Материалдар / ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
362
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ



«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс».

«Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор.

Энергия – дүниежүзілік экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энергия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық қалпын өзгертпейді. Дәл осы қасиеттер, жаңартылған энергия көздерінің шетелде шалқып өркендеуінің және жақын онжылдықта оптимистік болжамның қалыптасуына ұйытқы болды. . Қазақстан бірінші болып, сол болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынбақ. Өзгелердің де сондай игі бастамаларын әлем алдында көрсетпек» [2] .

«Үкіметіміз Қазақстанда баламалы жаңартылатын энергетиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспарын бекіткені белгілі. Қазақстанда 2013-2020 жылдарға арналған баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту шаралары жоспары бойынша 2020 жылға қарай біз жаңаратын энергия көздері 1040 МВт қуат көлемінде болады деп күтудеміз. Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электр стансасы (77 МВт) жасақталатын көрінеді. 2015 жылға дейін республикада жалпы белгіленген қуаты 100 МВт-тан жоғары, электр энергиясының болжанатын жасалуы – 300 млн. кВт.ч. жаңа шағын ГЭС пайдалануға ендіру жоспарлануда. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: «2050 жылға қарай энергияның кем дегенде жартысын жаңартылған энергия көздерінен алуымыз керек» деп атап көрсеткені тағы бар. Сонымен қысқасы алдағы «ЭКСПО-2017» объектілері де жаңартылған энергия қуатымен қамтамасыз етілетін болыпты» .

«Қазақстанда 2050 жылға дейін барлық энергия тұтынудың 50%-н энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерінен алу жоспарлануда. Еліміз баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс береді. «Жасыл экономика» — ең алдымен, инновация, атқарылатын іс-әрекетеріміз соған негізделетін болады. Егерде қолданысқа шығатын баламалы энергия экологиялық тұрғыдан тұрғындардың сұранысын қанағаттандыратын болса, онда жаңа технология да дамитын болады. Энергия тұтыну адамзат тіршілігінің міндетті шарты болып табылады. Әлемдегі қазіргі таңда өндірістердің көбеюіне және жер бетінде адамдардың санының артуына байланысты энергияға деген сұраныс артты, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін баламалы энергияны өндіру қазіргі заманның талабы

Қазақстан географиялық орналасуы солтүстiк ендiкте жатқанына қарамастан, елдегi күн энергиясының ресурсы қолайлы климаттық жағдайдың арқасында тұрақты, әрi жарамды болып табылады. Зерттеулердiң қорытындысы бойынша елдiң оңтүстiк аудандарындағы күн энергиясының әлеуетi жылына 2500-3000 күн сағатқа жетедi. Бұл суды күнмен қыздырғыштарды (СКҚ) және күн батареяларын, атап айтқанда портативті фото электрлік жүйені пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы кездегі балама энергетика бағытындағы зерттеулердің болжамына сүйенсек, ХХІ ғасырдың ортасында жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл ең алдымен, Жер бетіндегі күн сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталады, күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көптеп пайдаланылатын көмірсутегі шикізаты ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері өте көп.

Қазақстан бірінші болып болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды қолданысқа ұсынуда. Астанада «EXPO-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта ұйымдастырылуда. Бұл ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет. Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған. Баламалы қуатты пайдалану мәселесін көтеру мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі жолдарының бірі. Бұл «Болашақ энергиясы» атты көрме аясында Астанада ең озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. «ЭКСПО» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Елімізде бекітілген 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай 1,5 пайызды, 2020 жылға қарай 3 пайызды құрауы қажет. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы нәтижесінде 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінің көлемі жыл сайын 1 млрд. кВт-сағат деңгейіне жеткізілу жоспарланған. Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Болашақ мамандар үшін мемлекетіміздегі өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын түсіну экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді» .

«Әлемде баламалы энергетика көзін дамыту үшін қазірге дейін 1 трлн. доллар қаржы инвестиция салыныпты. Бас кезде шығынды болғанымен, инвестиция өзін ақтайды уақыт өте келе әрі бастысы – қауіпсіз. Мэлс Хамзаұлының айтуынша, біз баламалы энергетикаға көшпесек болмайды. Жаңартылған энергия бізге өте қажет. «Осыдан көп жылдар бұрын ғалымдар Қазақстанды зерттеп, кезінде жүйткіп келе жатқан пойыздарды құлататын Жоңғар қақпасындағы желдің 1 пайызы ғана бүкіл

Қазақстанды баламалы энергиямен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған болатын. Алайда ол ескерілмей қалып қойды. Еліміздің қай аймағын алып қарасаңыз да аңырып тұрған жел, тек пайдаға асырсақ қанекей… Күн сәулесінің энергиясын да қалағанымызша алуға болады, әсіресе республикамыздың оңтүстігінен. Бұған қоса түкпір-түкпірдегі толып жатқан жер астындағы ыстық су көздерін неге пайдаланбасқа? Айта берсек, баламалы энергия көзі аз емес… Оның үстіне бұлар экологиялық таза, әрі автономды түрде әркім өзінше пайдаланады, бір рет орнатады қондырғыны, әрі қарай керегінше энергия жұмсайды. Шынымды айтсам, әрі арзан әрі адамзатқа зиянсыз баламалы энергетика көздері тұрғанда Қазақстанда да атом электр станциясын салу қажеттілігі қайдан туғанын түсінбедім. Көптеген елдер қазір атом станцияларынан бас тартып жатыр. Айталық, Германия алдағы 10-15 жылда одан толық бас тартпақшы, жел, күн станцияларын жаппай салуда, ғылыми жұмыстарын шығаруда, тәжірибелерін көбейтуде. Жалғыз Франция ғана әлі ойланып отыр, жапондар да Фукусима станцияларындағы апаттан кейін мәселеге басқаша көзқарас танытуда. Оның үстіне экологияның бұзылғаны соншалық, жер жаһанды көмірқышқыл газы басып, ауаның ластануынан жасыл желектің 70 пайызы уланған, планета қызып келеді, адамзатқа үлкен қауіп төніп тұр».

Біздің ойымызша Қазақстанда баламалы эергия жолдарын қолданудың жолдарын көптеп іздестіру керек. Себебі қазіргі кездегі энергия өндіру жолдары өз зардаптарын климатқа, экологияның нашарлану, бүкіл әлемдік клиаттың жылынуына, озон қабығының бұзылуы және т.б зардаптарын тигізуде. Сол себепті Қазақстанда күн, жел, су энергияларын пайдалануды жетілдіру керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!