Тақырыбы: «Қасиетті
жерім»
Қазақ халқы көшпенді халық .
Маңғыстау түбегі киелі жер.Маңғыстау жерін жаратушымыз әу бастан
шапағатын төккен жер.Мен Маңғыстауым мен мақтанамын .Осы әулиелер
қолдап отыратын бірден бір жер. Мен осы мақаламды жаза отырып, өз
шыққан тегім ата-бабаларым туралы бөліскім келеді. Жалпы менің
ата-бабаларым мекендеген жерМаңғыстау облысы Онды ауылынынан
12-шақырым жерде орналасқан. Мен әкемнің өсиеттерін, әңгімелерін
тыңдап өстім.Әкемнің айтуы бойынша осы жерді қасиетті шейіт әулие
деп атап кеткен.Оның себебі,төртінші күн сайын басынан от шығып
тұрады деп айтып отыратын.Ол жердің табиғаты,ауа райы өте ерекше
жер.
Ертеде осы жерде ауыл
балаларын оқытатын мешіт болған.Күндердің күнінде жау шауып
молданы, шәкіттерімен бірге шейіт қылған ноғайлар екен.Ноғайлардың
мақсаты осы ауылдың екі бой жеткен қыздарын алып кету үшін осындай
әрекетке барған.Сол кезде менің атам Садық бесікте жатқан 6-айлық
сәби екен.24-баланы өлтіріп, бесіктегі баланы да қылышпен ішін
жарып кеткен екен. Ол менің атам Садық .
Ауыл халқы келіп қараса қан
бұлақтай ағып жатқан.Бесіктен жылап жатқан баланың даусын
естіді.Бесікті ашып қараса баланың ішін қылышпен кесіп кеткен
екен.Қойдың тоқ ішегімен тігіп адам қылып алған екен.Қашқын
ноғайлардың артына түседі. Қуғыншылардың келе жатқанын сезген екі
қыз айғайлап өлең айтып ,осылай қулық айламен жауларды ұстауға
көмектеседі.Жаратушы ием нұрын төгіп аман қалған атам Садық атаның
ұрпағымыз.Міне осы ұрпақтан Бәйімбет,Бабақұл, Садық атадан біз
тарап отырмыз. Мен Садық атаның шөбересімін. Садық атаның өз
қолымен қазған құдығы бар екен .Сол қудықтың суын іштім .
Ата-бабамыздың қандай қиыншылықта өмір сүргені туралы әкемнен
естігенімді баяндап отырмын.Осындай жарық дүние сыйлағаны үшін
,аталарым болғаны үшін шүкіршілік етемін.Қыйналғанда да ,қуанғанда
да соларға сиынып шүкіршілік етемін.Әр адамның бір сынағы болады.
Сол сынаққа төзімділікпен , сабырлықпен шүкіршілікпен қарау
керек.