Материалдар / Қазақстан тарихы пәнінен бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары. 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы пәнінен бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні оқулығындағы 1-тараудың тақырыптарының негізінде құрастырылды. Аталмыш тест тапсырмалары қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсыратын оқушыларға септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
13082
40 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6-сынып. ЕЖЕЛГІ Қазақстан тарихы пәні

І ТАРАУ. Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі

терімшілер мен аңшылар

1-2 тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Адамзаттың пайда болуы

  1. Адам баласының пайда болуы туралы қалыптасқан екі түсінік:

А. Діни түсінік.

Ә. Ғылыми түсінік (табиғаттану, биология, тарих ғылымдарына негізделген)


2. Тас дәуірінің кезеңделуі:

А. Палеолит (Ерте тас дәуірі)

Ә. Мезолит (Орта тас дәуірі)

Б. Неолит (Жаңа тас дәуірі)


  1. Палеолиттің кезеңделуі: (б.з.б 2,6 млн жыл- б.з.б 12 мың жыл)

А. Ерте палеолит (б.з.б 2,6 млн жыл- б.з.б 40 мың жыл)

Ә. Кейінгі палеолит (б.з.б 40 мың жыл- б.з.б 12 мың жыл)


  1. Ерте палеолиттің кезеңделуі:

А. Олдувэй (б.з.б 2,6 млн жыл- б.з.б 800 мың жыл)

Ә. Ашель (б.з.б 800 мың жыл- б.з.б 140 мың жыл)

Б. Мустье (б.з.б 140 мың жыл- б.з.б 40 мың жыл)


  1. Палеолит кезеңінде қоғамда орын алған ірі өзгерістер:

А. Адам баласының түр-тқлғасы, бет-бейнесі, ой-санасы қалыптасты.

Ә. Адамзат Африка жерінде пайда болып, палеолит дәуірінде жер бетіне біртіндеп таралды.

Б. Тас құралдар жасау ұдайы жетілдіріле түсті, сапасы жақсарды.


  1. Жер бетінде пайда алғашқы адамдардың түрлері:

А. «Епті адам» (Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылған. Б.з.б 2,5 млн жыл бұрын өмір сүрген.)

Ә. «Тік жүретін адам» немесе питекантроп (1891 жылы Ява аралынан табылған. Б.з.б 1 млн жыл бұрын өмір сүрген.)

Б. «Қытай адамы» немесе синантроп (Солтүстік Қытай жерінен табылған. Б.з.б 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген)

В. «Неандерталь адамы» (Неандерталь адамының біріншісі Германияның Неандерталь деп аталатын жерінен табылған. Екіншісі Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылған. Неандертальдықтар 200-35 мың жыл бұрын қмір сүрген)

Г. «Саналы адам» немесе Хомо Сапиенс (Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. 40 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қазіргі адамзат баласы осы саналы адамға жатады.)


  1. Ежелгі адамдардың Қазақстан жерінде осыдан 1 млн жыл бұрын пайда болғандығын дәлелдейтін тас құралдар табылды:

А. Жамбыл облысы арыстанды өзені бойы

Ә. Қаратау жотасы


  1. Алғашқы адамдардың көне іздері қай қоныстардан табылған?

А. Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата

Ә. Қазақстанның оңтүстігіндегі Шабақты, Қазанғап, Бөріқазған, Тәңірқазған


  1. Алғашқы адамдардың тобыр болып өмір сүруінің себептері: (Тобыр ересек 20-30 адамнан құралды)

А. Бірлесіп тамақ табу үшін

Ә. Жабайы жануарлардан қорғану үшін.


