Материалдар / Практикалық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Практикалық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Машықкердің өндірістік тәжірибесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
685
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дененің саулығы – жаныңның саулығы. Осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтындығын түсіндіріп, санаңа ой қосады. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез- құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып, өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Кей жағдайда мұндай қимыл-қозғалыстар кері әсерін тигізуі де мүмкін. Мысалы: бір бағытта жасалған шектен тыс қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап, организмнің қалыпты нормаларын өзгертуге әкеліп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын, бір бағыттта ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деп қабылдауға болмайды. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Организм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.Дененің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білген абзал. Адамның қимыл-әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Қимыл қозғалыстың алғашқы бастамасы- таңертеңгі бой жазу жаттығулары. Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын қанша уақыт ішінде өткізуге болатыны дәл кесіп айту қиын. Себебі: Әркім уақытын өз қабілет мүмкіндігне қарай өзінше пайдаланады. Бірі 20 минут, екіншісі 30-40 минут уақыт таңертеңгілік бой жазу жаттығуларына жұмсайды. Сондықтан таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу әркімнің өз қалауы бойынша жүргізілгені жөн. Дегенмен 15-20 минуттан кем болмағаны жақсы.Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізгені дұрыс. Бұл тәртіп жылдың жылы маусымдарында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы керек. Жаттығулар керіліп созылудан басталады. Олардың түрлері үй жағдайында бір бөлек те, далада басқаша болады. Ата-аналар өз балалары таңертеңгі бой жазу жаттығуларын дұрыс орындауын қадағалап, бақылап отыруы керек. Бала алғашқы кезде далаға шыққан бетте жаттығу орындайтын жерге жеткенше тез жүріп барып, кейіннен жүгіруді бастау керек. Ең әуелі жүруден бастаудың мәні қан айналу процесі мен ішкі мүшелерді тиісті жүктемеге даярлайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп созылып жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап, оларды біртіндеп күрделендіре береді. Елімізде бірнеше спорттың түрі дамыған. Олардың жаттығу түрлері әр түрлі. Мысалы: ауыр атлетикамен айналысудағы негізгі мақсат - неғұрлы көбірек салмақ көтеруге жаттығу. Демек спорттың негізгі мазмұнын білгеннен кейін, онымен әртүрлі әркім өзінше жаттығады, болмаса жаттықтырушының нұсқауын басшылыққа алып орындайды. Спортпен жаттыға бастаған кезде, қай спорттың түрі болмасын, оның ішкі мәнін жете біліп алу керек. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, волейбол , футбол т.б жаттығулардың кестесі дұрыс қойылса ғана ол өз нәтижесін береді. Ол спортпен шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал керісінше болса, ол спортпен шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап кетуге дейін барады. Жаттығудың ойдағыдай орындалуы көбінесе жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды нақты ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана одан жақсы спортшы шығады. Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғары көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта қажет. Табиғи ортаға өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі жатады. Мұндай табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланудың денсаулық үшін маңызы зор.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!