Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ әліпбиінің жанашыры Ахмет Байтұрсынов
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ әліпбиінің жанашыры
Ғылыми жетекшісі: Қонақбаева Айгүл
Орындаған:Сейділда Ақжарқын EI 21-2
Мақсаты
Ұлттық руханияттың өзегі – тіл мәселесі жөнінде, тілдің ұлтты ұйыстырудағы, ұлттың дара болмысын сақтаудағы рөлі жөнінде айтылды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен бірге ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеудегі ұлы оқымысты – Ахмет Байтұрсынұлының халқымыздың рухани-мәдени өрлеуіне қосқан үлесін көрсету мақсаты көзделді. Сонымен бірге, қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі ұлттық әліпбиге көшіру қарсаңындағы тілдік жағдаятқа сипаттама берілді.
Жоспар
1. Тақырып
2. Мақсаты
3. Аннотация
4. Өзектілік
5. Мәліметтер жиыны
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиет
Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлыныңұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Мәселен, ол – ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе»оқулығының авторы, екіншіден, қазақтыңәлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға
Әлеуметтік өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен білімі жолында аянбай адал еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, қайталанбас зор тұлға. Өз заманында-ақ «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған біртуар тұлға кеңестік Қызыл империяның «солақай саясатының» кесірінен адам қолынан құрбан болғандығы бүгінгі ұрпаққа белгілі. Ахаңның есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты. 1988 жылы 4 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы ресми түрде ақталды. Содан бастап, тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының «көсемі» болған Ахаңмен халық қайта қауышып, оның ұлты үшін еткен ерен еңбектері жас ұрпаққа ашық түрде насихаттала бастады, оның еңбектері мен зерттеулерінің тарихилығы мен маңыздылығы ғалымдар тарапынан нақты дәлелденді
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында бірқатар кедергілері мен қиындықтары болды және араб әліпбиін пайдаланған күллі түркі халқы ортақ орфографиялық заңдылыққа бағынған болатын. Ал бұндай жазуды ұлттық деңгейге көтерудің ең басты тәсілі ретінде А.Байтұрсынұлы араб әліпбиінқазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес реформалау деп білді, осылайша ұзақ ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан араб графикасына өзгеріс енгізу идеясын алғаш көтеріп, оны іс жүзінде реформалады. Араб жазуын реформалауға түрткі болған ең басты себептер мыналар еді: бір дыбыс бірнеше әріптермен жазыла беретін, дауысты дыбыстар көп жағдайда таңбаланбай, араб тілінің заңдылығына сәйкес харакаттар арқылы берілетін, қазақ тіліндегі тоғыз дауыстыға үш таңба (а, у, и) ғана арналған болатын. Міне осымен байланысты жазылған сөздің мағынасын ажыратуда қиындықтар мен кедергілер көп еді және дауыстыларды таңбалайтын әріптер жеткіліксіз болатын. Араб әліпбиіндегі осындай кемшіліктер халықты сауаттандыру ісін тежеді. Бұл қиындықтарды шешудің жолын тауып, ұлттық әліпбиді құрастырған және ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралын жасап шыққан А.Байтұрсынұлы болды. Ахмет Байтұрсынұлы оқу жүйесіне де түбегейлі реформа жасады.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Оған дейінгі мұғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланып, түрліше оқытатын. Сондықтан, ол оқу жүйесін бір қалыпқа келтіру мақсатымен, балаларды оқытуда, әріп үйретуде жеңіл болуы үшін жас ерекшеліктеріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің қалыптасу ыңғайына қарай әліппе оқулық кітабын жазуды қолға алады. Ол үшін ең алдымен алфавиттегі әріптердің қолданылу ретін, жұмсалу орнын анықтауды мақсат етеді. Екінші орынға оқыту жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т. б. Мәселелерді қояды. Шамамен 1910 жылдан бастап, араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін жайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. 1913 жылғы «Қазақтың» № 35 санында жарияланған “Жазу мәселесі» деген мақаласында А. Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынады.
