«Жаһандық құзыретері» курс
білім беру саласын жаңғырту негізі арқылы оқушыларда ұлттық
психологияны
қалыптастыру
Тажибаева
Г.К.
Қаныш Сәтбаев атындағы
BINOM SCHOOL
мектеп-лицейі
Жаһандық құзыреттер
жаһанданудың қарқынмен дамып келе жатқан ықпалына, жедел
әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге, сондай-ақ
адамдарға, мәдениет пен ұлттарға жаппай әсер ететін басқа да
маңызды жаһандық мәселелерге байланысты ерекше мәнге ие болады.
«Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі
табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін
мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы
тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең
басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық
құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», – деп
атап көрсеткен еді .
Қазақстан өзін әлемге аймақтық
аумағының кеңдігімен емес, халқының көптігімен де, тіпті алуан
түрлі ұлттардың береке бірлігімен ғана емес «білімділігімен» таныта
алады. «Халықты-халықпен, адамды-адаммен теңестіретін білім», – деп
ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай өркениетке апарар жолдың
бастауында әрдайым білім беру мәселесі тұрады. Алаштың ардақтысы
А.Байтұрсынұлы: «Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік,
ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді парасатты ұрпақ
тәрбиелеу – біздің борышымыз деп білемін» – дейді
.
Қазақстанның әлемдегі барынша
дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру
стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы заманғы білім мен
озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді дамыту векторы
адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде
алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге
бағытталған. Бұл мәселені шешудегі бүгінгі күні оқытушының басты
мақсаты – білім алушыларда жергілікті
және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара
тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді,
әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды,
бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиенің
маңызды міндеттерінің бірі – барлық халықтарды өзінің байлықтары –
дәстүрлері, салттары, құндылықтары мен рухани мұраларына құрмет
қатынасы арқылы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Бүгінгі
таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап,
адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік
сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр
жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды
жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейкесті
мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен
адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді. Сондықтан да білім мазмұнын
түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие мен білім
беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі
туындауда.
Білім алушыларда жергілікті
және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара
тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді,
әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды,
бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын
қалыптастыру. Рухани-адамгершілік білімнің
қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы
жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен
рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты жан-жақты қарастырылып,
жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда
«Жаһандық құзыреттер» курсының басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың
тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына,
шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға
сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық,
рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты
дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
«Жаһандық құзыреттер» курсы
білім алушылардың зерттеу жобаларын, стартаптарын іске асыруда,
ұжымда, қоғамда туындайтын ситуациялық міндеттерді шешуде олардың
белсенділігін арттыруға, акцияларға, әлеуметтік жобаларға және
волонтерлік бағдарламаларға бастамашы болуға ықпал ететін сыни
ойлауын және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды көздейтін
әртүрлі жұмыс нысандарын пайдалануды
көздейді.
Білім алушылардың
бастамаларына қолдау көрсете отырып, оқу процесін мынадай форматта
ұйымдастырады:
• жаһандық проблемалар, олардың
себептері, салдары және ықтимал әрекеттер бағыттары бойынша
зерттеулер жүргізу;
• дәлелдерді, аргументтер мен
көзқарастарды қолдау үшін дәлелдемелерді
пайдалану;
• мәселені анықтау және талдау,
дәлелдер мен көзқарастарды
тұжырымдау;
• шағымдарды, дәлелдер мен
көзқарастарды қолдау үшін қолданылатын дәлелдер мен аргументтерді
талдау және бағалау;
• зерттеулерді, дәлелдер мен
көзқарастарды қолдау үшін көздерді және/немесе процестерді талдау
және бағалау;
• аргументті, көзқарасты,
іс-қимыл жоспарын немесе нәтижені қолдау үшін ойлау сызығын
жасау;
• жеке, аймақтық, ұлттық және
жаһандық ұстанымдардағы маңызды мәселелерді қарастыру, осы
көзқарастар (перспективалар) арасындағы байланысты
түсіну;
• жаһандық оқиғалар, олардың
себептері мен салдарлары туралы аналитикалық бағалау түсінігін
дамыту.
рефлексия
аясында:
• әр түрлі көзқарастарды
объективті түрде қарастыру;
• аргументтер мен дәлелдерді
қолдана отырып, жеке көзқарасты
негіздеу;
• топтық жұмыс және зерттеу
нәтижелері жеке оқуға қалай әсер еткенін түсіну және
түсіну.
коммуникация және коллаборация
шеңберінде:
• тиісті дәлелдерді, аргументтер
мен көзқарастарды нақты және құрылымды түрде таңдау және
ұсыну;
• ғылыми негіздемені қоса
алғанда, зерттеу нәтижелерін
ұсыну;
• командалық жобаның жалпы
мақсаты мен нәтижесіне үлес
қосу;
• жауапты азаматтық ұстанымды
білдіру.
Оқушы бойында өзіндік «менін»
қалыптастыра отырып, даму қажеттілігінің тиімділігін
арттыру-бүгінгі өмір сұранысы екені
даусыз.
Бұл орайда жан-жақты дамыған,
ақыл-ойы қалыптасқан ұлтжанды шәкірт тәрбиелеуде атқарылатын
жұмыстар әлі де мұғалімнің жан-жақты шығармашылығын, талмай
ізденісін талап етеді.
«Ойшылдық адамды адам етеді,
ойсыздық адамды надан етеді», - деген сөз тегін айтылмаған. Ойлауды
өмірден үйреніп, өмірді тану арқылы елім, ұлтым десе жан аямайтын,
тәрбиелі, білімді, намысты ұрпақ болар еді. Оқушы,
тәрбиеленуші -
ана тілін
еркін меңгерген, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің
озық үлгілерін түсінетін, жеке дара психикалық процестері, жағымды
мінез-құлық пен қарапайым еңбек дағдылары қалыптасқан тұлға деп
тану үшін тәрбиеленушілер бойында төмендегідей қасиеттер болуы
керек деп есептеймін:
- ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы,
парасатты болу;
- қазақ тағылымының басты
шарты- көрегенді атану, не нәрсеге де көз жеткізу,
өзгелерді иландыру, ақиқаттан, әділдіктен
айнымау;
- аз сөйлеп, көп тыңдау,
иманды, инабатты, қайырымды болу;
- «Сегіз қырлы, бір сырлы»
болу, рухына кір келтірмеу, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, сыйлау,
асып-таспау, достыққа берік болу, татулықты дәріптеу, ел берекесін
сақтап, оның баюына үлес қосу.
Осы қасиеттерді ұрпақтың
бойына дарытуда «Жаһандық құзыреттер» курстың алатын орны
ерекше.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Қазақстан
Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». –
Астана,
-
Тарихи тұлғалар / Құрастырушы:
Тоғысбаев Б., Сужикова А. – Алматы: Алматыкітап,
2009.
-
Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. Методика
преподования дисциплины «Самопознание» в школе:
учебнно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ
«Бөбек», 2013. – 129 с.