Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жылдық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдерге, мәтіндік есеп құрастыруда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
5238
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Есимбаеваның жылдық есебі

2016-2017 оқу жылындағы өзекті мәселем: «Оқыту мен тәрбиелеу процесінде жаңа технологиясын пайдалана отырып білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушының сөздік қорын байыту, қарым-катынастық қызметін меңгерту».

Диплом бойынша мамандығым: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі. 12.06.2015 жылы бірінші біліктілік санат берілді.

Қарасай батыр атындағы орта мектебіне 01.09.2004 жылы жұмысқа қабылдандым. Апталық жүктемем 25 сағат.

Оқыту барысында модульдік технологияны қолданамын, сабақта сұрақ-жауап, бекіту, топтастыру, талдау, баяндау, зерттеу сияқты әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 Қаулысымен бекітілген оқу бағдарламасына сай келеді.

«Тіл – достық пен келісім кепілі» айлығының аясында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабақ, пәндер онкүндігіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» 9 «в», 9 «г» кластар арасында сайыс ұйымдастырылды.

20.10.2016 ж.қазақ тілінен 11 «б» класында «Сарыарқа» тақырыпты ашық сабақ өтті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Picture 58

Қараша – желтоқсан айларында аудандық семинарларға тыңдаушы ретінде қатыстым.

Қараша айында жоғарғы кластар бойынша өткен мектепішілік пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәнінен жоғары білімін көрсетіп, 10 «б» орыс сынып оқушысы Алиева Гульнара ІІ орынға ие болды. Picture 10 Picture 7

Үлгерімі төмен оқушылар: Алиев Кафлан, Нуриев Али Н. 8 «в» орыс сынып.Бұл оқушылардың калиграфиясын түзеу мақсатымен көркем жазу жұмыстары жүргізілді.Аталған оқушылар үй тапсырмасын орындауға салғырттықпен қарайды, ережелерді уақтылы жаттамаған соң, диктант жазу барысында ң әрпінің емлесі, тасымалдау, үндестік заңына байланысты көптеген қателер жібереді.Оқу шапшандығын тексеру барысында екеуі де І тоқсанмен салыстырғанда 9 сөз қосқаны анықталды. (К. Алиев І ж/ж.-34 с. ІІ ж/ж.-45с. А. Нуриев І ж/ж.-28с. ІІ ж/ж.-37с.) А. Нуриев сабақтан көп қалатындықтан, тақырыптарды игере алмайды. Сынып жетекшілеріне ата-аналар жиналысында күн тәртібіне оқушылардың үй тапсырмасын орындау мәселесін енгізу ұсынылды..

2016-2017 оқу жылының басында «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Өз білімін жетілдіру», «Үлгермеуші оқушылармен жұмыс», тақырыптық күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

2014 жылының ақпан-сәуір аралығында Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша үш айлық курста өз білімімді жетілдіріп, осы бағдарлама бойынша дәріс беріп келемін.

Оқушыға білім берудің негізгі көзі-«жеті модульге жеті қадам жасадым» деген ұстаныммен шектелмеуі тиіс. Сабақты оқытуда барлық модульдер мен «Блум таксономиясы да» сабақтаса қолданылып, олардың ішінде негізінен бір модуль ерекше көрініс табуы тиіс. Бұны мен тізбектеген сабақтар топтамасының жоспарын құруда анықтадым. Сонымен қоса, өзім жоспарлаған сабақты тәжирібе барысында іске асыруда көрдім. Атап өтсем, мен өткізген арнайы тізбектелген сабақтар топамасында қолданылған, менің пікірімше, тиімді саналғаны – «СТО» модулі. Осы модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қалай қолданылған айтпас бұрын, «дәстүрлі оқыту» стилінде қолданылған сабақ барысына салыстырмалы талдау жүргізе кетейін. «Дәстүрлі оқытуда» мұғалім сабақ барысын, тақырып мазмұны өзі түсіндіріп, нақтылау үшін оқушыларға «Ереже дәптерлеріне» түртіп алуды бұйыратын. Кейін қалыпты жүйеленген тақырыптық немесе қазақ тіліндегі түрлі лингвистикалық талдаулар арқылы талдатып, берілгін қырық бес минутты әдеттегідей өткізетін. Бұл арқылы мен оқушыға толық білімді, яғни теорияны меңгерттім деп шешіп, әрі қарай келесі тақырыптарды түсіндіруге жол салып жүре беретін. Яғни, теория меңгерілмегенімен тәжирібе қалып қоятын. Ал жеті модульді бірімен-бірін сабақтастыра оқытатын сабақ барысы тек теорияны меңгертіп қана қоймай, оны тәжирібеде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

«Блум таксономиясы» бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді.

Бірақ та, бұл әдіс-тәсілдердің көбін 8,9,10,11 сыныптарда өткізіп келемін. Ең жақсы нәтижені көрсеткен 9 «в,г» сыныптары. Осы сынып оқушылары қазір өздерін - өздері реттей алады десем артық айтпаймын. Біздің мектебіміздің жұмыс істеп жатқан модуль «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және критерии арқылы бағалау».

Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!