзия кеші "Мен өлмеймін, менікі де өлмейді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармалары арқылы оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру. Мағжан шығармаларын оқып-үйрету арқылы мәнерлеп оқу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен өлмеймін, менікі де өлмейді

Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармалары арқылы оқушылардың бойына ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру. Мағжан шығармаларын оқып-үйрету арқылы мәнерлеп оқу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.

Түрі: поэзия кеші

Көрнекілігі: Ақынның шығармалары, слайд, қанатты сөздер, аудио-видео құралдар.

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі кешке қош келдіңіздер! Бүгінде ақын көп. Ақынның көп болмағы әдебиет үшін үлкен табыс. Бірақ ақындардың өлеңдерін ешкім саралап жатпаса да, уақыт атты тамаша таразы бар, сол кімнің тамаша ақын екенін, кімнің шаңы шықпай жолда қалатынын өзі екшеп береді. Сол уақыт таразысынан сүрінбей, жырлары гауһар тастай жарқыраған ақындарымыздың бірі және бірегейі М.Жұмабаевтың мерейтойына арналғалы отыр. Жауһар жырлардың егесі М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармаларын жас ұрпақ біліп өссін, ұмытпасын деген мақсатпен біз бүгін «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» атты поэзия кешін ашық деп жариялап, келесі сөзді оқушыларға беремін.

Бексұлтан: Мағжан Жұмабаев! Осы бір есімді «мен қазақпын» деген азамат бір селк етпей, көзіне жас алмай, мұңданбауы мүмкін емес. Басына ажал оғы таяп тұрса да, ақын алған бетінен қайтпай, елдің бостандығы мен бақытын жырлаудан тайынбаған.Ұлтжанды ақын елін ездіктен ерлікке, қараңғылықтан білімге шақырып, артына өлмес мұра қалдырған.

Диас: Біз Мағжанды ұлтжанды азамат, сезімтал ақын, ұлы педагог және талантты аудармашы ретінде танимыз. Біз оның жырларымен бастауыш сыныптан таныспыз. Алайда, Мағжан қандай ақын, ол кім деген сұрақтарға Мағжанның өз жырларынан жауап тапқандай болдық.

Аяулым:

Мен кім? Ме

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, 
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? 
Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын, 
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, 
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын. 
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 
Түлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, 
Көз қырымен күліп қана қарармын. 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, 
Надан адам өлім жоғын білмейді. 

Бексұлтан: Асыл сөздердің қадірменді иесі – зерделі оқушылар екенін  кәміл ұққан, ал парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан ақын бар өмірін, білгенін сол туған халқына, еліне арнаған .

Диас: Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусым қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында туған.

Меруерт:

«Туған жер» өлеңі  

 Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,                                                            

Кіндік кесіп, кірісенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбім.                                           

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім.

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,                                                       

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

«Адам басы - Алла добы» деген рас,                                                      

Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.

Кім біледі, мен де шетке кетермін,

Туған жерім, сені тастап басым жас.

Бека: 4 жасынан бастап Ауыл мектебінде Ахиетден Ақанов деген башқұрттан оқып сауатын ашқан. 1905-1910 жж. Петропавлдағы Мұхамеджан Бегішевтің қазақ және татар балаларына арналған медресесінде оқыды. 1910-1911 жж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыды. 1912 жылы Қазан қаласында тұңғыш «Шолпан» өлеңдер кітабы шықты. 1912-1914 жж. Міржақып Дулатов және Ахмет Байтұрсыновпен танысты және олардан орыс тілі мен әдебиетінен сабақ алды.

Диас: 1913-1917жж. Омбы мүғалімдер семинариясында оқыды. Осында Сәкен Сейфуллинмен танысты, бірге оқыды. 1917ж. 21- 26 шілдеде Бірінші Бүкілқазақтық съезге қатысты, «Алаш» партиясына мүше болды. М.Жұмабаев "Қазақ« газетіне өз өлеңдерін жариялайды. Балапан" қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ақын М.Жұмабаев 1922 жылы Орынборда «Педагогика» оқулығын бастырады...

Бексұлтан: 1923-27 жылы Мәскеуде В.Брюсов атындағы Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен танысып, достық қарым-қатынаста болады. Валерий Брюсов оны қазақтың «Пушкині» деп атаған.

Диас: Жас ақын алғашқы тырнақалды өлеңдерін Абай үлгісімен жазды. Абайды ұлы ұстаз, дана ғалым, философ деп таныды.  Ақын Ұлы Абай дәстүрін жалғастырып, өз өлеңдерінде халықтың ауыр тағдырын шынайы суреттей білген.  Тұңғыш жинағында «Алтын хакім Абайға» атты өлеңін жариялады.

Динара:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,                                             

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес

Қарадан хакім болған сендей жанды

Дүние қолын жайып енді күтпес.

Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,                                                      

Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!

Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,

Болды ғой жақын туған бәрі кектес.

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,                                             

«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.

Артында қазақтың жас балалары

Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,                                                    

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

Жүрген жанның артында ізі қалар,                                                  

Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.

Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,

Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!

Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,                                                

Сау қалғанның көбісі ертең бітер.

Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,

Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.

Бексұлтан: Жас азамат» газетінің 1918 жылдың 30-шы шілдесінде шыққан 1 санында Мағжанның «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі жарияланды.

