Материалдар / психологиялық-педагогикалық шаралар бағдарламасы "Жеңіске жол"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

психологиялық-педагогикалық шаралар бағдарламасы "Жеңіске жол"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ге әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері мен стратегияларын өңдеу; өзін-өзі реттеуді, өздік бақылауды, өздеріне сенімділікті арттырып, жүктемені көтере білуге машықтандыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
722
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңіске жол

Бірыңғай ұлттық тестіге әзірлік кезеңінде мектеп түлектеріне өткізілетін психологиялық-педагогикалық

шаралар бағдарламасы

(Н. Стебенева., Н.Королева., педагог-психологтар)


Мақсаты: ҰБТ-ге әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері мен стратегияларын өңдеу; өзін-өзі реттеуді, өздік бақылауды, өздеріне сенімділікті арттырып, жүктемені көтере білуге машықтандыру;

Әдістері: топтық пікірталас, ойындар, медиативтік техникалар;


Міндеттері:

1. Стреске қарсылықты күшейту;

2. Өзін сенімді сезіну дағдысын қалыптастыру;

3. Эмоционалды-ерік сферасын дамыту;

4. Өзіне көңіл бөлуге және айналадағы адамдарға сенімді, эмпатиялық сезімін дамыту;

5. Ішкі күштерге негізделген өздік бақылау дағдысын күшейту;

6. Өз ұстанымдарын ой тарзысынан өткізу арқылы өзінің іс-әрекеттеріне жауапкершілігін ұғынуға көмектесу;

7. Өзара қарым-қатынас дағдысын үйрету;


Өткізу жағдайы: Сыныпта, не кез-келген кең, жарық бөлмеде. Топ бір сыныптың оқушыларынан жасақталады.


Тақырыптық жоспар


Р/с

Тақырыптар

Академиялық сағат саны

1.

Емтиханға даярланудың тиімді жолдары

3

2.

Емтиханда өзіңді ұстау ережесі

3

3.

Жүйке-психикалық қозуды бәсеңдету тәсілдері

3

4.

Стреспен қалай күресуге болады

3

5.

Эмоция және мінез-құлық

3


Барлығы:

15


Сабақ №1

Тақырыбы: Емтиханға даярланудың тиімді жолдары

Құралдар: Кассеталы магнитофон, ватман қағазы, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, жұмсақ ойыншық

1-жаттығу «Мені ата»

Мақсаты: Топ мүшесі сезімін дамыту, бір-бірімен жақындастыру

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Қазір мына көңілді доп шеңбер бойымен, әрі сіздің қолыңыздың көмегімен жылжиды. Кімнің қолына доп жетеді, сол кісі өз есімін атайды. Жүргізушіге доп қайтып келгеннен кейін, доп қайтадан кері кетеді. Енді, кімнің қолына доп жетсе, сол оқушы өзін топ қалай атағынын қаласа, сол есімді, не лақап атын айтады және топ мүшелері тренинг барысында оны солай атайды. Және есімдер қайталанбағаны жақсы.

Енді, сіздер есімдеріңді жазып, визит қағазын жасақтаңыз.

Жаттығуды талдау

- Бұл жаттығу сізде қандай сезім тудырды?

- Бірінші тренингімізді неліктен осы жаттығудан бастадық деп ойлайсыз?

- Бұл тренинг қатысушыларына қандай тілек айтасың?


2. Топтық жұмыс ережесі

Мақсаты: Бірыңғай жұмыс орнын қолдану және бүкіл тренинг барысында топтағы тәртіп ережесін жасақтау

Уақыт:10 минут

Нұсқау: Әрқайсыңыз өзіңізді хан мен ханша деп есептеңіз, ал біздің аудиториямыз-сіздің шаһарыңыз. Ыңғайлы болу үшін әрқайсыңыз бұл шаһарда өзіңізге ұнайтын ережелерді ұсына аласыз және оны осы тренигтерде бәріміз сақтайтын боламыз.

Өз шаһарыңызда қандай ережелерді орнатар едіңіз. Ойланып және ақ бетке ереже тізімін жаз.

Ал енді жалпы топтық ережені қабылдайық. Сіздер өз ережелеріңді кезекпен айтыңыздар, мен ватманға жазамын.

Хан ережелері

Кешікпеу

Сөзді бөлмеу

Бағаламау

Үндемей қалу

«Осы жерде және дәл қазір»

Көп қатынасу

Сыр сақтау

Белсенді болу

Басынан соңына дейін жұмыстану

Қол көтеру арқылы сөз алу

«Тоқта» ережесі

Жөнсіз сөйлемеу

Шаһар ережесін қабылдау құрметіне ду қол соғайық.


3. Моральды тұрақтылық тестісі

Мақсаты: Қоршаған ортаға ыңғайсыздық тудырмай ма және оларға айналадағы адамдар қалай қарайды деген сауалдар бойынша жасөспірімдердің өз өмір сүру дағдысы туралы ойлануға жағдай жасау

Уақыт:15 минут

Тест кілті: «Иә» деген әр жауапқа 1 ұпайдан қойып, жалпы соммасын шығарыңыз.

1. Мен әрдайым берген сөзімді және басқалар алдындағы міндетімді орындаймын.

2. Мен шын ниетіммен достарыма көмектесемін және ешқандай пайда көруді мақсат етпеймін.

3. Әділетсіздік маған ұнамайды.

4. Адамдардың өрескелдігі мен тәрбиесіздігі менің ашу-ызамды келтіреді.

5. Мен кекшіл емеспін, басқаларға кек тұтпаймын.

6. Мен жануарларды өте жақсы көремін.

7. Мен үлкен адамдардың жасы мен ақылын сыйлаймын.

8. Тек басқаларға ғана емес, өзіме өзім адал болуға тырысамын.

9. Өз мәселелерімді шеше отырып, мен басқаларды ешуақытта естен шығар-маймын.

10. Мен сыйлық сыйлағанды ұнатамын, адамдардың қуанғаны мен үшін үлкен қуаныш.


Нәтижелерді анықтап, төменнен қорытындысын оқыңыз

1-3 ұпай Сіздің моральдық ұстамдылығыңыз өте биік емес. Мүмкін, сіз әлі бұл жөнінде ойланбаған шығарсыз немесе басқа адамдардан үлгі алатын боларсыз. Мұндай жағдайда сіздің жолыңыздың болмағаны. Егерде сіз өзгергіңіз келсе, өзіңіздің мінез- құлқыңыз туралы ойлануға кеңес береміз.

4-6 ұпай Сіздің өмір ұстанымдарыңыздан қоғамда қабылданған моральдық өлшемдерді негізінен ұстанатыныңызды көрсетеді. Сізге әліде болса жұмыстану қажет, яғни моральдық өлшемдер сіздің ішкі қажеттілігіңізге айналуы тиіс.

7-10 ұпай Сіз шынымен идеал адамсыз, айналаңыздағы адамдар сізді үлгі тұтуына болады. Бірақ масайрап кетуге болмайды, әліде өзіңізбен жұмыстануыңыз керек.


4. Шағын дәріс «Емтиханға қалай әзірлену керек?»

Мақсаты: Емтиханға әзірленудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолайлы формада жеткізу

Уақыты: 15 минут

Психологиялық тұрғыдан даярлану

Дағдарыс жағдаяттарында сасқалақтамау үшін, жоғары мақсаттарға жетуде өзіңізге жоғары міндеттер қоймағаныңыз дұрыс. Жағдай тығырыққа тірелгенше, күтпеу қажет.

-Емтиханға әзірлікті ерте бастау керек, аз-аздан, бөліп-бөліп байсалды әзірлену керек;

-Егерде сізге бар күшіңізді салып, ойыңызды жинақтау қиын болса, бірінші жеңілдерін есте сақтап, содан кейін күрделі материалдарды оқуға көшуге тырысыңыз;

-Ішкі күштерді, шаршауды түсіруге арналған босаңсуға жағдай жасайтын жаттығуларды күнде орында;


Көз шаршағанда не істеуге болады?

Емтиханға әзірлік кезеңінде көзге ауырлық көп түседі. Егерде көз шаршаса, ағзаның да шаршағаны, яғни емтихан тапсырмаларын орындауға күшіңіз жетпеуі мүмкін. Көзді демалту үшін қажетті әрекет жасау қажет.Жаттығудың кез-келгенін орындау:

  • Жоғары-төмен алмакезек қара (25 секунд), солға-оңға;

  • Көзбен өз есіміңді, әкеңнің атын, тегіңді жаз;

  • Алыс жердегі заттарға қадалып қара (20 секунд), содан соң алдындағы қағаз бетіне қара (20секунд);

  • Шаршы, үшбұрыш сал. Бірінші сағат тілімен, содан кейін сағат тіліне қарсы сал;

Күн режимі

Тәулікті үшке бөл

  • Емтиханға күніне 8 сағат әзірлен;

  • Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, би кешіне бар-8сағат;

  • 8 сағаттан кем ұйықтама; егерде қажеттілігің мен тілегің болса, түсқайта демалып ал;

Тамақтану

Күніне 3-4 рет тамақтану керек, калориялы және дәруменді тамақтар болу керек. Тағамға: грек жаңғағы, сүт тағамдары, балық, ет, жеміс, көкөніс, шоколад пайдалан. Тағы бір кеңес: емтихан алдында тойып ас ішпе!

Сабаққа әзірлену орны:

Өзіңнің жұмыс орныңды дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сиякөк, сары түсті картина немесе заттарды қой, себебі бұл түстер интеллектуальдық белсенділікті арттырады.

Көлемді материалды қалай есте сақтау керек?

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және оны міндетті түрде қысқаша жаз, содан кейін ғана даталардың, негізгі фактілердің дұрыстығын тексеруді ұмытпа. Оқулықты оқи отырып, басты ойды анықта, оған жауап бергенде сүйенетін боласың. Әр сұраққа бөлек-бөлек қағаздарға жауаптың қысқаша жоспарын жасауға үйрен. Емтиханның алдындағы соңғы күні, сол әр бетке жазылған қысқаша жоспарды оқып шық.

Ойды дамыту жолдары

1. Ақылды болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай біл, байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей қал.

2. Ой күшінсіз білімді алу мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.

3. Ойды дамыту-бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуантүрлі: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.

4. Ой сұрақтардан басталады. «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.

5. Әзір стандартты шешімдер қалаған нәтиже бермесе ғана, ой белсенденеді. Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар немесе құбылыстарды әр қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу керек.

6. Зат пен құбылыстың әртүрлі белгілерін байқау, және оларды салыстыра білу-ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.

7. Адам обьектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа арналған ойындарда, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы жаттықтыруға болады.

8. Ойлау мен сөйлеу ажыратылмайды. Ойды дамытудың басты шарты-оқыған материалды еркін жеткізу, пікірталастарға қатысу, жазба тілді жиі қолдану, өзің толық түсінбейтін затты басқаға жеткізе білу.


Еске сақтаудың кейбір заңдылықтары

1. Еске сақтау қиыншылығы көлемге байланысты емес. Шығармадан үзінді оқыған, нақыл сөздерден әлдеқайда жеңіл.

