Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Өскемен қаласындағы
«Шығыс Қазақстан облыстық
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
КММ
«Бекітемін»
Лицей директоры:
А.М.Мәулет
__________
«Поэзия, менімен егіз бе
едің?»
(Әдеби-сазды
кеш)
Өтетін уақыты:
09.02.2018 ж. сағ.16:00
Өтілетін орны: лицей жиын
залы
2017-2018 оқу жылы
«Поэзия, менімен егіз бе
едің?»
(Әдеби-сазды кеш)
Мақсаты:
-XX ғасырдың таңғажайып
ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен
насихаттау;
-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын
даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп
оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті
нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның парасатты поэзиясы
арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШТІҢ ӨТІЛУ
БАРЫСЫ:
1-жүргізуші:
2-жүргізуші:
-Армысыздар, қара өлеңін қастерлеген қадірменді
қауым!
1-жүргізуші:
- Бүгін сіздер мен біздер үшін
ерекше күн. Себебі, біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ
қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты
талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевқа арналған «Поэзия, менімен егіз бе
едің?» атты әдеби-сазды кешімізді
бастаймыз.
2-жүргізуші:
-Бүгін ақиық ақынның туылған
күні. Осындай кеште ақынның азулы жырлары, жүректерді тебірентер
әсем әндері орындалып, сол ғасырдағы ақын ғұмырының әлеміне саяхат
жасаймыз. Алтыннан қымбат уақытын аямай, ақынның ғажап жырларын
аялай білетін сіздердей қонақтарымызға хош келдіңіздер
демекпіз!
-
видео көрсетіледі
«Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығы» 4,14 мин. видео аяқталғанда
көрініс басталады
-
Көрініс: «Ақын мен
дәрігер»
/рөлдерде: дәрігер-Бексұлтан,
Мұқағали-Аңсаған 10-«А» сынып оқушылары/
«Ақын мен
дәрігер»
Дәрігер: №17 палатадағы
Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең,
бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой,
жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам
болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін
келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз
керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі,
керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет,
тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз. (тыңдап, дәрі жазып
береді.)
1-жүргізуші:
«…Ақынмын деп қалай мен айта
аламын,
Халқымның өз айтқанын
қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара
өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,
— деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын осы өлең
жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, сан қыры мен
сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғұмырында
өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ
жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр
қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып
отыр.
Өлең оқитын:
________________________
Ән:
________________________________
2-жүргізуші:
Құрметті көрермендер, бізде
5-9 ақпан аралығында қазақ тілі пәнінің апталығы өткендігін
білесіздер. Апталық барысында белсене қатысып, жүлдегер атанған
оқушыларды марапаттайтын уақыт жетті. Ендеше ортаға оқу ісінің
меңгерушісі Еркежан Құмарқанқызын және бірлестік жетекшісі Жалын
Қанатбекұлын шақырамыз.
/марапаттау
кезеңі/
1-жүргізуші:
Марапатталған оқушылардың
құрметіне келесі тамаша әнімізді тарту етеміз. Қошемет көрсетіп
отырыңыздар!
Ән:
________________________________
2-жүргізуші:
Туған халқының арман –
мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы
болған ақиық ақынның екінші өмірі- мәңгілік ғұмыры енді басталып
отыр. Өлмес өнері – өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып,
бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа
ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді
ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.
Өлең оқитын:
________________________
Ән:
________________________________
1-жүргізуші:
-Қарасаз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Жыр жазсам оған жұртым
елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали
Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді
ешкім! – иә өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Ақын
өлеңдерін насихаттап, жандарына қару етіп, жүректеріне шоқ болып
еніп, от болып шығарып жатқан жас өнерпаздарымыздың өнерлерін әрі
қарай тамашалайық.
Өлең оқитын:
________________________
Ән:
________________________________
2-жүргізуші:
Жыр кеңістігі –шексіз, ал сен
дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып, сағындырып біздерді
Хантәңірдей биіктеп сен
барасың,- деген өлең жолдарынан шабыт алып, келесі кезекті ақиық
ақынның әр жүректен орын алған әсем әнін караоке арқылы бәріміз
бірге орындайық .
КАРАОКЕ
1-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге
табынды,
Ата-баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан теңіз ұлылықты паш
еткен
Мұқағали- поэзия алыбы
2-жүргізуші:
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-
мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Ақын болсаң, алмас бол
тайсалмаған, Сен айт сырды мендегі айта алмаған»- деп болашақ
ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында
оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауға арқау
болады деген сенімдеміз.
1-жүргізуші
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали
Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе
едің?» атты әдеби-сазды кешімізді осымен аяқтаймыз. Бүгінгі поэзия
кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдірміз. Хош - сау
болыңыздар!