Сабақтың
басы
|
Уақытты
жоспарлау:
Дайындық бөлім:
8-10 мин.
Спорттық киімдеріне
назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен
таныстыру.
Қатардағы
жаттығулар.
Жүрістегі
жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс
орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі.
Қолға, аяққа арналған бой жазу
жаттығулары.
Екі қатарға
тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру
жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған
жаттығуларды орындау. Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған
жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға
дайындау.
|
Әрбір әрекет түріне
арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған
ысқырғыш.
|
Сабақтың
ортасы
|
Ұлттық ойындардың
тәрбиелік мәні
Қазіргі кезде
қазақтың қимыл – қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой -
қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын
ойындары тәрбие жүйесіне енгізілген. Олар тек дене шынықтыруға ғана
емес, жас ұрпақтың туған халқының өткен жолын, тарихын, тілін, әдет
- ғұрпын жақынырақ білуге де жақсы
көмектеседі.
Ат жарысы көшпелі халықтың
мәдени-дәстүріне енген ат ойындарының негізгі түрі, әрі
атбегілердің білімі мен шеберлігі сынға түсетін үлкен оқиға. Қазақ
танымында ат жарыстың көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: аламан
бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс,
т.б.
Бәйге. Мақсаты:
тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге
тәрбиелеу.
Ойын барысы: Балалар
қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Мұғалім сылдырмақпен белгі
берген соң, балалар белгілі жерге жүгіріп (не атта шапқандай
секіріп жүріп) барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала
жеңімпаз болады.
(К)«Бәйге» - екі компанда
анықталған қашықтықта бір-бірімен жарысып атпен
шабады.
Оқушылар
гимнастикалық таяқтарды қолданып, атпен шауып келе жатқандай
болады.
«Теңге ілу (алу)» —
ұлттық ойын. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын
ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін
игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала
алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген
жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол
ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында
іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге
болмайды.
(К) Екі командаға бөлінген
оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені
алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай
еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі
гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан
орамалды қолымен іліп алып кетуі
қажет.
|
Әрбір әрекет түріне
арналған үлкен, бос
кеңістік.
Мұғалімге арналған
ысқырғыш, гинастикалық таяқшалар, шарттарын белгілейтін
кеглилер.
Кубиктер, гимнастикалық
орындықтар.
|
Берілген тапсырмаларды, жүйелі
жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша
біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары
оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында
орындалуын өз бетінше
көрсету.
|
Оқушылардың өз бетінше
тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.
Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы
бағалаулар.
|
Тапсырмаларды
орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл
бөлу.
Дене қуатын үнемдеу
шарттары.
Дұрыс тыныс
алу.
Сабақ барысында техника
қауіпсіздік ережелерін
сақтау.
|