2. Бір затты бірнеше рет қайталағанда есте көп қалады, әрі түсініктілік жоғарылайды.

3. Бір материалдан басыңды алмай оқығаннан гөрі, бөліп-бөліп оқыған жөн.

4. Үздіксіз оқи бергеннен гөрі, қайталауға, яғни есте қалдыруға уақытты жіберген тиімді.

5.Егерде екі материалмен жұмыстануда, оның біреуі көлемді, екіншісі шағын болса, көлемдісінен бастаған жөн.

6. Ұйқыда адам еске сақтамайды, бірақ ұмытпайды да.

Жұмыс қабілеттілігін сақтау ережесі

1.Ақыл ой мен дене еңбегін алмастырып отыру

2.Айналу, баспен тұру, майшам сияқты гимнастикалық жаттығуларды жасау керек, себебі ми жасушаларына қан жақсы барып, айналыс күшейеді

3.Көзді сақтау керек, әр 20-30 минут сайын үзіліс жасау керек (кітаптан көзді ажыратып, алысқа көз тігу)

4. Теледидар бағдарламаларын барынша азайт!


5.Кинезиологиялық жаттығулар

Мақсаты:Танымдық қабілетті белсендендіру

Нұсқау: Бас бармақ және сұқ саусақ көмегімен екінші қолдың саусағын тырнақтан бастап, бар күшпен әр саусақты жаншимыз, бірінші алақан бетін, содан кейін саусақ аралығын. Сосын қолды алмастырамыз.

Оң қолдың бас бармағымен сол қол алақанының қақ ортасын басып жаншимыз. Қысымды сезіне отырып, алақан шеттерін айналу әрекеті арқылы, спирал секілді бас бармаққа дейін қозғалыс жасамыз. Содан соң келесі қолға көшеміз.


Мақсаты: Әрекет үйлесімділігін дамыту

Нұсқау:

1.Алақаныңызды ашып, қолыңды алға созыңыз. Алақаныңызға ең кіші саусағыңызды бүгуге тырысыңыз, ал басқа саусақтарыңыз ашық, бүгілмеуі керек.

2. Оң қолыңызды оңнан солға қарай, оң аяғыңызды керісінше бағытқа айналыс әрекетін жасау, содан соң сол қолыңызбен аяғыңызды дәл осылай қозғалтыңыз.

3. Қолыңызды крестеп тізеңізге қойыңыз. Белгі бойынша бір рет қол шапалақтауыңыз керек, содан кейін тағы қол соғып, қолды ауыстырып тізеңізге қойыңыз.

4. Оң қолыңыз арқылы әскери ізет етіп, сол қолыңыздың бас бармағын көтеріп, жұмыдырығыңызды алға созып, «Керемет» деп айтыңыз. Содан соң қол соғып, қолдарыңызды ауыстырып, тез қайталаңыз.


Мақсаты: Көру арқылы еске сақтауды дамыту.

1. Жүргізуші қағаз бетіне екі түсті кез-келген түзуді 5 секундта салады. Басқаларына суретін көрсетеді. Барлығы бірге дәл көшірмесін салады. 3-4 рет қайталану керек, әр сурет сайын күрделенеді және қажет болса суретке қарау және оны көшіруге көптеу уақыт беріледі.

2. Жүргізуші тақтаға бірінен соң бірі (сүртіп отырады) 3 геометриялық пішін (мысалы: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) салады. Әрқайсысы 7 секунд уақыт көрсетіледі, содан соң орнына басқа пішін салынады. Барлық пішіндерді мұқият қарап, қатысушының 45минут ішінде ақ бетке көргендерін салу керек. Тапсырманы қайталағанда күрделендіру керек, яғни пішіндер санын көбейту керек.

6. Шағын топтардағы пікірталас

Мақсаты:Емтиханға әзірлікке арналған дәріс материалдарын бекіту.

Уақыт: 25 минут.

Өткізу техникасы: Қатысушылар шағын 4 топқа бөлінеді, хатшы, спикер, уақыт есептеуші (таймер) және басшы тағайындалады.

Басшының қызметі: Топтың тақырыптан ауытқып кетпеуін қадағалайды, «ой қозғау» қағидасын ұстанады; әр қатысушы ынталандырып отырады. Хатшы қызметі топтың ұсынған идеяларын мұқият, түсінікті жазып отырады.

Спикер қызметі: Топтың ұсынған идеялары мен ұсыныстарын дәл, нақты, қысқа қорытып отырады.

Таймер қызметі: Пірікталасқа бөлінген уақыты қадағалап отырады.

Жүргізуші топқа «ой қозғау» түсінігін түсіндіріп, қағидаларын жариялайды:

- Барынша көп идеялар ұсыну;

- Барлық идеялар жазылады;

- Бірде-бір идея жоққа шығарылмайды:

- Бірде-бір идея талқыланбайды, өз уақытында талқыланады;

Құрал: 4 ватман беті, маркерлер

Нұсқау: Құрметті қатысушылар пірікталас клубына қош келдіңіздер! Жұмыс жасау үшін 4 шағын топқа бөлінулеріңізді сұраймын. Топты жасақтау үшін төмендегі әдіс бойынша бөлінеміз: таң-күндіз-кеш-түн.

Талқылауға мынадай тапсырмаларды ұсынамын

1 тапсырма: Емтихандарға қалай әзірленген тиімді.

2тапсырма: ҰБТ-ге әзірлену жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек.

3 тапсырма: Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек.

4 тапсырма: Емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?

Шығармашылық пен белсенді жұмыс жасаңыздар, ойды қозғау қағидаларын және «хан ережелерін» басшылыққа алыңыздар. Спикерлерге топтың талқыланған сұрақтар бойынша туындаған идеяларын баяндауға сөз беріледі.

7. «Мені қайтала» жаттығуы

Мақсаты: Ақпараттарды қабылдап, жеткізуге әсер ететін сәтті әдістерді, факторларды дамыту.

Уақыт: 15 минут

Нұсқау: Шеңбер бойына тұрайық, көңілді әуенге билейміз, бірақ мынадай тәртіппен: біз әрқайсысымыз кез-келген қимылмен билеміз, содан соң менің қол соғуымнан кейін оң жақ көршінің қимылын қайталайсыз. Егерде бәріміз зерек болсақ, әр адам қимылы шеңбер бойымен айналып, өз «иесіне» жетеді.

Талдау:

Сіздің көңіл күйіңіз қалай?

Өз қимылын өзіңе қайтып келді ме?

Ол өзгерді ме, әлде жоқ па?

Бастапқы қимылыңыз қандай болды, өзіңіз көрсетсеңіз?

8. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігі

Уақыт: 20 минут

Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі).

Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.

Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?

Тағыда жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.

Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.

Енді құрметті түлектер, сіздің әрқайсысыңыдың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзаракөмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Соңғы сабағымызда әрқайсысыңыз өз жұлдызыңызды алып кетесіз, ол сізді білім жолында, емтихандарда және өміріңізде серік болады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуантүрлі.

9 жаттығу «Тренингті қорытындылау»

Мақсаты: Тренигке қатысушылар тобымен кері байланыс орнату.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Жайлы орналасыңыз. Қазір біз бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты жалғастыра отырып бүгінгі кездесуден қандай әсер алдық және топ қатысушыларына тілегімізді білдіреміз. Біреу сөйлеп жатқанда, сіздер мұқият тыңдаңыз, сөзді бөлмейміз, әңгімелеспейміз, сыныптастарымызды сыйлаймыз.

Талдау:

Алғашқы тренинг күнінен не алдыңыз?

Қандай әсерлер болды?

Өзіңізге не жаңалық болып көрінді?

Болашақта трениг барысында айтылған кеңестердің қайсысымен қаруланасыз?


Сабақ №2

Тақырыбы: Емтиханда өзіңді ұстау ережесі

Материал: Кассеталар мен магнитафон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А 4 ақ қағазы, тест пен әдістемелер өткізу блакі, қарындаш.


1 жаттығу «Сәлемдеме хат»

Мақсаты: Топ ұйымшылдығын, эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Уақыт: 5 минут.

Нұсқау: Мен әрқайсыңыздың өз сәлемдемеңізді қағазға жазып, қобдишаға салуды ұсынамын. Содан кейін мен араластырамын, әрқайсыңыз кез-келген сәлемдемені алып, топқа дауыстап оқисыз және бүгінгі күннен естелік ретінде өзіңізде қалдырасыз.

Талдау:

Сәлемдеме жазу қиын болды ма?

Әркім өзіңіздің сәлемдемеңіз оқылып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

Сіз тренингімізді жалғастыруға даярсыз ба?


2 жаттығу «Жарайсың !»

Мақсаты: Стрестік жағдайда сенімділікті қалыптастыру

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Сізде екі топқа бөлінесіз: ішкі және сыртқы. Ал қазір мен түсіндіремін. Екі шеңбер құрыңыздар, бірі ішкі, екіншісі сыртқы. Сыртқы шеңбер қатысушысы ішкі шеңберден өзіне серік табады, бір-біріне қарама-қарсы тұрады және менің белгім бойынша кезекпен өз жетістіктерің туралы айтасыздар. Тыңдаушы әр жетістікті айтқан сайын бас бармағын көтеріп, мына сөздерді қоса айту керек: «Жарайсың! Бір! Жарадың! Екі!» т.с.с. Сіз өзіңіз туралы нашар ойда болсаңызда, сеніммен жақсылықтарды айтыңыз. Егерде кімде-кім бұл жаттығуды орындағанда сенімсіз, ыңғайсыз сезінсе, іштей: «Мен өзімді сүйемін, мен қайталанбас бірегеймін! Мен өзімді сүйемін, мен қайталанбас бірегеймін!».

Әрдайым сіздің адресіңізге жағымсыз бағалау туралы ой келсе, есіңізге түсіріңіз, сізге әліде өзіңізді дамыту, жетілдіру керек екенін, яғни барынша жетілгенше!

Менің белгім бойынша сыртқы шеңбер орындарында қалады, ал ішкі шеңбер солға бір қадам жасап, серіктерін өзгертеді. Ойын жалғасады.

Талдау:

Өзіңіз туралы көп нәрсені есіңізге түсірдіңіз бе?

Сирек болсада өзіңізге: «Менде жақсы шықты!» деп айтасыз ба?

Егерде сіз үлкен қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз?

Өзің туралы жақсы көзқараста болу неліктен маңызды?

Өз серігіңізден не үйрендіңіз?


3жаттығу «Мен неге қол жеткізгім келеді?»

Мақсаты: Сәттілікке бағыттау, актерлік қабілетті дамыту.

Уақыт: 15 минут.

Нұсқау: Кішкене уақыт тыныштықта отырып, неге қол жеткізгіңіз келетініні ойлаңыз ? Нені үйренгіңіз келеді? Өз ойыңызды ым-ишара арқылы қалай жеткізу жолын ойлаңыз. Қалғандары: не туралы хабарлап тұрғаныңызды шешеді.

Талдау:

Басты мақсатты таңдау қиын болды ма?

Осы мақсатқа жететініңізге сенесіз бе?

Ол үшін не істеу керек?

Басқа сыныптастар ойларынан нені ұқтыңыз?

