Материалдар / Қазақ тілін дамытуға қандай үлес қоса аламын?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілін дамытуға қандай үлес қоса аламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда ана тілім – жан-дүниемнің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегім. Сондықтан, біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы, бір мүшесі ретінде өз ана тілімді, яғни қазақ тілін өзге тілмен шұбарламай сөйлеймін. Дүкен сөрелері мен жарнамалық банерлерде орын алған қателерді көрсем ескертіп, дұрысын түсіндіріп беруге тырысамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
377
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақ тілін дамытуға қандай үлес қоса аламын?

Ана тілі – туған біздің анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

М.Әлімбай

"Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ана сүтімен санамызға дарыған сарқылмайтын байлық – ана тіліміз. Қатпар-қатпар, астар-астар болып томданған тарих қойнауына көз жіберсек ұлт болып қалыптасуымыздың, мемлекет болып ұрандауымыздың басты қаруы қашанда ана тіліміз болған екен. Ана тіліміз «тағдырымызды тамырсыздық індетінен қалқалап», мазмұнсызық пен жойылып кетуден сақтаған. Себебі тілінен айырылған ұлт – жойылған ұлт. Сондықтан болар, тіл мәселесі мені қатты толғандырып, көкейіме «Мен қазақ тілін дамытуға қандай үлес қоса аламын?» деген бір мәнді сауалды ұялатады.

Бүгінгі таңда ана тілім – жан-дүниемнің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегім. Сондықтан, біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы, бір мүшесі ретінде өз ана тілімді, яғни қазақ тілін өзге тілмен шұбарламай сөйлеймін. Дүкен сөрелері мен жарнамалық банерлерде орын алған қателерді көрсем ескертіп, дұрысын түсіндіріп беруге тырысамын. Осы ретте, қорғанудың ең жақсы тәсілі – шабуыл болса, тіл жанашырларын орын алған осындай қателерге қарсы күресуге шақырамын. Екіншіден, мен отбасымда ана ретінде балаларымның «шыр етіп, жерге түскен минутынан бастап, қазақ тілін құлағына сіңіре отырып, бесікте жатқанынан ана тілін санасына сіңіруді көздеймін. Ондағы мақсатым, балаларыма ана тілі арқылы адам өмірінің мәнін түсіндіріп, қоршаған ортаның сырына бойлату. Ұлттық менталитетімізге сай «қоңыр қозым, құлыным, ботам» деп ерекелете отырып, ертегілермен, жырлармен сусындату. Үшіншіден, шыңырауы шынарланып алыстан мұнартқан өмірлік арманым 2005 жылы сайын даланы күмбірлеген қоңырау үнімен жаңғырта жар салған дара жолға, қызығы мен қиыны қатар жүрген сара жолға, яғни ұстаздық жолға әкелді. Содан бері өмір жолымның қарсылығын қағып, ұстанымымнан айнымай қанатымен су сепкен қарлығаштай келешек ұрпақты ана тілімнің қайнар бұлағымен сусындатып келемін. Менің ойымша, «ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». Сондықтан ғылым мен білім, техника дамыған мына замана көшіне ілесу үшін шәкірттерімнің ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту үшін тынбай еңбектенемін. Өйткені менің тілім – адамдар арасындағы қарым-қатынас тілі ғана емес, ұлттық ерекшелігімнің іргетасы. Ол– осынау, көп ұлтты мемлекетіміздің басты қаруы, халқымыздың даналығы, мәдениеті, мінез-құлқы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы. Алайда, ұлт жолда ұйытқып соғар дауыл, көл боп жауар жауын тағы бар. Соған қарамастан А.Байтұрсыновтың «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөздерін ту етіп ұстап, елімнің сары уыз балапандарын қаймағы бұзылмаған ана тілімнің тереңіне бойлатып, сауатын ашып, білімнің нұрын шашып, ұлтжанды азамат тәрбиелеу азаматтық парызым деп түсінемін. Бойына білім тұнған қазақ тілі еш жерде мүдірмесі хақ.

Мен өз тілімді қуана зерттеймін, бұл маған халқымыздың жұмбақ жанын жақсы түсінуге көмектеседі. Алайда, жеткіншек ұрпақ үшін бірнеше тіл білу маңызды. Сондықтан мен шәкірттерімнің орыс, ағылшын тілдерін меңгергенін құптаймын. Бұл тілдер де – өзінше әуезді. Көп тіл білудің артықшылығын ескере отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілікті жұдырықтай жүрегінің түкпіріне ұялатып, Абай өлеңдерін жаттатып, содан біраз өнер сөзді хаттатып тәрбиелеп келемін. Өйткені мен бір кездері Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған қазақ тілі – мәңгілік елдің мәңгілік тілі болуын армандаймын. Жеткіншек ұрпақтың арман-мақсаты бір арнаға келіп тоғысса, біз алмайтын асу, бағындырмайтын шың болмайтынын түйсінемін. Сондықтан тіліміз «есіктен сығалаған» жетім баланың күйін кешпей, алшаң басып жүруі үшін әр қазақ өз ана тілінде сөйлесе нұр үстіне нұр болар еді. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей ел тізгінін ұстайтын азаматтарды ана тілінің тереңіне бойлатып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – азаматтық парызым деп түсінемін.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!