«Қазақстандық жаңашыл
педагогтардың іс тәжірибесі»
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу,
жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып
табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие
тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық
сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын
педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі
– бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп
жатқан білім беру ұйымдарының
тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше
түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің
шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін
оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық
болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді
табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат
тәжірибесі басқа мектептерге
таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы:
шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың
тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол
мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте
осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен
жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім
ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен
жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі
әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл
болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің
тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің
іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату
керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері,
оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына,
әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру
ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп,
педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын
табады.