Материалдар / ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РӨЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ХVІІІ ғасырдың ұлы тұлғасы, Қазақ хандарының арасындағы айрықша орны бар ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы, даңқты мәмлігер Абылай хан жайлы айтылған. Абылай бейнесі елді жаудан қорғаған батыр, халқын даналық істерімен басқарған билеуші кейпінде бедерленіп, өзі билеген тұста Қазақ хандығы жан-жағындағы көршілерімен терезесі тең, мемлекеттілігі толық сақталған азат ел ретінде бейнеленеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
426
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РӨЛІ


Аяған Нұржан Алдоңғарұлы

тарих пәні мұғалімі

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

С. Сейфулин атындағы №5 көпсалалы мектеп лицейі

ү. 8-716-45-3-14-66; ұ. 87051515577

Аннотация

Мақалада ХVІІІ ғасырдың ұлы тұлғасы, Қазақ хандарының арасындағы айрықша орны бар ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы, даңқты мәмлігер Абылай хан жайлы айтылған. Абылай бейнесі елді жаудан қорғаған батыр, халқын даналық істерімен басқарған билеуші кейпінде бедерленіп, өзі билеген тұста Қазақ хандығы жан-жағындағы көршілерімен терезесі тең, мемлекеттілігі толық сақталған азат ел ретінде бейнеленеді.



Қазақ мемлекеттілігі өзінің бес ғасырдан астам тарихында өрлеу мен құлдырау, нығаю мен әлсіреу, жоғалту мен қайта ие болу сияқты талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Мемлекеттілік сөз болғанда, ұлт тарихындағы жарқын тұлға Абылай ханның Қазақ мемлекеттілігін сақтау жолындағы жанкешті еңбегіне баға бермей өте алмаймыз.

Абылай-хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей үшін І Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін ол да сондай тұлға. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айнал-ды.

Абылай дәуірінде Қазақстан және Ресей, Қытай арасында өте сақ,байыпты саяси ойын жүріп, қазақтың ұлт ретінде жойылып жоңғардың тағдырын қайталамас үшін ерен тарихи ерліктер жасалды.

Қытаймен бейбіт қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеуге барынша күш салды. Ресей патшалығы болса Қазақстанды өз саясатын Абылайдың қолдауынсыз іске асыра алмайтынын мойындағанды. Мәселен, қазақ елінің жай жапсарын қырағылықпен бақылап отырған Орынбор әкімшілігінің шенеуніктері генерал-майор А. Тевкелев пен колл. кеңесшісі П. Рычковтың сыртқы істер Коллегиясына 1759 жылдың 22 қаңтарындағы мәлімдемесінде: «Бұл күндері Абылай бүкіл Орта жүзде бас билеуші ретінде танылады, ал сонымен қатар ол ең білікті де білгір екенін және қытайлықтармен қатынас жағдайды ескере отырып, Абылайды мейлінше ішке тарту керек. Алайда, сол жердің халқы біздің нұсқауымызсыз хан сайлап жібергенін білмей де қалуымыз мүмкін, өйткені қазірдің өзінде әр жерде Абылайды хан атап жүр» [1, 28] деп абыржи жазған.

1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салуына байланысты дәстүр бойынша оның балаларының бірі хан сайлануы тиісті еді. Алайда үш жүздің өкілдері жиналып, бүкіл қазақтың ханы етіп Абылайды сайлады. Ал патша үкіметі болса онымен келіспейтінін білдірді. Өткені қазақты жаулап алудың отарлық саясатын ғана көздеген ол хандық билігінің нығаюына, үш жүздің басыиың бірігуіне қайткенде жол бермеуге күш салғанды. Патша үкіметінің көздегені -қазақ елін бірімен-бірі бақас бірнеше хандыққа бөлу және келешекте хандықты, яғни тәуелсіздікті мүлдем жою еді. Сондықтан болар, Ресей патшасы II Екатерина Абылайдың оған арнайы жазған хатында келтірілген деректерге құлақ аспады. Онда Абылай өзінің Әбілхайыр мен Әбілмәмбет хандардың заңды мұрагері екенін айта келіп, былай деген: «1771 жылы Түркістан қаласындағы мұсылмандар әулие тұтатын Қожа Ахмет мазарының басында біздің дәстүр бойынша намаз оқып, үш жүздің хандары мен сұлтандары және Ташкент пен Түркістан провинциясының басқа да қалаларыңың өкілдерінің қатысумен мені бүкіл үш жүздің ханы етіп сайлады» [2, 29]. Осыған қарамастан II Екатерина қол қойған Грамотада Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп тағайындағаны көрсетілген. Сонымен қатар патша өкілдері Абылайдың сөз етілген Грамотаны алуға және өзінің бодандығын қайта мойындау шартына қолын қоюға Петербургке немесе Орынборға келуін талап еткен. Абылай болса, көнбеді. «Мені үш жүздің ханы етіп халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ» деп жауап қайырған.

Абылайдың өз еркімен елінің бірлігін, дербестігін сақтаудан тайынбайтынына көзі жеткен Ресей үкіметі оны қайтсе де өз ықпалына көндіру шараларын қарастырды. «Абылайдың бұл қылығына, - деп жазады, - А. Левшин, - ыза болған Ресей үкіметі оған ақы төлеуді тоқтатып, оны кеміту үшін кез келген бір сұлтанды көтермелеп, оған қарсы қоюды ұйғарған. Онымен қоймай, Абылайды тұтқындап, ішкі бір губерниясына жер аударуды да ойластырған.

Әбден амалы таусылған соң патша үкіметі Абылайдың хан ордасына әдейілеп елші жіберіп, сөз етілген Грамотаны және көптеген сыйлықтар тапсырды. Хан ордасында болып қайтқан капитан Г. Лингрейн өзінің сапары жөнінде есеп бергенде Абылайдың Түркістанда тұратынын айта келіп, енді ол Ресей шекарасына жақындап көшіп келмейтінін жазады. Ресеймен қарым-қатынасында Абылай бейбіт, тату көршілестік жағдайда өмір сүру қажеттігін еске ала отырып, тағы да ресми түрде өзін оның боданы екенін мойындап. Патшаның Грамотасын алғанды. Бірақ іс жүзінде өз елінің дербестігіне дақ салған жоқ, беделін түсірмеді. Абылайды өз ықпалына көндіре алмаған патша үкіметі енді Қазақстанды отарлаудың басқа жолдарын қарастырды. Оның бірі-қазақ жерінің шекарасына қалашықтар, бекіністер салу, оларды келімсектермен, әсіресе қазақтармен толтырып жайғастыру еді. Әсіресе, халық үшін қиын жағдай туғызған мәселе - Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тыйым салу жөніндегі патша өкіметінің жарлықтары. Патшалықтың бұл әрекеттері, әрине, Абылайдың наразылығын тудырды, бірақ ол Ресеймен үзілді-кесілді қатынасты тоқтатуға, жағдайды шиеленістіруге бармады, мәселені дипломатия тұрғысынан шешуді ойластырды.

Абылай орта жүздің ханы бола тұрып, өз билігін бүкіл еліне жүргізсе, кейін үш жүздің ханы етіп сайланғаннан соң қазақ хандығының мемлекеттігін нығайту жолында аянбай аса зор, нәтижелі қызмет атқарды. Шет мемлекеттер онымен санасуға мәжбүр болды, қазақ елімен тығыз экономикалық байланыс жасап бейбіт өмір сүрді. Абылай, әсіресе, Сібір қалаларымен сауда-саттықты дамытуға ерекше мән берді. Мысалы, 1740 жылы Орынборда Ресей бодандығын мойындау шартына қол қою Сапарында қазақ-орыс сауда-саттық қатынасын тек Орынбор жәрмеңкесімен шектелмей, Сібірдің басқа да қалаларында жүргізу қажет екендігі туралы мәселесін көтерді. Бұл ұсыныс орыс патшалығының ойынан шықты. Өйткені ол Орта жүзде өзінің экономикалық, саяси ықпалын күшейтуді көздегенді. Көп ұзамай Орскіде, Троицкіде, Ямышев бекінісінде жәрмеңкелер ашылып сауда-саттық екі елдің арасында өрбіді. Ол өз халқын орыстардан егіншілікті, балық аулау тәсілін үйренуге шақырды. Абылайдың өтінішіне байланысты патша өкіметі қазақтарға егіншілікті үйрету үшін он кісі жіберіпті.

Абылай қазақ халқына біткен қасиетін, күш-қайратын бойына сіңірді. Ол бір мезгілде екі алып империяға ресми түрде бодан болғанын аса тиімді пайдаланды. Ресей патшалығынан қыспақтық көрсе, Қытай боғды ханына қарай ығысып, керісінше - Цин империясынан қысым көрсе, патша үкіметімен жақындаса түскен. Сөйтіп, билік тізгінін ешкімге ұстатпай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізе алды. Оны А. Левшин растай отырып, былай дейді: «Өзінің күшіне сүйеніп, қажетіне қарай өзін біресе Ресейдің, біресе Қытайдың боданы екенін мойындай отырып, бірақ шын мәнінде-мүлде тәуелсіз билеуші болды» [3, 265]. Мұндай іс тек тарихи ұлы тұлғалардың қолынан келер еді. Қазақстанның Абылай заманында «іс жүзінде тәуелсіз ел» болғанын ғалым Шоқан Уалиханов та растайды. Ал, Ресейдің шығыстанушыларының ең көрнектісінің бірі В.В. Бартольдтың айтуынша: «XVIII ғасырда қырғыздар (қазақтар) орыс үкіметінің қойған талаптарын өзіне тиімді болса ғана орындап отырған» Мұндай саясат тәуелді билеушінің қолынан келмейтіні айтпаса да мәлім.

