400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның кітапханасына келушілер жыл сайын артуда

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапхана
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстанның кітапханасына келушілер жыл сайын артуда



Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды.

Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.

Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді. Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.

Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар.

ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі.

Қазақстанда кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жетті. Қазіргі таңда елімізде кітапхана саны 11 мыңға жуық, ондағы кітаптар мен құжаттардың жалпы қоры 328 миллионнан асады. Соның ішінде жалпы қолжетімді кітапханалар саны 3 891 кітапхананы құрайды.

Олардың 79% ауылдық жерлерде орналасқан. Соның ішінде 3 кітапхана республикалық және республикалық мәртебесі бар кітапханалар. Олар: Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – осы Астанадағы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана.

Жалпы қолжетімді кітапханалардың кітап қоры 73 миллионнан асады. Осы рухани игілікті пайдаланушылар көлемі жыл өткен сайын артып келеді.

Соңғы кезеңде кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жетті. Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы аясында кітапхананы пайдаланушылар саны жыл сайын 3-4 пайызға артуда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі