Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
№26 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Елбасының «Қазақстан халқына Жолдауында» кешенді мәселенің бірі – еліміздің ертеңгі болатын ұрпаққа сапалы да, нәтижелі білім беру болып отыр.Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу–білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.
Бүгінгі еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып-жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға-Ұстаз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүріңдер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа-еліміздің терезесі тең елге айналуға, мойын бұрамыз.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы басқышы. Мұнда мектептің бастауыш сатысында оқушы дайын стандартпен жазу, оқу және есептеуді үйреніп қана қоймай, жеке өзінің шығармашылығымен және жеке рефлекциялармен (әрбір оқушы үшін әр түрлі кеңістікте жеке өмір сүру, жеке білім алу жағдайында қалыптасады.
Менің проблемалық тақырыбым: «Дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» Осы проблеманы шешу барысында келесі міндеттерді анықтадым:
-Сөйлеу туралы қарапайым ұғым;
-Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау;
-Сөйлеу мәдениетін және жазба тілін сөздік жұмыс арқылы байланыстыра сөйлей білуін дамыту,сөздік қорын молайту.
- Өз ойы мен пікірін сюжеттік суреттер арқылы еркін жеткізе алуға үйрету;
- Мазмұнды сөйлеу арқылы өз ойын дәлелдей білу;
- Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру;
- Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдай білуге, практикалық әрекеттерге дайын болуға машықтандыру;
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-Есте сақтау қабілетін жетілдіру;
-Көрнекілік арқылы танымдық белсенділігін арттыру;
-Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту;
- Интерактивтік тақтаның мүмкіндігі арқылы оқушының танымдылық қабілеттерін дамыту;
Болашақ ойшыл,тапқыр, өткір,әрине білімді,азаматты тәрбиелеу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру сабағымда үнемі назарымда болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының білімі психологиялық- танымдық іс-әрекет негізінде ғана бақылауға алынса тиімді болатыны белгілі. Ол үшін танымдық жаттығулар, мағыналы есте сақтау, зейінділік,ішкі әрекет жоспары бейнелік – кеңістік байланыстар бағыттарында жүргізіледі.
Көп жағдайда танымдық процестердің өте маңызды мәселелерді, қиындықтарды ескермеу салдарынан таным дұрыс қалыптаспайды . Ол тек сабаққа ғана емес,сонымен қатар танымдық іс-әрекетке де кедергісін тигізеді. Мысалы, мұндай балалар үндемегенді қалайды,өзін өте енжар ұстайды және сабақ тапсырмаларын жиі орындамайды. Осы себептен баланың жаңа тақырыпты меңгеруі төмен болады да,балада қажетті білімді дұрыс игере алмайды. Сонымен қатар мектептегі оқу процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмеген жағдайда, мысалы, төменгі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын жаттап алып, бірақ мағынасына түсінбейтін болса, өз бетімен пікір айтып, қорытынды жасауға қатты қиналатыны сөзсіз.
Бұл мәселе жөнінде В.В.Давыдов, В.И.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «Адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден, өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншіден, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді.
Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындалуы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды.
Ол үшін «танымдық құқықтарды теңгеру» терминін пайдаланамыз. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу,өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру, өзінің дәлелдеген шешімін айтуға үйрету болып табылады.
Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып,дамытылу жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттырып, сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.
Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды,буыннан дыбысты бөліп алуға, дыбыстарды әріптермен таңбалауға, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ара жігін ажырата білуді үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік -мағаналылық ойлаулары, зейінін бір сөйлемге шоғырландыра отырып, ойлауына мүмкіндік жасайды. Әрбір сабақта оқулықпен жұмыс істеу үшін ондағы фонетикалық, грамматикалық, орфографиялық жүйесін тиянақты меңгеруге орай танымдық жаттығулар беріліп отырады.
«Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез, ойла» әдістемелік жаттығуын пайдаландым. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі.Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет.
Аю,өзен, қарындаш.
