Материалдар / Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді пайдалану Қашықтықтан оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2021
243
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру


Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
Жүсіп Баласағұни.


Қашықтықтан оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қазіргі уақытта заман талабы - қашықтықтан білім беру әдісі. Қашықтықтан білім беру әдісі - білім алудың қашықтан көру әдісі болып табылады. Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін жасау халықтың сапалы білімге қол жеткізуін арттырады. Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді.  Қашықтықтан оқытудың білім беру үдерісі білім беру порталына оқу материалдарын орналастыруды, онлайн режимінде сабақтар өткізуді, студенттердің жеке жұмысын дербес жүргізуді, сөйлесу бойынша кеңестерді, тестілеу түріндегі аралық және қорытынды бақылауды қамтиды.Қашықтықтан оқыту кез келген уақытта және компьютер мен интернет бар жерде оқуға мүмкіндік береді. Оқу жоспарына сәйкес материал оңай құрастырылады. Мұғалім мен студенттер арасындағы диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тесттер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сабақты қайта - қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі. Қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді. «ZOOM» - бұл ыңғайлы функционалдығы бар қарапайым білім алуға ыңғайлы платформа болып табыладыНақты уақыттағы кері байланыс, практикалық және зертханалық сабақтар, дәрістер, презентациялар, суреттер, бейне және аудио материалдар, сауалнамалар арқылы онлайн - чат өткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның маңызды қасиеттерінің бірі -бағдарламаның қауіпсіздігі,қол жетімділік.  Қашықтықтан оқыту білім берудің баламалы түрі бола отырып, өздігінен оқуға бейім болады.  Интернеттегі оқыту үшін тиімділік платформа мен жүйені таңдауға байланысты. Мысалы, бейне және аудио материалдарды пайдалану жалпы ақпаратты ұсынуды қарастырады. Әрбір пән үшін қашықтықтан оқытудың кез келген түрін қолдануға болады, бұл процесті тиімді және аз монотонды етеді.  Дұрыс ұйымдастырылғанда - топтық және жеке жұмыс бір - бірін толықтырады. Жұмыстың осы екі нысаны оңтайлы үйлесімділік негізінде қолданылуы керек, яғни, оқытудың топтық, жеке және фронтальды түрлері. Кез келген топтық жұмыста басқалардың жұмысын пассивті бақылап отыратын студенттер болмауы керек. Бұл міндетті тәуелсіз шешім қабылдау үшін тапсырмаларға енгізілгенде қол жеткізіледі. Сонымен қатар, мұғалім әр оқушының жеке қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беру үшін оның жеке ерекшеліктерін байқап отырады. Қашықтан білім берудің тиімді әдісі, студентердің оқуға ынтасын арттырып, ғылымға қызығушылығын оятып, талантын аша білсе, нәтижесінде студенттердің үлгерімі артып, ынталанады. Оқытушылар тек өз пәніне қызығушылық танытып қана қоймай, сондай - ақ алған білімді іс жүзінде қолдануға үйретеді. Ол үшін интерактивті сабақтар өткізеді, оқу материалдары, цифрлық білім беру курстары, электрондық кітапхана, видео дәрістер, онлайн шебер - кластар және басқа білім алуға арналған құралдарды қолдана алады. Онлайндық қызметтер, платформалар және сандық білім беру ресурстары жоғары білім жүйесінің бір бөлігі болып қала бермек.

 Еліміздегі барлық балаларға қашықтықтан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.



Алматы қазақ – түрік

гуманитарлық - технология колледжінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

оқытушысы Нарымбетова К.М.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!