Абылайдың қайталанбас тұлғасы халқымыздың басынан кешкен сонау қиын-қыстау кезеңінде қалыптасуы оның ұлттық көсем дәрежесіне көтерілуі кездейсоқ жайт емес екені түсінікті. Ол ат жалын тартып мінген кезде қазақ хандығының іргесі сөгіліп, уығы ыдырап, бірімен-бірі бақас бірнеше хандыққа бөлініп кеткен-ді. Соның салдарынан қанды балақ жоңғар феодалдарының қырып-жоюына, жаулап алуына ұшырады. Абылайдың қазақ халқының басын құрап, жерін жаудан азат етіп, мемлекеттігін өрбітіп, ұлттық мақсатын іске асырудағы, елдің тірлігі мен бірлігін сақтап қалудағы іс-қимылы, ерен-еңбегі ру басыларының, ақын-жырауларының, атақты батырларының ойынан шықты, жұртшылықтың қызу қолдауын тапты. Дәл осы сәтте қазақ халқы бірліктің қажеттігін түсіне бастады, ұлттық санасы оянды. Олай болмаған күнде қазақ халқы да жоңғарлардың тағдырын кешіп, мүлде кұрып кетуі мүмкін еді.

Иә, дана халқымыз «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деп тегіннен тегін айтпаса керек. Абылайды еліміздің игі жақсылары түгелге жуығы қолдағандығы айқын. Абылайдың ақылгөйлігі сол емес пе, ол ақсүйек сұлтандарға емес, қалың қазақ жұртшылығына, халқымыздың рухани көсемі болған Бұхар, Үмбетей, Ақтамберді сынды жырауларға, орта жүзден Қаздауысты Қазыбек Қелдібекұлы, ұлы жүзден Төле Әлібекұлы, кіші жүзден Әйтеке Бәйбекұлы сияқты ақыл-парасаты шыңдалған билерге, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Бәсентиін Сырымбет, Малайсары, Уақ Баян сияқты басқа да қаһарман батырларға сүйенді.Осы Абылайдың ақ туының астына топтасқан данышпан ойшылардың біздің тарихымызда алатын орны ерекше.

Абылай ханның дәуірімен байланысты тағы да бір күрделі мәселе - Қазақстанның Ресейді құрамына кіру процесін ой елегінен қайта өткізу, оны көрсетудегі біржақтылықтан арылу. Бұл процестің бір жарым ғасырға созылғаны белгілі және оның шынайы прогрессивтік мәнімен қатар қайғыға толы қырлары да мол болды.

Іс жүзінде Әбілхайырдың Ресейге боданды болғандағы мақсаты орындалмады, оның хандық билігі күткендей нығаюдың орнына әлсірей түсті. Бірақ оның салдарынан қазақ елінің жүзге бөлінуі тұрақты жағдайға айналды, шет ел шапқыншылығы үдейе түсті. Міне сол тұстағы осындай аласапыран жағдайларды ескерсек Абылайдың елдің бір тұтастығын сақтап қалу жолындағы атқарған қызметінің маңызы айқындала түсетін тәрізді.

Сол XVIII ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Қазақ қосындысының соққысынан әлсіреген Жоңғар хандығы енді есін жиып, шығынының орнын толтырып қайра шабуылға кірісті. Осы сәтте Ресей шекара басшыларының қыспағы күшейе түсті. Олар Қазақ жүздерінің билеушілерінен бодандылықты қабылдауды талап етті. Бұл ұсынысты қабылдамауға Абылайдың еш амалы болмады. 1740 жылдың тамыз айының 28-де Орынбор қаласында (алғашқы орнында, қазір Орск қаласы) Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей патшалығына боданды екенін танып, келісім-шартқа қол қойды.