а. Аю қарындашты өзенге ағызды.
ә. Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды.
б. Аю қарындашпен өзеннің суретін салды.
Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімнің сабақ берудегі әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, іскерлігі шыңдалып, оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең, берік дағды беруге көмегін тигізеді.
Бастауыш сынып оқушысының айтылған оқиғалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғандығын және оқиғалардың себептерін,нәтижесін қорытындылап айту үшін мәтіннің (шағын әңгіме) басы, негізгі бөлігі, соңы деген бөлімдерін және әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты бөліктерге бөлінетінін түсіндіру үшін арнайы танымдық- жаттығуларды пайдаландым.
«Әңгімеге ат қою» әдістемелік жаттығуында бір оқушы тақтаға қарап тұрады, келесі оқушы мәтінді оқиды. Топқа теріс қарап тұрған бала әңгімені мұхият тыңдайды, содан кейін ат қояды,сонымен қатар әңгіме екінші рет қайтадан оқылады. Мұнда бала әңгіменің басын, негізгі бөлімін, соңын өзінің есінде қалғаны бойынша анықтап көрсетіп, әңгімелеп береді.Мысалы: Әңгімеге қойылған аты- «Әдемі сурет»
Басы- Біздің сыныпта оқитын Нұрболат күннің суретін салды.
Негізгі бөлім-Күн кірпіктерін ашып,күліп тұр. Атам бұған қатты қуанды.
Соңы- Сен салған күннің шуағына жылынғандай болдым-деді.
Осындай әдісті сабақта «Шекарашылар» әңгімесін өткенде пайдаландым.Ондағы мақсат: Оқушыларға мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау бөлімдерін табуға жаттықтыру.Мұнда да балаларға оқушы теріс қарап тұрады. Әңгіме оқылып болғаннан кейін әңгімелеу қай жерден аяқталғанын, сипаттауына қай сөйлем жататынын және пайымдауы немен аяқталатынын бала өз сөзімен айтып жеткізеді.
Әңгімелеу-Шекарашылар Отанымыздың шекарасын күзетеді.
Сипаттау-Олар күндіз-түні күзетте тұрады. Шекарашылар еліміздің бейбіт өмірін жаудан қорғайды.
Пайымдау- Олар –ержүрек батырлар.
Бұл келтірілген танымдық жаттығулардың орындау барысы ойын түрінде өткізіледі.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады,оқуға құлшынысын,қызығушылығын арттырады.Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамын.Сабақта оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология,синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша
«Кім жылдам?» ойыны.
1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Астана,...
(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп,қала туралы не білетінін сұрау).
2. Тек қана а (е, ы, і ) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: Тамаша, Тамара,Шағала,...
(ы) Ыдыс, ыстық,...
(і) Ірімшік,ілгіш,...
(е) Береке, ертең,...
1. Жұмбақты шеш.
Бір ақынның атында
12 әріп, 4 буын.
Төртеуіде де бітеу буын.
Бұл қай ақын?
(Сұлтанмахмұт)
(жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасаңдар)
«Кім тапқыр? ойыны.
1.Әрқайсыларының есімдерінде:
а) 2 «з» б) 3 «е»
ә) 2 «а» в) 4 «т»
әріптері келетін халық композиторлары кімдер?
2.Құрамында 2 дауысты дыбыс қатар келетін фонетикалық термин қай сөз?
3. Екі дыбыс, үш әріппен жазылатын қай өзен?
(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде тапса, сол жеңімпаз болып саналады).
Лексика саласы бойынша
«Жалғасын тап» ойыны.
Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар
-
Қолы қимылдағанның ......................................................
-
Көп жасаған білмейді......................................................
-
Кәріге құрмет,...................................................................
-
Біреуге ор қазба,..............................................................
-
Жақсы қыз,......................................................................
Жақсы жігіт,....................................................................
Әр сөзі «Е» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал жаз.
Е.........................е..................................е..........................
Әр сөзі «Ж» әпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік,батырлық туралы бір мақал жаз.
