Қарттар үйі
Құрметті оқырман,
бүгінгі қозғағым
келіп отырған тақырып қарттар үйі.
Қазіргі таңда қарттар үйіндегі ата-әжелердің санының
көптігі бәрімізге белгілі. Бұл жақсы белгі емес. Қарттар үйіндегі
ата-әжелерді көрсең,
жүрегің қақ айырылады. Қарттар үйі дегеніміз –
қамқоршысынан айырылған үлкендер тұратын үй. Ата-аналарымыз –
біздің үлкен бақытымыз, байлығымыз. Көп адамдардың оны түсіне
алмайтыны өкінішті.
Қандай бала өз ата-анасын
қарттар үйіне апарып тастап кете алады? Ата-ана баласы дүниеге
келгенше, ол дүниеге келгнен кейін есейгенше, тіпті
қарттар үйіне тастап бара жатырған кезінде
де,
ата-анасының ол үшін қалай
уайымдайтынын, оны қалай жақсы көретінін ойламайды ма
екен? Құрсағында 9 ай, 9 күн
көтеріп, түн ұйқысын 4 бөлген анасын, қамқор болып, әрдайым
қолдаған әкесін, бар мейірімділіктеріне бөлеп, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқындырмай өсірген ата-анасын қалайша қарттар үйіне
қиып, көздерін жәудіретіп, қартайған шағында қараусыз қалдырып
кетуге қияды? Бұндай іске бару үшін қандай адам болу керек? Бұл
қаншалықты тас жүректілік? Дені сау, есі дұрыс адам өз еркі мен
қарттар үйіне қалайша апарып тастай алады?
Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев «Егде
жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйін пана қылуда. Олардың
көбінің дені сау, балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету
қазағымызға жат қылық, ата салтымызда болмаған. Бүгінгі қоғам туған
баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді
қатыгездіктің ең жоғары деңгейі деп бағалауы
тиіс», деп айтқан
болатын. Расыменде ата-анасын қарттар үйіне тастап
кету біздің қоғамымызға жат қылық. Дегенменде, қарттар үйінде қазақ
қариялар саны басым болып отыр. Бұл дегеніміз елімізде ата-анасына
деген балаларының қатыгездік пен мейірімсіздік пен аяусыз
көзқарастары мен тас бауырлығы. Бұндай қылықтарды көрген келешек
ұрпақ қандай болмақ? Әрине олар балалық шағынан көріп, естіп
жүргені осы болғандықтан, еттері үйреніп, үйреншікті жағдай деген
ой қалыптасып кетеді. Кейін ол бала да өз ата-анасын қарттар үйіне
апарып тастамасына кім кепіл? Бүгінгі таңда елімізде жүзге жуық
қарттар үйі жұмыс жасайды. Ал онда тұратын адамдар саны 35 мыңнан
астам және олардың көбі қазақтар. «Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол
келеді» деген ата-бабаларымыз. Ата-анаңды қарттар үйіне апарып
тастап, балаңа бар махаббатыңды беріп, алақаныңа салып, дегенін
жасатып, барлығын алып беріп, бар арманын орындап, ең жақсы ата-ана
болғаның мен көргенін жасап сені де қарттар үйіне апарып
тастамайтынына ешкім кепілдік бермейді. Қарттар үйіндегі ата-аналар
үшін балалары мен немерелерін құшақтап, маңдайларынан иіскеп, бір
мауқын басу арман. Әрине қарттар үйінің де артықшылықтары жоқ емес.
Егер ол үлкен кісілердің паналайтын орны, қарайтын баласы болмаса,
дәрі-дәрмегіне қаражат болмаса, оған қарауға ешқандай мүмкіндік
болмаса, қарттар үйіне баруға болады. Ал баласы бола тұра, үйі бар
бола тұра ата-анасын қараусыз қалдырса, бұл үлкен қателік! Көп
адамдар «ата-анама барып тұрамын, мен оларды мәңгіге тастамадым ғой
немесе жағдайым дұрысталғасын аламын», дейді. Сонда бұл қалай
болғаны? Ата-ана зат емес. Олар біздің қас қабағымызға қарап,
мәпелеп өсірген, ең қымбат жандар емес пе? Оларды теңейтін ешбір
бағалы, құнды зат жоқ. Алтын, бриллиант дегендеріңіздің құны
ата-анамыздың жанында төмендеп
кетеді.
Құрметті оқырман менің бүгінгі
жазып отырғанымнан бір ой алып, ата-ана маңыздылығын түсінесіз деп
сенемін. Ешкімнің өмірі де, ешқандай затта мәңгі емес. «Бүгін бар,
етең жоқ» деп үлкен әжемнен жиі еститінмін. Ата-ана юіздің
өміріміздегі ең үлкен, баға жетпес байлық. Қаншама адамдар
ата-анасының жанында көп уақыт өткізбегеніне өкініп жүр.
Сондықтанда қолда бар алтынды бағалай біліңіз. Ата-аналарымыз тірі
кезде бағалай білейік.