Материалдар / Қазақ ұлттық ойын түрлері "Асық ату" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ ұлттық ойын түрлері "Асық ату" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ұлттық ойындарын дәріптеп,әріптестермен көрнекілік матиралдармен бөлісу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
587
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Асық ату»Ертеде Атырау мен Алтайдың арасындағы ұшы-қиырсыз сары даланы мекендеген бабаларымыз кезекті жорыққа аттанар алдында соғыс тактикасын, стратегиясын тақта тастың үстіне асықтарды шашып жіберіп түсіндірген екен. Соның әсері шығар, қазақтың баласы ес біліп, етегін жабар-жаппастан асық ойынына ден қояды. Әбден машықтанған соң, жерде тізіліп тұрған асықты көздемей-ақ атып түсіреді. Көпті көрген көнекөздердің айтуынша, қазақ баласын «көңіл мергендігі» ашылсын деп асық ойнатыпты.Қазақтар секілді, түрік ағайындар да асықтың ең жақсысын «Алтын сақа» деп қастерлейдi екен. Сондай-ақ асық ойыны байырғы Грецияда «астралаг» атауымен және Римде «талус» деген атпен кеңінен таралған. «Асық ойнаған азар» дегені бабаларымыздың бұл өнерден безгені емес, күнұзақ үй бетін көрмей ойын қуған мерген – ұлдың ойынпаздығына бір ескертпесі болар. Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіредіАл енді ойынның пайдалы қасиеттеріне келсек :Біріншіден, бұл ойын – түгелдей қозғалыс. Баланың он екі мүшесі, бұлшық еттері толық қозағлысқа түседі. Ойыншы бала еңкейеді, сәл ғана ұмсынады, оң аяғын қатты серпеді. Бір мезетте осынша қимыл – қозғалысқа түсіретін бір де бір ойын жоқ. Сақаны жіберіп қалған соң бала қарап тұрмайды, жүгіреді не сақаның не жүлделі асықтың. Екіншіден, көздің көрегендігін арттырады. Жерде тізіліп тұрған асықты дәл көздеу, қашықтықты дәл межелеу арқылы ойыншы көз бұлшық еттерін жаттықтырады. Жәнеде асықты ұстап оны жиі шертудің арқасында қолдың ұсақ маторикасы жақсы дамиды .Жиі қозғалыс барысында дене бұлшық еттері толығымен дамуына соның ішінде аяқ бұлшық еттерінің қатаюына жақсы серпін береді .Үшіншіден, асық ойыны баланың миын шынықтырады. Яғни, бала асықты атпас бұрын ойланады. Қай тұстан, қалай атаса дұрыс тиетінін және қарсыластарының келесі қадамын болжап ойша самақтайды. Сөйтіп, өзінше есептеп, қорытынды шығарту арқылы асық баланың ақыл – ойының жетілуіне себепкер болады. Төртіншіден, ең бастысы, асық ойыны баланы жеке тұлға ретінде мықты тәрбиелейді. Асық ойнау арқылы бала бәсекелестікке үйренеді, бойына көшбасшылық, лидерлік қасиет қалыптасады. Бүгін ұтылған бала ертең ұтуға тырысады, сөйтіп– ер мінезі шыңдалады. Қала мен ауыл балаларының асық ойынының ережесін Қостанай облысы Науырзым ауданында, Әулиекөл ауылында жаз айларында барып «Асық ату» ойынын зерттеп келдім. Сонда қала мен ауыл балаларының арасында үлкен айырмашылық бар екеніне көзім жетті. Қала балалары өздеріне ынғайлап әртүрлі ережелер шығарып алған, ал ауыл балалары қатаң ата-бабамздан қалған ережелерді сақтайтына көзім әбден жетті. Бұл ойнның бір таңқалдыратын жері оның бұқаралық болуында. Айталық бүкіл әлемге танымал Британдық боулингі немесе билярд секілді көп шығынды емес яғни оған арнайы алаң, үстел немесе тақтай карек емес жәйғана тегіс жер болса болғаны. Яғни қаржы қыспағы болмайды. Бұл ойынды көбіне Британдық билярд ойнымен салыстырады. Билярдқа келер болсақ ол асық секілді ойыншыны көп қозғалысқа түсірмейді себебі ол арнаулы үстел үтінен аспайды нысанаға түскен шарда алысқа кетпейді сеткаға түсіп бір жерге жиналады. Әрине мұның бәрі ойыншы үшін өте ыңғайлы көрінер бірақ мұның салдарынан ойыншы аз қозғалысқа түседі, ал қазіргі таңда қозғалысы көп ойындар танымал екенін ұмытпайық.Тағы айта кетерлік жәйіт ойынға 80% екі ғана адам қатысады бұның бір жаман жері ойншының бәсекелестік мінезін дамытпайды. Ал Асық ойнында барлығы керісінше.Осындай құнды дүниеміз жоғалып бара жатыр, ұмыт болудың сәл ғана алдында тұр.Оны қалай сақтап қала аламыз.Ұлыттық құндылығымызды қалай халық арасында жанғырта аламыз деген ой туындайды. Ойынымызды жаңғырту үшін. ЖАРНАМА ҚАЖЕТ.Жарнама көздері интернет Қазақстандық теле арна көше жарнамалары газет банер көше экрандарыәрине мұның бәрі де көп шығын қаржы көзін талап етіп экономикаға ауыртпашылық түсіреді.Бірақ ешқандайда жарнамасыз артық шығынсыз ойынды халық арасында бұрыңғы деңгкейіне көтеретіндей мүмкіндік бар. Ол қалай ол былай егер Білім және ғылым министірлігінің білім департаментінен арнайы асық ату ойынын мектеп қабырғасында дене шынықтыру пәнінінің жоспарына 5 сыныптан бастап енгізу туралы әрі оны мектеп қабырғасында насихаттау туралы рұқсат қағаз берілсе онда біз көп нәрсе ұтар едік. Қорыта келгенде еліміздің асыл мұрасы болып сақталған АсықАту ата-бабамыздан қалған аманат, аманатқа қиянат – күнә. Демек АСЫҚ ойнын дамытып, ұлттық ойнымызды өркендетіп биікке жеткізу, әрі ертеңгі ұрпаққа ұластыру бірнеше азаматтың ісі емес. Қайта барлық қазақтардың парызы болып саналады.Жат жұрттың жылтырына көзімізді жаутаңдатпай, өз ұлтымыздың рухын асқақтатып, еңсесін көтеріп, қазақтың АСЫҚ ойнына үкілі қолдау көрсетіп қастерлейік ағайын!Ұлттық ойынымызды елеусіз қалдырамыз деп, ертеңгі күні өзге елдің қолына өтіп кетіп, әттеген-ай деп өкініп қалмайық қазағым! Қолымызда бардың қадіріне білейік !Онсызда талай ұлттық құндылығымыздан да айырылып қалғанымызды ұмытпайық!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!