Ж.....................ж.......................ж.............................
«Кім білгір?» ойыны.
Тақтаға заттардың жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім көп біледі?
(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).
«Кім дұрыс пайдалана алады ? ойыны. Плакатқа жазылған тұрақты сөз тіркесі тақтаға ілінеді.Ойынға қатысушылар сол жасырылған сөздерді тауып, тұрақты сөз тіркестерін айтып,оны кірістіріп сөйлем құрастырулары керек.
1.......тай ұшты,......нан күлу,..............ыңды балта кеспейді.
2.......жұтқан,.......нің түгі бар,..........айну.
3.......ге ілмеу,....іне шөп салмау,........і тоймау.
......ге күйіу болмау,....іне көк ала шыбын үймелету.
4.......ын шүйіру,....ын көкке көтеру,......ына су жетпеу
.......ындық болу.
Осы грамматикалық ойындармен әртүрлі тапсырмалар арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттырамын.
Морфология саласы бойынша.
Жаттығуларды түрлендіріп жүргізу нәтижесінде оқушылардың алғашқы грамматикалық ұғымдар жөнінде түсінік беру үшін, түсінгендерін есте берік сақтау үшін және балалардың өздері істейтін жұмысын әртүрлі қызықты етіп ұйымдастыру жағын мұқият қарастырдым.
Сабақта СТО стратегияларын Ой шақыру, ДЖИГСО-2. Тұжырым кестесін, Венн диаграммасын,Дөңгелек үстел, Екі жақты күнделік, Кубизм әдістерін қолданамын.Сабақ барысында оқушылар мынадай нәтижеге қолжеткізеді.
-дәлелдеу қажет болса көзқарасын өзгертеді, жауапкершілігі арттады.
- басқаларды тыңдай білу, ұсыныс жасап, ойын дамытады.
-өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады.
-өзін-өзі бағалайды,қарым-қатынас жасауды үйренеді.
СТО стратегияларын сабақ барысында қолдану, сабақты жүйелі өткізуге себебін тигізе отырып,оқушылардың танымдық, қызығушылық қиялын дамытуға көмектеседі.
Бастауыш сыныпта электрондық оқулықты пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады.1 - пәндік білім алса, 2-де компьютерлік білімін толықтырады.Компьютермен жұмыс баланың танымдық қабілетін дамытып,жаңа ақпараттық мәлім-хабармен танысуға жағдай жасайды. Электрондық оқулықтағы тест тапсырмаларын сабақта пайдаланудың маңызы зор.Әдебиеттік оқу пәнінен қай сыныпты алсақта Ана тақырыбы- мәңгілік тақырып.Электрондық оқулықтан ана туралы шығармалардан үзінді тыңдату.
Болашақта анаға деген құрмет қандай болмақ? Соны болжаңыз.
Қазіргі заман талабына сай интербелсенді тақтаны мүмкіндігінше пайдалану оқушының танымдылық қабілетін дамытады. Әр оқушы өз аналарының есімінің
Бірінші әрпінен басталатын эпитет сөз тауып интертақтаға жазу.Ақылды,парасатты, мейірімді,биязы,сұлу,көрікті,қарапайым, қымбатты,
сымбатты, аяулы,сұлу, көрікті т.б.
Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.
Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық формасына (практикалық сабақтар, оқушылардың өзіндік жұмыстары, факультативтік сабақтарда) қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі, оқыту іс-әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс-әрекетті дамыту,ойлауды дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз.
«Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермедік.Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік»-деген ұлы көреген Абылайханның ой-тұжырымы
қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісу қажет екендігіне әкеліп соғады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Сарыарқа самалы//газеті Астана 2007 жылғы 28 ақпан.
-
Қазақстан Республикасы Жалпы Орта Білім Берудің Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Стандарты Ата-Мұра 2002 жыл.
-
//Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім // бастауыш мектеп.
Қ.Құнантаева,А.Алшынбаева №1, 2007 жыл. 3-5 беттер.
