Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада заманауи платформаларды сабақта тиімді қолдануды мысалдармен көрсетіп, нақты жазған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
135
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану


Сабақ беру жай ғана үйреншікті
нәрсе емес, ол-жаңадан жаңаны
табатын өнер.

Ж.Аймауытов

 Кез келген мәдени қоғам үшін басты міндет – жас ұрпақты жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Дені сау, алдына мақсат қоя білетін, саналы, рухани бай және адамгершілік қасиетке ие тұлғаны тәрбиелеу – мемлекеттің орнықты қалыптасуының және оның болашақта бейбіт дамуының аса маңызды кепілі.

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық құжаттары мен сөйлеген сөздерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарының маңыздылығы туралы онлайн сауалнамасында қазақстандықтар білім беруді (73 %), денсаулық пен әл-ауқатты (60 %), лайықты жұмысты және экономикалық өсуді (49 %) үздік 3 басты басымдық ретінде атап өтті.

Әлемдегі болып жатқан өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкеліп жатыр. Білім стандартының қалыптасуы, оқулықтардың жаңаруы, инновациялық технологиясыз сабағымыздың өтпеуі, жасанды интеллектіні білім саласында пайдалану қажеттілігінің туындауы, бұның бәрі әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар. Білім парадигмасы әлдеқашан өзгеріп, қарқынды даму үстінде.

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген А. Байтұрсынов сөзін ескерсек, еліміздің әлемдік білім беру саласында президентіміздің ұлттық саясатты ұстануы өте орынды. Себебі қазіргі заманда қазақ тілін халықаралық мәртебе деңгейіне жеткізу үшін инновациялық  технологияларды ұстаздардың білім беру жүйесінде ұтымды қолдана алуы маңызды көңіл аударарлық мәселе.

Ақпараттық технология ұғымын ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі В.М.Глушков «ақпараттық технология-ақпарат өңдеумен байланысты ұғым» — деп дәлелдеген. Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков «Білім беруді ақпараттандыру білім беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін қолдану үрдісі» -деп  айтқан болатын.

Қазіргі кезде оқытушы осы оқыту технологиялары және оқытудағы технологиялар жақсы меңгерген болу керек. Оқыту технологиялары оқытушының сабақты ғылыми түрде ұйымдастыра алуын, оқытудағы технологиялар мұғалімнің оқыту үрдісінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануы болып табылады.,

Заманауи ақпараттық технологияларының тиімді жақтарын қарастыратын болсақ, біріншіден нәтижеге тез қол жеткізуге болады. Яғни, сабақ материалын меңгеруге аз уақыт жұмсалады. Интерактивті ойын түрінде оқыту ынтымақтастық жағдайында жүргізіледі әрі оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады.Сол себепті қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың төмендегі мүмкіндіктеріне жол ашады:

- қазақ тіліне деген қызығушылықтарымен қоса белсенділігі артады;
- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;
- өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі;
- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;

- бәсекеге қабілеттілік қасиеті дамиды;
- интеллектуалдық даму деңгейі артады.

Оқытушы «Қалай  нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздеген кезде оқытудың тиімді жолдарын қарастырады. Осы орайда ақпараттық технологияларды ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің  тиімді жолы екендігін жоққа шығармауымыз абзал.

Мәселен, Google Forms - тесттер мен сауалнамалар жасау үшін өте қолайлы платформа. Сіз сауалнаманы кез-келген тақырыпта тез жасау және фото, видео мен басқа медиа материалдарын сабақ барысына қосу мүмкіндігін аласыз.

Quizizz платформасы арқылы онлайн тесттер арқылы оқушылардан бірден жауап алу және оларды бірден бағалау мүмкіндігі бар .

Kahoot! - бұл ойынды технология арқылы тапсырма жасау платформасы. Бұл платформа арқылы оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыратын жаттығу жасай аласыз, квест, анаграмма, сөзжұмбақ т.б. басқа ойындар өткізе аласыз. Ойын технологиясы оқушының іскерлік қасиетін қалыптастырады. Әртүрлі грамматикалық тапсырмалар арқылы ойын сюжеті құрылады. Ойын оқушының тез ойлай алу дағдысын қалыптастырады. Бұл қосымша қазақ тілі пәнінде әр бөлімнен соң оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін білу үшін, алған білімдерін пысықтау үшін қолдануда маңызды

Mentimeter қосымшасының көмегімен интерактивті сауалнамалар ала аласыз және оқушылармен сабақ соңында кері байланыс алу мен бақылау жұмысын алуға болады. Бұл платформалардың оқытушы үшін өте тиімді. Өйткені тапсырма немесе тест нәтижесінің бірден шығарып беруі мұғалімнің жұмысын жеңілдетері сөзсіз.