3-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Алғашқы адамдардың кәсібі

  1. Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары:

А. Қазғыш таяқ

Ә. Үшкір тас

Б. Шоқпар

В. Шапқы


  1. Шығыс Африкадағы Олдувэй шатқалынан табылған әлем бойынша ең көне тас құралдар атауы:

А. Чоппер

Ә. Чоппинг


  1. Шамамен б.з.б 800-140 мыңжылдықтың аралығында жасалынған ең көне тас құралдар Қазақстан өңірінен табылды:

А. Маңғыстау

Ә. Солтүстік Қазақстан

Б. Орталық Қазақстан

В. Қаратау аумағынан


  1. Алғашқы адамдардың кәсібі:

А. Аңшылық

Ә. Терімшілік


  1. Алғашқы адамдардың терімшілікпен айналысқанының дәлелі:

А. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс-жидектерді терді.

Ә. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.


  1. Аңшылық шаруашылығының негізінде алғашқы адамдардың аулаған аңдары:

А. Мамонт

Ә. Бизон

Б. Марал мен жабайы жылқы

В. Үңгір аюлары


  1. Алғашқы адамдардың жабайы аңдарды аулау әдістері:

А. Тобырмен аң аулауға шығу

Ә. Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуу


  1. Алғашқы адамдар арасындағы орныққан еңбек бөлінісінің нәтижесі:

А. Терімшілікпен әйел адамдар айналысты

Ә. Аңшылықпен ер адамдар айналысты


4-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Алғашқы адамдардың өмірі.


  1. Табиғатта дайын күйінде кездесетін тасты өзара соққылау арқылы қыр шығарып, оны бифас және монофас деп атайды.

А. Монофас (тастың бір жағынан қыр шығару арқылы пайдаланатын құрал)

Ә. Бифас (тасты екі жағынан сындыра отырып жүз шығару арқылы пайда болатын құрал)


  1. Ерте палеолиттің Ашель (б.з.б 800 мың жыл- б.з.б 140 мың жыл) кезеңінде пайда болған тас құралдар түрі:

А. Қол шапқы

Ә. Жарғыш

  1. Қол шапқының сыртқы пішіні мен атқаратын қызметін сипаттаныз:

А. Көлемі 35 сантиметрге дейін жететін, екі жағынан ұсақтап жарып жасалған құрал.

Ә. Құралдың формасы өріктің дәнегі сияқты сопақшалау, бір жақ басы үшкірлеу болып келеді.

Б. Қол шапқының көмегімен жеуге жарамды тамырларды қазып алды, өлтірілген аңның етін бөлшектеді, ағаш жонды.


  1. Тастан жасалған еңбек құралдарының түрлері:

А. Шапқы

Ә. Қырғыш

Б. Кескіш


  1. Тастан жасалған қол қашаудың ерекшеліктері:

А. Қалақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекіту арқылы жасады.

Ә. Қол қашаудың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 кг дейін жетті.


  1. Алғашқы адамдардың жыртқыш аңдарды аулауға пайдаланған құралдары:

А. Шоқпар

Ә. Найза


  1. Алғашқы адамдар аулаған аңдарының сүйектерін не ретінде тұрмыста қолданды?

А. Ине

Ә. Біз


  1. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуіріне 5000-нан аса еңбек құралдарының барлығы тас құралдардың қай түріне жатады?

А. Қашау

Ә. Үшкір заттар


  1. Ерте палеолиттің Мустье (б.з.б 140 мың жыл- б.з.б 40 мың жыл) кезеңінің басты ерекшеліктері:

А. Еңбек өнімділігі артты

Ә. Алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері қалыптасты


  1. Мустье (б.з.б 140 мың жыл- б.з.б 40 мың жыл) кезеңінің қоныстары:

А. Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарын адам баласы осы кезеңде игерді. (Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б.)

Ә. Шығыс Қазақстандағы Қанай қонысынан б.з.б 140-132 мың жыл кезеңіне жататын тас құралдар табылды.

Б. Мустье кезеңінің ең күрделі тұрағы – қалыңдығы 7 м болып табылатын Оңтүстік Қазақстандағы Ш.Уалиханов тұрағы


  1. Мұз басу дәуіріне тән:

А. Б.з.б 100-13 мың жыл аралығында жердің көп аймақтарын мұз басып қалды.