-
//Дамыта оқыту технологиялары.// Б.А.Тұрғынбаева
Алматы 2000жыл
-
//Бастауыш мектеп// журналы№7.2008 ж.
-
//Қазақстан мұғалімі//журналы 6сәуір 2008ж.
-
//Ұлағат//журналы №4.2007жыл.
-
//Қазақ тілі мен әдебиеті//журналы №2.2006ж.
Мектептің 2008- 2009 оқу жылына арналған проблемалық тақырыбы:
«Белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеудің өзара әрекетті»
Мақсаты: Мектеп тақырыбы бойынша педагогикалық ұжым әрекетінің
нәтижесін талдау және жинақтау.
Міндеттер:
-
Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде мәдени шығармашылық компонентті анықтау.
-
Оқушылардың шығармашылық даму деңгейінің мониторингі, эксперимент алды жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға маршруттық карта құру.
-
Белсенді шығармашыл тұлғаның дамуы үшін білімділік көмек, арнайы курстарды біріктіру бойынша жұмысты жалғастыру, құрылған бағдарламаларды реттеу.
-
Оқыту мен тәрбиелеудің өзара әрекетінде мәдени шығармашылық мазмұн қалыптастыру.
-
Үздік мұғалім, сынып жетекшісі үйірме жетекшілерінің іс- тәжірибесін тарату.
-
Мектеп және ата-ана арасындағы белсенділік қарым-қатынасты нығайту.
-
Мектептің материалдық- техникалық базасын нығайтудың қосымша көзін табу.
Тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Оқушылардың бойына адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыра отырып, иманжүзділікке тәрбиелеу негізінде жеке тұлғаны дамыту»
Мақсаты:
«Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын адамгершілігі мол, иманжүзді өнерге деген қызығушылығы бар шығармашылық жұмыс жасауға қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Міндеттер
-
Оқушылардың оқу процесіне батыл енуіне көмектесу, қарапайым қол еңбегі дағдыларын меңгеруін, өзін-өзі күтуін, қоғамдық істерге белсене араласуын және оқу еңбегін өз еркімен орындауын қадағалау.
-
Мектеп ережесін қатаң сақтауға, себепсіз сабақ босатпауға, жолдастарына көмектесе білуге дағдыландыру.
-
Оқушыларға қоршаған орта сұлулығын ашып көрсету, табиғатты сүюге, қорғай білуге үйрету.
-
Өнерге деген қызығушылығын арттыру.
-
Республикамыз туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасын сүюге оны қорғауға тәрбиелеу.
-
Оқушыларды өз денсаулығын қорғауға, нығайтуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
-
Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болып әл-ауқаты төмен оқушыларға көмек көрсету.
-
Оқушыларды өз денсаулығын қорғауға, нығайтуға үйрету, гигиенамен тазалық жөніндегі білімдерін толықтыру, жолда жүру ережелерін оқыту. Ата-аналармен бірлесіп күн тәртібін жасау, оның дұрыс орындалуын бақылау.
Сыныпқа қысқаша мінездеме
-
оқу жылында 4-сыныпта 27 оқушы. Оның 11-і қыз, 16-сы ер бала. Оқушылардың бір-біріне қарым- қатынасы жақсы. Оқу жылының қорытындысы бойынша төмендегідей болды.
Сапа: 51 Үлгерім: 100
Үздік: Таскимбаева Ақжан Мұратқызы
Озаттар
-
Даниярова Аяулым 8. Өтеш Наурызбек
-
Альжанова Бибінұр 9. Нурмаков Амір
-
Бауыржанова Қарлығаш 10. Сағат Әділ
-
Батталов Арыстан 11.Самигуллин Бақдәулет
-
Кубшекова Минура 12. Талғатбек Сания
-
Кабижанова Анелия 13. Туралимов Ислам
-
Құнанбаев Аян
-
оқу жылында 4-сыныпта 27 оқушы. Ұлы- 16, қызы-11
Отбасы өмірінің дұрыс ұйымдаспауынан қараусыз қалған балалар жоқ. Сыныпта әл-ауқаты төмен оқушы Қонысбаев Естай
Жалғыз басты аналар тәрбиелейтін оқушылар: Нурмаков Амір, Жанабек Иран, Туралимов Ислам.
Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын оқушылар: Кабижанова Анелия, Кубшекова Минура, Сағат Әділ, Таскимбаева Ақжан, Құнанбаев Аян т.б.
Сынып белсенділері
1. қатар әкімі: Кабижанова Анелия
2. қатар әкімі: Кубшекова Минура
3. қатар әкімі: Даниярова Аяулым
Сынып әкімі: Өтеш Наурызбек
Тазалықшылар: 1. Талғатбек Сания
-
Бастемиева Алнура
-
Бауыржанова Қарлығаш
Оқу секторы: 1. Таскимбаева Ақжан
-
Сағат Әділ
Еңбек секторы: 1. Туралимов Ислам
-
Асылтаев Арман
Спорт секторы: 1. Батталов Арыстан
-
Самигуллин Бақдәулет
Мәдени сектор: 1. Байжанов Мақсат
2. Ерболатов Солтанбек
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:
-
Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды қасиеттерін ашуға тырысу.
-
Сынып ұжымынан бөлектемей, іс-шараларға қатысу.
-
Бос уақытын үнемді пайдалануға дағдыландыру.
-
Тәрбие сағатын өткізу.
-
Оқушылардың даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.
-
Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау.
-
Сауалнамалар, тест әдістерін пайдалану.
-
Оқушылардың өз беттерімен кітап оқуына педагогикалық басшылық жасау.
-
«Оқушы ережесін» ( сыныптан дұрыс шығу, дұрыс отыру, жауап беру үшін қол көтеру, орнынан тұру) т.б меңгертуді жалғастыру.
Үйірмеге қатысым
р/с |
Оқушының аты-жөні |
Қатысатын үйірме |
Мұғалімі |
Өтетін орны |
1 |
Абдрахманова Аяулым |
домбыра |
Тезекбаева С |
|
2 |
Батталов Арыстан |
домбыра |
Тезекбаева С |
мектепте |
3 |
Бауыржанова Қарлығаш |
домбыра |
Тезекбаева С |
|
4 |
Даниярова Аяулым |
домбыра |
Тезекбаева С |
|
5 |
Кабижанова Анелия |
домбыра |
Тезекбаева С |
Мектепте |
6 |
Таскимбаева Ақжан |
Ағылшын |
Анатаева О А |
Мечта |
7 |
Құнанбаев Аян |
Күрес |
Қарабатыров Д |
Жасыбай |
8 |
Нурмаков Амір |
Күрес |
Қарабатыров Д |
Спорт |
9 |
Асылтаев Арман |
Акробатика |
Константин А |
Кешені |
10 |
Байжанов Мақсат |
Бокс |
Жасыбай |
|
11 |
Аманов Абылайхан |
Бассейн |
Жасыбай |
|
12 |
Талғатбек Сания |
Форт |
|
Мектепте |
13 |
Кубшекова Минура |
би |
|
|
Циклограмма
р/с |
Апта күндері |
Іс-шаралар |
1 |
Дүйсенбі |
Саяси хабар күні |
2 |
Сейсенбі |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
3 |
Сәрсенбі |
Ата-аналар күні |
4 |
Бейсенбі |
Тәрбие сағаты |
5 |
Жұма |
Тазалық күні |
6 |
Сенбі |
Денсаулық күні |
І. Ұжымды ұйымдастыру
1. Өзін-өзі басқару
қ/с |
Жұмыстың түрі |
Уақыты |
1 |
Оқушылардың ұжымын ұйымдастыру. Топтар құру, қоғамдық тапсырмалармен танысу. |
6.09 |
2 |
Сыныптың, оқушылар ережесі туралы түсінігі. Ұлдар ережесі,қыздар ережесі. |
13.09 |
3 |
Сыныптың әлеуметтік жағдайын зерттеп, бақылау. |
Қыркүйек |
4 |
