Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
2447
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс

БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.









Дайындаған: Машенова Гульмира Қайырбекқызы














2017-2018 оқу жылы.





Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс

БАҒДАРЛАМАСЫ.


Түсінік хат.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп, дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе.

Дарындылық – бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы, адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.

Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.

Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі, сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы мен дамуына негіз болады. Сондықтан, бағдарламада оқушылардың дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері қамтылған.

Бұқаралық ақпарат қатты дамыған кезеңде баланың ойлауы мен сөйлеуі арасында алшақтық айқын байқалады. Бағдарлама осы алшықтықты жоюдың бірден-бір жолы олардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Бағдарламада қамтылған жұмыс түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп құрылған. Балалық жас – қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:


  1. оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;

  2. оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;

  3. шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың міндеті:


  1. сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде көркем әдебиетке сүйіспеншілікке баулу;

  2. тілдік қолданыстарының әдеби деңгейін қалыптастыру;

  3. таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;

  4. логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағыттау;

  5. өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.





















Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың

МАЗМҰНЫ.

Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды анықтау – мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның бірі және бірегейі – оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау – ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы басты мәселе. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың тілдік дарындылығын дамытуға бағытталған бірнеше бөліктерге бөлінген.

1-бөлім. Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы, дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады; өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастауы есепке алынады.

2-бөлім. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар жүйесі қамтылған. Сабақтарда интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.

3-бөлім.Оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген.Яғни оқушыны жан-жақты дамыту жолдары ескерілген. Сондай-ақ, оқушылардың басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуына бағытталған.












Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ.


  1. оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  2. кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  3. Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  4. Сөз бояуын құбылта алады.

  5. Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

  6. Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

  7. Әдеби тілдік нор-маларды ұтымды қолданады.

  8. Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың

БАҒДАРЛАМА КЕЗЕҢІ.


  1. 2016-2017 оқу жылы диагностикалау, бағдарламаның жоспарын жүйелі жүргізу арқылы зерттеу жұмысын жүрзу;

  2. 2017-2018 оқу жылы дарынды оқушылардың тілдік қабілеттерінің өзіндік дамуына бағыттау;

  3. 2018-2019оқу жылы дарынды оқушылардың жетістіктерін неғұрлым жоғары деңгейге көтеру.





















Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.


Жұмыс түрі

Шығармашылық, зерттеушілік жұмыс түрі

Күтілетін нәтиже

I бөлім.

1.

Дарындылық түрлерін саралау жіктеуге негіз болған бірнеше критерийлер бойынша анықтау:

* Іс-әрекет түрі

*Қалыптастыру деңгейі.

*Көрініс беру түрі.

*Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты



Диагностика мен мониторинг жасау


Сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен қабілетті оқушылар анықталады.

2.

іс – әрекет түрі және оның оның психикасын қамтамасыз ететін салалары критерийі бойынша:

іс- әрекеттің негізгі түрі практикалық, теориялық (танымдық), көркем- эстетикалық, коммуникативтік және рухани – құндылықтықтар анықтау.


Сыни тұрғыдан ойлау стритегияларын қолдашу.


Көркем – эстетикалық іс – әрекетте әдеби – поэтикалық дарындылық анықталады.

3.

«қалыптасу деңгейі» критерийі бойынша:

*жаңашылдық пен әлеуметтік мәнге ие болу талаптарына жауап беру бойынша зерттеу.

Түрлі тақырыптағы ойтолғау, эссе, шығармалар жазғызу.

Мүмкіндіктеріне қарай қолайлы жағдайлар туындайды.

4.

«Көрініс беру түрі» критерийі бойынша зерттеу:

*«жақын арадағы даму аймағын» бағалап және «болашағы зор баламен» жұмыс істеудің ары қарайғы жоспарларын жасау.

Диалогтік оқытудағы ЖАДА бойынша топтық жұмыстарда көшбасшылығын бақылау.

жасырын дарындылығы топтық жұмыстағы іс-әрекеттерінен байқалады.

5.

Жас мөлшеріне қарай дамуының ерекшеліктеріінің сипаты:

*психологиялық даму жылдамдығы және дарындылығы анық көрінген жас мөлшерінің кезеңін бақылау.


Әр сыныптағы қабілетті және дарынды оқушылармен жұмыста бақылау.

зерттеудің жаңа бағыттары мен әдіс-тәсілдері ойлап табу және т.б сиқты жоғары нәтижелер көрсетеді.

II бөлім

1.

Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамытуға әсері:

1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде:

Стратегиялар

Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.

1.

«Тірек сөздер»

Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.

2.

«Болжау» кестесін құру.

Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.


3.


«Үш қадамдық сұхбат»

Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.

4.

«Бір айналым сөйлесу»

Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.

5.

«Жазу әрекетін ұйымдастыру»

Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.

6.

«Ұғымдар келеді»

Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.

7.

«Ой қозғау»

Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.


2.


Мағынаны ашукезеңіндегі стратегиялар:

«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар), «Жұптасып пікір алысу»,

«Түртіп алу»

тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.

3.


ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:

«Т» кестесіОқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру

мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.

« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге

комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.

«Пікірталас»Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын

дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.

«Еркін жазу»Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.

«Соңғы сөзді мен айтамын»Таңдап алған үзіндіге толық,

жан-жақты талдау жасау барысында өзгелерайтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат»Басты ұғымдарды беруде басқаданөзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатынбұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді.

III бөлім


Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері

Уақыты

1.

Мектепішілік және қалалық, аудандық танымдық шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)

Ұйымдастырылған уақытта

2.

Аудандық, облыстық, халықаралық Бітібаева Қ.О. атындағы олимпиадаларға қатысу.

Желтоқсан, мамыр.

3.

Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу:

КИО 1 және 2-туры. «Айналайын» сайысы.

Қыркүйек, желтоқсан

4.

Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық «Жарқын болашақ» сайысына қатысу.

Ақпан, сәуір айлары

5.

Қалалық «Оралхан Бөкей» оқуларына қатысу.

Маусым

6.

Қалалық, аудандық «Абай мен Шәкәрім» оқуларына қатысу.

Наурыз.

7.

ШҚМУ ұйымдастыратын шығармалар сайысына қатысу.

Сәуір

8

Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды жалғастыру.



































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