Сіздің мақсатыңыз ғаламдық емес пе? Не өте мардымсыз емес пе? Не қол жеткізуге болатындай ма?

4. Тест. «Сіз өзіңізді бақылай аласыз ба?»

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативтік бақылау деңгейі, жағдаяттардың өзгеруіне әсері, алдын-ала көре біле ме, айналадағыларға қандай әсер тудыратынын көрсету.

Уақыт: 15 минут.

Нұсқау: Нұсқауларды оқып, «иә», не «жоқ» деп жауап беріңіз.

1. Маған басқа адамдарға еліктеу қиын.

2. Мен егерде қажеттілік болса, басқалардың көңілін аудару үшін ақымақ бола аламын.

3. Менен жақсы актер шығар еді.

4. Кейде басқа адамдарға мен өте уайымшыл сияқты болып көрінемін.

5. Компанияда мен сирек басты назарда боламын.

6. Әр түрлі адамдармен, әртүрлі жағдаяттармен өзімді әртүрлі ұстаймын.

7. Мен анық сенімді болсам ғана дәлелдеуге тырысам.

8. Істе және адамдармен қарым-қатынаста жетістікке жету үшін, олар мені қалай көргісі келеді, мен сондай болуға тырысамын.

9. Мен ұнатпайтын адамдарменде мейірбан дос бол аламын.

10. Мен қалай көрінемін, дәл сондаймын.

1,5,7 сұрақтарына «жоқ» және басқа сұрақтардың бәріне «иә» деп жауап берсеңіз 1 ұпайдан қоясыз. Егерде сіз шынайы жауап берсеңіз: сіз туралы төмендегідей нәтиже:

0-3 ұпай. Сізде коммуникативтік бақылау төмен және сіз жағдаяттарға байланысты өзгерту керек деп есептемейсіз. Сіз қарым-қатынаста шынайы ашылуға бейімсіз. Көпшілігі сізді туралығыңызға қарай қарыс-қатынаста «қолайсыз» деп есептейді.

4-6 ұпай. Сізде коммуникативтік бақылау орташа. Сіз шынайысыз, бірақ эмоционалды ашылмайсыз. Сізге өзіңізді ұстауға айналадағы адамдармен санасу керек.

7-10 ұпай. Сізде коммуникативтік бақылау жоғары. Сіз жеңіл кез-келген рөлге ене аласыз, жағдаят өзгерісінде және айналадағы адамдардың әсерленетінін көре алуда икемді әрекет істей аласыз.


5. Жаттығу «Эксперимент!»

Мақсаты: Стрестік жағдайда өзін ұстауға үйрету.

Уақыт: 10 минут.

Өткізу техникасы: Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үлестіріледі және мәтін оқу тапсырмасы беріледі.

Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде үш үзіндіні оқу керексіз:

АДАМНЫҢӨЗІНӨЗІТӘРБИЕЛЕУІЖАНМЕНТӘНДІШЫНЫҚТЫРУЖАТТЫҚТЫРУ

НекеГЕТҰРЫпүйбОЛУҮЛКенадамгЕРШІЛІКПензорруХАНИҚұндЫЛЫҚТАРдыңбірі.

ҚАЗақхалҚЫҰЛБАланыОНҮшіндЕОТАуиеСІДЕген.

Талдау:

Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?

Оны орындау үшін сізге не қажет болды?

Тез орындаудың, оқудың құпиясы неде?

Өзін-өзі басқаруды қалай дамытуға болады?

6. Шағын-дәріс «Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?»

Мақсаты Емтиханға дейін және уақытында. өзіңді ұстау ережелерімен түлектерді таныстыру.

Уақыт: 15 минут.

Емтиханға қандай киім кию керек?

Киімнің түсі байыпты, жылы болу керек. Шамадан тыс ақшаңқай, алабажақ киімдер кимеуге тырысыңыз, костюмнің кейбір тыс көз тартатын бөліктері болмағаны жақсы, себебі емтиханда қарым-қатынас жасайтын адамның жағымсыз эмоциясын тудыруы мүмкін. Әрдайым өлшем, шек сезімін естен шығармаңыздар. Артық ештеңе болмасын. Ал емтиханнан кейін бәрін өз талғамыңмен киесің.


Емтиханға дейін және барысындағы іс-әрекетіңе нұсқаулар:

1. Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға тырыс. Егерде бір тақырыпты аяғына дейін оқымаған болсаң, оқуға да тырыспада. «Өлім алдында тыныстап үлгермейсің». Демал, көңіл көтер, ертеңгі емтихан туралы ұмытуға тырыс.

2. Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды қандыр.

3. Міне, сен сынып есігінің алдындасың! Сабырлан! «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!»-деп бірнеше рет қайтала. Алғашқы лекпен жауап беруге тырыс. Мазасызданған сыныптастарыңның қасында көбірек болсаң, қорқыныш, сенімсіздік сезімі билеп, стресс күшейе түседі.

4. Өз эмоцияларыңды ретке келтіріп, ойыңды жинақта.

5. Сыныпқа сеніммен кір, бәріде ойдағыдай болады.

6. Жайланып отыр, арқаңды түзе. Өзіңді бәрінен биік, ақылды айлакер және бәріде ойдағыдай болады деп ойла. «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» деген сөздерге зейініңді шоғырландыр, сонымен қатар асықпай бірнеше рет қайтала. Ойларыңнан арылуға тырыспа, себебі одан сайын мазасыздықты күшейтеді. Соңында жұмыдырығыңды қатты қыс.

7. Мазасыздануды жоюға арналған тыныс алу жаттығуын орында:

- жайланып отыр;

- мұрынмен терең дем ал (4-6 секунд);

- ауаны іште ұста (2-3 секунд);

8. Әрі қарай алаңдамау, артық сұрақтар қоймау үшін бар назарыңды салып емтихан жүргізушісін тыңда. Ол тестілеу жұмысын толтыру, орындау ережелерін түсіндіреді: балнкті толтыру, қандай әріптер жазу керек, мектеп номерін кодтау т.б.

9. Жұмысқа толықтай кірісуге және айналадағылардың бар екенін ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана уақыт тіршілік етеді, тесті орындау, бланк пен тапсырманы толтырудың шектеулі уақыты бар. Байыпты, тездет. Тапсырманы соңына дейін оқы. Асығыстық тапсырманың бірінші сөзін оқып, аяғын ойдан құрастыруға алып келеді.

10. Барлық сұрақты қарап шық және өзің жауабына сенімділерінен баста. Сонда ғана сен сабырланып, жұмыс ырғағына енесің. Кез-келген тестте сен жауабын нақты білетін сұрақ болады, сондықтан ойыңды жинақта.

11. Бір тапсырманы аяқтап, екіншісіне кіріскенде алдыңғысын ұмыт, себебі тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес.

12. Сызу әдісі арқылы жұмыстан! Сұраққа маңдаспайтын жауаптарды бірінен соң бірін сызып отыр.

13. Егерде жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаң, таңдауға қиналсаң, өзіңнің ішкі сезіміңе (интуиция) сен!

14. Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, ең болмағанда көзбен жүгіріп, бақырайып тұрған қателерді дұрыстайсың.

15. Бүкіл тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ практикада бұл мүмкін еместігін есіңнен шығарма. Өйткені тест тапсырмалары шатастыру, ойлану үшін күрделі құрастырылады, ал жақсы бағаға кем дегенде тапсырманы 70% қажет.


Жауап беру кезіндегі мінез-құлқың

Егерде емтихан алушы энергиялы адам болса, ал сенің көзқарасың жабыраңқы, жауабың үлкен үзілістермен сыбырлап жеткізілетін болса, емтиханшының үмітін ақтамағаның.

Егерде емтихан алушы сабырлы, ұстамды адам болса, сенің шамадан тыс ым-ишараң, оның санасыз болсада ыңғайсыздығын тудырып, қанағаттанбауына әкеледі. Ешқашан мөлшер, шекті ұмытпа! Артық ештеңе болмасын!


7. Жаттығу «Мен өзімді мадақтаймын...»

Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту.

Уақыт: 10минут.

Нұсқау: Мен әрқайсыңыыз өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір көп мадақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Қазір өзіңді-өзің мадақтауға мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық, мен бастайын, сіздер қостаңыз: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін мадақтаймын»...

Талдау:

Өіңді мадақтау қиын болды ма?

Қандай сезімде болдыңыз?


8. Шағын топтағы пікірталас

Мақсат: Емтиханға әзірлік дәрістерін бекіту.

Уақыт:25 минут

Өткізу техникасы: Қатысушылар 4 шағын топқа бөлінеді, хатшы, спикер, таймер, басшы тағайындалады.

Әр топқа талқылау тапсырмалары беріледі.

Құралдар: 4 ватман беті, маркерлер

1-тапсырма: емтихан уақытындағы мінез-құлықтың теріс және жағымды жақтары.

2-тапсырма: емтихан уақытында қалай жинақталып, ойды шоғырландыруға болады.

3-тапсырма: емтихан уақытында сәтсіздік болдырмау тәсілдері қандай?

4-тапсырма: емтихан уақытында оқытушының назарын өзіңе қалай аудартуға болады?

Нұсқау: Шығармашылықпен белсенді жұмыс жасаңыздар, ой қозғау қағидаларын және «хан ережелерін» басшылыққа алыңыздар. Талқылауға 2 минут уақыт беріледі. Сонымен бастайық.

Спикерге топтың талқылаған тапсырмалары бойынша туындаған идеяларын айтуға сөз беріледі.

9. Жаттығу: «Таңғажайып орман»

Мақсаты: Сенім және эмпатия сезімін дамыту.

Уақыт: 20 минут

Нұсқау: Қазір біз таңғажайып орманда отырмыз, мұнда әртүрлі ғажайыптар болады және әрдайым жақсы және жағымды. 2-ге бөлінеміз: орман және тоғай болып екі қатар түзейміз. Біздің қолымыз ағаш бұталарына айналады, бұталар орманда жүрген адамды нәзік, әрі мейірімділікпен сипайды. Енді, біз ағаш-тарымыз, ортадан әр қатысушы өтеді, ал ағаш бұталары басынан, қолынан, арқасынан сипайды.

Талдау:

«Орманда» серуендегенде және сыныптастарың сипағанда не сездіңіз?

Ағаш болғанда қандай сезімде болдыңдар?

Жаттығуға дейінгі және кейінгі көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.

10 жаттығу. «Сиқырлы қарындаш»

Мақсаты: Тренинг қатысушыларымен кері байланыс орнату.

Уақыты:10 минут.

Өткізу техникасы: Қатысушылар шеңбер жасап отырады.

Нұсқау: Менде сиқырлы қарындаш бар. Кімнің қолына сиқырлы қарындаш жетеді, сол оқушы бүгін қалай жұмыстанғаны, не сәтті шықты, не сәтсіз болғаны жөнінде ой бөліседі.

Талдау:

1. Бұл күн сізге не әкелді?

2. Сізге қандайма бір қорытынды шығаруға, ұғынуға көмектесті ме?

3. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз.