Ұжымдық қарым- қатынас. ( пікір алысу.) |
Жыл бойы |
2. Ұжымдық дәстүрлер
р/с |
Жұмыстың түрі |
Уақыты |
1 |
Оқушылардың партасын таза ұстауға «Әр заттың өз орны болсын» қағиданы басшылыққа алуға үйрету. Өзін-өзі басқару. |
Жыл бойы |
2 |
Оқу құралдарын ұқыпты ұсталуын тексеру. «Ұқыптылар» сайысына қатысу. |
Жыл бойы |
3 |
«Мектеп мүлкін ұқыпты ұста» әңгіме өткізу. |
Қазан |
4 |
Газет, журналға жазылу. |
Қазан |
5 |
Мерекелерге арнап газет шығару. Техника қауіпсіздігін сақтау. |
Жыл бойы |
6 |
Жоспар бойынша сыныппен іс-шаралар өткізу. Сынып оқушыларының туған күнін атап өту |
Жыл бойы |
7 |
Тазалық, денсаулық күндерін өткізу. |
Ай сайын |
8 |
Ұжым болып киноға бару, оны сыныпта талдау. |
Каникул күндері, тәрбие сағаты |
ІІ. Тәрбиелік іс- әрекеттерді ұйымдастыру.
Бағыттар |
Жұмыстың түрі |
Уақыты |
1 Экономикалық тәрбие |
1. « Уақытыңды тиімді пайдалан» әңгіме |
11.10 |
|
2. « Үнемшілдік дегеніміз- сараңдық емес» тәрбие сағаты |
16.01.09 |
|
3. « Қолыңдағыны үнемдей біл» әңгіме |
17.01.08 |
2.Экологиялық тәрбие |
|
|
|
Бөлме өсімдіктерін күту. 1. «Табиғат таза болса, аман болар адамзат»тәрбие сағаты |
17.04 |
|
2. «Адам – табиғат перзенті» тәрбие сағаты |
10.04 |
|
3 Күз –береке,күз-мереке молшылық тәрбие сағаты» |
26.10 |
|
4 . Өлі және тірі табиғат. Топсаяхат. |
30.10 |
3.Азаматтық құқықтық, Отаншылдық тәрбие |
|
|
1.Қазақстан-Отаным менің. Павлодар облысының құрылғанына- 70 жыл. Өмірге келдің, заңыңды білгін тәрбие сағаты» |
2қыркүйек |
|
|
2. Тілдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты |
22.09 |
|
3.Қазақстан-Республикам менің» тәрбие сағаты |
24.10 |
|
4. Желтоқсан оқиғасы. |
15.12 |
|
5. Жаңа жыл мерекесі |
28.12 |
|
6. Ғарышкерлер күні |
11.04 |
|
7. Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу. |
8.05 |
|
8. «Отан отбасынан, білім ошағынан басталады» тәрбие сағаты. |
15.05 |
|
|
|
Бағыттар |
Жұмыстың түрі |
Уақыты |
4. Еңбек тәрбиесі |
1. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тәрбие сағаты |
15.01 |
|
2. «Сенің өмірдегі еңбегің» пікірталас |
13.03 |
|
3. Ақын этнограф, фольклорист М.Ж.Копеевтің туғанына 150 жыл. Ақын өлеңдері |
20.10 |
|
4. Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл |
14.11 |
|
5. Абай өлеңдері-тәрбие қүралы |
24. 01 |
|
6.Ақын- импровизатор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Естай Беркімбайұлының туғанына 135 жыл. |
25.09 |
7. 1 мамыр мерекесіне арналған тәрбие сағаты |
30.04 |
|
5.Адамгершілікке тәрбиелеу |
1. «Сүйікті ұстазым» тәрбие сағаты |
04.10 |
|
2. «Қарты бардың - қазынасы бар» тәрбие сағаты |
01.10 |
|
