Материалдар / Психологиялық қызметтің оқушылармен түзету-дамыту жұмысының ұйымдастырылуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Психологиялық қызметтің оқушылармен түзету-дамыту жұмысының ұйымдастырылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше балалармен жұмыс жасауда: Есте сақтау мен көру қабілетін дамытуға арналған жаттығулар ( Жеке жұмыс) . “Сезім” түзету-дамытушылық бағытындағы тренинг (Топтық жұмыс) Мақсаты:Тактильді панельді қолдану,құмтерапиясы,фиброоптикалық талшық арқылы баланың есте сақтау қабілетін,қолдың ұсақмоторикасын және көру қабілетін дамыту. Балалардың ойын арқылы зейінін қалыптастырып, танымдық процестерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2024
37
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Психологиялық қызметтің оқушылармен түзету-дамыту жұмысының ұйымдастырылуы



Рисунок 1





























Психологиялық қызметтің оқушылармен түзету-дамыту жұмысының ұйымдастырылуы



Тақырыбым екі бағыт бойынша



Ерекше балалармен жұмыс жасауда Есте сақтау мен көру қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

( Жеке жұмыс)


Сезім” түзету-дамытушылық бағытындағы тренинг

(Топтық жұмыс)




Мақсаты:Тактильді панельді қолдану,құмтерапиясы,фиброоптикалық талшық арқылы баланың есте сақтау қабілетін,қолдың ұсақмоторикасын және көру қабілетін дамыту

Мақсаты:Балалардың ойын арқылы зейінін қалыптастырып, танымдық процестерін дамыту



Сабақ барысында:

  • Сенсорлық бөлменің балаға пайдасы мен әсері туралы айтылады

  • Дуэт,фиброоптикалық тактильды панельдер арқылы жұмыстар көрсетіледі.

  • Құм жәшіктерімен, тактильді даму кешендерімен, кинетикалық құммен жаттығулар қол мен көздің координациясының дамуына ықпал ету, ,ұсақ моторика арқылы қол жаттығуларын және есте сақтауларын дамыту.

  • Сезім” тренингі топтық жұмысты көрсетіледі.

Сенсорлық бөлме бұл интерактивті жабдықталған педагогикалық-психологиялық мақсатта қолданатын арнайы ұйымдастырылған бөлме .Сенсорлық бөлмеде Интерактивті құм жәшіктерімен, тактильді даму кешендерімен, кинетикалық құммен жаттығулар қол мен көздің координациясының дамуына ықпал етеді.

Көру функцияларды дамыту көру өткірлігін жақсартатын, түсті қабылдауды жақсартатын, көрудің бинокльдік сипатын дамытатын және окуломоторлық функцияларды дамытатын ойындар мен тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады.

Көрнекі сезімдерді дамыту үшін жеңіл-оптикалық жіптермен, түтікшедегі ауа шарларымен және геометриялық фигуралар жиынтығымен әртүрлі ойындар қолданылады. Жарқындақтар визуалды рецепторларды, көз бұлшықеттерін және жүйке ұштарын ынталандырады. Біркелкі өзгеретін жарық қарқындылығы мен түстің өзгеруі жарықтың өзгеру қарқындылығына көздің ауыртпалықсыз реакциясын дамытуға көмектеседі.

Фиброоптикалық тактильді панель

Тактильды сезіталдықты дамыту үшін балада тактильды дағдыларды мата,ағаш,пластмассадан жасалған панельді ұстап сезе отырып, заттардың әртүрлі қасиеттерің жылы,суық,қатты,жұмсақты ажырата білуге,талшықты оптикалық жарық арқылы көру қабілетіне, көру өткірлігін , түсті қабылдауды жақсартатын, көрудің бинокльдік сипатын дамытатын және окуломоторлық функцияларды дамытады.



Дует” тактильді панель



Ең танымал Елочка және Звездочка панельдерін біріктіру арқылы жасалды. Балада дыбыстық ынталандыру тактильді дағдыларды жетілдіру мен қатар интерактивті әрекеттерді дамытуға көмектеседі.





Тактилді өтпелі жол

Бұл тактильді жүретін жол құрылтай элементтерінің бетінде жалаң аяқ жүруге арналған. Бұл сенсорлық дағдыларды дамытуға арналған құрал

Оптикалық талшықты жіп

Баланың жалпы ұсақ моторикасын дамыту, тактильді және визуальды қабылдау жаттығулары үшін баланың жасырын мәселе мен шиеленісті шешу әсерін жасайтын талшықты оптикалық жіптер су ағынының әсерін жасайды, жіптер арқылы бала өзін тыныштық пен толық қауіпсіздікті сезініп, жіптермен өзін қоршапалып баяу музыка арқылы релаксациялық жаттығу арқылы баламен түзетужұмысын ойын ретінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Құмтерапиясы

Адамға өзінің жан дүниесіндегі өз “Менін” өзін танытуға, өзіне өте маңызды құпиясын ашылуына мүмкіндік береді. Құм терапиясы арқылы бала өзін жайлы қорғалған күйде сезініп, қиял,көрнекі-бейнелік ойлау,танымдық және психикалық процесстерді және қолдардың ұсақ моторикасын дамыту мен қатар бала өзінің ішкі сезімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Балаға сұрақ қойылады:Берік сен құмды ұстағанда өзіңді қалай сезініп тұрсын?

Баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін “Моншақтар” әдісін қолданып, құмның арасынан бала моншақты, іздеу арқылы,қиял,көрнекі-бейнелік ойлау танымдық,интеллектуалдық, құзіреттіліктері дамиды.



Бала сенсорлық бөлмедегі жүргізелген жұмыстарда балада бұлшықет сезімі арқылы заттардың пішінін, мөлшері мен сапасын ажырата бастайды. Қол қозғалысының жақсаруымен бір уақытта көз дамиды, Бала іс-әрекетті сөздермен, заттардың аттарын атау және олар туралы сөйлесу арқылы оның сөздік қоры байиды, сөйлеу, есту қабілеті дамиды. Осы сенсорлық бөлме де балада релаксация эмоционалды және сенсорлық сезімталдықты, танымдық белсенділіктері дамиды . Психоэмоционалды жағдайларының түзелуіне мүмкінді береді.Көру функцияларды дамыту көру өткірлігін жақсартатын, түсті қабылдауды жақсартатын, көрудің бинокльдік сипатын дамытатын және окуломоторлық функцияларды дами түседі.



Топтық жұмыс

Сезім” түзету-дамытушылық бағытындағы тренинг

Тренингтің жүру барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/

Сәлеметсіздерме балалар? Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгін күн қандай тамаша. Балалар сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі тренингімізді бастайық. Бүгінгі біздің тренингіміз ойын түрінде өтеді.

Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы «Сезім» деп аталады. Балалар сіздер бұл сөздің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың пікірлерін тыңдау.

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау

Мақсаты:Мақсаты: “Сезім” тренинг арқылы балаларды ойын арқылы зейінің қалыптастырып,танымдық процесті дамыту

Міндеттері:

  • «Сезім» түсінігінбекіту;

  • Өзін-өзі тәрбиелеуге құлшынысын тәрбиелеу;

  • Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тренингкедайындық, ережесі мен таныстыру.

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.



  • Бір-бірлеріңізді тыңдай білу.

  • Сөйлеп жатқан адамды бөлмеу.

  • Басқалардың пікірін құрметтеу.

  • Белсенділік таныту.

ІV. Негізгібөлім.



Танысу тренингі”

Әрбір қатысушы өзінің есімін үш рет қайталап айтады: бірінші нейтралді, екіншіөз есімін жағымды эмоциямен айтады, үшінші көтеріңкі дауыспен есімін таныстырады.

«Жан жүрек сезімі».

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Тақтада үлкен жүректі, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жандандыма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу- табиғатқа, адам баласына деген сезімнен басталады.

Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.

Талдау:Балалардың пікірлерімен бөлісу.

Оқушылар сабақ барысында өздерінің жүрек түпкіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдерді айтады:

-Менің қайрымды жүрегіме рақмет!

-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!

-Менің жылы жүрегіме рақмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!

-Менің жүрегімдег іжақсы көру сезіміне рақмет!

-Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!

Сиқырлы саусақтар» жаттығуы

Қимылды есте сақтауды, шапшаңдықты дамыту.

Таңқалу” – екі қолдың бас бармағын көтеру.

Мен өзім” – бас бармақпен өзін көрсету.

Сәлемдесу” – қолды жоғары көтеріп бұлғау.

Қорқыту” – сұқ саусақты кезену.

Жеңіс” – екі қолды жоғары көтеріп айқастыру.

Нұсқау: Берілген жест түрлерін қимылмен көрсету, есте сақтау. Мұғалім кез-келген ретпен айтқан уақытта жаңылыспай орындай білу керек.



Сергіту сәті

Үстелдегі шапалақ” ойыны

Мақсаты: Қимыл қозғалыс пен есту мүшелері арқылы есте сақтау мен зейінің дамыту.

Жүргізілу барысы: Оқушыларға үстелде белгіленген парактар тұрады, сол арқылы оқушылар шапалақ ұруы қажет



«Кері байланыс» жаттығуы

Егер тренинг ұнаса- қолымызды жұдырықтап бас бармағымызды жоғары көтереміз.

Егер тренинг орташа ұнаса-қолымызды жұдырықтап бас бармағымызды жоғары көтереміз

Егер тренинг мүлдем ұнамаса-қолымызды жұдырықтап бас бармағымызды төмен қарай көтереміз .

Бедерлі смайлик :



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!