Материалдар / «Қазақтың ортақ ханы - Әбілқайыр» атты дөңгелек үстел

«Қазақтың ортақ ханы - Әбілқайыр» атты дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақтың ортақ ханы - Әбілқайыр»

Мақсаты: 
Білімділік:
Оқушылардың Әбілқайыр ханға қатысты білімдерін тереңдету, ханның кіші жүз руларының Ресей құрамына қосылу туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Танымдық белсенділігін арттыра отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, елін құрметтеу. Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, бейне материалдар.

Формасы: Дөңгелек үстел
 Саб ақтыц барысы:

«Әбілқайыр хан» туралы бейне материалмен таныстырамын.

Мұғалімнің сөзі:

    Ата-бабаларымыз аңсаган азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе— соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

Н.Ә. Назарбаев.

         Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардын ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жакты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

     Қазіргі ауқытта елімізді  әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай  еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Мұғалім:Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.   Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.Болашақты  жалғастырушы – біздерміз. Алайда, тәуелсіздік жолында көптеген еңселі ерлеріміз бен хандарымыз көп маңдай терлерін төккен болатын. Соның бірі, Әбілқайыр хан. Демек, бүгінгі отырысымызда Әбілқайыр хан жайлы сыр шертейік.

Ортаға 6 «В» сынып оқушылары, Маратова Жансая мен Қалқайдар Аяулым шығып:

Әбілқайыр хан (1693-1748) жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы. Әскен (Әжі) ұлы Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Бұланты, Итішпес көлі маңындағы шайқаста қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы.

Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерініңқолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болат шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты.

«Әбілқайыр ханның» Ресей «бодандығына» қабылдануы туралы бейне материал.

7 «Ә» сынып оқушысы Ильясова Алина:

ХVIII ғасырдың басында, атап айтқанда, 1709 жылы оны Тәуке ханның өзі бас болып, билер қолдап, хан кеңесі шешімімен Кіші жүз ханы етіп сайлаған. Әрине, жас Әбілқайырдың соған дейінгі ерлік істері ескеріліп, осындай шешім қабылданған. 1907-1709 жылдар арасында ол сарбаздарын ертіп барып, туысқан башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне көмек көрсетті. Башқұрттар арасында оны хан көтеру туралы бастама да болған. Дегенмен 1709 жылы Әбілқайыр шұғыл түрде елге шақырылып, оған Ресей басқыншыларына қарсы Кіші жүз тарапынан күресті ұйымдастыру тапсырылды. 1718, 1719 жылдары ол әр жолы 20 мың әскермен барып, екі рет Теке қаласын (қазіргі Орал) қоршайды. Казактар ғана емес, Еділ қалмақтарымен де қақтығыстар жиі орын алған. 1721 жылы казак-орыстар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындар, мал айдап әкеткен. Келесі жылы осыған қарымта ретінде шабуылдар ұйымдастырылды. Солардың бірінде қазақтар Теке қаласы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп, Жайық казак әскерлерін жаяу қалдырады. Сондықтан олар І Петрдің Персияға қарсы жорығына қатыса алмай қалады.

І Петр жоңғарларды артиллериямен қаруландырып және оларға жаңа қаруды үйретуге капитан Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыны» ұйымдастырады. («Ақтабан шұбырынды» катастрофасының артында кімдер тұрғаны қазір ешкімге құпия болмай қалды.) Нақ осы тұста Батыстан казак-орыс отрядтары мен қалмақ әскерлері де қазақ еліне шабуыл жасайды.

Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел басып алды. Ал, батыстан келген жау Түркістанға жете алмады. Себебі, Әбілқайырдың сақадай сай әскері оларды тоқтатып қана қойған жоқ, Еділден әрі қарай асырып қуды. 1723–1724 жылдары Әбілқайыр бастаған қазақ әскері Утва, Самара, Шаған өзендері бойында казак-орыстардың, қалмақтардың отрядтарымен бірнеше рет бетпе-бет келіп, қырғын шайқастар болды. Шайқастардың бірінде, 1724 жылы қалмақ ханы Аюке өлді.

Егер, Батыстан төнген жау шабуылы дер кезінде тоқтатылмағанда, қазақ елі түгелдей басқыншылардың қол астында қалатын еді.

Батыс жақ шекараны қауіпсіздендіріп болған соң, Әбілқайыр хан қазақ жұртын жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыруға кірісті. Өкінішке қарай, жоңғарларға қарсы соғыстағы Әбілқайырдың еңбегі, ерлік істері әлі күнге дейін лайықты бағасын алған жоқ. Деректер бұрмаланып, оның істері басқаларға «беріліп» жүрген тұстар да бар.

6 «Б» сынып оқушысы Байзакова Сабина:

Бүгінгі тыныш, бейбіт заманда Әбілқайырды «сатқын», «егер ол Ресейдің қол­тығы­на кірмегенде олай болатын, бұлай болатын едік» деп көрегендік көрсететін жазушылар, ақындар, философтар, тарихшылар, саясаткерлер бар. Жалпы, Ресейдің қол астына кіру деген ой қашан пайда болды? Кім бас­тады? Бұл Әбілқайырдың пікірі емес. Соны дәлелдеу үшін төмендегі деректер Ресейдің сыртқы саясат мұрағатынан алынған хаттарға тоқтайық.
Ресеймен одақтасуды немесе олардың қоластына кіруді хандар ерте кезден-ақ бастаған. Ұлы Тәуке хан «Ресейдің қол астына кіру» дегенді «одақтасу» деп түсінген. Қиын-қыстау заманда бірімізге-біріміз көмек жасайық депті.
Мәскеудің «ерте заманның ақтысы» атты мұрағатында (122-қор, 7-тізім, 4-іс) Тәуке хан­ның Мәскеу патшасына жазған хаты жатыр. Онда «Бізді қол астыңызға алыңыз. Бірлесіп қалмақтармен соғысайық. Әскерлерімді қай жерге әкел дейсіз, сол жерге апарамын», – деп жазыпты. Патша өкіметі әртүрлі сылтаулармен оның ұсынысын қабылдамаған екен. Сол кезде Тәуке хан Ресейдің қол астына кіру дегенді екі мәселемен байланыстырыпты.
Бірінші – «бір-бірімізге тиіспейік, бізге тиісетін жауларға қарсы тойтарыс берейік» деген мақсатты белгілеген екен.
Екіншісі – «Орта Азия мен Ресейдің арасында сауданың дамуына жағдай жасау үшін әрлі-берлі өтетін керуендерді талан-тараждан сақтайық» деген.
Міне, бұл «одақтасайық» деген мағына береді. Тәуке ханның, оның немересі Қайып ханның іске асыра алмаған ойын Әбілқайыр хан іске асыруды ойлады. Оның кезінде Ресей мемлекеті тіпті күшейді. Ал Әбілқайыр хан басқарған кезде Қазақ хандығы үшке бөлінді. Әбілқайыр хан Кіші орданы (мемлекет) Орта ордадан бөліп әкетті. Сөйтіп, сыртқы жаулардан қорғануын әлсіретіп алды. Әбілқайыр хан болған кезде жаулары тіпті көбейді. Олар: башқұрттар, Жайық казактары, қарақалпақтар, түрікмендер, хиуалықтар, бұхарлықтар, жоңғарлар. Бұлардың біріне тойтарыс берсе, екіншісі шықты. Оған тойтарыс берсе, үшіншісі жауласты. Осылай кезек-кезек жаулары шабуыл жасап, халықты қырғынға ұшыратты. Үш орданың басы бірікпеді. Сол себепті Әбілқайыр хан ешкіммен ақылдаспай, Тәуке хан бастаған ұсынысты әрі қарай жалғады.
Қырғыз-қайсақ елінің ханы Тәуекелге ордасымен Ресейдің қоластына қабылдау жөнінде Федор Иоаннович пат­шаның қолдауы туралы растау қағазын беру үшін Тәуекел хан Бұхара және Сібір ханы Көшімді әкеліп беруді және аманаттыққа інілерінің, ұлдарының бірі – Өсейін ханды беруді талап етті.

