Материалдар / Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Онлайн оқытуға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
218
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың
16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық жоғарғы сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту формасына көшті.

Сол қатарда біздің қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі де төтенше жағдай жарияланғалы бері қашықтықтан оқытуды қолға алды. Біздің колледжімізде қашықтықтан оқыту ZOOM бағдарламасы және COLLEGE SmartNation.kz ТжКБ автоматтандыру порталы арқылы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ WhatsApp желісі арқылы кері байланысқа шығып, түсінбеген сұрақтарына оқытушыдан толық мағлұмат алуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда  мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту әрине білім алушылармен көзбе-көз ақпарат алмасуға, әркімнің көңіл күйін білуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін оқытушы, педагог компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі, ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Қашықтықтан оқытудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері орын алуда.

Алдымен қашықтықтан оқытудың қиындығына тоқталсам. Оқытушы мен студент арасында бетпе-бет қарым-қатынас болу керек деп ойлаймын. Бұл дәріс барысында оқытушының өз ойын дұрыс жеткізу үшін қажет. Онлайн оқуда студенттердің лекцияны түсінген, түсінбегендігін немесе сұрақ қойғысы келетіндігін ұғу да қиындық туғызады. Сонымен қатар, көптеген студент ауылдық жерлерден болғандықтан, олардың онлайн сабақтарға шығуға мүмкіндігі болмайды. Олар ұялы байланыс іздеп тау-тасты кезуге немесе интернет ұстайтын жерлерге қатынасып оқуға мәжбүр. Бұл онлайн оқудың басты қиындығы болып отыр. Техиникалық олқылықтардың салдарынан, интернеттің дұрыс жұмыс жасамауы кесірінен лекция барысында дауыс естілмей қалуы сияқты жағдайлар көптеп кездеседі.

Артықшылығы- бұл курс бойынша жүктелген материалдарды студенттің кез- келген уақытта қарап, игере алуы.

Әр студент оқу материалдарын өз қарқынына қарай игеріп, жүктелген дәрістерді, видео дәріс материалдарын бірнеше рет қарап, күрделі сұрақтарды терең меңгеруге мүмкіндік алады.

Қашықтақтан оқу барысында студент жаңа технологияларды, программалық бағдарламалармен танысуға мүмкіндік алады.

Барлық оқытушылар мен студенттерге тілеріміз осындай қиын сәттерде еңбектері мен білім алуда үлкен сәттілік, шыдамдылық, төзімділік. Біздің болашағымыз білімді жастардың қолында! Ұстаздар мен білім алушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!