Ә. Қалыңдығы кей аймақтарда екі километрге дейін жеткен

Б. Палеолит кезеңін мұз басу дәуірі деп те атайды.

В. Қазақстан жерін толық мұз басқан жоқ


  1. Мұз басу дәуірінің адамзат баласына кері әсері қандай болды?

А. Жер бетінің күрт суытуынан адамдардың тамақ табуы қиындай түсті

Ә. Жылы ауа райына үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары алыс оңтүстікке ауып кетті

Б. Суықтан қорғану үшін адамдар өздеріне жылы киім тігіп, баспана іздестірді


  1. Алғашқы адамдардың отты қандай мақсатта пайдаланды?

А. Жылыну мақсатында

Ә. Тамақты пісіріп жеу мақсатында

Б. Жабайы аңдардан қорғану мақсатында


5-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ежелгі тас дәуірі (Палеолит)

  1. Ерте палеолиттің Ашель (б.з.б 800 мың жыл- б.з.б 140 мың жыл) кезеңіне жататын Оңтүстік Қазақстандағы қоныстары:

А. Бөріқазған

Ә. Тәңірқазған

  1. Ерте палеолиттің Ашель (б.з.б 800 мың жыл- б.з.б 140 мың жыл) кезеңіне жататын Орталық Қазақстандағы қоныстары:

А. Құдайкөл

Ә. Жаман Айбат

Б. Обалысай

В. Ағадыр


  1. Ерте палеолиттің Ашель (б.з.б 800 мың жыл- б.з.б 140 мың жыл) кезеңіне жататын Шығыс Қазақстандағы ірі қонысы – Қозыбай қонысынан қандай құралдар табылды:

А. Шапқы

Ә. Екі жағынан бірдей өңделген тас құрал

  1. Кейінгі палеолитке жататын Орталық Қазақстандағы тұрақтарды атаңыз:

А. Семізбұғы

Ә. Батпақ

Б. Қарабас


  1. Кейінгі палеолитке жататын Шығыс Қазақстандағы тұрақтарды атаңыз:

А. Бұқтырма

Ә. Шүлбі


  1. Кейінгі палеолитке жататын Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы тұрақтарды атаңыз:

А. Ащысай (Оңтүстік Қазақстан)

Ә. Майбұлақ (Оңтүстік-шығыс Қазақстан)


  1. Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыш түрлері:

А. Түзу жүзді қырғыштар

Ә. Қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар


  1. Кейінгі палеолит кезеңіне жататын ең көне ескерткіштердің бірі – Батпақ тұрағының ерекшеліктері:

А. Тұрақтың мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылды

Ә. Тұрақ б.з.б 30-25 мың жылдыққа жатады

Б. Тұрақтан барлығы 300-ге жуық тас құралдар шықты


  1. Алғашқы адамдар үшкіртасты екі мақсатта қолданды:

А. Пышақ ретінде

Ә. Найзаның ұшы есебінде


  1. Палеолит кезеңінде аң аулауға қолданылған құрал түрлері:

А. Дротик – қысқа сапты ағаш найза

Ә. Гарпун – ұшы сүйектен жасалған сүңгі

Б. Болос – жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар


  1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын жасауда қолданған әдістері:

А. Ретушь әдісі (бір қабат өңделген тас құралдың жүзін араның жүзі сияқты етіп өткірлеу әдісі)

Ә. Нуклеус жасау әдісі (еңбек құралдарын дөңгелек өзектасты шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшаларын алу әдісі)

Б. «Қыстырма әдісі» (сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнату арқылы кескіш құрал жасау әдісі)


  1. «Саналы адамның» өзіне тән ерекшеліктері:

А. Б.з.б 40 мың жыл бұрын пайда болды

Ә. Ми көлемі «епті адамнан» екі есе ұлкен болды

Б. Тік жүріп, анық сөйлеуді меңгерді

В. Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан тарихта «кроманьондық» деп аталады.


