ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тарихтағы ақтандақтар қатарына 20-шы жылдардың соңында, 1926-1927 жылдары "Шабындық, егістік жерлерді жөне жайылымдарды бөлу" деген атпен белгілі жер реформаларын жатқызуға болады. Бұл коллективтендіруден 3 жыл бұрын басталып, патриархалды, қауымдық жер қатынастарын өзгерту мақсатын қойған, "тап күресінің шиеленісуі туралы" сталиндік қағида рухында жасалған волюнтаристік шара болды. Алайда, "тап күресінің шиеленісуі" мәселесінің күн тәртібіне қойылуы Одақта кейінірек, 1929 жылы басталғанын ескерсек, аталмыш шараның Қазақстанда ерте басталуына байланысты сұрақ туады. Өйткені 20-жылдардың ортасында жаңа экономикалық саясаттың нарықтық реттегіш функцияларынан бас тартылмаған еді. Әлсіз экономикалы Ресей жағдайында социализм орнатудың ұзақ мерзімге созылу мүмкіндігі ескеріліп, жаңа экономикалық саясат ауыл шаруашылығындағы жеке меншікті тез арада өзгерту мақсаттарын қойған жоқ. Лениннің сөзімен айтсақ: "Ауыл шару-ашылығын қайта құру және шаруалардың психологиясын өзгерту үшін бір ұр
Материалдың қысқаша нұсқасы

- Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1993 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң» қабылданды. Ал ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл комиссияның негізгі міндеті кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттары үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру екені белгілі.  Алдына қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай республикалық дерекқорын құру міндетін қойып отыр. Мемлекеттік комиссияны қолдау үшін Жобалық кеңсе де құрылып, жұмысын бастады.

2021 жылдың басынан бері ғалымдар арнайы рұқсат алып, бір жылдан астам уақыт ішінде көпшілігі жабық, ведомстволық және мемлекеттік мұрағаттарда кеңестік кезеңдегі (1920-1950 жылдар) жаппай қуғын-сүргінге қатысты мәліметтерді жинақтап келеді. Осы аралықта қаншама еңбектер жазылды, десеңізші?!.

2021 және 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жариялаған тапсырмалары аясында 10 жұмыс тобы мен екі кіші комиссия жұмыс істеді. Оларға Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары – тарихшылар мен заңгерлер тартылды. Зерттеу барысында олар қуғын-сүргін құрбандарының иеліктен айырылған байлар, шаруа қожалары, шаруалар көтерілістеріне қатысушылар, босқын қазақтар, жер аударылған халық өкілдері, лагерь тұтқындары, әскери тұтқындар, Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескендері және басқа санаттарын зерттейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында 17 өңірлік комиссия ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні тарихшылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақталмай қалған деректер қорын жасаумен айналысуда. Құжаттарды зерделегеннен кейін ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырағандардың толық бейнесін қалпына келтіреді және саяси қуғын-сүргін құрбандарының қазақстандық бірыңғай республикалық деректер базасы құрылады деп сенеміз. Оңалту тез, бірақ бір реттік процесс емес. Мұндай материалдарды дайындау үшін белгілі бір уақыт қажет.

Жалпы, соңғы 80 жылдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесін 5 кезеңге бөліп көрсетуге болады:

  • бірінші. оңалту кезеңі – 1953-1960 жылдар;

  • оңалтудың екінші кезеңі – 1989-1990 жж.;

  • үшінші кезең – 1993-1998 жж.;

  • төртінші кезең – 2000-2014 жылдар;

  • бесінші кезең – 2020 жылдан бастап.

Мемориалдың ресми ақпараты бойынша, 1954-1965 жылдар аралығында 500 мыңға жуық адам оңалтылды. 1960-1978 жж. Қазақстанда 7112 азамат ақталды.

Бүгінгі таңда ғалымдар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақталмаған санаттарын анықтап, оларды ақтау жолдары мен шаралары туралы ұсыныстар жасады. Осы уақытқа дейін ақталмай келген саяси қуғын-сүргін құрбандарының қазақстандықтардың электронды базасы қарқынды түрде жасалуда. Ғалымдар мен заңгерлердің жасаған тұжырымдары негізінде арнайы мұрағаттар мен мемлекеттік мұрағаттар қорындағы құпиясы жоқ материалдарды қосымша зерделеу, мұрағат құжаттарын құпиясыздандыру жұмыстары аяқталады деп сенемін. Бірақ бұл жұмыс бір реттік науқан болмауы керек және болмайды да  деп ойлаймын. Бұл жылдар бойы жүргізілген зерттеу жұмысы. Өйткені тарих асығыстық пен мәжбүрлі процестерді ұнатпайды.

Құжаттарды құпиясыздандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл да уақыт пен байыпты аналитикалық жұмысты қажет ететін өте күрделі процесс. Сонымен қатар, белсенді архивтік-іздестіру және зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, тарих және этнология институтының ғалымдары, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінге негіз болған құқықтық актілер мен құжаттардың екі томдық жинағын басып шығарды.  Осы тектес құжаттар топтамаларын ғалымдар құрастыруда және көптеген ғылыми топтардың жинақтары дайындалып, техникалық редакциялау сатысында тұр. Ал бұл бүгінде ғалымдар жасап жатқан жұмыстың аз ғана бөлігі...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2023
275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі