Материалдар / Қашықтықтан оқыту заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқыту заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2021
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҚАЛА

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

Дондагулова Кулянда Рамазановна,

Алматы облысы, Қарасай ауданы , Қаскелең қаласы,

«Қ.Сәтбаев атындағы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

Қашықтықтан оқыту –уақыт талабы


Білім беру-бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан,білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық

Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту технологиясын кең көлемде пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, қашықтықтан оқыту –оқушының білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі – білім алушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай жасау болмақ.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — педагог пен білім алушының арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегі арқылы белгілі бір арақашықтықта оқыту.Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: синхрондық және асинхрондық және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Синхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады,яғни интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз — интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім беру орыны немесе жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдаланауда үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажеттілігі туындайды.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен оқушыға анағұрлым көп еркіндік береді. Енді оқушы тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Мұғалімдер тарапынан білім алушыларға қашықтықтан оқыту платформаларында қалай жұмыс жасаудың әр қадамын көрсететін ұсынымдардың сілтемелері мен онлайн оқытудың қадамдық нұсқамасы беріліп,түсіндірме жұмыстары нәтижесінде үлкен жұмыстар атқарылу керекбол өте көп ізденісті қажет етеді.

Байланыс жасаудың мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ: форум; электронды пошта; оқытушылармен құжат алмасу (чат, жеке ақпаратпен алмасу), ZOOM, Webex, т.б, бағдарламаларын белсенді пайдаланылу. Файл, архив, веб-парақтар және бейнедәрістер арқылы электронды түрде өзара білім алмасу;тесттер мен арнайы тапсырмалар арқылы оқыту және білімін тексеру.

Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы мұғалім оқушыларға білім бере отырып, өз бетінше орындалатын жұмысын тексеріп, оқу үдерісін басқару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білімді бақылау, тәжірибе алмасу; білім алушылардың арасында өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру; оқу үдерісін бақылау мүмкіндігі артты. Білім алушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін ыңғайлы уақытта, қолайлы орында, тиімді пайдаланады,олар өз бетінше ізденіп, жоғарғы деңгейде өз бетімен білімін толықтыру мүмкіндігіне ие болады.

Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман иесі болуына жол көрсетіп, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген адамның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі студенттерден шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен білім алушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейлі дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудың материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды оқушының ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз жұмыс жасауды керек етеді.

Қашықтықтан оқытудың тағы бір оңтайлы тұсы педагогтардың ақпараттық құзіреттілігі арта түсуде. Оқыту технологияларын қолдану барысында үлкен жетістікке жетуде.Осы орайда кездескен кедергілер және оны шешу жолдары жайлы вебинарлар,интернет- форумдарды қолданып, дағдылар қалыптастыруда.

Өз ойымды қорытындылай келе айтарым, қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігінде оқыту жүйесін сапалы, тиімді, қолжетімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде оқытушы оқушы жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді, оқытудың жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі, тың деректер мен материалдар қолданылады.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне енуде.

  Дәстүрлі сабақтармен оқушылардың қызығушылығын төмендетіп алуымыз ықтимал. Сол себепті Learningapps арқылы әр сабақты қызықты форматта өткізуге зор мүмкіндіктер бар. Мұнда оқушыларды өзіңіз тіркеп, логин парольдерін үлестіруге немесе qr кодпен бөлісіп, оқушылардың өздігінен тіркелуіне болады. Арнайы бағдарлама жүктеудің қажеті жоқ, сайтқа кіріп, онлайн түрде қолдана бересіз. Ұялы телефон арқылы да кіруге болады.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді.  Мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен ұйымдастырылатын    қашықтықтан оқыту жүйесін жүргізу — үлкен кәсіби біліктілікті қажет етеді.

Сондықтан да .құрметті әріптестер,біздердің қызықты да қиын еңбектеріміз еленіп,барлық қиыншылықтарды жеңетін әдіс тәсілдеріміз көп болғай!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Алматы облыстық қоғамдық-саяси,әлеуметтік экономикалық газет «Jetisy » №36-38(18746) 04.04.2020ж

  2. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

  3. Под ред. Е.С. Полат. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов.– М., 2008





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!