Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанға мұндай футбол керек пе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі және Әлемді бағындырған спорттық ойын - футбол туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстанға мұндай футбол керек пе?



Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Әлемді бағындырған спорттық ойын - футбол.

Қазақстандық футболшылардың халықаралық аренадағы өте сәттісі деп есептейтініміз, соңғы есте қалған ойын Дания құрамасын 2:0 есебімен жеңіліп келе жатып, 2:3 есебімен жеңіске жеткені. Бір қызығы, осы тарихи ойыннан кейін елімізде футболға деген қызығушылықты тағы да арттырды. Жанкүйерлер мұндай прогресске таң қалды.

Алайда, барлығымыз еститін жағдай, футбол спортшыларының көп айлық жалақы алуы, осы орайда халықтың ойы екіге бөлінеді.

Соның бірі: "Егер миллиондаған адамдар біреуге нақты көмек көрсете алса, неге миллиондаған доппен жүгірушілер құрамасына ақша жұмсайды?"- дейді белгілі актер және шоумен Нұртас Адамбай.

Әрине, таласты және тартымды, көкейтесті мәселелердің бірі. Дегенмен, ақпарат жинау барысында, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер спортына тікелей қатысы бар атақты футбол мамандарынан жауаптарын іздестіріп көрдік.

Қазақстан футбол қауымдастығының экс-президенті Құралбек Ордабаев, "Қайраттың"аңызға айналған қақпашысы:

«-Неге біз соншалықты ұтыламыз? Ия, өйткені бізде ішкі чемпионаттар өтпейді! Футболшылар көп, ал сапасы жоқ. Ойыншылардың ешқайсысы жоғары деңгейлі клубқа кіру үшін шеберлік деңгейін көтеруге тырыспайды. Барлығы риза: басшылық та, футболшылар да. Олардың келісімшарттары мен жақсы жалақысы бар, бұл оларға өте ыңғайлы. Бізде жастар бар сияқты, бірақ сонымен бірге ұлттық құрамаға шақыратын ешкім жоқ»-,дейді.

Әрине, біз клубтарға кімге қанша төлеу керектігін айта алмаймыз. Бірақ, клубтардың бюджеті біртіндеп қысқаруы керек секілді. Егер клубтар өзін-өзі қамтамасыз етуге көшсе, бір нәрсе жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.

Айталық: "Тараз", "Ақжайық", Тобыл", "Ертіс", "Ордабасы", тіпті бірінші лига клубтарына зейнеткер-легионерлер қажет?

Сырт көз сыншы, Федерация кез-келген сынға ұшырайды, Бізге, яғни халыққа бұқаралық және кәсіби футбол қажет. Оның әрқашан бірінші нөмірлі спорт түрі болғаны бекер емес. Футбол деңгейі бойынша елдің даму деңгейін, саяси және экономикалық жағдайын анықтауға болады.

Футболға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек. Неліктен бізге біреудің футболды дамыту бағдарламалары - неміс, бразилиялық бапкерлер? Жаттығулар барысы менталитетімізге, климаттық жағдайларымызға, сонымен қатар мүмкіндіктерімізге қарай жасалуы қажет. Бірақ өсу керек. Еуропа бізге бұған көмектеседі.

Жоғары да айта өткеніміздей, алдағы Финляндиямен болатын ойында елімізідің футболшылары жеңіске жететін болса, «Еуролига» күт бізді. Ол үшін, ең алдымен, біз өзіміздің футболсүйер қауымды және футбол шаруашылығымызды ретке келтіруіміз керек. Бұл жерде біз тек пікірлеспіз!



Жас маман

Дене шыңықтыру

пәнінің мұғалімі


ҚАЛДЫБАЙ Ғ.С


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2024
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12