Жанарыс:

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты -
 
Қырандай күшті қанатты.
 
Мен жастарға сенемін!
 
Көздерінде от ойнар,
 
Сөздерінде жалын бар,
 
Жаннан қымбат оларға ар,
 
Мен жастарға сенемін!
 
Жас қырандар-балапан,
 
Жайылып қанат ұмтылған.
 
Көздегені көк аспан.
 
Мен жастарға сенемін!
 
Жұмсақ мінез жібектер.
 
Сүттей таза жүректер.
 
Қасиетті тілектер -
 
Мен жастарға сенемін!
 
Тау суындай гүрілдер,
 
Айбынды Алаш елім дер,
 
Алтын арқа жерім дер,
 
Мен жастарға сенемін!
 
Қажу барма тұлпарға,
 
Талу барма сұңқарға,
 
Иман күшті олрарда,
 
Мен жастарға сенемін!
 
Алаш айбынды ұраны,
 
Қасиетті Құраны,
 
Алаштың олар құрбаны,
 
Мен жастарға сенемін!
 
Мен сенемін жастарға,
 
Алаш отын оспанға
 
Шығарар олар бір таңда,
 
Мен жастарға сенемін!
 

Диас: 1922 ж. Қазан қаласында Бернияз Күлеевтің көмегімен Мағжанның 2-ші өлеңдер жинағы шықты

  • 1923ж. Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен Мағжанның 3-ші өлеңдер жинағы жарыкқ көрді.

  • 1927 ж. “Тоқсанның тобы” поэмасы жарыққа шықты.

  • 1928 ж. Мәскеуде “Жүсіп хан” ертегі поэмасы басылады.


Бексұлтан:1929 жылғы 6 шілдеде Мағжан тұтқындалып, әйгілі «Бутырка» түрмесіне қамалады. 10 жылға Карелияға жер аударылады.

  • 1936 жылғы 2 маусымда А.М.Горький мен Е.П.Пешкованың көмегімен айдаудан мерзімінен бұрын босанады да сол жазда елге оралады.

 Гүлнұр:

М. Горькийден

 Күн шығады да, батады,                                                           

Абақтым қара әрі тар.

Түнде, күндіз күзетшілер

Тереземді бақылар.

Бақылаңдар, мейілдерің,

Қаша алмаймын мен сорлы.

Жүрек ерікке ұмтылады,

Үзе алмаймын шынжырды.

Ай, шынжырлар, шынжырларым,

Сендер - темір сақшылар.

Үзе алмас та, сындыра алмас

Сендерді асқан батырлар.

Қарға, қарға, қара қарға,                                                          

Heгe төніп келесің?

Көзің сүзіп күтпе бекер,

Мен сенікі емеспін.

 

Диас. 1937 жылғы 30 желтоқсанда Мағжан тағы да тұтқындалып түрмеге қамалады.

1-көрініс (Күй орындалып тұрады. Абақтының бейнесі. Темір тор. Майшам жанып тұр. Темір тордың ар жағынан күңіренген үн естіледі. Мағжан роліндегі оқушы «Сағындым» өлеңін оқиды.)

Жеңіс: Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. 
«Қарашығым, құлыным», - деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым… 

Ортаға шаршаған, қажыған ана шығып, қоңыр үнмен:

- Құлыным, ботам!Мағжаным! Қу тағдыр, басыңа қайғы түсірді-ау.... Зар заман.. Аясаңшы ботамды, Мағжаным, жаным, қайдасың? Қарашығым, құлыным....

Ана бейнесі өте бере, қайтадан Мағжан өзінің «Сағындым» өлеңін жалғастырып оқиды.

Жатқан үйім қабырғасы қаратас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,

Ерте кеш те, күндіз-түні арылмас.

Уға толы жас жүрегім, жабықтым, 
Таныс дауыс ести алмай зарықтым. 
Не дегенін, не істегінін біле алмай, 
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!..

Өлең жолдары оқылған сайын дауыс жігерлене, өршелене түседі. Күй де күшейе түседі.

ТҰТҚЫН

(М.Д.-ға хат)

 

Асылхан: Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,

Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.

Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,

Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара

Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?

Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,

Тасбауырлар ыңғайына қарамас.


Ақниет: Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,

Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.

Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,

Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,

Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.

Ер жүректi азаматтың басына

Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!

2-көрініс. 1929 жылғы сот процесінен көрініс. Мәскеу. Біріккен саяси басқарма ОГПУ, тергеу үсті.

Гүлнұр: (Хатшы) Тұрыңыздар! Сот келе жатыр. Тұтқын Мағжан Жұмабаевты алып келіңіздер.

Мағжанды ортаға сүйреп шығарады.

Әден: Сот үкімі:

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясында бай болыстың семьясында туған. Ұлты –қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алқа» үйірмесін ұйымдастырушылардың бірі және оның белсенді мүшесі. «Алқа» үйірмесі – ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Ол ұйым кеңес үкіметіне қастандықтар ұйымдастырған. Жұмабаев жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы.

Жұмабаевтың айыбы:

1.Ол жасырын «Қазақ» ұйымына енген және оны ұйымдастырушылардың бірі.

2. Жасырын түрде ұлтшылдық «Алқа» ұйымын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.

Қылмыстық істер кодексінің 58 бабының 7, 8,11 тармақтарына сай Мағжан Жұмабаев атылсын.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!