Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақты азаттыққа жетелеген жол
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақты азаттыққа жетелеген жол…
«Желтоқсан оқиғасы»
Түйіндеме: Бұл мақалада намысшыл қазақ жастарының көтеріліске шығуына түрткі болған негізгі мәселер мен қозғаушы күштер анық көрсетіліп, оқиғаның ары қарай қалай өрбігені жайлы баяндалады. Сонымен қатар, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап беріледі. Ол сұрақтар легі мындай:
- Бейбіт жолмен басталған шеру неге бұлай қанды қырғынмен жалғасты?
- Ресей патшалығының көздегені, негізгі мақсаты қандай болды?
- Желтоқсан оқиғасының философиялық мәні неде?
Мақаланы жазу барысында көтеріліс туралы жазылған түрлі еңбектер мен мақалаларды салыстыра оқып, нақты ақпарат жинауға тырыстым. Нәтижесінде, оқиғаның себеп-салдары мен қалай басып-жаншылғандығы туралы ақиқат көрінді. Оған қоса, ел болашағын ойлаған өр намысты өжет, батыл, қайсар, ержүрек жастар туралы сөз қозғалады.
Кілт сөздер: Көтеріліс, билік, әділетсіздік, қатыгездік, намыс, жалған айып, азап, өлім, жастар, азаттық.
Аннотация: В данной статье наглядно показаны основные проблемы и движущие силы, побудившие к восстанию гордой казахстанской молодежи, и рассказано о том, как развивалось событие дальше. Кроме того, будут даны ответы на волнующие многих вопросы. Эти вопросы заключаются в следующем:
- Почему марш, начавшийся мирно, продолжился такой кровавой бойней?
- Какова была главная цель Русского царства?
- В чем философский смысл декабрьского события?
При написании статьи я сравнивал и читал различные работы и статьи, написанные о восстании, и пытался собрать достоверную информацию. В результате вскрылась правда о причине и следствии инцидента и о том, как он был пресечен. Кроме того, идет речь о честных, смелых, решительных, отважных молодых людях, думающих о будущем страны.
Ключевые слова: Восстание, власть, несправедливость, жестокость, честь, ложное обвинение, страдание, смерть, юность, свобода.
Annotation: This article clearly shows the main problems and driving forces that prompted the uprising of the proud Kazakh youth, and tells how the event developed further. In addition, answers to questions of concern to many will be given. These questions are as follows:
- Why did the march, which began peacefully, continue with such a bloody massacre?
- What was the main goal of the Russian kingdom?
- What is the philosophical meaning of the December event?
While writing the article, I compared and read various works and articles written about the uprising and tried to collect reliable information. As a result, the truth about the cause and effect of the incident and how it was stopped was revealed. In addition, we are talking about honest, courageous, resolute, courageous young people who think about the future of the country.
Key words: Rebellion, power, injustice, cruelty, honor, false accusation, suffering, death, youth, freedom.
Кіріспе
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасып, азаттықтың ақ таңын көру үшін қилы-қилы кезеңдерден өтті. Бүгінгідей бақытты күн кешіп, қанатын кеңге жайған егемен ел болуымыз үшін ата-бабамыз соңғы демі қалғанша күресті. Ұлт азаттығын алу жолында талай қозғалыстар мен көтерілістерді бастан өткерді. Бұл мақала тарих беттерінде өшпестей сақталған, ел жадынан еш уақыт шықпайтын, «қайғы мен қасірет», «қуаныш пен азаттық» ұғымдары қатар көрінетін «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазылды.
1986жыл… Желтоқсан айының 17, 18-ші күндері...
Өз жерінде өзгеге қор болған халқымыз үшін бұл жыл өткен жылдардан тым басқаша ызғарлы, , тарихта қанды жазумен орын алған қайғы-қасіретке толы, ұмытылмас жыл болды. Сол жылы болған жан түршігерлік оқиғаны еске алудың өзі қорқынышты. Аталған қанды қырғынның басты себебі - Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы болды. [1] Ресей патшалығының мұндай әрекеті қазақ халқының намысына тиді. Күйінген жастар бұл қорлыққа бей-жай қарап, тыныш отыра алмады. Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас саяси тәуелсіздікті қалады, Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Халық билік тарапына артық сөз айтпай, тек әділдік пен еркіндікті сұрап, бейбіт шеруге шықты. Алайда олардың жай-күйін түсініп, мұң-мұқтажын тыңдайтын Кеңес билігі болған жоқ. Мәселені оңынан шешудің орнына, арнайы әскери күш жұмылдырып, жиналған жастарды алаңнан күштеп қуды. Оқиғаға қатысы бар, Тәуелсіздікті талап еткен намысшыл жастарды “алқаш”, “нашақор”, “бүлікші” деп жалған айыптады.[3] Патшалық үкіметінің осылайша халықты әбден басынып, миға қонымсыз, пасық әрекеттермен азаптап, қойдай қырып қорлағаны жаныма батады. Ондағы аяусыз болған әрекеттердің салдарынан қаншама боздақтарымыз қыршыннан қиылды. Тарихи сыры толық ашыла қоймаған Желтоқсан оқиғасында қанша адамның қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм болғандар санының бұдан әлдеқайда көп екенін мәлімдеп келеді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотталып, 264 студент оқудан шығарылған. [2] Кейбір деректерде бұл ақпарат мүлде басқа сандармен көрсетілген. Ол күндері орын алған оқиғаны көз алдыма елестетіп, есіме алған әр сәтте көзіме еріксіз жас келеді. Меніңше, бұл - мұң мен қуаныш араласқан көз жас…
Айта кетейін, желтоқсан оқиғасының негізгі философиялық мәні – тәуелсіз, егеменді елге айналу, азаттыққа қол жеткізу болды. Ал, патша үкіметінің көздегені қазақ халқын біржолата қол астына алу еді. Халықты тілінен, діні мен ділінен айырып, мәңгүрт қылу мақсатында түрлі әрекеттерге барды. Десе де, ержүрек, ұлтжанды, батыл халқымыз зорлық пен қорлыққа, қайғы мен қасіретке төтеп бере алды. Нәтижесінде, бүгінгі күні көк туымыз желбіреп, ашық аспан астында бақытты күн кешудеміз.
«...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!» [4] - деп жырлаған Қалқаман Сариннің өлең жолдары тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегендігін түсіндіріп тұр. Оны бағалау, сақтап қалу, ары қарай көркейту біздің басты міндетіміз деп білемін!
Сөз соңын мына өлең жолдарымен тәмәмдауды жөн көрдім:
Билікті алу оңай емес қазақтан,
Құтылдың бүгін, құлдықтан барша азаптан.
Жылдар өткенмен жастар рухы жай таппай,
Тоңдырды мені, тоңдырды сені желтоқсан!
Есенкелді Сымбат Қанатқызы
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің 3-курс студенті
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Желтоқсан_көтерілісі
4. https://bilim-all.kz/olen/4523-Tauelsizdik
5. Т. Бейісқұлов «Желтоқсан ызғары» Алматы «Мерей» баспасы 1994 ж.
6. Коммунар Төбей «Қайсар рухты қазақ» Алматы 1994 Атамұра-Қазақстан.