Сабақ №3

Тақырыбы: «Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»

Құралдар: жазбалармен магнитофон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, тест, әдістемелер бланкі, «Күн» жұмсақ ойыншығы


1. Жаттығу «Сәлемдеме мен мадақтау сыйлыққа»

Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны, қиялды, топ ұйымшылдығын, ынтымақтастықты дамыту.

Уақыт: 15 минут.

Нұсқау: Мен әуенді қосқаннан кейін, бірден аудиторияда серуендейсіздер, бір-біріңізге жақындап, көз түйістіріп, амандасып, бір-біріңе мадақтау жолдайсыздар, оны алдын-ала қағазға жазып алып, арналған адамға ұсынасыз.

Талдау:

Мадақтау сыйлау қиын болды ма?

Есту ме, әлде сыйлау жақсы ма?

Жаттығудан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?


2Жаттығу «Суретті аяқта және жалғастыр»

Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Бір-бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады.

Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.

Талдау:

Туынды сізге ұнады ма?

Сезіміңіз, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?

3 Жаттығу «Мінез сапалары тізімі»

Мақсаты: Түлектерге өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге, шығармашылық жұмыстануға кедергі келтіретін мінез қасиеттерін өзгертуге көмектесу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Төмендегі сапалар тізімін қарап шық. «+», «-», «?»-белгілерін пайдалан. «+»-сол сапа сізде бар;

«-»-сол сапа сізде жоқ;

«?»-сенімді болмаған жағдайда;


Мінез сапалары

«+», «-», «?»

Қандай қасиеттерді өзгерткіңіз келеді?

Өзіме ұнаймын



Басқалардан сақтанам және оларға ренжимін



Адамдар маған сене алады



Әрдайым бет әлпетімді мейірімді кейіпте ұстаймын



Әдетте дұрыс пікір білдіремін



Жиі жөнсіз әрекет етемін



Адамдар менің жанымда болуды қалайды



Өзімді ұстай аламын



Өмір маған ұнайды



Ұстамсызбын



Өзіме-өзім ұнамаймын



Өзім үшін өзім ойлаймын



Уақытымды бос жұмсаймын



Өз мамандығым жөнінде хабар-дармын



Өз күшімді нығайта алмаймын



Мен әдетте қате пікірлер айтамын



Адамдар маған ұнайды



Өз қабілеттерімді дамытпаймын



Аададар арасында болуды қала-маймын



Өзіме разы емеспін



Басқалар пікіріне тәуелдімін



Өз қабілеттерімді қолданамын



Өз сезімдерімді білемін



Өзімді түсінбеймін



Өзімді еркін сезінбеймін



Адамдар менен қашқақтайды



Уақытты ұтымды пайдаланам




Талдау:

Қандай қасиеттерді өзгерткіңіз келеді және неге?


4Тест «Менің көңіл-күйім»

Мақсаты:Әр түлектің өзі туралы, өз әдет-қылықтары, жеке ерекшеліктері туралы ой-толғауға мүмкіндік жасау.

Уақыт: 15 минут.

Нұсқау: Төменде берілген пайымдауларға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Барынша ашық болуға тырыс. Тест нәтижесі ең бірініші өзіңіз үшін қажет, өзіңді тани отырып тренигтік жаттығуларда өзіңіз туралы жеке ерекшеліктерініңз, қылықтарыңызға көңіл бөлуіңізге мүмкіндік береді.

Тест пайымдауларын талдауда, «әдетте» деген қағиданы қолданыңыз, яғни пайымдау сіздің күнделікті мінез-құлқыңызды білдірсе «иә» деп жауап бересіз.

Тест Сұрақтары:

1. Менің жиі көңіл күйім түсіңкі, жылаймын;

2. Адамдармен кездескенде, оның көзіне тіке қараудан қысыламын;

3. Жиі мен ашулы, салым суға кеткендей көрінем;

4. мен білетін, не білген адамдардың көпшілігінен көңілім қалды;

5. Көпшілігі үшін өмірде ең маңызды нәрселер (спорт, жұмыс, айналадағылар көзқарасы т.б) мені тіпті қызықтырмайды;

6. Соңғы уақытта менің көңіл-күйім түсіңкі болып жүр, тіпті күлмеймін;

7. Мен жиі әлсіздікті сезінем және туыстарым мен таныстарыма шағымданам;

8. Дәл қазіргі уақытта менің көптеген сұрақтар бойынша өзіндік позициям жоқ;

9. мен әдетте жәй сөйлеймін, сондықтан мені адамдар сирек түсінеді;

10. Маған қойылған сұрақтардың көпшілігіне қалай жауап беру керектігін білмей, иығымды көтеремін;

Тест кілті:

Әр «иә» деген жауап үшін 1 ұпайдан беріп, жалпы соммасын шығарыңыз.

1-2ұпай. Біршама өмір қиындықтарына қарамастан сіз өмірге көзсіз сеніммен қарайсыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі бір шекке дейін.

3-6 ұпай. Сіздің өмірег көзқарасыңызды тұтастай қарасақ қалыпты, бірақ белгілі бір әлсіздік, сенімсіздік сезіледі. Ерте емес пе?

7-10 ұпай. Сізбен болып жатқан өмір өзгерістерін жағымсыз қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде шынымен қуанышты сәттер жоқ па?

Әрине, сіз тест нәтижесімен келіспеуіңізге құқыңыз бар. Дегенмен шыққан нәтиже ақпаратын ой елегіңізден өткізудің мәні зор. Және сіздің алдыңызда тренингтердің тұтас сериясы тұр, олар сізге өзіңізді түсінуге, өзгертуге көмегін тигізеді.

5. Шағын-дәріс «Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»

Мақсаты: Өздік реттеу түсінігімен таныстыру және жүйке-психикалық күшті түсірудің тиімді жолдарын ұсыну.

Уақыт: 10 минут

Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері:

1.Босаңсу-жиырылу-босаңсу-жиырылу т.б

2. Спорттық шаралар.

3. Аралас душ.

4. Кір жуу.

5. Аяқ-табақ жуу.

6. Саусақпен сурет салу (қасық астық, қасық су, қасық бояу). Кляксы. Кейін олар туралы әңгімелеу.

7. Газетті жұмарлап, лақтыру.

8. Сайыс: өзіңнің теріс күштеріңді газеттен жасақталатын «допқа» беріп, барынша оны кішірейтіп, алысқа лақтыру.

9. Газетті ұсақ бөлшектерге бөлу, одан сайын майдалау. Содан соң күл-қоқысқа лақтыру.

10. Газеттен өз көңіл-күйіңді жасақтау.

11. Газет бетін бояу.

12. Сүйікті әніңді дауыстап шырқау.

13. Бірде қатты, бірде жәй айқайлау.

14. Музыка жіберіп билеу, бірде байыпты, бірде «қатты».

15. Жанып тұрған майшамға қарау.

16. 10 рет терең демалу.

17. Орманда серуендеу, айқайлау.

18. Тістің ішкі жағынан тілмен санау.


6. Жаттығу «Қош бол, кедергілер!»

Мақсаты: Қарапайым тәсілдер арқылы теріс күштерді жою.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Қазір біз жарысамыз. Газет бетін алып, жұмарлаңыз, оған барлық теріс күштеріңді жіберіңіз.

Талдау:

Сіз өзіңізді қалай сезінудесіз?

Жағымсыз күштеріңізден арылдыңыз ба?

Жаттығуға дейінгі және кейінгі көңіл-күйіңіз.


7. Шағын топтағы пікірталас

Мақсаты: Қатысушылардың өздерін өз сезімдері мен көзқарастарын түсінулеріне көмектесу.

Уақыт: 25 минут.

Құрал: 4 ватман, маркерлер.

Нұсқау: 4 шағын топқа бөлініңіз: теңіз, көл, өзен, жылға.

Таймер, хатшы, спикер, басшы тағайындаңыз. Қазір сізге пікірталас сұрақтары беріледі. Пікірталаста о қозғау қағидасы мен топ ережесін сақтаңыз. Жұмысқа 2 минут уақыт беріледі.

1-ші топ тапсырмасы: өзіне, өз күшіне сенімді адам портретін жасақтаңыз.

2-ші топ тапсырмасы: өзіңнің көңіл-күйіңізді қандай тәсілдермен көтеруге болады?

3-ші топ тапсырмасы: Емтихандағы стрестік жағдайды қалай түсіруге болады?

4-ші топ тапсырмасы: Емтиханға кірердегі, әзірлік үстінде және емтиханда жауап берудегі толқуды қалай жеңуге болады.


8. Жаттығу. «Ааааа және Иииии»

Мақсаты: «Мен» бейнесін дамыту, көңіл-күйді көтеріп, оптимистікті қалыптастыру.

Уақыт: 10 минут.

Өткізу техникасы: Қатсушылар шеңбер құрады.


«Ааааа» дыбысының энергиясы

Нұсқау: Мен сізге жаңа күшпен қарулануға көмектескім келеді. Бәріміз тұрып терең демалып, шығарамыз. Содан кейін ауызға ауаны толтырып, дыбыс арқылы шығарыңыз. Ауаны шығаруда әрдайым ұзақ «Ааааа» дыбысымен әндетіңіз. Жәнеде осылай сіз әлсіздік, көңілсіздік, іш пысу сезімінен арыласыз. Ал ауаны жұтуда сіз көңілді, қуанышты ойларды сіңіресіз. Әр тыныс шығарғанда «Ааааа» дыбысын қатты, үдете қайталаңыз,яғни сіз әлсіздігіңіз, жағымсыз сезімдеріңден толығымен айрылғанша қайталаңыз... (1 минут)


«Иииии» дыбысының энергиясы

Нұсқау: бір минутқа орныңызда тұрып, «Жеңіл жәрдем» машинасының белгі әуенін бейнелейін. Қолымызды басымызға қойып, дауыстап ұсақ «Иииии» деген дыбыстаймыз. Осы дыбыстан басыңыз дірілдеуін сезінуге тырысыңыз.

Енді шынымен машина дауысын бейнелейміз, бірде қатты, бірде бәсең айтамыз. Біраз уақыт өткеннен кейін, сіз ол арқылы өз күшіңізді сақтағаныңызды сезінесіз... (30 секунд)

Кейде сіз басқа дауысты әріптердің (қайсысының күші, сергектік күйге бөлейтін қасиеті басым екенін) сынап көруіңізге болады. Мысалы: «Ааааа», «Иииии», «Ооооо» немесе «Ууууу» әріптерімен жаттығуға болады. жаттығу барысында бұл әріптердің бірде жоғары, бірде төмен шырқалуы тиіс.

Талдау:

Өз көңіл-күйіңіз туралы әңгімелеңіз.


9. Ойын «Сілкін»

Мақсаты: Жағымсыз артық, кедергі келтіруші сезімдерден арылу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Мен сіздерге өздеріңізді ретке келтіру және жағымсыз сезімдерден оңай арылу жолдарын көрсеткім келеді. Біз өзімізде ірі, не ұсақ ауырлықтарды ұстаймыз, оларға біздің көп күшіміз жұмасалады. Мысалы, біреуімізге мынадай ой келді делік: «Менде тағы сәтті шыққан жоқ. Мен емтиханға дұрыс әзірлене алмаймын».Біреулер өздерін емтихан тапсыра алмаймын, қате көп жіберем және міндетті түрде екі аламын деп ойлайды. Ал біреу, мен басқалар сияқты қабілетті емеспін, несіне тырысамын дейді.

