400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ киносының атасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ киносының атасы

(сабақ тақырыбы/ тема занятия)

ООД 01 Казахский язык и литература

Модуль/пән атауы/ Наименование модуля /дисциплины

      Мақсаты,міндеттері /Цели, задачи:

  • Мәтіндерді оқып, өз көзқарастарын ұсыну дағдыларын жетілдіру; әртүрлі дереккөздерден ақпарат алу;

Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет/ Учебно-методическое оснащение, справочная литература:

Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Б.Қ.Мүкеева. Қазақ тілі мен әдебиеті. Тіл-Байрақ.10-сынып, 1-бөлім. Көкжиек-Горизонт, 2019.

  

І.САБАҚ БАРЫСЫ / ХОД ЗАНЯТИЯ

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть: амандасу, білім алушыларды түгендеу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІV. Қазақ киносы туралы түсініктерін сұрау.

1. «Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру;

2.Сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмаларды орындату;



Сұрақтарға жауап бер.

  • Киноны кім түсіреді?

  • «Қазақфильм» киностудиясы туралы не білесің?

  • «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қандай фильмдерді білесің?

  • «Қыз Жібек» фильмін көрдің бе?

  • Режиссер болсаң, қандай фильм түсірер едің?


Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино.


1-тапсырма: Мәтінді оқы.

Шәкен Айманов – қазақтың әйгілі актері, тұңғыш кинорежиссер. Ол 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдегі педагогикалық техникумға түседі.

1932 жылы Ш.Аймановты Алматыдағы Қазақ драма тетарына шақырады. Ол алғашында бірқатар рөлдерде ойнайды. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Әсіресе, Ақан сері, Қобыланды, Отелло сияқты рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.

Шәкен Кенжетайұлы актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қойды. 1947-1951 жылдар аралығында қазіргі Мұхатр Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері», «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. Шәкен Айманов қойған «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» фильмдері көрермендердің талғамынан шықты. Бұл фильмдер ұлттық кино өнерінде комедия жанрының негізін қалады. 1970 жылы Шәкен Айманов «Атаманның ақыры» атты соңғы фильмін түсірді.

Шәкен Айманов – қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасуына, шыңдалуына жол ашқан дарынды суреткер, шебер актер, ойшыл режиссер.


  • Мәтінге ат қой .

  • Жоспар құр.

  • Әр абзацтан ең негізгі 5 тірек сөз жаз.

  • Мәтін бойынша 5 сұрақ дайында .


Дескриптор:

Тапсырма

Балл саны

1

Мәтінге тақырып қояды.

2

2

Жоспар құрады.

2

3

Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындайды.

1


V. Аударма жасау, тексеру.


VІ. Сөздікпен жұмыс.

Әйгілі – знаменитый;

Тұңғыш кинорежиссер – первый кинорежиссер;

Ұлттық – национальный;

Өнер – искусство;

Шығармашылық – творческий;

Көрермен – зритель;



2-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазу.

Шәкен Айманов – қазақтың әйгілі актері, тұңғыш кинорежиссер. Ол 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдегі педагогикалық техникумға түседі.

1932 жылы Ш.Аймановты Алматыдағы Қазақ драма тетарына шақырады. Ол алғашында бірқатар рөлдерде ойнайды. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Шәкен Айманов – қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасуына, шыңдалуына жол ашқан дарынды суреткер, шебер актер, ойшыл режиссер.



3-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендір.

Кино

Суреткер

Дарынды

Иесі

Өнер

Өнері

Театр

Режиссер

Өз ісінің

Шебері

Тұңғыш

Тарланы


Дескриптор:

Тапсырма

Балл саны

1

Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.

1

2

Жазу сауаттылығын сақтайды.

1



4-тапсырма: Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін дұрыс тұлғда қойып, сөйлемді жаз.

Шәкен атақты рөлдерді (сомдау, қою, жасау). Ол Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Отелло рөлдерін (қызық орындау, баяу орындау, шебер орындау). Шеберлігімен көпшіліктің (көңіліне бөлену, ықыласына бөлену, рақметіне бөлену). Ұлттық театр тарихында (өшпес із қалдыру, шығарма қалдыру, ой қалдыру). Шәкен Айманов классикалық пьесалар бойынша спектакльдер (жасау, қою, дайындау). Оның қойған шығармалары көрермендердің (көңілін толғанту, талғамынан шығу, мұңын сейілту).


Дескриптор:

Тапсырма

Балл саны

1

Сөздердің қажеттісін таңдайды.

2

2

Жалғауларды дұрыс қояды.

2

3

Жазу сауаттылығын сақтайды.

1


VІІ. Нығайту/ Закрепление:

Білім алушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды.


VІІІ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание

«Менің сүйікті кином» эссе жазу.

ІХ. Бағалау.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
16.05.2023
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12