Материалдар / Қайталау - білімнің анасы. (Сын есім мен сан есімнен өткен материалдарды қайталау)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайталау - білімнің анасы. (Сын есім мен сан есімнен өткен материалдарды қайталау)

Материал туралы қысқаша түсінік
:Сабақ туралы қысқаша сипаттама Тыңдаушылардың сан есім мен сын есімдерден алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге, киелі ұғымдардың қасиетін білуге, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты: Тыңдаушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, креативтік ойлау, шығармашылық қабілетін жетілдіру, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту. Сабақтың түрі: «Брейн-ринг» сайыс сабағы Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап. «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары, топтық жұмыс, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, слайд. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика. логика.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2023
198
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сауаттылығы

Ашық сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы – білімнің анасы

Тақырыбы: Қайталау сабағы – білімнің анасы.

Мерзімі: 12/01-2019, сағ.12.00-12.50

Мекенжайы: Ұлықбек көшесі, 36. 203-аудитория

Оқытушы: аға оқытушы Наралиева Р.Т.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тыңдаушылардың сан есім мен сын есімдерден алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. 

Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге, киелі ұғымдардың қасиетін білуге, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Тыңдаушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, креативтік ойлау, шығармашылық қабілетін жетілдіру, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Сабақтың түрі: «Брейн-ринг» сайыс сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап. «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,

топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, слайд.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика. логика

Сабақтың барысы: 

І Ұйымдастыру барысы. Сәлемдесу. Тыңдаушыларды түгендеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. 

III. Сабақтың мақсатымен таныстыру. 

- Балалар, бүгінгі сабағымыз «Сайыс сабағы». Сан есім мен сын есімдерден өткен материалдарды қайталау барысында өз білімімізді нығайту,тиянақтау мақсатында «Киелі сандар» еліне саяхатқа шығамыз Тыңдаушылардан киелі сандарды сұрау.

- Балалар киелі сандарды білесіңдер ме?

Әр топ өз тобының  атына байланысты мақал –мәтелдер айтып ,топтың  атын қорғайды.

Өткен материалдарды қайталау, білім дағдыларын бекіте түсу мақсатында перфокарталар арқылы орындаймыз.

 2 -топқа да перфокарталар таратылады.

Сәлеметсіздер ме? Алдарыңызға адамзат өмірінде ең маңызды кемелденген шағы – отбасылық кезеңі екен. Біз де бүгін Сан есім мен сын есімнің отбасын қарсы алайық. Адам өмірінің мерзімін де, табиғаттың төрт мезгіл, құбылысының ретін, ғаламдағы бар жаратылыстың уақыт өлшемін, ретін, бөлшегін білдіретін, адастырмай тұратын алтын қазық сан есімді қарсы алайық. Сан есімдей отағасы өзінен қасынан тастамайтын алты ұл-қызын ертіп келіп тұр. Таныстыра кетейін. Дүниедегі бар нәрсені өлшеп жүретін Ортадағы кең иықты, денелі Сан есім отағасы.

  1. Нақтылық пен туралықты жақсы көретін – тұңғышы Есептік сан есімі;

  2. Әрнәрсені тәртіпке салып, реттеп көрсететін – Реттік сан есімі;

  3. Жігітке жеті өнер де аз деген атам қазақтың сөзін ұран еткен, жетіден әрі қарай басқаны басынан асырмайтын, бір сырлы жеті қырлы Жинақтық сан есімі;

  4. Бірлескенді, біреуге көмектесіп қол ұшын созғанды, асарлатып жүргенді ұнататын, жиын-тойға жалғыз баруды ұнатпайтын – Топтау сан есімі;

  5. Жан-жағына байыптай қарайтын, керек болса аспандағы жұлдыз бен алақанына қарап бал ашып, болашақты болжайтын – Болжалдық сан есімі;

  6. Бүтінді бөлшектеп, тұтасты ұсақтап, жетпегенін жеткізіп, бәріне сыбаға мен еншісін бөліп үлестіріп беретін, өзіне ең үлкен үлесті алатын, отбасының мұрагері, кенже бала, ерке бала – Бөлшектік сан есімі.


Адамның өмірін, әлемдегі бар жаратылысты, құбылысты әртүрлі реңге бояп, өмірімізді қызықты да шырайлы ететін, немерелері мен бір жиенін ерткен сын есім отанасын қарсы алайық.

  1. Тұңғышының тұңғышы, бар немерелерінің ішінде ең алғаш көрген сүйіктісі, сапалысы – Сапалық сын есім;

  2. Қыздан туғанның қиығы жоқ деген, үш жұртымның бірі деп, нағашыларынан қырық тайын сұрай келген ерке жиен – Қатыстық сын есім;

  3. Үйдің әр түске бояп, әрін кіргізетін, шырайлы қыз – Жай шырай;

  4. Шаңырақты сәнін келтіретін, әрнәрсені салыстырып жүретін салмақтап, сылқым қыз – Салыстырмалы шырай;

  5. Бәрінен сән-салтанатымды асырғанды жаны жақсы көретін, сәнқой да кербез қыз – Асырмалы шырай.




Пысықтау сұрақтары.
І топ.
1. Қандай сөз табын сан есім дейміз?
2. Сан есімдер құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді және олар қалай 
жасалады? Мысал арқылы дәлелдеңіз.
3. Реттік сан есімдер араб, рим цифрларымен берілгенде, қалай жазылады?
ІІ топ.
1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді және олар қалай аталады?
2. Есептік және реттік сан есімдер туралы не білеміз?
3. Күн, ай, жыл аттары араб цифрымен берілгенде, қалай жазылады?
І топ.
1.Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?
2.Сан есім сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
Менің алғаным – жетеу.

Ақылмен мыңды, ақырумен бірді жеңесің.


 

 

Ү. Мәтінмен жұмыс.

1. «Сан есім» тобы:

  а)  Мәтінді оқыңыз.

  б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын   көрсет.

 

Тайқазан

 

   Тайқазанды хижра бойынша сегіз жүз бірінші жылы (1399жылы) Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына  сыйлаған. 

    Тайқазанның салмағы  - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр.

    Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар,олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.

(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)

1. Дұрыс жазылған қатарды көрсет: бір мың сегіз жүз бірінші жылы

А) 1801-жылы

В) 1801: жыл

С) 1801 жыл

Д) 1801 – жыл

Е) 1801 жылы

Дұрыс жауап: Е

2. Әмір Темір Тайқазанды хижра бойынша қай ғасырдажасатқан?

А) ІІХ

В) ХІІ

С) ХІІІ

Д) ҮІІІ

Е) ХІҮ

 

 

2. «Сын есім» тобы.

а) Мәтінді оқыңыз.

б) Берілген мәтіндегі 3 сын есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын   көрсет.

 

Жақсы мен жаман

 

    Адам атызға бір түп гүл әкеліп  отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші -  мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.

  Бір күні: 

    -    Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.

        -  Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны  «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ  құтыламыз.

 «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл  қайта  құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.

                                                                      (Б. Әбділов).

1. Мәтіндегі сан есімдерді қоссаң нәтижесі неше болады?

Жауапқа ишара: мәтіндегі баресептік сан есімдерді қосу керек.

А) 16

В)19

С) 17

Д) 1ғ

Е) 20 

Жауабы: 17               


 

?! Тапсырма.. Берілген мәтіндегі қатыстық сын есімді табыңыз, морфологиялық талдау жасаңыз. 

Мысалы, желсіз: жел – түбірі, зат есім, -сіз зат есімнен сын есім тудыратын болымсыздық мәніндегі жұрнақ.


Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы  сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.

Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.

                                                                                     («Ұлттық ойындар» кітабынан)

1.Мәтінге мазмұнына сәйкес тақырып қойыңыз.   

1. Айсыз түндегі ойын

2. Түнгі ойындар 

3. Ақсүйек  ойыны

4. Қазақтың ұлттық ойыны

 5. Жарысқан жастар  

 А) 1, 2, 4

В) 2, 3, 5 

С) 1, 3,,4

Д)1, 3, 5

 Е) 2, 4, 5  

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мәтін .... стильде жазылған, себебі ақсүйек жайлы ....

А) ғылыми, айтылған

В) ресми, мәлімдеген

С) көркем әдеби, айтылған

Д) публицистикалық, хабарлаған

Е) ауызекі, әңгімеленген




?! Тапсырма. Берілген мәтіндегі жинақтық сан есімін табыңыз, морфологиялық талдау жасаңыз.

Мысалы: алтау: алты- түбір, есептік сан есім –ау – жинақтық сан есімнің жұрнағы

 

Екі соқа

      Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен. 

- Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? – деп сұрайды екіншісі.

- Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап қайырыпты.    

 (Ы. Алтынсарин)

1. Соқалар неше жылдан кейін кездесті?

Жауапқа ишара: мәтіндегі есептік сан есімдерді қосу керек.

А) 3 жыл

В) 9 жыл

С) 5 жыл

Д) 6 жыл

Е) 7 жыл                                            

Тапсырма орындалған соң,  5 саны ашылады.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мәтін .... стильде жазылған, себебі ақсүйек жайлы ....

А) ғылыми, баяндалған

В) ресми, мәлімдеген

С) көркем әдеби, әңгімеленген

Д) публицистикалық, хабарлаған

Е) ауызекі, айтылған


                                                                                               

Жұмбақтарды шешу. 

Жұмбақтар.

1. Бір алаша төселген, 

Екі ауылды жалғайды.

Өмірінде еш адам 

Оны жинай алмайды.

                                (Жол)

2. Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты.

                      (Адамның сәбилік, жастық, кәрілік, шағы)

3. Басы да екеу,

Аяғы да, екеу.

      (Қайшы)

 

 

4. Он – он бесі жиылды,

    Бір белдікпен буылды.

            ( Сыпыртқы)

5. Кездеспейді екеуі,

    Көк аспанда мекені.

       (Ай мен күн)

6.  Қатар тұрып екеуі

     Бірін – бірі көрмейді,

     Көр десең де көрмейді.

                        (Екі көз)

7. Бір үйім бар ақ тас,

Есігін ешкім  таппас.

                 (Жұмыртқа)

8. Үй ішінде

    Отыз екі батыр.

    Кіргендерді

    Отап, турап жатыр.

                       (Тіс)

9. Үш –төрт қана тісі бар, 

    Шөп көтерер күші бар.

                      (Айыр)

Жеті санына байланысты ұғымдар  ашылады. Слайд түрінде көрсетіледі.

ҮІ. Мақал – мәтелдерді толықтыру.

1. ...  жасар бала келсе,

     ... шал  алдынан шығар.

2. ...  ... білмеген жетесіз.

3. ... рет өлшеп,   ... рет кес.

4. Ер  жігіттің ...  сөйлегені өлгені.

5. ... ... тістен шыққан сөз   ... рулы елге тарайды.

6. Ел  құлағы ...

7. ...  бірі қыдыр.

Тапсырма орындалған соң, 40 саны ашылады.

40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады. Оқушылар өз білгендерін баяндайды.

1.Қырықтың бірі қыдыр.

2 Баланы қырқынан шығару.

3.Қызға қырық үйден тыю.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!