Материалдар / Қазақ әдебиетін экспансивті ойлау арқылы оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиетін экспансивті ойлау арқылы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету болып табылады. Дегенмен, оқу сапасына әсер ететін пәнді оқытудағы қиындықтар мен қарама-қайшылықтар бар. Себебі қазіргі уақытта білім беру саласы ғана емес, ХХІ ғасыр білім алушылары да әртүрлі деңгейдегі қиындықтарды бастан кешуде. Сарапшылардың болжауынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70%-ы жасанды интеллектіні пайдаланатын цифрлық платформа үлгілеріне негізделеді. Заманның өзгеруіне және жаңа ғылыми технологиялардың дамуына байланысты біз инновациялардың ілгерілеуіне ілесе алмай, университет түлектерінің алған білімі кейде жұмысқа орналаспай тұрып ескіретін жағдайға тап боламыз. Бұл болжам білім берудің барлық сатысына, оның ішінде орта білім беру мекемелеріне - мектептерге де қатысты. Шын мәнінде, цифрлық с
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
172
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІЛІМ БЕРУДЕГІ КОГНИТИВТІК ОБРАЗДАР:

ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОҚУ САПАСЫНА ӘСЕРІ


ЖУМАБЕКОВА АЙГЕРИМ СЕРТАЕВНА,

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ BINOM SCHOOL МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ


Алаш қайраткері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс» деген ойы, Жүсіпбек Аймауытовтың: «... бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген құнды пікірі уақыты келіп, жаңартылған білім мазмұнында өзіндік орнын алды. Оған дәлел – қазіргі оқу бағдарласында пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы, білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі, бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы, оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету болып табылады. Дегенмен, оқу сапасына әсер ететін пәнді оқытудағы қиындықтар мен қарама-қайшылықтар бар. Себебі қазіргі уақытта білім беру саласы ғана емес, ХХІ ғасыр білім алушылары да әртүрлі деңгейдегі қиындықтарды бастан кешуде.

Сарапшылардың болжауынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70%-ы жасанды интеллектіні пайдаланатын цифрлық платформа үлгілеріне негізделеді. Заманның өзгеруіне және жаңа ғылыми технологиялардың дамуына байланысты біз инновациялардың ілгерілеуіне ілесе алмай, университет түлектерінің алған білімі кейде жұмысқа орналаспай тұрып ескіретін жағдайға тап боламыз. Бұл болжам білім берудің барлық сатысына, оның ішінде орта білім беру мекемелеріне - мектептерге де қатысты.

Шын мәнінде, цифрлық сауаттылықтың жоғары деңгейі, жаһандық байланыстың ақпарат алмасуға шексіз мүмкіндік беруі, жылдам дамып жатқан заманға сай жаңа құзыреттілік пен дағдылардың қажеттілігі, жастарда өзара араласу, ақпарат алмасудың бірегей мәдениеті, ақпаратты табу жолдарын таңдаудағы өзіндік тәсілдер, білім алушының шынайы өміріне қажетті білім деңгейін беру - осының барлығы білім беру процесіне әсерін тигізіп қана қоймай, білім берудің әдіс-тәсілдерін оқушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыратындай өзгерту, бейімдеу маңыздылығын күн сайын көрсетуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда білім алушылар мен ата-аналар мектепті білім алу кеңістігі, әлеуметтену аумағы ретінде емес, қарама-қайшылықтар мен тартыстар алаңы ретінде қабылдайды.

Оның бірнеше салдары бар, бұл мәселені білім беру үрдісінің барлық тараптары тұрғысынан қарастырсақ:

-aта-ана баланың нені үйреніп жатқанын, не үшін, қалай білім алып жатқанын түсінбейді;

-оқушылардың құндылықтары өз түсінігіне сай болғандықтан, өзгелермен үйлеспеуі мүмкін;

-мұғалімдерге қойылатын талаптардың көптігі: бес күндік оқу аптасында алтыншы күн «демалыс» дегенмен, сыныптан тыс шаралардың барлығы, әдістемелік жұмыстар жұмыс орнында болуға міндеттейді;

-оқушылардың бойына мектеп сіңіргісі келген құндылықтардың сәйкессіздігі, себебі оқушылар әлеуметтік желіден көріп, еститін нәрселер мүлдем басқа;

-білім қазіргі таңда «қолжетімді», сол себепті мектептегі педагогтердің рөлі желідегі блогер, т.б жеке тұлғалармен салыстырылып, кейде теңестіріліп те жүр.

Осындай қолжетімді, шынайылығы анықталмаған ақпараттан оқушы үстіртін білім, түсінік алады, кейде қоршаған орта, шынайы өмір туралы жалған пікір қалыптасады;

-заманауи ата-аналар мектеппен қарым-қатынастан алшақтайды, мектептің қоғамдық өміріне белсене ат салысатын ата-аналар аз; мектеп туралы позитивті, жағымды көзқарас тудыру үшін ата-аналармен қауымдастық, ынтымақтастықтың жаңа, тиімді модельдерін құру қажет, себебі оң әсерлі эсктерналия тудыру қажеттілігі маңызды;

-оқушыларда үлгі алатын модельдің, тұлғаның болмауы, Абай айтқандай, жастарды «өз ойы жоқ, жұрт соңынан еретін» надан адамдардан алыстатса, екінші жағынан нақты мақсат пен бағдарды таңдауды қиындатады;

-мұғалімдер оқушыларда метатаным немесе метасана қалыптастыру жолында цифрлық құзыреттілік тұрғысынан қалып бара жатыр 2. Себебі әртүрлі гаджеттерді еркін меңгерген білім алушыларды заманауи мықты технологиямен қызықтыруға мектептер әзірге қабілетсіз, ондай материалдық база мектептерде жинақталмаған (еліміздегі көпшілік мектептердің жағдайы сол).

Бүгінгі оқыту жүйесіндегі осындай қайшылықтар оқу сапасына, пәнді оқытуға өзіндік әсерін тигізіп отыр.

Мектептегі қазақ тілі пәні шеңберінде сөз қозғасақ, мынадай қарама-қайшылықтарға тап боламыз:

-пән мазмұнына сай мәліметтерді сұрыптаудың қиындығы, ресурс тапшылығы. Тақырыптардың күрделі болуы пән мұғалімдеріне мамандандырылған немесе пәнаралық бірлікте қарастырылатын тақырыптарды жете білуді қажет етеді, осыған орай тың, өзекті сараптамалық көрсеткіштер, дәлелдерден тұратын ресурс табу, іріктеу, оқушылардың жас ерекшелігіне сай сұрыптау қосымша уақытты талап етеді.

-қазақ тілі пәні бойынша құрастырылған оқулықтар сапасының төмендігі. ҚР ОАМ қазақ тілі пәні бойынша 5-11 сыныптар үшін «Мектеп», «Атамұра», «Арман-ПВ» баспаларының оқулықтарын бекітіп, ұсынған. Дизайн, графика, сурет, тапсырмалардың сапасы, оқулықтағы тапсырмалардың оқу мақсатына сай болуы, ақпараттың заманға сай болуы жағынан, әсіресе графиктік мәтіндердің сандық көрсеткіштерінің шындыққа сай болуы қайта тексеруді талап етеді.

-педагогтерге арналған сапалы, заманауи әдістемелік құралдардың, ОӘК-нің жоқтығы. Дәстүрлі оқыту жүйесімен сабақ беріп келген тәжірибелі мамандардан бастап жас мамандарға дейін кейбір оқу мақсаттарымен немесе мектеп бағдарламасына енген жаңа тақырыптармен жұмыс жасау қиындық тудырады. -оқу мақсаттарымен жұмысқа бағытталған тапсырмаларды жаңартып отыру қажеттілігі (сараптама, көрсеткіштер, талдамалы есептердің өзгеруі);

-тыңдалымға арналған сапалы оқу материалдар базасының жоқтығы. Мемлекеттік тапсырыс негізінде арнайы оқу материалдар базасын жасау қажеттілігі бар.

-қазақ тілі сабағында БЖБ жүргізу үшін ағымдағы бақылауды өткізу кезінде оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жылына 4 рет диктант, мазмұндама жазу ұсынылған 1, дегенмен жаңа заман талабына сай жазбаша жұмыстың бұндай түрлерін бағалаудың нақты, өзгертілген бағалау шәкілі жоқ. Жалпы диктант деген жазба жұмысын оқушылардың сауаттылығын арттыратын жұмыс түрінде ӘТН түрінде оқу мақсаттарының жүйесіне қосқаны дұрыс шешім болар еді деп санаймыз.

-ережеден алыстап, тіл білімінің теориялық білімінен функционалдық-коммуникативтік бағдарға ауысқан оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным сауаттылықтың төмендеуіне әкеліп жатыр.

Жоғарыда айтылған қайшылақтардың оқу сапасына әсері жоғары, сондықтан практик маман ретінде төмендегі әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алу қажет деп санаймын: қазақ тілі пәнінен тыңдалымға арналған арнайы ресурстар базасын құрып, сапалы дауыспен жазу, көпшілікке қолжетімді ету; оқулықтардың сапасын қатаң тексеріске алып, құрастырушыларға жоғары талап қою немесе конкурстық негізде қайта құру, баспаға ұсынбас бұрын, талқыға түсіру; республикалық деңгейде IT саласының мамандарымен бірлесіп, қазақ тілін оқытуға арналған арнайы қазақ тілді заманауи платформа ашу; оқу мақсаттарымен жұмыс бойынша ОӘК дайындауда еліміздің шебер мамандарына жүгіну; тілді оқытудың бағдарына сауаттылықты тең мөлшерде қосу (оқу мақсаттарының көлемінде қайта қарастыру); білім саласындағы озық тәжірибелерді қолжетімді ету; республикадағы үздік тіл мамандарын жинап, онлайн әдістемелік орталық ашу.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 104 б.

2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!