Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Қазақтың ұлттық ойыны
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Ақпан 2019
409
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары. | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сайлауханұлы Манарбек | |
Сынып: 5 | Қатысқаны: | Қатыспағаны: |
Сабақтың тақырыбы | Қазақтың ұлттық ойындары. Тоғызқұмалақ | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау | |
Сабақ | Барлық оқушылар орындай алады: | |
мақсаттары | Ұлттық ойынның тарихын, ұғынады. Тоғызқұмалақ ойынының ережесін ұғады, қолайлы оқу ортасын қалыптастырады. | |
Оқушылар көпшілігі орындай алады: | ||
Тоғызқұмалақ ойынының жүрістерінін реттілігін біледі, тұздық алалады. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсінеді. | ||
Кейбір оқушылар орындай алады: | ||
Тоғыз құмалақ ойынының айла-тәсілдерін ойын барысында пайдаланады, атсырату тәсілдерін анықтайды. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: | |
Тоғыз құмалақ жүрістерін,қазандық атауларын айта алады, жүрістердін реттілігін атайды. | ||
Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: | ||
құмалақ,тұздық, отау, ат сұрау, қазан, бастаушы, қостаушы, тұздық , атсырау | ||
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: | ||
Тоғыз құмалақ ойыны қалай пайда болды, математика пәнімен қандай байланысы бар. | ||
Талқылауға арналған сұрақтар: | ||
«Ат сұрау дегеніміз не?» «Тұздық алу дегеніміз не?» | ||
Не себепті .....деп ойлайсыз? Тоғыз құмалақ ойыны адамнын ойлау қабілетін дамытады. | ||
Жоспарланған уақыт | 45 минут | |
Ишара: мадақтау | ||
Алдыңғы оқу | Қазақтың ұлттық ойындары | |
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы 5-10мин «Топтын жауабы» | 1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын сұрау.3. «Топтын жауабы» әдісі тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды? | |
Ортасы25-30 мин | Жана сабақ “Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С.Аманжолов Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: •Құмалақ •Қазан •Отау •Бастаушы •Қостаушы •Тұздық • Атсырау Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.Қазақша атаулары: №1 отау арт №6 отау белбасар№2 отау тектұрмас №7 отау қандықақпан№3 отау атөтпес №8 отау көкмойын№4 отау атсыратар №9 отау маңдай №5 отау бел Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.Жүріс жасау ережесіҚұмалақ ұту ережесіТұздық алу ережесіАтсырау ережесіБірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық: 9 8 7 6 5 4 3 2 1 № 1диаграммаБастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. Келесі № 2 диаграммаға қараңыз: 9 8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9№ 2 диаграммаЕкінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1-ші отаудан жүріп, қостаушының 2-ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3-диаграмма ) 9 8 7 6 5 4 3 2 1 № 3 диаграммаМіне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады. 9 8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9№ 4 диаграммаОйыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады.Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды.Мысалы, бастаушының 1–ші отауымен қостаушының 1–ші отауы аттас, 2-ші отауымен 2-ші отауы аттас т.с.с.Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық: 9 8 7 6 5 4 3 2 11 2 3 4 5 6 7 8 9 | |
Соңы “Миға шабул” | Ойынның қасиеті туралы.Ойынның нәтижесі туралы айту.“Миға шабуыл” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қоюТоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар дегеніміз не?Видео корсету “Тоғызқұмлақ ережежелері” сабақты қайталау.”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс. | |
Қосымша ақпарат | ||
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Тапсырмаларды құрастырғанда білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар таңдап алынды. Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», ынталандыру қарастырылды. | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Топқа бөлінген кезде, ойын ойнау қауіпсіздік ережесін сақтау |
Ойын ойнау барысында жеңіліп. Жеңіп бара жатқан оқушыға мадақтау сөздер айту. | Математика, тарих, логика. | |
РефлексияСабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)