Бұл орайда мынаны еске алған жөн. Сол кезден қалыптасқан ұғым бойынша кез келген екі елдің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін мойындауға тиіс деп саналған. Ал бодандылықты нақтылы бағыныш деп- есептемеген. Мысалы, академик В.В. Бартольдтің пайымдауынша «средне-азиатским владетелям подданство казалось только выгодной сделкой, благодаря которой слабейший становился под покровительство сильнейшего и в то же время не принимал на себя никаких обязанностей» [4, 405]. Осы пікірін анықтай отырып, ғұлама ғалым еңбегінің келесі бір бетінде: «қырғыздардың (қазақтардың) боданды деген аты ғана болған» - деп жазған. Көріп отырғанымыздай Абылай өзін Ресей патшалығына бағыныштымын деп санамаған.

Алайда Ресей патшалығына артқан сенім ақталмады, еліміз Жоңғар, кейін Цин империясының шабуылынан құтқарылған жоқ. Ол-ол ма, Жоңғар хандығының қазақ жеріне қанды шабуылы үдеп тұрған кезінде Ресей патшалығынан көмектің орнына арандатушылық пиғылдың тууы, астыртын айдап салып, халықтарды кырқыстыру саясаты байқалып отырды. Ресей патшалығы өз үстемдігін жүргізе отырып, қазақтарды башқұрттарға, керісінше оларды қалмақтарға айдап салып отырғаны жөнінде Бартольд: «Оренбургским властям даже было предписано в зависимости от обстоятельств усмирять один народ при помощи другого, чтобы щадить русскую кровь»-деп жазған.

Абылай заманында Қазақ жеріне көзін тіккендердің бірі Цин империясы болды. Ол Жоңғар хандығын талқандап, Шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін енді қазақ жерін де солай жаулап алмақшы болды. Тек Абылай әскерінен бірнеше қанды шайқастарда жеңіліске жайрағаннан кейін ақылына түсіп келіссөзге келген-ді. Екі алып империяның қыспағына түскен Қазақ елінің жағдайы күрделене түсті. Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде Абылай өзін халықтың намысын қорғаған ер жүрек батыр, ыдыраған елдің басын құраған кемеңгер қайраткер екендігімен қатар асқан дипломаттығымен де көзге түсті. Халықаралық сыртқы саясат саласында тамаша табыстарға ие болды.

Бір мезгілде Ресейге де Қытайға да боданды бола тұрып, Абылай оларды Қазақ елімен санасуға, онымен сауда-саттық өрбітіп, бейбіт өмір сүруге мәжбүр етті. Сөйтіп Хан өзінің стратегиялық мақсатын бір ортаға бағынған Қазақ елінің мемлекеттігін құрып, тәуDrawObject2 елсіздігін сақтап қалуды асқан жігерлікпен жүргізе білді. Елінің бостандығы мен болашағы үшін Абылайдың екі империямен дипломатиялық «ойын» арқылы арбасқанын тілге тиек етіп, кеңес тарихнамасында оның сыртқы саясатында «екі жүзділік болған» деген ұғым тұрақты орын алған. Осыған қарамастан халқымыздың санасында ұлы бейне болып қалыптасуы Абылайдың елді азат етіп барлық қазақ жүздерін біріктіре білуіне байланысты болса керек.

Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекеттігінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. Сондықтан да 1781 жылы Абылайхан дүние салғаннан кейін еліміз қайра бөлшектеніп ыдырай бастады. Сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіздігі жойыла бастады. Патша үкіметі орта жүздің ханы етіп Абылайдың үлкен ұлы Уәлі сұлтанды тағайындады. Оның сыры Уәлі Абылайдың отыз ұлының ішіндегі ең жуасы және патша үкіметіне-жан пидасымен берілгені болғандықтан болса керек. Сол кезеңнен бастап Қазақстанда Ресей билігі шешуші жағдайға айналды.

Абылай дүниеден өткеннен кейін енді патша үкіметі қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру жолында әртүрлі шаралар қолданды, оның бастысы-әскери (шептер сызығы, жекелеген бекіністер, казактар станциалары), экономикалық (қазақ жерін тартып алу, айламен алу, кейде арзан бағамен сатып алу, салық салу, әртүрлі монополиялар енгізу), саяси (хандықты, өзін-өзі басқарушылықты жою, әкімшіілік басқарудың реформасын жүргізу), рухани (орыстандыру, дінін, тілін, жойып шоқындыру), (демографиялық) орыс келімсектерін көшіріп қондыру) жағдай жасау болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. - А., 1994. – 28 б.

  2. Левшин А.И. Қырғыз-қазақтардың немесе қырғыз-қайсақтардың ордасы мен даласының сипаттамасы. - Алматы, 1996.

  3. Бартольд В.В. Шығ. - Т. 9. - Алматы, 1994.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!