Материалдар / «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған-Айқап»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған-Айқап»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған-Айқап» Әрбір адамның гүл ғұмыры жанын мейірлендірген қуанышы мен «Әй,қап»- дейтіндей өзекті өртер өкініштен тұрады. Жаңа заман өкілдері, мына біздердің уайымымыз дәл қазір көбірек жеке басқа тірелгенімен, орыс патша үкіметінің зұлматына тап болған жандардың мүддесі қоғамдық , яғни саяси бағытта еді. Сондай саяси бағыттың алғышарты , қазақ баспасөзіңіз алтын діңгегі, қарлығашы - «Айқап» журналы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2022
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған-Айқап»

Әрбір адамның гүл ғұмыры жанын мейірлендірген қуанышы мен «Әй,қап»- дейтіндей өзекті өртер өкініштен тұрады. Жаңа заман өкілдері, мына біздердің уайымымыз дәл қазір көбірек жеке басқа тірелгенімен, орыс патша үкіметінің зұлматына тап болған жандардың мүддесі қоғамдық , яғни саяси бағытта еді. Сондай саяси бағыттың алғышарты , қазақ баспасөзіңіз алтын діңгегі, қарлығашы - «Айқап» журналы. 

1911 жылы жарық көрген бұл басылымның ғұмыры қысқа , шақталған 4 жылды құраса да, журналды шығаруға етене күш салған Мұхамеджан Сералин ,  Ә. Ғалимов, С.Торайғыров сынды қоғам қайраткерлерінің еңбегі еш кетпегендігін бүгінде ауыз толтырып айта аламыз. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов,

С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған,бұл дегеніміз журналдың сол кездегі қазақ халқының айнасы бола білгендігінің айғағы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған» журналдың шыққанына 100 жылдан астам уақыт болған, бұл дегеніміз-үлкен тарихи сәт!


Ендігі кезекте, Айқаптың «әй ,қап »дегізер қоғамдық-саяси мәселеріне келер болсақ, онда бір мақала емес, кітап жазылар еді-ау. Дегенмен барынша мәселердің бетін ашып беруге тырысайық. Тиыннан тарығып, ешбір қолдаусыз, қарыздану арқылы шыққан бұл журналдың басты көздегені не ? Ол әрине халықты бірлікке, оқу-білімге , еңбекке, рух көтеруге шақыру болды. Сонымен қатар, патша үкіметінің езгісіне еш аяусыз түсіп жатқан қара халықтың мұң-мұқтажын көрсету, көз жасын сүрту, талап-арызын жеткізуге бағытталды. 

  Мұндағы ең басты қадам, алғашқы тақырып Ахмет Байтұрсынұлының «оқу-білімге шақыруға» негізделген мақаласы болатын. Әрине, сол заманның ең бірінші өзекті проблемасы -тіл және қазақ балаларын оқу-білімге әуестендіру. Себебі қара халықтың көбі сауатсыздықтың зардабын тартқандардан болды. Соның кеселінен үнсіздікке, көнбістікке жақындығы орыс отаршылдарылдарының ыңғайын бізге қарай бұруына себепші болған дүние деп қарастыруға әбден болады.  Сондықтан да «Айқап» журналында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай, Абай сынды  қайраткерлердің ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының  прогресшілдік және демократиялық  дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытуға күш салған газет-журналдардың алды еді. 

   «Айқап»-қазақтың үлкен бір өкініші ретінде «бас қосуға , бірігуге шақырған» ұраны, үні  еді. Бұған М. Сералиннің мына бір жазбасы үлкен дәлел.Ол: «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығаруға талпынған өр қайраткерлеріміздің қаражатқа келгенде қолы қысқа болса, қара халықтың жайы қандай болғанын елестету- өте ауыр дүние. Сол кездегі пұлдың жоқтығы -қазақ даласына төнген қасіреттің тек бергі жағы еді. 

 Саралай келе мұнан да сорақы дүниелерді байқаймыз. Ол сол кездегі қазақты өз жерінен айыру, әйел теңсіздігі, жоғарыда айтып өткен оқу-ағарту мәселесі, шетел хабарлары, тіпті діни өмір мен ойын-сауыққа қатысты шектеулерге тап боламыз. Қазақтың еңсесі неге көтеріле алмай қалғанын үнсіз түсінгендейміз.

Мысалы :«әйел теңсіздігін» алайық. Өрімдей бір үйдің тал шыбықтай иілген бұтағы, көзінің ағы мен қарасы, ата-анасының белінен жаратылған жаратылысы. Бір сөзбен айтқанда - жүрегі. Бірақ гүл ғұмыры тасталқанға айналған сәуле. Тағдырының тар жолында қорлық көруге мәжбүр. Қорлыққа итеріп отырған кім? Немесе басты себеп не? Қорлыққа итерген өз әкесі болса, басты себебі сауатсыздықа, пұлдың жоқтығына келіп тірелген дүние! Талдырмаш қыз бала ойын-күлкі қуар, оқу-білім ізденер шағында әкесіндей адамға, 80-85 жастағы қарияға бүкіл тағдырын тапсырып кете барады. Әділеттіліктің жоқтығы! Қоғамның өз үнінің болмауы. Өте ауыр. Журнал «Қазақтың айнасы да , тәрбиесі де -ана» -деумен қазақ әйелдерінің құқығын көтеруге тырысқандай-ақ еді.

 Жер мәселесі -қазақты бас көтеруіне итермелеуі тиіс үлкен мәселе болған еді. Себебі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі »мақаласында жердің кімдікі болу керектігі жайында мәселе көтергені, қазаққа үлкен ой салар дүние іспеттес болатын. Қазақтың жерінің басқа мұжықтарға беру арқылы, жайылымдарынан айыру, онсызда төмен жағдайларының одан сайын төмендеуіне алып келсе де үнсіз қалған қазақ халқын Байтұрсынұлы «басшысы надан елдің, халқы да надан » - деген ащы да болса шындық арқылы оятуға тырысқанын байқаймыз. 

Журнал әдет-ғұрып, салт-сана тұрғысынан да кенде қалған жоқ. «Қазақтың қазіргі хәлі»-атты мақалада : қазақты бүлдірер жаудың алыстан емес өз ішімізден келетінін, нақтырақ айтсақ: ұрлық, дау, жанжал, өтірік, жала -деп көрсетіп , қазақтың кемшілігін бүкпесіз ашты.  Білімсіздіктен туатын кеселдерден алшақ болуға шақырды. Қараңғы халықтың көзін ашпақшы еді!

Қазақты қараңғылықтан құтқару, жағдайын жақсарту, құқықтарын айқындай отырып , оқу -білімге щақыруды діттеп мақсат қойған журналдың қазақ тарихы сахнасында алар орны өшпес дегенге сенгім келеді.  Журналда қозғалған бірқатар дүниелердің қазіргі кезде де ұмытылмағаны абзалырақ еді!


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Журналистика 101 топ студенті: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы



 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!