3. Сәлем – сөздің анасы |
23.11 |
6.Эстетикалық тәрбие |
1. Сыпайлық сұлу негізі. Киіне білу де өнер. |
31.01.08 |
|
2. Поэзия минуттары «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысы |
07.02 |
|
3. «Кітап – білім бұлағы» тәрбие сағаты |
29.11 |
|
4. 8 наурыз – аналар, әжелер, әпкелер, қыздар мерекесі |
06.03 |
|
5. Наурыз мерекесі |
21.03 |
7. Ақыл – ой тәрбиесі |
1. ХХІ ғасыр көш басшысы. |
І тоқсан қараша |
|
2. «Ең үздік тұлға» танымалдық зерде ойыны |
желтоқсан |
|
3. Көңілді тапқырлар сайысы |
наурыз |
|
4. «Мың бір мақал – жүз бір жұмбақ» интелектуалды ойын |
мамыр |
8. Дене шынықтыру салауаттық тәрбие |
1. Спорт денсаулық фестивалі |
20.09 |
|
2. «Шынықсаң шымыр боларсың» тәрбие сағаты |
20.03 |
|
3. «Суық тиюден өзіңді сақтай біл» әңгіме өткізу |
21.02 |
|
4. Қазақтың ұлттық ойындарын өткізу |
24.02 |
9. Көшеде жол ережесіне байланысты өткізілетін жұмыстар |
1. Сенің жолындағы көшелер мен жолдар. Үйден мекетепке дейін және мектептен үйге дейінгі жол сызбасын құрастыру. |
қыркүйек |
|
2. Қоғамдық көлікті пайдалану ережелері. |
12.10 |
|
3. «Жол белгілері »тәрбие сағаты |
18.12 |
|
4. «Көше саған бөлме емес, ұмытпа бала» тәрбие сағаты |
19.04 |
|
5. «Жол және мен» тәрбие сағаты |
28.02 |
|
6. Жолда жүру ережесіне байланысты ойындар өткізу |
22.05.09 |
10. Ата – аналармен жұмыс |
1. Отбасының материалдық жағдайымен танысу |
Жыл бойы |
|
2. Әр түрлі тақырыптарда сауалнамалар алу |
желтоқсан |
|
3. «Бала оқуына ата – ана көмегі» әңгіме өткізу |
наурыз |
|
4. «Ата – ана бала тәрбиесінде» пікір алысу |
сәуір |
|
5. Ата – аналармен үнемі байланыста болып, ақыл кеңестер беру - ұстамды, сабрлы сөйлеу - қол жеткен табыстары үшін мадақтау - үйде қатаң күн тәртібін орнату - балаға шектен тыс тыйым салмау |
жыл бойы |
|
6. Ата – анамен тығыз байланыста жұмыс жасау, отбасын зерттеу, ақыл-кеңес беру, пікір алысу |
жыл бойы сенбі күндері |
11. Кітапханамен жұмыс |
1. «Баспасөз 2009 жыл» әңгіме |
21.11 |
|
2. Кітап беттеріне шолу. Кітап көрмесін ұйымдастыру |
06.12 |
|
3. «Кітап - білім бұлағы» ертеңгілік |
каникул күндері |
12. Медбикемен жұмыс |
1. Медициналық анықтамамен танысу |
қыркүйек |
|
2. Дәрі – дәрумен, дірмектің уақытында дәрігерлік тексеруден өтіп отыруын ата-анасына қадағалату. |
жыл бойы |
|
3. Сынып оқушыларының тазалығын тексеру |
апта сайын |
|
4. «Ас- адамның арқауы» әңгіме |
қыркүйек |
|
5. Әр түрлі (прививка) екпе егу |
жыл бойы |
13. Психолог және сынып жетекші |
1. Мектеп психологымен кездесу |
қыркүйек |
|
2. Адамның мінез-құлқы туралы әңгіме |
қаңтар |
|
3. Психологиялық трениг өткізу |
сәуір |