Материалдар / Қазақстанның жаңашыл ғалымдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның жаңашыл ғалымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық студенттерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2021
254
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертасқызы Дильназ 309 топ

Біз оқырманмен таныстырғалы отырған ғалым, ҚР білім беру ісінің үздігі, география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Роберт Израилевич Гальперин – өзінің ғылыми және педагогикалық қызметін Қазақстанның су қорын зерттеуге және осы сала мамандарын тәрбиелеуге арнаған жан. Еліміздің кез келген өңіріндегі су бассейндерінің ғылыми картасын жасауда ғалымның қолтаңбасы бар. Ол Сырдария, Оба, Үлбі, Ырғыз, Талғар, Үлкен Алматы және басқа да шағын ағынсулар мен үлкен өзендерге салынған өткелдер мен көпірлерді гидрологиялық тұрғыдан негіздеу және есептеулерін жүзеге асырды. Шетелдермен арадағы ғылыми ынтымақтастық туралы шарттарды орындау мақсатында 1973-1976 жылдары Куба Республикасында қызметік іссапарда болып, Бостандық аралында тұрғызылған гидротехникалық ғимараттарды жобалауды гидрологиялық тұрғыдан негіздеуге басшылық жасады. Үлкен Алматы каналын жобалауға, Сібір өзендері ағындысының бір бөлігін Қазақстанға және Орталық Азияға бұру бойынша жобаланған каналды гидрологиялық негіздеу жұмыстарына белсене қатысты. Оның бірнеше іргелі зерттеулері мен докторлық диссертация­сы Қазақстан өзендерінің су режимі мен мұздық режимінің кеңістіктік-уақыттық заңдылықтарын айқындауға арналған. Қазақстан Республикасы аумағында байқалатын апаттық су тасқыны мен су басу құбылысына қатысты «Қазақстанның жазықтық өзендерінде байқалатын ең жоғары су деңгейлері» атты монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінің су ресурстарын бағалау бойынша көптеген мақалалары мен іргелі зерттеулері осы саладағы аса құнды еңбектер болып табылады. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының профессорлары мен оқытушылар құрамы орындап жатқан «Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінің су қауіпсіздігінің географиялық негіздерін өзен суларының климаттық және антропогендік өзгерісі жағдайында бағалау әзірленімі» атты гранттық жобаға жетекшілік жасайды. Қазақ гидрология ғылымының қалыптасып, дамуында өзіндік орны бар ғалым Роберт Израилевичтің өмір жолы оңай болған жоқ. Тамбов қаласында зиялы жас отбасының шаңырағында дүниеге келген оның тұлға ретінде қалыптасуына өткен ғасырдың 30-40-жылдарындағы сын-қатерлер өз әсерін тигізгені анық. Адамның өмірлік құндылықтарға деген көзқарасы, дүниетанымы, кісілік қасиеттері балалық кезінен бойына сіңеді. Әкесі әскери дәрігер болғандықтан, олардың отбасының үнемі көшіп-қонып жүрулеріне тура келеді. Мұндай көшпелі өмірге әбден көндігіп алған ол тұрмыстық қиыншылықтарға мойымайтын, қандай ахуалды болсын сабырмен қабылдайтын шыныққан жан болып өседі. Ал кейіннен, қазақ жерінің суларын зерттеу ісімен айналысқан ғұмырында «көшпелі» далалық-экспедициялық өмір оның кәсіби өміріне айналды. Реті келгенде айта кетелік, жары Әсия Әлжанқызы – тектілердің тұяғы. Ол Қазан төңкерісі кезінде тарих сахнасына шыққан қазақ зиялысы Байгурин Әлжан Махмұтұлының отбасында дүниеге келген. Роберт Израилевич Гальперин – жалпы Жер ғылымы бойынша ғылыми ортадан ойып тұрып өз орнын алған, терең ойлы, жаңашылдыққа бейім, Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал, абыройлы, беделі үлкен талантты ғалым. Оның еңбексүйгіштігі, біліктілігі, адамгершілігі, сөзге беріктігі, кісілігі қарапайым инженерден бастап еліміздің жоғары оқу орындарының қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорына дейін көтерілуіне ықпал етті. Ал ғылыммен айналысып жүрген жастарға деген ықыласы ерекше және шәкірттерінің дені – қазақ жастары. Ол бес ғылым кандидатын даярлады. Оның қанатының астынан шыққан ғалымдар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүр. Оның жетекшілігімен орындалған студенттердің ғылыми жұмыстары бірнеше рет университеттік, республикалық байқауларда, Ресейде жүлделі орындарға ие болды. Ұстаздың өзі Қытайдың Чанань университетінің студенттері мен аспиранттарына бес жыл қатарынан дәріс оқыды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері қытай тілінде жарық көрді. Сонымен бірге әр жылдары ол Ғылым академиясының география бөлімінде, Қазжолжобалау институтында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрлық гидрологиясы кафедрасында ғылыми және жобалау жұмыстарымен айналысты. Ол атсалысқан немесе жетекшілік жасаған ғылыми жобалардың алуан түрлі ғылыми тақырыптарға бағытталуы кәсіби біліктілігінің зор екендігінің, ғылыми танымының барынша кең екендігін көрсетеді. Р.И. Гальперин ғылыми жұмыстардан басқа ұйымдастыру жұмысы, әріптестерінің ғылыми жұмыстарын редакциялау жұмыстарымен де өмір бойы айналысып келеді. Кафедрада орындалған ғылыми жұмыстар мен мақалалар ешқашан ол кісінің назарынан тыс қалмайды. Ол «ҚазҰУ жаршысы» география сериясының бас редакторының орынбасары, «Гидрометеорология және экология» журналының редакциялар алқасының мүшесі. Жер туралы ғылым бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын ғылыми жұмыстарды сараптау бойынша мемлекеттік комиссияның мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық гидрологиялық бағдарламасы бойынша ҚР Ұлттық комитетінің мүшесі, Білім және ғылым министрлігі Қадағалау және аттестация­лау комитетінің сарапшылар кеңесінің мүшесі. Жалпы саны 200-ден астам ғылыми жұмыстар жариялаған ғалымның ғылыми монографиялары мен мақалалары, әдістемелік жұмыстары бүгінде Қазақ елінің гидролог мамандарын даярлау үшін таптырмайтын оқу құралдарына айналып отыр. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!