Мәселен «learning apps» қосымшасында мәтін бойынша әртүрлі тапсырмалар ұйымдастыруға болады. Оқушыларға «learning apps» көмегімен әдебиет сабағында тақырыпқа сай бейнематериалды көрсетіп, сол бейнематериал бойынша викториналық сұрақтарға жауап алуға болады. Бұл оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіреді. Әдебиет сабағына жиі берілетін мәтін немесе көрген бейнематериал бойынша сұрақтар бір сарынды емес, әртүрлі түрде беріледі. Ал «мәтінді енгізу» қызметі оқушылардың ауызша жауабынан бөлек, оның жазу  сауаттылығын тексеруде тиімді. Оқушылар сұрақтардың жауабын немесе мәтінді жазбаша енгізе отырып, оның дұрыс жазылуына назар аудара отырып, естеріне де оңай сақтай алады. «Әріптерден сөз құрау» тапсырмасында мәтіндегі тірек сөздерді табады, олармен жұмыс жасау оңай әрі оқушылардың зеректігін де шыңдай түседі. «learning apps» қосымшасын сабаққа сергіту сәті ретінде де ұсынуға болады. Сабақ барысында оқушыларды сергіте отырып, тақырып бойынша негізгі сөздерге, мәтін бойынша тірек сөздерге де назар аудартады. Қазақ тілі сабағында қосымшаларды, яғни жұрнақ пен жалғауды өткенде тапсырма ретінде «бос орындардарды толықтыру» қызметін қолдану ұтымды. Оқушыларға тақырыпты түсіндіргеннен кейін алған білімдерін бекіту ретінде алуымызға болады. Оқушылар тапсырмаларды интербелсенді тақта арқылы орындай алады. Бұл платформалардың тиімділігі айта кетсек, әр тапсырманың шарты жазылып тұрады, оқушылар барлық тапсырмалардан соң қанша қате жібергенін, қайсысы дұрыс емес екенін біліп, кері байланыс жасай алады.

Тыңдалым дағдыларын жетілдіруде нейрожелі арқылы жасалған «жанданған сурет» әдісін айтуға болады. Қазақтың атақта біртуар тұлғаларының суретін сөйлету, сол арқылы қажетті ақпарат беру оқушыларды қызықтырады.

Ақпараттық технологиялар аса қарқынды дамып келеді. Ақпараттық технологиясыз әлемде болып жатқан жаңалықтардан тез арада хабардар болу мүмкін емес болып барады. Білім саласында ақпараттық технологияны қолдану барысында көптеген жаңа атаулар мен түсініктер пайда болып қолданысқа да еніп жатыр. Олардың ең бастыларын атайтын болсақ: Қазіргі кезде ел аузындағы жасанды интелект ChatGPT. Ол белгілі бір тақырыптар бойынша түсініктемелер бере алады, әртүрлі мәселені шешуге көмектеседі және оқыту бойынша да кеңестер береді. ChatGPT - жасанды интеллект технологиясына негізделген табиғи тілді өңдеу құралы. «Сhat GPT оқушының сұрағына жауап бере алатын және ұсыныс айта алатын, яғни oқу кезiнде көмектесетiн виртуалды көмекшi ретiнде пайдаланылуға әбден болады. Бұл oқу прoцесiн жеңiлдетедi және бiлiм беру ресурстарының ыңғайлығын арттырады. Ол чатботпен адам сияқты сөйлесуге, диалог құруға, мәтіндік көмек сұрауға және т.б. әрекеттерге мүмкіндік береді. Бұл тіл моделі кез-келген сұраққа жауап бере алады және эссе , тест жазу сияқты тапсырмаларды орындауға көмектеседі.Бұл жасанды интелект - заманауи ұстаз үшін таптырмас көмекші құрал.Сонымен қатар диалогтар мен чат-боттарды құру оқушының ізденімпаздығын арттыра алады. Ол сұрақтарға жауап береді және сөйлесуді жүргізе алады.Олай болса, шығармашылықпен айналысатын оқушыға танымдық қабілетерін арттыруда үлкен мүмкіндіктер беретініне көзіміз жетіп отыр. Сhat GPT жеке oқу жoспарын құру үшiн пайдаланылады. 

Осы технологияны мұғалімдер әр сабақтың ерекшелiгiнет қарай лайықтап қолдануына болады.

Заманауи оқыту технологияснда ақпараттық оқыту технологиясы маңызды орын иеленеді (3-сурет). Ол білім, ғылым туралы, оның оқыту технологиясына қатысты ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.



Сондықтан да мектепте қазақ тілін оқыту маңызды. Ол интеграциялық пән ретінде барлық ғылымдардың тоғысында дамиды. Қазақ тілін жаңа технологиялар негізінде интерпретациялау мен модернизациялау заманауи педагогика үрдісінің кешенді проблемасы.

Қазіргі таңда мұғалімдер іс-тәжірибеде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетіп жүргені аян


Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.











Пайдаланған әдебиеттер

1. Н.Т.Сартаева «Ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін мотивациялау» Философия докторы дәрежесін алу үшін дайындаған авторефераты. Алматы, 2019


2. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану». // Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).

3. Н.Х.Хамзина Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану //Білім айнасы. 2019ж

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!