6 «Б» сынып оқушысы Умирбаев Алишер:

Ресейдің сыртқы істер саясатының мұрағатынан мынадайда хатттар кездесті: «Тевкелевке, егер де Әбілқайыр хан өзінің Неплюевке ашу-ызасын, Ресейге қастандығын тоқтатпаса, онда оны хандық тақтан тайдыру құқығын да берді. Оның орнына хан етіп Ресейді жақтайтын старшындардың бірін сайлауды тапсырған. Әбілқайыр ханды өз жағына тарту үшін бірнеше сыйлықтарды Тевкелев арқылы жіберді».

Осы жоғарыдағы жағдай туралы 1739-1748 жылдар аралығында жүздеген хаттар бар. Енді қалайша Әбілқайырды Ресейге бодан болды деп айта аласыз. Ол берген екі сертін де орындаған жоқ. Шекарадан өтіп қалмақтарға, башқұрттарға, орыстарға оның қол астындағы Шақшақ Жәнібек Тархан, Бөкенбай батыр, Есет батыр, ұлдары Нұралы, Ералыларды жұмсап шекараны жиі бұзып, Ресей жеріне шабуыл да жасап отырды (Әрине, кейбір тарихшылар айтқандай, «Ресеймен өмір бойы» соғысқан жоқ – Б.Н.). Орта Азия мен Ресей арасындағы саудаға да көп зиянын тигізді. Дәл осындай жағдайда Абылай хан және Барақ сұлтандар да берген анттарын бұзды. Солай болса да ірі алпауыттардан Қытай және жоңғарларға Ресейдің қол астындамыз деп олардан төнген қауіп-қатерден құтылып отыр¬ды.

Әбілқайыр жалпы қазақ халқының арасында Аңқарай шайқасындағы аса ірі қолбасшы ретінде, ержүрек батыр ретінде әйгілі болды. Оның ерлігі аңызға да айналды.

Әбілқайырдың батыр атағы қазақ елінін тыс жерлерге де белгілі болды. Оны қарақалпақтар, түрікмендер, хиуалықтар құрметтеді. Өздеріне хан болуға шақырды. Әбілқайырдың саяси белсенді қызметі ХVIII ғасырдың 20-40 жылдарына дейін жалғасты. Ал Абылай сол ғасырдың 40-жылдарынан бас¬тап, саясат сахнасына көтерілді. Әбілқайыр хан Абылай ханды өте жақын туыспыз деп есеп¬теп, әрі қалмақтармен соғыстарда көрсет-кен ерліктері үшін бірін-бірі үлкен құрметтеп сыйласқан. Әбілқайыр хан Абылайды өзінің баласындай қадірлеген. Абылай Нұралымен түйдей құрдас. Ол Ералымен де дос болып, оған Орта орданың керей руын басқартқан.

Хан болған соң Әбілқайырдың бүкіл қазақ елін басқаруда да ойы болды. Оны ол ашып айтты. Сол үшін Орта орданың ханы Әбілмәмбетпен қатты айтысқа да түсті. Оны генерал-губернатор Неплюевке де қарсы қойды. Мына хаттан көруге болады

Орта орданың ханы Әбілмәмбет хан әр уақытта кездесуді тосты. Құпия кеңесшімен кездесуге ыңғай білдірді. Сол себепті ол оған барды. Әбілқайыр хан көп жағдайда мұны құптамады. Сондықтан Әбілқайыр хан көп жағдайда құпия кеңес¬шіні Әбілмәмбетке қарсы қоюға тырыс¬ты. «Әбілмәмбетке, старшындарына, егер олар Ор қамалына келсе оларды сонда ұстап қалмақшы деп жеткізіңдер» депті. Осындай айлакерлікпен олардың арасына от тастады. Әбілмәмбет хан болса, оның айтқанына сеніп, қамауға бір күн қалғанда кері қайтып кетіпті. Сосын ол құпия кеңесшіге хат жазып жібереді. Онда қандай себепке байланысты өз руына қайтып келгенін жазды. Сол себепті кездесуді басқа бір ыңғайлы кезге кейінге қалдыруды ұсыныпты.

Мәскеуде Ресей Империясының Сыртқы істер саясаты мұрағатындағы хаттары ақтарып отырғанда Әбілқайыр хан қаза табарынан бір ай ғана бұрын (8 шілде 1748 жылы ақпан) өзінің қазақ халқына арнаған мынадай соңғы тілегіне кез болдым:

«Бұл өмір бәрімізге де мәңгілік емес, мен де бұ дүниеден кетемін, тілегім тек қана қазақ балаларыма бір із қалдырғым келді. Кейінгі ұрпақтарым, тілектестерім мені жақсы жағынан еске алса, ал жауларым оларды дұрыс жолдан тайдыруға ұмтылады. Олар мені «ұлын қызыл теріге, кармазинді матаға ауыс¬тырды» деп мазақ қылуда. Мен оларға былай деймін, ең алдымен, Жайықтың бойында қамалдар болған жоқ еді, ұлыстар көшіп-қонған емес еді. Сондай-ақ қазақтармен сауда қатынасы болған жоқ еді. Құдайға шүкір бүгінде қамалдар салынуда, қырғыздар сауданың ірге тасын қалады. Адал қызмет ету жүрегімізге ешқандай шек келтіре алмайды. Жайықтың екі жағындағы көк шалғын, айдын су – біздікі. Онымен қоса, менің бірінші тілегім ұлым Ходжа Ахмет сұлтанды қайтарып беру арқылы мен марапатталдым, қайғымнан құтқарды.

Екінші тілегім, ол – құпия кеңесші, Орынбор губерниясының губернаторы Неплюев Иван Ивановичтен қырғыз-қайсақтардың бүлікке қатысқандарын қайтарып, сауда жасауға келгендерін ұстап алуды тоқтатуды сұраған тілегім қабылданады деген үмітім бар.

Менің тілектерім қанағаттандырылады. Өйткені Орынбор қамалы біз үшін салынды. Мен қамалда үйім болады деп те сенген едім. Ал бірақ онда менің үйім жоқ. Сол үшін мен генерал Неплюевке риза емеспін.

Әбілқайыр хан туралы толық деректер Мәскеудегі Ресей Империясының Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы істер саясаты мұрағатында болғандықтан, оны қазақ тарихшыларынан көшіріп алған немесе көшірмесін алған ешкім жоқ. Сол себепті «Әбілқайырды кім, не себепті өлтірді» деген сұрақтарға ешқайсысы дұрыс жауап бермеген. Олардың айтуымен, «Барақ сұлтан өлтіріпті» деген лақап халықтың арасына тарап кетіпті. Шындығында, ол өлтірмеген.

«Әбілқайыр ханның жерленген орны туралы» бейне материалмен таныстыру.

Қорытынды сөз

      Қазір әлем назары — Қазақстанда! Ел беделіне нұқсан келтіретін қандайда бір әрекетке жол бермеу — әрбір азаматтың парызы.

     Қазақстан өз алдына экономикалык, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне аяқ басу мақсатын қойып отыр. Ел бірлігі мен Елбасының жүргізіп отырған көрегендік саясатының арқасында алдағы кезенде де үлкен жетістіктерге қол жеткізеріміз анық.

      Қазақстан мемлекеті мен халқымыз үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген, әлемдік қауіпсіздік үшін ізгі бастамалар көтерген, беделді алпауыт елдердің ұстанымына оң ықпал еткен ірі саяси тұлғамыз бар. Ол — сарабдал саясатты ұстанған көреген көшбасшы, Қазақ елін дүние жүзіне танытқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

      Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сезімен аяқтағым келеді:

     «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің коркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!»

Қазақстанның болашағы – сендер.

Қазақстанның  адал азаматы, елдің тірегі болатындарыңа мен сенемін.

-         Отанымыз тыныштыққа, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!