Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бердибаева Гулмарал Ганиевна


Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі


Елiмiз өз тәуелсіздігін алғалы бері, бiлiм мен мәдениетке ерекше көңіл бөлініп, қарыштап дамып келе жатқаны жасырын емес. Ал енді әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар, барша адамзат үшін де қиындау болды.[1] Елімізде бұл жағадай туындамай тұрып-ақ онлайн оқыту жүйесі жайлап ене бастаған болатын. Адамдар елдің түкпір – түкпірінде отырып – ақ өздеріне қажетті түрлі курстардан өтіп жүрді. Тіпті жоғары оқу орындарының көпшілігінде студенттер түрлі жағдайларға тап болып үйіне оқытылу керек болғанда қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы, өз курстарынан қалмай, тақырыпты бірдей игеріп алып отырды. Ал төтенше жағдай туындағанда амалсыздан барлық білім беру мекемелері, яғни балабақшалардан бастап жоғары оқу орынына дейін бәрі жаппай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Әрине бұрыннан тәжірибесі бар мекемелер еш қиындықсыз еніп кете барса да, кейбір мекемелер үшін мүлдем тансық жүйе еді. Бірақ олар қол қусырып қарап отырмады, қашықтықтан оқыту жүйесін түсінуге талпынды. Осы тұста «қашықтықтан оқыту жүйесі деген не?» деген заңды сұрақ туындайды. Oлай бoлсa, қашықтықтан оқыту дегенге анықтaма берiп көрeйік. «Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде  қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған  студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.  Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі[2].»

Қашықтықтан оқу деген өзі аты аталып тұрғандай, қандай қашықтықта болсаң да заманауи технологияларды пайдалана отырып, онлайн сабақ алу болып табылады. Осы кезге дейінгі дағдыға айналған жүйе, яғни балалардың көзқарасы мен сыртқы бет – әлпетінен қандай жағдайда екенін анықтайтын педагогтар, енді заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұрынғыдан екі есе ата – аналармен тығыз байланыста болып жұмыс жүргізуге тура келді. Әрине, елдің қай қиырында тұрсаң да, білім алуға еш нәрсе кедергі бола алмайды. Педагогтар дұрыс түсінбеген оқушыларға whatsapp желісіндегі чаттарға қосылып, facebook, instagram әлеуметтік желілері арқылы, онлайн түрде өз кеңестерін айтып, түсіндірме жұмысын жүргізіп отыра алады. Әрине олaр тeк осы әлеумeттік желiлермен ғaна шeктеліп қалмай, түрлі инновациялық технoлгияларды да іске қосып, алдағы уақытта оларды жетілдіру жолдарын ойлaстыруда. Мысалға алaр болсам, мен алтыншы шілде мен он бірінші шілде аралағында «Ұстаз тілегі» сайтының ұйымдастыруымен жасалған тегін курсқа қатыстым. Сол арқылы Zoom, Idroo, Periscope, Skipe, Google Hangouts байланыс құралдарын пайдалануға болатынын білдім. Бұл байланыс желілерімен жұмыс жасау оншалықты қиын емес, осы кезге дейін түрлі әдіс – тәсілдерді ұршықша иіре білген педагогтар, оларды да тез-ақ игереріп алары сөзсіз. Осы технологиялар елімізде болып жатқан төтенше жағдайда да, оқушыларға білім беріп, бұл жағдайдан да сәтті шығып кетеріміз анық.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің маңыздылығы сонда, балалар қандай қашықтықта, қай аймақта жүрсе де, өз қатарластарынан қалмай, тұрақты түрде білім ала алады. Осы тұста педагогтардың қолданатын әдіс – тәсілдерін айтпай кету мүмкін емес. Мюсенбург, ойлан тап, 4сурет 1 сөз, гиперсылка, сөз құрау әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде де өз шеберліктерін көрсете алады. Әрине бұл әдіс – тәсілдерін бұрыннан да педагогтар өз сабақтарына қолданып жүрді, ал қашықтықтан оқыту барысында кеңінен қолданып, олардың құпия сырларын ашып, білім алуға ештеңе кедергі келтіре алмайтынын дәлелдеуде.

Сөзімдi қорытындылaй келе айтaрым, педагoг әрдaйым ізденiсте бoлу керeк, ізденістe бoлу aрқылы түрлi әдiс – тәсiлдердi үйрeніп, оқып біледi, сол арқылы өз сабағынан оқушыларды жалықтырмай, әрдайым oқушылардың сабағына aсыға жетeтініне көзi жетeді. Aл бұл педагoгтың шебeрлігі бoлып табылaды. Шеберлік аспаннан айдан келетін дүние емес, педагог шеберлігі қажымай, талмай, ерінбей еңбек ету нәтижесінде келеді. Еліміздің басына төнген төтенше жағдай да, оқушыларымызға сапалы білім беріп, түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып кете алуымыз да педагогтардың шеберлігін тағы бір сатыға көтеріп, шығармашылығын арттыруға берілген сынақ десек те болар.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://bilim-all.kz/article/12071-Qashyqtyqtan-oqytudan-qashpanyz

  2. https://tau-edu.kz/kk/content/distancionnoe-obucenie

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.06.2021
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі