Қаржы сауаттылығы: Жастар үшін қаржылық білімнің маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаржы сауаттылығы: Жастар үшін қаржылық білімнің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаржы сауаттылығы: Жастар үшін қаржылық білімнің маңызы. Алғашқы қадамдары. Дұрыс шешім қабылдау. Инвестиция.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаржы сауаттылығы: Жастар үшін қаржылық білімнің маңызы.

Қазіргі таңда жастар арасында қаржылық сауаттылық деген тіркесті жиі кездестіреміз. Қаржылық сауаттылық- ақшаның айналымын еркін басқарып, былайша айтқанда дұрыс жұмсай білу. Заманауи өмірде "Қаржылық сауаттылық " сөзі кеңінен таралған сайын оның маңызы мен мәні артуда. Жастар үшін тек қана ақша жұмсау емес, өз болашақтарына алғашқы сенімді қадамдары.

Қаржылай сауатты болу үшін не істеу керек ?

Жоспар құру. Тұрақты қаржылық жоспарлау- ең басты пункттердің бірі. Жастардық қаржылық шешімдер қабылдаудағы дұрыс әрекеттері, олардың өмір салтын анықтайды. Бюджетті дұрыс есептеу , дұрыс жоспар құру - болашақ армандарыңды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Күнделікті шығынды есептей отырып сіз өмірлеріңіздің, денсаулықтарыңыздың және білім деңгейлеріңіздің сапасын көтере аласыздар. Ал бұл қоғамның да әл-ауқатының көтерілуіне бірден-бір себеп. Сондықтан, қаржылық сауаттылықты дамыту- жастардың басты мақсаттарының бірі, арманның ақиқаттығы, жарқын болашақ кепілі.

Қаржылық сауаттылық болашаққа жасаған алғашқы қадам болса, қаржылық сауаттылыққа жасайтын ең бірінші қадам қандай?

Инвестиция туралы білім. Инвестиция- ешқашан күйіп кетпейтін, пайдасы мол таза ілім үшін , өзінің дамуың үшін қолданылатын салымдар түрі. Уоррен Баффетт айтқандай "Ең жақсы инвестиция – бұл өзіңізге инвестиция... бұл тәсілмен сіз әрқашан болғыңыз келетін адам бола аласыз". Яғни бұл тәсіл сіздің ақшаңыздың үздіксіз айналымда жүруін қамтамасыз етеді. Осы саламен жақынырақ таныса отырып, жаңа пассивті бизнес көздерін тапсаңыздар болады. Әрбір инвестициялық шешім үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жауапкершілік те тұлғаның бойына ең керек қасиеттердің бірі.

Жауапкершілік болмаса қаржылық сауаттылық деңгейі де төмен болады ма?

Қаржы сауаттылығы жастардың бойындағы әлеуметтік қана емес экономикалық жауапкершіліктерін арттырады. Экономикалық жауапкершілік – индивидтің өзіне қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап беруге‚ шарттарды орындауға міндеттілігі. Бұл дегеніміз экономикалық жауапкершілік пен қаржылық сауаттылық өте тығыз байланысты. Бірі болмаса , екіншісі адам өмірін өзгертуде қауқарсыз. Өз қаржылық жағдайын терең түсіне білген жастар қоғамның дамуына, экономикалық тұрақтылығына зор үлесін қосады. Олар тек өздерінің қара бастары үшін емес, ортақ игілік үшін де жауапкершілік алатыны сөзсіз.

Қара халықтың жауапкершілігі жоқ екенін қалай дәлелдей аламыз?

Несие және қарыз мәселесі.Қазақстандықтар банктер мен қаржы ұйымдарына 26 трлн теңге қарыз. Бірінші несие бюросының мәліметінше, Қазақстандағы экономикалық белсенді адамдардың саны – 9,23 млн. Олардың ішінде 1,7 млн адам мүлде несие алмаған. Олар – 18-22 жас аралығындағы жастар мен 45 жастан асқан егде адамдар. Ал еліміздің қалған 7,5 млн азаматының банктер мен басқа да қаржы ұйымдарында несиесі бар.( https://informburo.kz/kaz/azastanda-55-mln-nesie-sharty-zhasalan-aryz-ielern-zhauapkershlgn-arttyru-synyldy.html)" (Informburo" Назерке Абибулла 18 ақпан 2020 жыл) Айқын мысал. Кәмелет жасқа толған тұлғалардың көбінде бастарында несие немесе жалпақ білмен айтқанда "kaspi red" бар. Яғни, 6, 12 немесе 24 айға бөліп төлеу. Жастар несиенің күрделі қаппанымен бетпе-бет келіп отыр. Студенттік несиелер жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалатуда. Осы тұста қаржылық сауаттылығы бар тұлғалар несие тарихында үлкен дақ тұрғанын түсініп, қарыздарын дұрыс басқаруға дағдыланған. Мұның өзі ертеңгі қаржылық тұрақтылық деңгейіне тікелей әсер етеді

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: қаржылық сауаттылық туралы білім мен өз өмірлеріңді қолға алу қазірден маңызды. Білім, жауапкершілік, жоспарлау және инвестиция құю- бұл қаржылық сауаттылыққа жетудің негіздері ғана. Бұдан да көп қыр сырларымен танысу үшін БоҚаржылықдің «Қаржылық еркіндікке апарар жол»/Путь к финансовой свободе/ , Джордж Клейсонның танымал кітабы «Вавилондағы ең бай адам»/Самый богатый человек В Вавилоне/ , Джеймс Маккенаның «Алғашқы миллионың»/Твой первый миллион/ және қаржыға тікелей қатысты Майкл Гудвин мен Дэвид Бахтың «Экономикс» атты кітаптарын оқуға сарапшыларымыз кеңес береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2024
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі