психология

Тақырып бойынша 11 материал табылды

психология

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектеп мотивациясы сауаламасы» әдістемесі (Н.Г.Лусканова) осы тест арқылы мектепке мотивациясын анықтауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әдістемесі: «Н.Г.Лусканова» 
Мақсаты: Мектеп түрткісін анықтау

Оқу іс-әрекет мотивациясы оқуға бағытталғандықтан, сонымен қатар таным белсенділігімен және іс-әрекеттілігімен ерекшеленеді.

Оқушының жүріс-тұрысының мотивтерін білмей, оны тәрбиелеуге болмайды.Өйткені сол бір мінез-құлық, оқушыны ынталандыратын мотивтерге байланысты, түрлі өнегелі болуы мүмкін.

10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Нәтижелерді өңдеу және талдау.

25-30 ұпай - мектеп түрткісінің жоғары деңгейі – мұндай балалар танымдық мотивтер артықшылығымен, барлық қойылған мектептегі талаптарды жетістікпен орындауға ұмтылыстарымен ерекшелінеді. Олар мұғалім нұсқауларын жауапкершілікпен орындап басшылыққа алады, егер жаман баға немесе мұғалімнен ескерту алса қатты уайымдайды.

20-24 ұпай – мектеп түрткісінің жақсы деңгейі - мұндай көрсеткіштер оқу іс-әрекетін жетістікпен орындаған бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінде болады.

15-19 ұпай – мектепке жағымды қатынасы, бірақ мектеп көбінесе сабақтан тыс жақтарымен қызықтырады (сыртқы мотивация) – мұндай балалар өздерін мектепке жеткілікті дәрежеде жағымды сезінеді, бірақ олар мектепке достарымен қарым – қатынас жасау үшін жиі келеді, мұғаліммен өздерін оқушы ретінде сезінуі және әдемі портфелі, қаламы мен дәптері болғаны ұнайды. Мұндай балалардың танымдық түрткілері аз дәрежеде қалыптасқан және оқу процесі де оларды аз қызықтырады.

10-14 ұпай – төмен мектеп түрткісі – мұндай оқушылар мектепке еріксіз барады, сабақты босатады. Сабақ кезінде сабақтан тыс істермен, ойындармен айналысады. Оқу іс-әрекетінде мәнді қиыншылықтарға кездеседі. Мектепте тұрақсыздық бейімделу күйінде болады.

10 ұпайдан төмен - мектепке жағымсыз қатынасы, мектеп дезадаптациясы - мұндай балалар мектепте маңызды қиыншылықтарды бастан кешіреді, олар оқу іс-әрекетін орындай алмайды, сыныптармен қарым- қатынаста және мұғаліммен өзара әрекетте қиындықтар туындайды. Мектеп олар үшін жағымсыз орта ретінде қабылданады. Оқушылар агрессивті реакциялар көрсетеді, тапсырмаларды, қабылданған нормалар мен ережелерді орындаудан бас тартуы мүмкін. Көбіне, мұндай оқушыларда жиі жүйке-психикалық денсаулықтарының зақымдануы байқалады.

Әдістеме кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

1

0

1

3

0

1

3

1

1

3

Ә

3

1

0

1

3

3

1

0

3

1

Б

0

3

3

0

1

0

0

3

0

0



«Мектеп мотивациясы сауаламасы» әдістемесі (Н.Г.Лусканова)

Сауалнама сұрақтары.

1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

А) онша емес Ә) ұнайды Б) ұнамайды
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?

А) жиі үйде қалғым келеді Ә) түрлі болады Б) мектепке қуана барамын
3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

А) білмеймін Ә) үйде қаламын Б) мектепке барамын
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

А) ұнамайды Ә) әр түрлі Б) ұнайды
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

А) қалаймын Ә) қаламаймын Б) білмеймін
6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?

А) білмеймін Ә) қаламаймын Б) қалаймын
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

А) үнемі Ә) кейде Б) айпаймын
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

А) нақты білмеймін Ә) қалаймын Б) қаламаймын
9.
Сенің сыныпта достарың көп пе?

А) аз Ә) көп Б) достарым жоқ
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?

А) ұнамайды Ә) онша емес Б) ұнайды


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2023
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі