Материалдар / Қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі жастардың сленг тілінде сөйлеу ерекшеліктеріне талдау жасау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми жоба тақырыбы:

Қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктері

Жетекшім: Азиман Баян

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі жастардың сленг тілінде сөйлеу ерекшеліктеріне талдау жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • сленг сөзінің шығу тарихын зерттеу;

  • Бүгінгі жастар тіліндегі сленг сөздерің топтастыру;

  • сауалнама алу;

  • қорытынды жасау.

Тақырыптың өзектілігі: Тілді құндылық, ата-бабадан қалған аманат деп бағалап, сауатты жазып, сөйлеуді әдетке айналдыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз, бейшарасы...» деп баға берген Абай сөзіне ойланар уақыт келгендігі. Ұлт санасының уланып жатқанына жастарды ойландыру.


2- слайд

Өз кезінде ағартушы ақын А. Байтұрсынов аса көрегендікпен «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады...» деп кейінгі ұрпаққа ой салып кетті. Бірақ бүгінгі тәуелсіз елдің жастары неге тілін шұбарлап сөйлеуге құмар? Бұл жастардың лексикалық қызығушылықтарының артқандығын көрсете ме, әлде, сән бе?


3- слайд. Ағылшын лексикографиясында "сленг" термині 1756 жылы тіркелген. Қазіргі заманғы лексикографияда сленг сөзі "ауыз екі тіл", "диалектизм", "вульгаризм", "жаргонизм" сөздерімен бірқатар қолданылады. О баста аталмыш сөздер жасырын топтар арасында, ұйымдардың бір- бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде, құпия ақпараттармен араласу нәтижесінде жүзеге асқан. Кейін жастар арасында сәнге айналып ерекше сөйлеу түрі болып қалыптасты.


6- слайд

Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады:


1. әсер қалдыруы үшін, 


2. елден ерекше болу, 


3. өзгелер түсінбеу үшін, 


4. белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, 


5. әзіл ретінде де қолданады. [4]


7- слайд Сленг сөздерді топтастырсақ, алдыңғы орынды жас жеткіншектер алады. Олардың компьютер ойындарымен әуестенуі компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, орыс тілінен «инет», «комп», «клава», «винда», «хомяк», «норм», «Го, гоу», «моб» т.б

Ағылшын тілінен, «ten x», «BB», «GG», «W8»


Қазіргі «онлайн » жүйесінде көбінесе негізінен орыс, ағылшын тілдерін қолданатындықтан бүгінгі қазақ тідінің грамматикасы да өзгеріп сала береді. Мысалы, желіде төл әліпбиіндегі ә, і, ң, ғ, ү, ұ, ө қаріптерін қолданбайды десе де болады. Мысалды алыстан іздемей-ақ, көз алдымызда мектеп партасында отырған сыныптас  ұл-қыздардың ұялы телефонына көз қиығыңды тастасаң да жеткілікті. Мұндай «диалогтарда» бас әріп, үтір, нүкте дегендер болмайды. Мәселен:

слм (сәлем)

прива. кк дел (Привет! Как дела?)

спс (Спасибо!)



(Қосымша айту үшін)

Біздің 100 томдық ауыз әдебиетіміз бар. Неткен байлық! Осы байлық тың секілді игерусіз жатыр. Бүгінде кез келген бала «беті табақтай» дегеннен гөрі «беті компьютердің мониторындай» дегенді тезірек ұғады. Бір сөзбен айтқанда, көркем сөйлеу, көркем жазу күнделікті қолданыстан шығып барады. Мұның арты тілдің өзіндік бояуын жоғалтуға, тілдік нормалардың бұзылуына, айналып келгенде, қазақ тілінің толықтай құнарсыздануына әкеліп соғады.



10- слайд Өз құрдастарымнан, сыныптас достарымнан сауалнама алдым. Сауалнама сұрақтары:

1. Сен өз ортаңда сленг сөзін қаншалықты қолданасың?

2. Сөйлеу барысында қазақ тіліне қарағанда орыс тіліне басымдық бересің бе?

3. Әлеуметтік желіде қазақ тілінде толық жауап бересің бе?

4. Сленг тілінде сөйлеуді сән немесе әуесқойлық деп ойламайсың ба?

5). Оның артықшылығы бар ма?


Оқушылардың 20 пайызы сленг тілінде сөйлеседі. Тіпті кейбірі сленг сөздердің артықшылығы жастарға нақты, түсінікті, қызықты әрі бір-бірімен тез тіл табысуға ықпалын тигізеді деген де пікір айтты. Бұл сауалнама сленг сөзін қолданудың жастар үшін тиімді тұсы да бар екен-ау деген ойға қалдырды. Тиімділігі: қысқа да нұсқа жауап беру үшін керек. Тиімсіз тұсы: Жоба бойы айтып отырған тіл мәдениетіне қарама-қайшылық. Айналып келгенде барлығы заманауи көрінеміз деп жұтаңданып бара жатқаны жасырын емес. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бишарасы», - деді емес пе?


Алаш зиялысы М. Шоқайша айтқанда «Тіл- халықтың перзенті», ал біз оны Абай тілінде қашан ұстартады екенбіз. Тіл тазалағын сақтау туралы мәселе жастардың сөйлеу мәдениеттілігінен басталу керек шығар.

Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілі­нің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып көпшіліктің, тілді оңды-солды қойыртпақтауының, жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептерін сараласақ:

        1.Тілдік ортаның әсері;(Көше тілі)

        2.Сөйлеу    дағдыларының    жоқтығы;  

        3.Көркем  әдебиет  оқуға деген  оқушылардың  қызығушылығының төмендігі,  сөздік қоры аздығы, өз ойын жеткізе алмауы;

        4.Ата-аналардың   жете мән бермеушілігі;

        5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!