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу — өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауынан қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан алфавит пен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн деп білеміз. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. Сол кезеңде, яғни ХІХ ғасырдың соңынан бастап, Ахмет Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде, қазақ халқының өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығы мен кемшілік жақтары баспасөз беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді. Міне, осы көзқарастарды өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретіндеАхаңның 1914 ж. Орынборда жарық көрген Қазақша әліппесінің мұқаба беті
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады.
Ғалым қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: «бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады, «к», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады
Дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба – дәйекшімен белгіледі. Дәйекші сөз құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстың, сонымен бірге, бүкіл сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді;
Сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға тәуелді, яғни дауысты дыбыстардың жуан–жіңішкелігіне қарай дауыссыздардың да жуан-жіңішке болатындығын анықтаған;
Араб графикасы негізінде жасалған жаңа әріптерді енгізген. Бір сингармофонеманың қызметін сөйлесім процесінде бірнеше дыбыстар атқарады
Байтұрсынов қазақ тілі дыбыс жүйесінде сингорможуан /қ, ғ/ және сингорможіңішке /к, г, е/ дыбыстарды ажыратып, оларға жеке таңба арнады.Ғалым өзінің құрастырған алфавитіне «х, Һ» дыбыстарын енгізбеген. Себебі «һ» дыбысын одағай сөздерде ғана (аһ, уһілеу) кездеседі деп, «Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді», — дейді. [5.88]; Ал «х» дыбысы араб, парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен (адал – халал,арам – харам), сондықтан оны сақтау керек дейді.А.Байтұрсынов сауатты жазуды бізге өсиет еткен. Алайда кейбір жағдайда сауатты жазу мәселесіне әлі де көңіл бөліне бермейтін тұстарды көріп, қынжылуға тура келеді.
1917 жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің - Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті.
Қазақ интеллигенциясының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. дара тұлғаларының саяси өмір сахнасына шығуы Қазақстанда қоғамдық-саяси, мәдени ойдың дамып, нығаюына елеулі үлес қосты. Олар қазақ даласында тұңғыш дербес саяси партия «Алаш» партиясын құрды. Бұл партия халықтың алдыңғы қатарлы бөлігінің көзқарасын білдірді. Негізінен ағартушылық, саяси оқиғаларды және олардың халық өміріне әсерін түсіндіру жұмыстарына баса көңіл бөлді
Алматыда «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды. Картина Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылуда.
Фильм қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған.
– Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы, оның күресі туралы. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан үлкен жоба.Байтұрсынұлы – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені Ахмет ағаның жасаған істері, Алаш Орда қайраткерлерінің ерлігі – көп кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек, – дейді актер Азамат Сатыбалды.
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов ана тіліне әлеуметтік лингвистикалық тұрғыда ерекше мән берген. Ол: «…һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу – сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуға тиіспіз», — деген еді Сондықтан «Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт–шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас»,- деп білеміз Осы орайда, А.Байтұрсыновтай дара тұлғаның өсиеті, қалдырған мұрасы тіл жанашырларының алға ұстар бағдаршамы болуға тиіс. Тілімізді таза ұстаймыз десек, орфография мәселесінде А.Байтұрсынов ұстанған принциптерді басшылыққа алып, ана тіліміздің мүмкіндігін толық пайдаланып, өз тіліміздегі ғылым сөздерін қалыптастырып, сырттан кірген терминдерге балама тауып, немесе тіліміздің дыбыстық ерекшелегіне сай жазуымыз қажет деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әліппе айтысы – Қарағанды: ҚарМУ, 1990 – 106 б
2. Уәли Н. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // Ұлттық рухтың ұлы тіні / — Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғалым, 1999 268-281 б
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Ұлттық рухтың ұлы тіні / — Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы:Ана тілі; 1992 –448 б
4. Мәжітаева Ш. Қазақ (араб) жазуының тарихы хақында // Ұлттық рухтың ұлы тіні / — Ғылыми мақалалар жинағы- Алматы, Ғылым, 1999 281-288 б
5. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы – Алматы, Ғылым, 1998 – 216 б
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.- Алматы: Ғылым,1999.-581 б
7. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке – Алма-Ата: Наука, 1980 –78 с