6-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Рулық қауымның шығуы


  1. Ежелгі адамдардың бірігіп топтасуына себеп болды:

А. Бірлесіп аң аулау

Ә. Жыртқыш аңдарға қарсы тұру

Б. Ортақтасып от жағу


  1. Рулық қауымның түрлері:

А. Аналық ру (матриархат)

Ә. Аталық ру (патриархат)


  1. Ру ішіндегі жалпы жиналысқа қатысты:

А. Ерлер

Ә. Әйелдер


  1. Рулық қауымдағы ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы еңбек бөлінісі мынадан байқалды:

А. Әйел адамдар мен балалар (жеміс-жидек жинады, үй ішіндегі жұмыстарды атқарды)

Ә. Ер адамдар (ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады)


  1. Рулық қауым мүшелерінің барлығына ортақ болды:

А. Жер

Ә. Баспана

Б. Еңбек құралдары


  1. Рулық қауымдағы жалпы жиналыста мына мәселелер шешілді:

А. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелер

Ә. Әрқайсысы өз пікірін білдіре алды

Б. Ақсақалдар (көсемдер) сайланды


  1. Рулық қауымдағы ақсақалдың ролі:

А. Ру ішіндегі даулы мәселелерді шешті

Ә. Аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді

Б. Рудағы әрбір адамның жеке мүдделерін қорғады.


  1. Алғашқы адамдардың баспанасы болып табылатын үңгір қабырғалары мен төбесінде бейнеленді:

А. Жылқы, бизон, аң аулау көріністері

Ә. Дәстүрлі би қимылдары


7-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Орта тас дәуірі (мезолит)

  1. Мезолит ................................... аралығындағы кезең

А. Ежелгі тас дәуірі (палеолит)

Ә. Жаңа тас дәуірі (неолит)


  1. Мезолит кезеңіне тән ұлы жаңалықтар:

А. Садақ пен жебенің пайда болуы

Ә. Егіншілік пайда болды ( 10 мың жыл бұрын)

Б. Жаңа еңбек құралы – микролиттердің пайда болуы

В. Мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кетті

Г. Жер бетінде күрт жылыну басталды (бұдан 13 мың жыл бұрын)


  1. Мезолит кезеңінің үлкен жаңалығы – микролитке сипаттама

А. Ұзындығы 1-2 см тас құрал

Ә. Ұсақ жаңқа тастардан жасалады

Б. Көтеріп алып жүруге өте ыңғайлы құрал


8-тақырып бойынша бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары

Тақырыбы: Мезолит заманының табиғи-климаттық жағдайы

  1. Мезолит кезеңінде Қазақстан аумағында кең таралған мал түрлері:

А. Бөкен

Ә. Жылқы

Б. Құлан

В. Сиыр


  1. Мезолит кезеңінде Қазақстан аумағындағы өзен-көлдерде көбейді:

А. Құстың түрлері

Ә. Балық түрлері


  1. Мезолит кезеңінде жойыла бастаған аңшылық әдістерінің түрлері:

А. Жабайы аңдарды қуып, қаумалап ұстау

Ә. Жабайы аңдарды жардан құлату


  1. Мезолит кезеңінде балық аулауда мынадай құралдарды пайдаланды:

А. Гарпун

Ә. Ау

Б. Шанышқы

В. Қармақ


  1. Еліміздегі мезолиттік ескерткіштер төмендегідей жерлерден табылды:

А. Есіл, Тобыл, Жайық, Ертіс, Сырдария өзендерінің бойынан

Ә. Балқаш көлінің маңынан

Б. Сарыарқа жазығынан


  1. Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар мен ескерткіштер:

А. Тельман тұрағы (Атбасар маңы)

Ә. Әкімбек тұрағы (Қарағанды)

Б. Виноградовка (Көкшетау)

В. Дүзбай (Торғай)

Г. Қызылсу (Маңғыстау)

Д. Мичурин, Боголюбово, Явленка (Солтүстік Қазақстан)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!