Материалдар / Қауіпсіздік ережесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қауіпсіздік ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі, Қауіпсіздік ережесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2022
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ














Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - жүректегі жара»

өткізілген сынып сағаты











Сынып жетекшісі: Мұқашев М.С.


7«А» сыныбы













2021-2022 оқу жылы



Сынып: 7

Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - жүректегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.


Сабақ бағдарламасы:

1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)

3. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет (Слайд)

4. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)

7. Қорытынды


Сабақ жүрісі: Ашылуы

Жүргізуші - Алдияр:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Акежан: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады

Жүргізуші - Алдияр:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүгізуші - Акежан:

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.


Мұғалім: Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик көрсетіледі)


Алдияр: Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.


Жүргізуші – Акежан: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!


Деректеме- cлайд (Балалар оқиды)

Балаларға бағалау мақсатында сабаққа белсенді қатысып сұраққа жауап бергені үшін жұлдызшалар таратылады, сабақ соңында кімде көп жұлдызша сол оқушы бүгінгі сабақтың капитаны болады, ал қалған балалар таратылған жұлдызшаларын сабақты бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен тілек айтып, мұғалімге тапсырады.


Сұрақ – жауап

Мұғалім: Балалар, Ауғанстан соғысы не үшін басталды?

- Соғыс деген не балалар?

- Ауған соғысы қай жылы басталды?

- Бұл соғыс неше жылға созылған?

- 1979 жылы келісім шартты бұза отырып кімдер басып кірді(КСРО Қарулы күштері)

- Сендер осындай жағдайда болып жатсаңдар, ең біріншіден қандай іс әрекет етер едіңдер?

- Бұл дұрыс іс әрекет пе?

- Соғыс болмас үшін біз не істеуіміз керек?

- Еліміз тыныш болу үшін қандай ережелерді сақтауымыз қажет, қандай заңға бағынуымыз керек?

- Ол үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

- Қазақстанның Конституциясы күнін қашан тойлаймыз? (30 тамыз)

- Қазақстанның қарулы күштері қашан құрылды? (1992)

Жақсы, тамаша, жарайсыңдар балалар!!!

«Сөздің көркі-мақал» мақал мәтел жарысы (Отан, ерлік, батырлық туралы мақал мәтелдер)

Ел үмітін ер ақтар, Ердің ісі елдің мойнында,

Ер атағын ел сақтар

Елдің ісі ердің мойнында

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы Ер жолдасы тәуекел


Ердің екі сөйлегені өлгені Ер бір рет өледі, Қорқақ.....


Отан үшін күрес, Елге тиген үлес

Жүргізуші: Алдияр

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!


Жүргізуші: Акежан

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.


Мұғалім: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.


(Қазақстан туралы видеоролик көрсетіледі.)


Жүргізуші: Алдияр

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын


Мұғалім: -

Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары__________________ апайға сөз беріледі. Сонымен, бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті, бейбітшілік пен жасампаздықта, ынтымақтастықта, сіз, біз деп өмір сүре берейік! Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!