Әрқайсыңыз өз айналаңызда жеткілікті орын қалдырып, шеңберге тұрайық. Алақан, шынтақ және иығыңызды сілкінуді бастаңыз. Сонымен қатар, бар жағымсыз сезімдер, уайымдар, өзіңіз туралы теріс ойлар, қаздың үстіндегі судай сізден ұшып жатқандай сезініңіз. Содан кейін аяқ басынан бөксеңізге дейін сілкініңіз. Басыңыздан да сілкіңіз.

Егерде бұл әрекетіңізді қайсыбір дыбыс қостайтын болса, әсері күшейеді. Енді бетіңізді сілкіп, тыңдаңыз, ауызды қозғағанда,сіздің дауысыңыз өзгереді. Сізден жағымсыз күш түскендей және сергек, көңілді, қайтадан дүниеге келгендей ойлаңыз.

Талдау: Осы жаттығудан кейінгі сезіміңіз қандай?


10. Жаттығу. «Күн сәулелі алқап»

Мақсаты: Кедергілерді жою, сенім мен түсіністікке негізделген жылы, достық қатынас қалыптастыру.

Уақыт: 15 минут.

Құрал: Алқап, өсімдіктер, күн сәулесі бейнеленген ватман беті, ақ және түсті қағаз, қайшы, әртүрлі бейнелеу құралдары.

Нұсқау: Біздің бөлмеміз қандай жарық. Себебі күннің нұры мен біздің жүрек жылуларымызбен толыққан. Көп гүлдер өскен таңғажайып, нүрсеулелі алқапта тұрмыз деп елестетейік. Онда бақбақ, раушан, қызғалдақ, қоңыраубастар жайқалып тұр. Және әркім осы алқаптан өзінің сүйікті гүлін табады. Енді қағаз алып, қарындаш, не фломастермен сүйікті гүлін салады. бояп, топқа тілек жазып, қиып алып, біздің күнсәулелі «алқапқа» желімдейді.

Қараңдаршы, қандай керемет алқап! Егерде жақындап қарайтын болсақ, тілек оқып, сиқырлы гүлдер хош иісін сезуге болады.

Талдау:

Бұл жаттығуды орындағаннан кейін қандай сезімдер пайда болды?

Өз көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.


11. Жаттығу «Келесі кездескенше!»

Мақсаты: Өзара түсінушілік пен сенімді арттыру, қатысушылармен кері байланыс жасау.

Уақыт: 5 минут.

Құрал: Жұмсақ ойыншық.

Нұсқау: Менің қолымдағы сиқырлы күн. Ол жарық, жылу, қуаныш, бүгінгі күн бақытын шашады. Сіз бір-біріңізге сиқырлы күнді жалғай отырып, бүгінгі тренинг жөнінде әсерлеріңізді бөлісесіз және қатысушыларға өз тілегіңізді білдіресіз.

Біздің бүгінгі тренингіміз аяқтала келді. Қоштасатын сәтте жетті, біз кездескенше сау болыңыз деп тараймыз.

Талдау:

Бүгінгі сабақтан ен алдыңыз?

Жаңа нені білдіңіз?

Алдағы өміріңізде нені қолданасыз?





Сабақ №4

Тақырып: «Стреспен қалай күресуге болады?»

Құралдар: Жазбалармен магнитофон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, тест пен әдістеме бланкілері, «Күлше» жұмсақ ойыншығы.

1. Жаттығу «Топтық сәлемдеме»

Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны, топтық өзараәрекетті дамыту, көшбасшыларды анықтау, тосқауылдарды жою.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 шағын топқа: қыс, көктем, жаз, күз болып бөлінуден бастаймыз. Әр топтың міндеті сәлемдеме ойлап құрастыру және басқа топтарға оны ым-ишара арқылы көрсету.

Талдау:

Жаттығу ұнады ма?

Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?

Сәлемдеме жеткізу әдісі туралы ой тез келді ме?

Әр топтан кімдер идея ұсынды?

Қай топтың сәлемдемесі сәтті шықты?

Қандай сезімді бодыңыздар?


2 Жаттығу «Ашығын айтсақ»

Мақсаты: Қоршаған ортаға топтың сенімін нығайту, ішкі кедергілерді жою.

Уақыт:15 минут.

Құрал: Аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.

Нұсқау: Сіздің алдыңызда бірнеше карточкалар жатыр. Қазір әрқайсыңыз бір-бірлеп ортаға шығып, бір карточка суырасыз. Онда аяқталмаған сөйлем жазылған, сіз оны аяқтауыңыз керек. Барынша ашық және шыншыл болуға тырысыңыз. Егерде топ мүшелері қатысушылардан жасандылық байқаса, ол кісі қайтадан жаңа тапсырма суырады.

Карточка мазмұндары үлгілері:

Ашығын айтсам, мен алдағы емтихан туралы ойласам...

Ашығын айтсам, мен емтиханға даярланғанда...

Ашығын айтсам, мен алдағы емтихан туралы ұмытып кетсем...

Ашығын айтсам, мен үйге келгенде...

Ашығын айтсам, менің ата-анамның алдағы емтихан туралы уайымы...

Ашығын айтсам, мен бос уақытымда...

Ашығын айтсам, мен көшеде қыдырып келе жатқанда, не би кешінде...

Ашығын айтсам, мен толқысам...

Ашығын айтсам, мен ойымды жинақтай алмасам...

Ашығын айтсам, мен емтихан туралы естісем...

Ашығын айтсам, менконсультацияға келгенде...

Ашығын айтсам, мен тренингке қатысқан кезде...

Талдау:

Сөйлемді аяқтау қиын болды ма?

Сыныптастарың туралы нені білдің?

Қазіргі уақыттағы сіздің өмірлік маңызды мақсатыңыз қандай?


3. Анкета «Емтиханға әзірлік. Стреске қалай қарсылық көрсету керек»

Мақсаты: Бұл сұрақ туралы қаншалықты хабардар екендіктерін және проб-лемаларды анықтау.

Уақыт: 10 минут.

Анкета сұрақтары

1. Сенің ойыңша сен стреске бейімсің бе?

2. Стресс дегеніміз не?

3. Стрестің пайда болу себептері қандай?

4. Стресс белгілерін білесің бе?

5. Стреске не әсер етеді?

6.Қандай азық-түлік тағамдары ақыл-ой қызметін белсендендіреді деп ойлайсың?

7. Стресті түсіретін қандай жаттығулады білесің?

8. Алдағы емтиханға байланысты қандай сезімдер басым?

9. Бүгінгі күнгі емтиханға әзірлігіңді қалай бағалайсың?

10. Оқу материалын еске сақтауда қандай әдістер пайдаланасың?

11. Қандай күн режимі емтиханға әзірлік барысында тиімді деп ойлайсың?


4. «Стресс-тест»

Мақсаты: Мектеп түлеігінің стреске қаншалықты бейімділігін анықтау.

Нұсқау: Төмендегі пайымдауларды оқып шығып, қаншалықты келісетіндігіңізді келесі шкаланы пайдаланып бағалаңыз.

  • ешқашан (1 ұпай);

  • сирек (2 ұпай);

  • жиі (3 ұпай);

  • әрдайым (4 ұпай);

1.Мен ұсақ түйектерге ашуланбаймын.

2. Біреуді күтуге тура келгенде, мен мазасызданам.

3. Ыңғайсыз жағдайда мен қызарып кетемін.

4. Ашуланған кезде, басқаны ретжітуім мүмкін.

5. Сынды ұнатпаймын және көтермеймін.

6. Егерде транспорт ішінде мені біреу итермелесе, менде дәл солай жауап беремін.

7. Босқа уақытымда міндетті түрде бір нәрсемен шұғылданам.

8. Кездесуге әрқашан кешігемін, не бұрын келемін.

9. Тыңдау білмеймін, сөзді бөлемін.

10. Асқа тәбетім жоқ.

11. Болмашы нәрсеге жиі мазасызданам.

12. Таңертең өзімді жәйсіз сезінем.

13. Өзімді шаршаулы сезінем, нашар ұйықтаймын, миым дем алмайды.

14. Ұзақ түстен кейінде өзімді жәйсіз сезінем.

15. Жүоегімде ақау бар деп ойлаймын.

16. Менің арқам, мойынымның ауыратын кездері болады.

17.Үстелге отырғанда, мен саусақтарымен барабанша соғамын, аяғымды қозғалтып отырамын.

18. Менің істерімді мойындағанды, мақтағанды қалаймын.

19. Менің ойымша, мен басқалардан көш ілгерімін.

20. Диета ұстамаймын.

Бағалау шкаласы:

30ұпай және одан төмен. Сіз байыпты және саналы өмір сүрудесіз, проблемаларды жеңе білесіз. Сіз жалған қиялменде, шектен шыққан байсалдылықпенде ауырмайсыз. Сіз шындық өмір адамысыз.

31-45 ұпай. Сіздің өміріңіз іс-әрекетпен кедергілерден тұрады, сіз стреске бейімсіз (жағымды стреске де, бір нәрсеге жетем деген ұмтылыс) жағымсыз стресте болады. Сіз өмір дағдыңызды өзгертпейсіз, бірақта өзіңіздің жеке басыңызға көңіл бөліңіз.

46-60 ұпай. Сіздің өміріңіз толассыз күрес. Сіз мансапқұмарсыз және карьера туралы армандайсыз. Сіз үшін сіз туралы басқалар пікірі маңызды . Сондықтан сіз көбіне стрестік жағдайда боласыз. Осылай өмір сүрсеңіз көп нәрсеге жетесің, бірақ жеке басыңыздың бақыты екінші кезекке ысырылады. Ұрыс-керістен аулақ болып, ұсақ-түйекке бола ашуланбаңыз. Әрдайым үлкен жетістіктерге жетем деп мақсаттанбаңыз. Өзіңізге демалыс жариялап тұрыңыз.

61 және одан жоғары. Сіз машина жүогізушісі секілді өмір сүріп жатырсыз. Өмір дағдыңызды өзгертіңіз. Сіздегі стресс денсаулығыңыз бен болшағыңызға кері әсер етеді.


Психолог анкета және тест нәтижелерін талдап, өңдейді және түлектердің емтиханға әзірлік уақытында ата-аналарының көмегі жөнінде кеңес-нұсқаулар әзірленеді.


5. Жаттығу. «Жұбыңды тап»

Мақсаты: Оқушылардың бір-біріне мейірімділігі мен назар аударуын қалыптастыру, түйсік арқылы қабылдауды дамыту.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Сіздер менің бұйрығымды бойынша аудиторияда араласып жүрулеріңіз керек. Мен «Жұбыңды тап»-дегенде, әр адам өз жұбын табу керек. Одан кейін тағыда тапсырма беріледі.

Сонымен басталық: «Жұбыңды тап!»... Енді бір-біріңнің қолыңды қысасыз, аяқтарыңды тақаңдар, мұрындарыңды түйістіріп, бас пен бас, құлақ пен құлақ, бет пен бетті тигізіңдер.

