Материалдар / Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Коммуникативтік-тілдік дағды қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты, оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2023
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік-тілдік

дағдыларын дамыту жолдары


Тагауова Тамара Забитбаевна, педагог- зерттеуші,

Алматы қаласы 165 мамандандырылған

лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Қазақстанның бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi - бiлiм беру жүйесi. Жаңа мазмұнда беріліп жатқан білім педагогтардың алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өзегі болуы тиіс.

Жаһандану табалдырығын аттаған ұрпағымыз кез-келген ортаға еркін кірігетін құзіретті тұлға болып қалыптасу шарт. Орасан зор ақпарат айдынындағы қоғаммен үйлесім табуы үшін оқушы бойында тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасқаны керек. Оқу арқылы зияткерлікпен қоса эмоциялық, әлеуметтік, рухани жағынан да ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңіре дамуы қажет.

Негізгі мақсат - мектепте білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да қазіргі қоғамда балалардың коммуникативтік-тілдік әрекетке қызушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды.

Коммуникативтік-тілдік дағды қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты, оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.

Сондықтан да, білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерді сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Мұғалім өз сабағын жан-жақты талдап, дәлелдей алуға дағдыланды. Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз» қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.

Балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, олардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру басты бағыттарының бірі болып саналады, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, көркем сөйлеуіне, сөздік қорын молайтуға баса көңіл бөлген жөн. Сөйлеу оқушы үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін мұғалім сыныптағы барлық балалардың тілінің даму денгейін жақсы білу қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.

Оқушылардың тіл байлығын арттыруда екі адамның немесе бір адам мен топтың,бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынас, белсенді іс-әрекет маңызды рөл атқарады. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында қолданылатын тренингтер, сергіту жаттығулары оқушы мен мұғалімнің өзара түсінісуіне жол ашады.

«Қазақ тілі» (Т2) пәнінде оқу нәтижелерін бағалау үшін практикалық тапсырмалар әзірлеу маңызды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда оқу мақсатының мазмұнын ашатын әр түрлі тапсырмаларды қолданған жөн. Сондықтан сабақта тапсырма жабық немесе ашық түрдегі тапсырма болуы мүмкін. Тапсырманың түрін ұтымды пайдалану нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және маңызды болып табылады.

Біріншіден, жабық тапсырмаларды қарастырайық. Жабық тапсырмалар-сабақта кең және әр алуан қолданылатын тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Дегенмен сабақта үнемі тек жабық тапсырмаларды қолдансақ, оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі болады.

Жабық тапсырмалар Блум таксономиясының білу, түсіну және қолдану деңгейінің дағдыларын меңгертеді. Ал, оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек.

Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет. Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады.

Ашық тапсырмалар оқушылардың жоғары танымдық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, жүйелі және стандартты емес ойлауға, шығармашылыққа, оқушының білім, дағдысы мен қабілетін түрлі тәсілдер арқылы көрсетуге мүмкіндік береді. Дәлелді жауап беру арқылы оқушының өзін көрсетуге мүмкіндігі бар. Ашық тапсырмалардың көмегімен проблемаларды шешуге үйрету арқылы оқушыларды шынайы өмірге дайындаймыз.

Қазіргі заманғы қарым-қатынастың негізгі қағидасы, бастапқыда қарым-қатынас оның әлеуметтік жағдайы мен коммуникативті рөліне қарамастан сұхбаттасушының серіктес, диалогқа тең құқылы қатысушы ретінде анықталуы негізінде құрылады.

Қарым-қатынас мәдениетін тексеруде:

  • сыпайы сөйлесе білу «сіз, рахмет, кешіріңіз» сөздерін қолану дәрежесі;

  • cөйлесуге, әңгемелесуге өз бетімен ықылас танытуы;

  • қасындағы баламен ойын барысында, еңбек әрекеті кезінде тіл табыса алуы;

  • бала тілінде нормаға жатпайтын лексикалық сөздердің кездесуі.

Қазіргі сабақтың дәстүрлі емес формалары оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына, олардың кейіннен нақты кәсіби қызметке бейімделуіне ықпал етеді. Тілдік қарым-қатынас рөлдік ойындар, жарыстар, байқаулар, пікірталастар сияқты жағдаяттарда айқын көрінеді, сондықтан соңғы уақытта семинарлар, викториналар, баспасөз конференциялары, пікірсайыс және т.б. сияқты сабақтардың түрлері кең тарала бастады. Бұл аталған жұмыс түрлері білім, білік дағдыларын кеңейту мен тереңдетуге, кәсіптік және коммуникативтік қызметті игеруге көмектеседі, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді. 

Оқушының жеке болмысы оқушының барлық қасиеттерін (қызығушылықтары, қабілеттері, сөйлеу және оқу әрекеттерін орындау қабілеті, жеке ерекшеліктері) ескеруге және сөйлеу мен танымдық міндеттерді өздігінен басқаруға үйрету кезінде көмектеседі. Белсенді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, тілдік құзыреттілігін қалыптастыру міндетті түрде білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді: оның табиғи деректері, қабілеті, мінезі қандай және нені біледі, ерекше қызығушылығы.

Оқушылардың субъективтілігі кең мағынада адамның субъективтік қасиеттерін кәсіби маңызды жеке қасиеттерге айналдыру ретінде анықталады. 

О.Ю.Афанасьева оқушының субъективтілігін неғұрлым тиімді дамытатын ең қолайлы факторларды көрсетеді:

а) коммуникативті білім мазмұнының білім алушылардың жеке өмірлік проблемаларына қатысты мысалдармен толықтырылуы;

б) мұғалімнің оқушыны өз болмысында қабылдауы;

в) білім мен ақпарат көздерін таңдау еркіндігі;

г) мұғалімнің оқушымен тең негізде құрылған еркін қарым-қатынасы;

д) оқушылардың дербестігін арттыру;

е) болашақ мамандарға олардың өмірлік-шығармашылық қабілеттері мен креативтілігін анықтауда көмек көрсету және т.б.  

Қазіргі кезеңнің ақиқатқа айналған басты шындығы да, кемел келешек кілті де – білім. Сондықтан үнемі оқып, көңілге тоқыған жайттарды жүйелі дамытатын, жаңа ізденіс көзқарастарға бай, оны өмірде, тәжірибеде пайдалана алу – бүгінгі ұстазға қойылып отырған талап.

Қорытындылай келе, біз ұсынатын жұмыс әдістері оқушылардың еркін және саналы оқу дағдысын қалыптастыруға, оқылған мәтін туралы ойлана алатын, қажетті ақпаратты таңдай алатын және оны өз өмірінде қолдана алатын тілдік құзыреті дамыған оқушыны тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!