Тағыда зал ішінде қозғалыңыз және жаңа жұп табыңыз. Ойын жаңа жұптарда жалғасады.


Талдау:

Өз көңіл-күйіңізді бөлісіңіз. Бұл ойын неге бағытталған?

Оны кімдер және қашан қолдануға болады?


6. Шағын дәріс «Стресті қалай жеңуге болады?»

Мақсаты: Тоериялық аспектілермен таныстыру, стресті түсіруге арналған жаттығуларды ұсыну.

Уақыт: 15 минут.

Әдебиеттерде стрестің пайда болу седептері жөнінде көп жазады. Бұл кінәләу сезімі, өмір мәнін жойылуы, оқуды жек көру т.б

Көптеген балалар мектепті жек көреді, себебі ол стресс тудыратын орта болып табылады. Не істеу керек?

Шығар жол: өмір стиліңді өзгерт, өзің өзгер!

Уолтер Расселдің мына бір сөздерін есімізге түсірейік: «Егерде жек көретін ісіңізді жасайтын болсаңыз, ағзада бұзушы токсин бөлінеді, нәтижесінде сіз ұзақмерзімді қажуға немесе ауруға шалдығасыз. Сондықтан сізге бәрін жақсы көру керек. Істі сүйіспеншлікпен істеу керек. Шығыс даналығы осылай дейді. Барлығын қуана жасаңыз, өзіңіз жақсы білетін әдіс-тәсілді қолданыңыз. Оқуға, сабаққа деген махаббат, сізді дене және рухани күшпен қаруландырады, аурудан, жалығудан, зерігуден құтқарады».

Өзіңіздің дене және психологиялық денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйқысыздық, бас ауруы, жүрек соғуы, арқаның ауруы, асқазан, жүрек ауруына, асқазанның қорытпауы, түйілуі. Психологиялық белгілері: ұмытшақтық, алаңғасарлық, мазасыздану, жылау, шамадан тыс берекетсіздену, қорқу, тітіркену. Бұл өзіне сенімділіктің жойылуына, әртүрлі аурулардың пайда болуына, психикалық қажуға және дәрі-дәрмекке тәуелділікке әкеледі.


Стресті жою үшін не істеу керек?

Біріншіден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді, бірақ бәрі өлшеммен болу керек! Бәрі де шектеулі!

Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бар, жаттығу жаса, биле, ән сал, қыдыр, бассейн мен моншаға түс.

Үшіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді қолданып көр: музыка тыңда, түнгі аспанға, бұлтқа қарап арманда.

Төртіншіден, үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге бар, жанұя мейрамдарына қатыс, жаңа қызықты адамдармен таныс. Ата-анаңа, ата-әжеңе, апа-ағаларыңа көңіл бөл, олар сенің махаббатыңа, қамқорлығыңа, жылылығыңа зәру.


7. Шағын топтағы пікірталас.

Мақсаты: Теориялық материалды бекіту.

Уақыт: 25 минут.

Құрал: 4 ватман, маркерлер, әр қатысушыға төрт түрлі сөз жазылған (әр қағазда бір сөзден) қағаздар, олар стресті жеңудің төрт қадамын білдіреді.

Нұсқау: 4 шағын топқа бөлінеміз. Менің қасымда сандықша бар, оның ішінде сөздер жазылған қағаздар бар. Әрқайсының бір қағаздан суырып, бірдей сөз жазылған қағаз суырғандар топ құрайды. Дыбыссыз, ым-ишара арқылы бір-біріңізді табасыздар. «Құрылған» әр топ, өз сөздерін пантомимика арқылы көрсетеді.

Сөздер: дәрумендер, жаттығулар, релаксация, жанұя.

Енді 4 топ құрыңдар және таймер, хатшы, спикер, басшы сайлаңдар. Мен қазір сіздерге талқылау сұрақтарын беремін. Пікірталасқа ой қозғау қағидасы мен топ ережесін сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут уақыт беріледі.

1-топқа тапсырма: «Стресс-бұл...» сөйлемін аяқтаңдар.

2-топқа тапсырма: Стреске қалай қарсы тұруға болады?

3-топқа тапсырма: Стрестік жағдаяттардан мысалдар келтіріңдер.

4-топқа тапсырма: Стрестік жақдайға түссеңіз, не істейсіз?

Енді спикерге талқылау кезінде туындаған басты ойларды ортаға жеткізуге сөз беріледі.


8. Жаттығу «Джунглидағы жаңбыр»

Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жәй жаңбыр сіркіреді (көршіңнің арқасын саусақтарыңмен түртесің). нөсер жауын басталды (жоғары-төмен алақан, саусақтарыңмен сипайсыз. Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, сосын жәй жаңбыр, одан кейін күн ашылады).

Енді 180-қа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.

Талдау:

Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

Өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңіз.


9. Жаттығу «Біздің топ жүрегі»

Мақсаты: Эмпатия сезімін, сенімді, бірлікті дамыту.

Уақыт: 15 минут.

Құрал: ватман, түсті қағаз, қайшы, маркерлер, қарындаштар, желім немесе скотч.

Нұсқау: Ватманда алып, үлкен жүрек қиып ал және оны қабырғаға іл. Енді әрқайсың түрлі түсті қағаз алып, өзіңіздің жүрегіңізді қиып аласыз және оған топ мүшелеріне тілегіңізді жазасыз.

Мына үлкен ақ түсті жүрекке назар аударыңыздар. Ол әлі жансыз, соқпайды. Бірақ біз оған жан бітіріп, тіршілік береміз! Ол үшін көп нәрсе қажет емес. Кішкентай жүрекшелерді үлкен жүрекке жапсырамыз. Қарайық, көз алдымызда жүрегімізге жан бітеді! Және біздің топтық жүрек тренинг бойы соғып тұрады!

Талдау:

Бұл жаттығуды қандай сезім мен эмоция тудырды?

Жаттығу ұнады ма?

Жүрек несімен ұнайды?

Жағымды сөздер айту жеңіл болды ма?

Басқа жүрекшелерде жазылған тілектер ұнай ма?


10. Жаттығу «Қымбатты адамға не тілеуге болады?»

Мақсаты: Өткен трениг бойынша топ қатысушыларымен кері байланыс орнату.

Уақыт: 10 минут.

Құрал: «Күлше» жұмсақ ойыншығы.

Нұсқау: Шеңбер құрып, жайғасып отырамыз және мына менің қолымдағы ғажайып күлшеге қараңыздар. Қазір ол көтеріңкі көңіл күймен қолдан қолға ауысады. Кімнің қолына жетсе, сол адам өз әсері және топқа тілегін айтады. Қалғандарымыз бар ынтамызбен сөзді бөлмей, тыныш, сыныптастарымызды сыйлап тыңдаймыз.

Талдау:

Бұл күн сізге не берді?

Қандай ма бір қорытынды, ой тууына себепкер болды ма?

Бүгінгі тренигтен алған әсеріңіз.


Сабақ №5

Тақарап: «Эмоция және мінез-құлық»

Құралдар: Жазбалармен магнитофон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, тест пен әдістеме бланкілері, әртүрлі эмоциялар салынған карточкалар, майшам.

1. Жаттығу «Мені қайтала»

Мақсаты: Қиыншылықтарды ұмытып, топтық жұмысқа толықтай «қазір және енді» жағдаятында кірісу.

Уақыт: 10 минут.

Нұсқау: Жарты шеңбер құрып отырамыз. Қазір әр қатысушы бір-бірден ортаға шығып, сыныптастарына бетпе-бет қарап, кез-келген тәсілдерді қолданып, алдағы сыныптастарының сәлемдемесін қайталамай амандасу керек. Біз бәріміз есімін хормен айтып, әр сәлемдемені қайталаймыз.

Талдау:

Сіз қандай сезімдесіз?

Қандай сәлемдеме сізге ерекше ұнады және неге?


2. Жаттығу «Менің бет әлпетім»

Мақсаты: Өз сезімдерің туралы ойлап және басқалармен бөлісуге үйрету.

Уақыт: 10 минут.

Құралдар: Суреттер бланкісі және маркерлер.

Нұсқау: Қазір мен адам беті бейнеленген қағаздар үлестіремін. Нұсқауға орай суретті толықтырыңыз. Енді сізде не шыққаны жөнінде әңгімелейміз.

Талдау:

Мұндай бет әлпет сенде қай уақытта болады?

Сенің көңіл күйіңнің жоқтығын айналадағылар қалай біледі?

Сен өз қайғыларыңды қалай көтерер едің?

Өз сезімдеріңді қоршаған ортаға көрсетесің бе, әлде ішке ұстайсың ба?



1 2 3 4

1.Мен бақыттымын 2.Маған көңілді 3.Мен ашулымын 4.Маған қорқынышты


3. Жаттығу «Алқызыл миллион раушан»

Мақсаты: Топта өзара сүйіспеншілік және достық қатынас қалыптастыру

Уақыт: 10 минут.

Құрал: Жазбалармен магнитофон (жәй музыка).

Нұсқау: Өз қалауларың бойынша жұпқа бөлініңдер. Бір-біріңе қарсы тұрып, көздеріңді жұмыңдар және 3 рет терең дем алып, шығарыңдар. Қолдарыңызды алға созып, оны ғажайып гүлдермен көмкеріңдер (ойша). Әрқайсыңыздың өз гүлдерің болады. Олар: раушандар, астралар, қалампыр, дала гүлдері... Сендер олардың хош иісін сезіп, күлте жапырақшаларынан тамшылардың ыршып түсіп жатқанын көрдіңіздер.

Енді, мен сендердің тренинг барысында бір-біріңізге қимастықпен үйренісіп қалғандарыңызды көрсеткендеріңізді қалаймын. Ол үшін қазір бір-біріңізді гүлдермен, мейірімділікпен, жылылықпен, жақсылықпен көмкеріңіз...

Ол үшін әрқайсысымыз қолымызды алға созып, алақандарыңызды бір-бірімен уқалаймыз. Қолыңыздың жылып, ысып бара жатқанын сезініңіз. Қолыңызды уқалап жатқанда сіздің жүрегіңіздің махаббат, жақсылыққа толы деп ойлаңыз (15 секунд).

Енді алақандарыңызды алға созып, демалтыңыз. Сезініңіз. Жылы ма?

Жәй шымырлай ма? Ол күшке толы ма? Одан кейін өз жүрегіңізден сүйіспен-шілікті қолдарыңыз арқылы алақаныңызға жетіп, толықтырсын (5 секунд).

Бұл махаббаты алақаныңыздан сезініңіз (5 секунд). Алақаныңыз гүлдермен, жақсылық, жылылықпен көмкеріліп жатқанын елестетіңіз (5 секунд).

Ал, енді көзіңізді ашыңыз. Кім бірінші көршісін гүлдермен, жақсылықпен, жылылықпен көмкеретініне келісіңіз. Музыка үндессін.

Қолыңызды серігіңіздің басына қойыңыз. Егерде сіз шынымен гүлдермен «көмкергіңіз» келсе, жылылығыңызды беріп, жыл сөздер мен жақсы ойлар айтыңыз. Басынан бастап, біртіндеп төмен жылжыңыз. Құлақты, одан кейін бетін, желкесін гүлдермен көмкеріңіз... Иық арқылы қолдары мен алақанына түсіңіз... Соңында белден тізеге дейін және аяқ басына дейін көмкеріңіз (30-60 секунд).

Енді рөлді ауыстырыңыз (қайтадан нұсқау бойынша қайталаңыз).

Қолдың жеңіл қимылдарымен бастан төмен қарай иық, қол, кеуде, аяқ басын дейін сырғыңыз. Осылайша сіз сенімсіздік пен түсінбестік мұзын ерітесіз. Досыңызға қандай гүлді таңдағаныңыз жөнінде айтыңыз.Енді сіздерде бір-біріңізбен алған әсерлеріңіз жөнінде бөлісуге бірнеше минутыңыз бар.

Талдау:

Сізді гүлмен көмкергенде қандай сезімде болдыңыз?

Өзіңіз серігіңізді гүлмен көркергенде қандай сезімде болдыңыз?

Серігіңіз көмкерген гүлді көрдіңізбе, не сезіндіңіз бе?

Серігіңіздің алақанына гүлдерді салып жатқанда түйсінулер болды ма?

Қандай нәзік және мейірімді ойларды серігіңізге жолдадыңыз?


4. Көңіл-күй тестісі

Мақсаты: «Әртүрлі жағымсыз қылықтарға бейімділігіңді анықтау.

Уақыт: 15 минут

Нұсқау: Төмендегі реакциялар саған қаншалықты сәйкес келетінін бағала. Жауап бланкісінде қандай сұрақтарға «иә» деп жауап берсең, сұрақ нөмерін қорша. Қоршалынған сұрақтарды 1 ұпай деп бағалап, бір-біріне қос.

Тест Сұрақтары:

1. Мен ашуланған кезде біреуді ұруым мүмкін.

2. Кейде қатты ашуланған кезде кез-келген затты лақтырып жіберемін.

3. Мен тез ашуланам, бірақ тез басылам.

4. Менен жақсылап сұрағанша, мен өтінішті орындамаймын.

5. Маған тағдыр әділетсіз болып көрінеді.

6. Артымнан адамдар мен туралы не айтатынын білемін.

7. Егерде адамдар менімен келіспесе, мен бәстеспесем тұра алмаймын.

8. Егерде мен біреуді алдасам, өте қынжыламын.

9. Мен адамды ұра алатын сияқты болып көрінемін.

10. Ашуланған кезде есікті тарс ұрамын.

11. Кейде адамдар жәй қасымда отырсада тітіркендіреді.

12. Егерде маған қандай ма бір ереже ұнамаса, оны бұзғым келеді.

13. Кейде мені көрсетпесем де қызғаныш сезімі билейді.

14. Менің ойымша көптеген адамдар мені ұнатпайды.

15. Адамдар менің құқымды сыйлауын талап етемін.

16. Кейде менің ойыма өзім ұялатындай ойлар келеді.

17. Мені төбелесуге дейін апаратын адамдарды білемін.

18. Мен кейде ашуымды үстелді ұру арқылы білдіремін.

19. Кейде мен үрілген шар секілді жарыламын.

20. Егерде біреу мені басқарғысы келсе, қарсы шығамын.

21. Менің жек көретін адамдарым бар.

22. Біршама адамдар мені көре алмайды.

23. Ашуланған кезде ұрсып тастаймын.

24. Жұмыс жасамау үшін алуан түрлі сылтау табатын адамдар, өздірені кінәлі сезіну керек.

25. Егерде мені біреу ренжітетін болса, мен сыбағасын беремін.

26. Кейде мен қолыма түскен заттың быт шытын шығарамын.

27. Маған ұнамайтын адамдарға дөрекі сөйлей аламын.

28. Мені сәлісініп сөйлесетін болса, еш нәрсе істегім келмейді.

29. Мен адамдарға нашар қатынасымды жасыруға тырысамын.

30. Кейде менің сыртымнан күлетін сияқты болып көрінеді.

31. Кімде-кім менің жыныма тиетін болса, ол туралы не ойлайтынымды бетіне айтып саламын.

32. Мен ата-анама аз көмектесетінім үшін қынжыламын.

33. Егерде мені бірінші болып біреу ұрса, менде дәл солай жауап беремін.

34. Ұрыс-керісте мен жиі дауыс көтеремін.

35. Мен ұсақ түйекке ашуланамын.

36. Кімде-кім өзін басшы ретінде бейнелесе , сол кісіні орнына қоюға тырысамын.

37. Мен алып жатқан мақтауларым мен еленулерден гөрі, әлде қайда көп лайықтымын.

38. Маған қастандық жасағысы келетін жауларым бар.

39. Мен қорқыта аламын, бірақ орындатуға мәжбүрлемеймін.

40. Мен соңынан өкінетін көп әрекеттер жасаймын.

Шкалалар:

Сенің агрессиялығың-басқа адамдарға әсер етпегенше ғана, тек қана сенің жеке шаруаң.

Құрылған сызба саған лайық агрессияны көрсетеді.

Сызбада көрсетілген сызықшалы сызбадан жоғары нүкте көрсетілсе, онда сол форманың жоғарылығын көрсетеді.

Жауап бланкісі

Шкалалар

Сұрақ нөмерлері

Физиологялық агрессия (ф)

1

9

17

25

33

Жанама агрессия (К)

2

10

18

26

34

Ашулану (А)

3

11

19

27

35

Негативтилік (Н)

4

12

20

28

36

Ренжігіштік (Р)

5

13

21

29

37

Күмәншілдік (К)

6

14

22

30

38

Сөздік агрессия (С)

7

15

23

31

39

Кінә сезімі (К)

8

16

24

32

40





DrawObject1 DrawObject2 5

4


- 3 ------------------------------------------------

2

1

0


ф ж а н р к с к



Физиологиялық агрессия-қарапайым агрессия түріне бейімділік. Саған туындаған сұрақтарды күш арқылы шешу тән. Мүмкін сенің өмір сүру дағдың, не жеке ерекшеліктерің өзара қатынас жасаудың тиімді тәсілдерін қолдануға кедергі келтіретін шығар. Жауап агрессиясын шақыруға тәуекел етесің.

Жанама аргессия- әриен, үстелді ұрған серігіңнің басын ұрғаннан жақсы. Дегенмен мұны әдетке айналдырудың қажеті жоқ. Жиһаз бен ыдыс-аяқты ая. Себебі бұл тікелей шығын. Сонымен қатар жарақат алуыңда мүмкін.

Тітіркену-жасырын, не іштей тітіркену бірден басқа адаммен қарым-қатынасты бұзуға әкелмейді, бірақ сыртқа жарылып шыққанша, күкірт қышқылы сияқты іштей жейді. Сыртқа шыққанда- «физиологиялық және жанама агрессиядай болады».

Негативизм-жасөспірімге тән, өштесу сезімінен туатын мағынасыз, тіпті бұзуға әкелетін реакция. «Бас жарып, көз шығаратын...» мәтеліндегі әрекет.

Ренжігіштік-басқа адамдар сөзінен және әрекетінен келеке, менсінбеу, жаратпаушылықты көруге бейімділік. Мұндай адамдар өз өмірін өзі улайды.

Күмәншілдік-басқа адамдардың сөзі мен ісінен өзіне бағытталған жасырын арам ниет көру. Егерде бұл шектен шығатын болса, денсаулыққа кері әсер етеді.

Сөздік агрессия-айтылған сөз атылған оқпен бір. Сондықтан аңдамай сөйлеген ауырмай өлетінін ұмытпау керек.

Кінә сезімі-сені ешкімді ұрмағаның, ештеңені сындырмағаның, ешкімге қатты сөз айтпағаның үшін құттықтаймыз. Сонда ыңғайсыздық сезімі, бірдеңеге кінәлі сезіну қандай пайда болды?

Егерде сен өзіңді өзің ұстай алатын болсаң, басқарада аласың. Не істеу керек? Кем дегенде табиғат сені осы сезіммен жомарттықпен жаратты делік, бірақ үйде кім қожайын сен бе әлде эмоцияң ба соны ұмытпауың керек.

Эмоцияны бастықтыру жабайы жылқыны қолға үйретумен тең екенін ұмытпауымыз керек. Оның тізгінін не жіберуге, не тізгіндеуге болмайды. Екеуіде міндетті түрде сәтсіздікке апарады. Әрине, бір жағынан жабайы жылқыны қолға үйреткенде ешқандай пайдасы болмады деп айтуға болмайды, екінші жағынан жабайы жылқыны үйретуге қанша шыдамдылық қажет екенін ұмытпауымыз керек.


5. Жаттығу «Менің эмоциям»

Мақсаты: Әртістік қабілетті дамыту, ашылу және еркіндікте болуға үйрету, жағдаяттарда эмоцияны қалай көрсету керектігін өңдеу.

Уақыт: 10 минут.

Құрал: Әртүрлі эмоциялар бейнеленген карточкалар (эмоциялар және адамның дене мүшелері). Карточкада мынадай суреттер бейнелнуі керек: «Қайғы. Бет», «Қуаныш. Ерін», «Тәкаппарлық. Оң қол», «Паңдық. Арқа», «Қорқыныш. Аяқ», «таң қалу. Қас».

Нұсқау: Қазір мен адамның эмоциясы мен дене мүшелері бейнеленген карточкалар үлестіремін. Сіз мұқият қарап, эмоцияны бейнелеуіңіз керек. Мысалы, «Қайғы. Бет» карточкасы түссе қайғыны қолдың көмегімен көрсетуіңіз керек. Тоаптың тапсырмасы-көрсетушй қандай эмоцияны бейнелеп тұрғанын табу керек.

Талдау:

Сіз үшін эмоцияның маңыздылығы қандай?

Олар адам өмірінде қандай рөл ойнайды?

Қандай өмір жағдаяттарында олар пайда болуы мүмкін.


6. Шағын дәріс «Эмоцияны қалай басқаруға болады?»

Мақсаты: Эмоцияны басқаруға үйрету.

Уақыт: 10 минут.

Жағымсыз эмоцияларды қалай жоюға болады?

Сені түсінетін және бөлісетін достар ортасында өз жағдайыңды жайып салу арқылы жағымсыз эмоцияны жоюға болады.

Егерде сен жалғыз болсаң,өз ашуыңды көпшікті жұмарлау, не сүлгіні тіпті құрғақ болсада сығу арқылы бәсеңдетуге болады. Ашу күші иық бұлшық еттері мен қолдың жоғары жағы мен саусақтарға жиналады. Кез-келген дыбыс шығару арқылы жағымсыз күштің бәрі тамаққа жинақталады.

Ең толыққанды жаттығуды спортың кез-келген түрімен айналысу арқылы аламыз. Сондықтан нағыз спортшылар тек дене ғана емес, сонымен бірге рухани

денсаулығы жақсы болады.

Адамға табиғатта жақсы әсер етеді. Орманда серуендеу, өзеннің жылжып ағуы немесе көлдің байсалды айдыны, ормандағы дыбыстар мен иістер ең қиын сәттерде де рухани теңдік пен жұмыс қабілетін оята алады.

Ырғақты кезектесіп тыныс аламыз. Қатарынан 3-4 рет қысқа дем шығарамыз, сосын дәл сондай қысқа дем ламыз. Осының арқасында терең дем алғанда миға баратын импульстар бәсеңдейді, ал бұл стресстік жағдайда өте маңызды.

Табиғат миымызға психъикалық ауырлықтардан қорғанудың керемет құралын берген, олар күлкі мен жылау. Күлкі жүйке жүйесінің қорғанышының өздік түрі болып табылады. Оның мүмкіндігі қысқа дем шығару серияларының мүмкіндігімен пара-пар. Ал бұл қауіпті импульс ағындарына бөгет болады. Бұл жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері біріккен.

Енді, эмоциялық күшті түсіруге арналған бірнеше жаттығулар орындаймыз.

1. Саусақтарымызды жұмыдырыққа жинаймыз., басбармағымыз ішке бүгілген болу керек. Демімізді жәй сыртқа шығарып, асықпай жұмыдырығымызды күшпен қысамыз. Сосын жәйлеп жұмыдырығымызды босата отырып, дем аламыз. Енді бұл жаттығудың тиімділігін еселеу үшін көзімізді жұмып жасаймыз.

2. Екі грек жаңғағын алып, алақанымыздың әр қайсында айналдырып, шеңбер қозғалысын жасаймыз.

3. Ең кіші саусағымыздың (шылдыр шүмектің) басына жәй массаж жамамыз.

4. Алақаныңның бір шетіне (шылдыр шүмекке жақын) жаңғақты қойып, екінші қолымыздың алақанымен қысып, айналдырып 3 минут уақыт жаттығу жасаңыз.

Нұсқау: Сіздер екі топқа бөлінуіңіз керек. Аспан, жер болып. Бір-біріңіздің артыңа шеңбер құырп тұрыңыздар. Кім ең соңында тұрса, сол кісі би қимылын ойдан шығар


7. Жаттығу «Үзілген телефон»

Мақсаты: Зейінді дамыту, эмоционалдық күшті жою, көңіл күйді көтеру.

Уақыт: 10 минут.

ады. Алдындағы көршісін иықтан түртеді, ол кері бұрылып, қимылды есніде сақтауы керек. Содан кейін ол өз көршісіне көрсетеді. Ең басындағы адамға қимыл жеткенше жаттығу жалғасады. Соңында басындағы қимыл қандай болғаны көрсетіледі, соңында қандай күйге жеткенін қараймыз. Ең соңында тұрған қатысушы алға тұрып, ойын әрі қарай жалғасады.

Талдау:

Өз көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз?

Қимылды ойлап табу мен қайталау қиын болды ма?

Бұл ойынның мәні неде?


8. Шағын топтағы пікірталас.

Мақсаты: Теориялық материалды бекіту.

Уақыт: 25 минут.

Нұсқау: Сіздерге 4 шағын топқа бөліну керек. Мен қазір әрқайсыңның құлығыңа бір сөзден сыьырлаймын. Ол эмоция атауы болады. Тапсырма: өз кісілеріңді табу, яғни сізбен бірдей сөз айтылғандар. Тыныш. сөзсіз тәсілмен табу.

Әр «тапқан» топ өз сөзін пантомимика арқылы көрсетеді.

Сөздер: таң қалу, қорқу, рахаттану, қуаныш.

Енді 4 шағын топқа бірігіп, таймер, хатшы, спикер, басшы тағайындаймыз. Қазір мен талқылау сұрақтарын үлестіремін. Талқылау кезінде ой қозғау қағидасы мен топ ережесін қолданыңдар. Жұмысқа 2 минут уақыт беріледі.

1-топ тапсырмасы: Қорқынышты қалай жеңуге болады?

2-топ тапсырмасы: Сәтсіздікті қабылдаудың жағымды және жағымсыз тәсілдері.

3-топ тапсырмасы: Сөйлемді аяқта: «Жол болады, егерде...», «Жол болмайды, егерде...»

4-топ тапсырмасы: Өз эмоцияңды қалай басқаруға болады?


9 жаттығу «Кім өзін өте жақсы мадақтайды немесе «Қара күнге» жинақ.

Мақсаты: Өз-өзімен ішкі жағымды диалог құра білу дағдысын дамыту, өздік талдау қабілетін дамыту.

Уақыт: 15 минут.

Құралдар: Әр қатйсушыға арналған кестелер бланкі

Нұсқау: Шеңбер құрып отырыңдар. Әр адамның салы суға кететін уақыты болады, «ара шаққан» көңіл-күй, яғни сәтсіздік, өмірде ешқандай орны жоқтай сезімнің билейтін уақыты. Мұндай уақытта барлық жеткен жетістігің, жеңістерің, қабілетің, қуанышты жағдайлар ұмытылады. Ал шындығында әрқайсымызда мақтанарлықтай бір нәрсе бары анық. Психикалық кеңесте мынадай тәсіл бар. Психолог кеңес сұраушымен бірігіп жаднама жазады, онда сол адамның қасиеттері, жетістіктері, қабілеттері жазылады. Көңілдің хошы жоқ кезде сол жаднаманы оқи отырып, өз-өзіңді шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Енді бәріміз осындай жұмысты жазайық.

Жазып болған соң қалауларың бойынша оқып берулеріңе болады. Толтырылған естелік өзіңізде қалады.

Әзірлік: Тақтаға бланкінің үлкен кестесін салу.



«Менің жақсы қасиеттерім» бланкісі


Менің жақсы сапаларым

Менің қабілеттерім

Менің дарындылығым

Менің жетістіктерім




Нұсқау: «Менің жақсы сапаларым» бағанына өз мінез-құлқыңның ерекшеліктері немесе сапаларын жазасың, яғни олар сенің күшті жағыңызды толықтырады.

«Менің қабілетім және дарындылығым» бағанына кез-келген сала бойынша өзің мақтанатын қабілеттерің мен дарындылығың.

«Менің жетістіктерім» бағанына кез-келген саладағы жетістігің жазылады. Жаттығуды талдау:

Бұл жаттығуды орындауда сен үшін маңыздылығы не болды?

Өзің нені таныдың және нені қолданасың?


10. Жаттығу «Өз құндылықтарым мәлімдемесі»

Мақсаты: Өздік бағаны көтеру, өз күшіңді тексеру мүмкіндігі.

Уақыт: 15 минут

Нұсқау: Қазір мен сендерге «өз құндылықтарымның мәлімдемесін» оқимын. Бұл әркімнің өзіңе арналған әнұраны іспеттес(оқиды). Енді мен барлығымыз біргіп, дауыстап бірге оқуды сұраймын.

«Мен-бұл мен.

Бүкіл әлемде дәл Мендей ешкім жоқ.

Маған ұқсас адамдар бар екенін жоққа шығармаймын, бірақ дәл Мен сияқты ешкім жоқ. Сондықтан менен шығатын барлық нәрсенің тек маған тиесілі, себебі бәрін таңдайтын Мен.

Мендегінің бәрі менікі: менің денем, оның атқаратын бүкіл әрекеті, менің санам, барлық ойлар мен жоспарларды қоса, менің көздерім, барлық оның арқасында көрген бейнелерім, менің сезімдерім, қандай ма болмасын, мейлі мазасыз, мейлі рахат, мейлі махаббат, мейлі тітіркену, мейлі қуаныш; менің аузым және барлық сөздерім, жылы, не дөрекі, не мейірімді, дұрыс, не бұрыс болсын; менің даусым, жоғары, не төмен; бүкіл әрекеттерім, басқа адамдарға немесе өзіме бағытталған.

Барлық менің қиялдарым, армандарым, барлық менің үміттерім мен қорқыныштарым тек маған тиесілі.

Барлық менің жеңістерім мен жетістіктерім менікі. Барлық менің жеңілістерм мен қателіктерім маған тиесілі.

Мұның бәрі менікі. Сондықтан Мен өз-өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өз-өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өзімді жақсы көре аламын және достаса аламын. Сонымен бірге Мен мендегі барлық қасиеттерді менің қызығушылығымды оятуға жұмылдыра аламын.

Мендегі құпия нәрсені білемін және ол ойландырады. Мен өз-өзіммен доспын және жақсы көремін, сондықтан асықпай және мұқият өзімдегі ашылмай жатқан көздерді аша аламын және өзім туралы өте көп білемін.

Дәл осы сәтте мен барлығын көремін, түйсінемін, не туралы айтып, істейтінімді, не ойлайтынымды, не сезетінімді білемін. Мұның бәрі маған Мен кім екенімді және қайда екенімді білуге мүмкіндік береді.

Мен өзімнің өткеніме бұрылсам, Менің көргенім, не түйсінгенім, не сөйлеп, не істегенім, не ойлап және қалай сезінгенім және ненің маған ұнамайтынын Мен білемін.Маған сәйкес келмейтіндерінен мен бас тарта аламын және қажеттерін сақтаймын және өзім жаңаны аша аламын.

Мен көремін, естимін, сезінемін, ойлаймын, сөйлеймін және әрекет ете аламын. Басқа адамдарға жақын болу үшін және айналамдағы заттар мен адамдар әлеміне мән мен тәртіп енгізу үшін Менде бәрі бар.

Мен тек өзіме тиесілімін, сондықтан Мен өзімді өзім жасай аламын.

Мен-бұл Мен, Мен-кереметпін.»

Талдау:

Өзіңдеріңді қалай сезінудесіз?

Топпен өзіңнің көңіл-күйіңді және рухани жан дүниең туралы бөліс.

Бұл жаттығудан не алдыңыз?


11. Жаттығу «Емтиханда кездескенше!»

Мақсаты: Тренинг сабақтары жөнінде қатысушылар пікірін есту.

Уақыт: 5 минут.

Нұсқау: Менің қолымдағы жанып тұрған майшам. Мен сіздің қолыңызда әрдайым бәрі жанып тұрсын, талқылансын және сәтті аяқталғанын қалаймын. Кімнің қолында майшам болса, сол кісі тренинг барысындағы оның жетістіктері мен жаңалықтарын әңгімелеп берсін.

Талдау:

Бұл күн сізге не әкелді?

Жаңадан не білдіңіз?

Өзіңіз қандай қорытынды шығардыңыз?


12. Жаттығу «Өз жұлдызыңды тап»

Мақсаты: Босаңсу, оптимистік сезім ұялату, өз мақсаттарына жетуде сенімділікті нығайту.

Уақыт: 5 минут.

Нұсқау: Міне қоштасар сәтте жетті! Біздің жұлдыздырымыз тренинг бойына сәулесін шашаып тұрды. Бұл жұлдыздар бізбен бір ай бойы болды. Қараңыздар, олар қалай жарқырайды. Олар Біздің күшімізбен, мейірімділігімізбен, ертеңгі күнге сенімділігімізбен, жеңістеріміз бен жетістіктерімізбен қаныққан.

Енді әркім өзінің ақыл, білім, сәттілік, бақыт, махаббат жолында сәулесін шашып, бағыттап отыратын жұлдызын алсын. Қиыншылық туғанда біздің тренингті, біздің жұлдыздарымызды есіңізге түсіріңдер, олар сіздерге дұрыс жол көрсетеді және қиыншылықтарды шешуге көмектеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!