Материалдар / Қазіргі қоғамдағы қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі қоғамдағы қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлін ашып жеткізу. Өз ойымды, проблемаларды оқырманға жеткізе білу. Тіл мәртебесін көтере отырып, жастарды ана тілін білуге шақыру. Глобальды мәселелерді шешуде өз үлесімді қосамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2022
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл мәртебесінің дәрежесі қандай?

Қазақ тілі – Ұлы Дала елінің рухани байлығы, өткені мен болашағын жырлайтын асыл да, жоғалмайтын қазынасы. Әрбір ел өзінің ана тілімен, ата-баба тарихымен ерекшеленеді. Мемлекеттік тіл арқылы әр ұлттың азаматы өз ұлтының салт-дәстүрін, ұстанатын әдеп-ғұрыпын, Ежелгі заманнан келе жатқан тарихын жетік меңгере алады. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен заманды өткерген біздің еліміздің Ана тілі бай шығар, сірә?! Мен оны татар ғалымы А.Саадидің: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек» деген сөзімен дәлелдей аламын.Өкінішке орай, мемлекеттік тіліміз қазіргі қоғамда маңызды мәселеге айналып отыр. Оның себептері: қазақ азаматтарының арасындағы түсініспеушілік, қазақ азаматтарының тіл тазалығының төменгі дәрежесі, қоғамдағы жастардың қазақ тіліне деген теріс пікірлері, әдеби кітаптардың қолданыстан шығуының басталуы және т.б. Осы мәселелерді шешуде тіл жанашырлары өз ойларын паш етуде. Бұл қателіктердің алдын алуда өз үлесіміз теңдесіз. Ол үшін қандай іс-әрекеттер жасауға болады?

Біріншіден, қоғамдағы азаматтармен мемлекеттік тілде қарым-қатынас орнату, өйткені қарға тамырлы қазақ халқының жастары бір-бірлерінің тілдерін түсінбейді. Осы қателіктің себебі – азаматтардың толықтай орыс тіліне көше бастауы. Қазақта айтады: «Өзге тіл – тірлік үшін, өз тілің – бірлік үшін». Шынында да, ана тілі – ұлт азаматтары арасындағы ынтымақтастықтың құралы, ал белгілі бір шетелдік келісімге отыру үшін өзге тілдің ықпалы мол. Менің пікірімше тұтас ел болу үшін қоғамда мемлекеттік тілдің маңызы өте зор, себебі ортақ тіл – халықтың ауызбіршілігін қамтамасыз етеді. Қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртаза атамыз: «Орыстар емес, орыс құлдар қауіпті» деген екен. Бұл жерде орыс құлдар – орыс тілінде сөйлейтін қазақтар. Егерде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жойылса, онда сондай құлдар қазақтарды жеңіп, өзге елдің алдында тізе бүктіреді. Оны мен қазақ азаматы М.Шоқайдың: «Егерде бала қай тілде білім алса, сол тіл үшін қызмет етеді» деген сөзімен дәлелдей аламын. Қанша тілді меңгерсек те, өз ата-бабамыздың жерінде өз ана тілімізде сөйлеуіміз – біздің борышымыз.

Екіншіден, қазақ жастарының арасындағы теріс пікірлерді жоққа шығару, себебі олар өз тілінде ғана сөйлеу ол – надандықтың белгісі деген ой қалыптастырды. Бұл мәселеге басты итеруші күш – үш тілдік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз еткенімен, басқа тілдерді жетік меңгеріп, қазақ тіліндегі біліктіліктің өз жайында қалуы. Мен бұл пікірді «Тіл атағыңды өсірер де, өшірер» деген қағидамен дәлелдей аламын. Әр елдің ана тілі - өз елінің тұғыры, өйткені сол тіл арқылы келер ұрпаққа тарихтың өтпелі кезеңдерімен, елдің атақ-даңқымен таныстырады. Тіл – елдің атағын өсіреді. Оған дәлел Ұлы Абай атамыз, себебі оның әрбір шығармасы қоғамды тәрбиелеуде басты құрал. Ақынның туындылары қаншама әлем тілдерінде аударылғанмен, ақынның атақ-даңқы өзгермейді, өлмейді, өшпейді. Өз тілін жетік меңгерген адам – санасы дамыған, ой-өрісі кең тұлға, надандықты жеңе білетін елжанды азамат.

Үшіншіден, қазақ ауыз әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру, өйткені қазақ фольклоры – еліміздің басты рухани байлығы, ана тілінің алтын қазынасы. Әдеби кітаптардың қолданыстан шыға беруінің себебі менің пікірімше оқырмандардың ғылыми зерттеулерге, шетелдік туындыларға қызығуы, себебі қазіргі таңда шетелдік туындылар жер жаһанға таралып, ғылыми зерттеулер кең өріс алған кезең. Бүкіл дүниежүзі елдерінде қолданысқа енген ағылшын тілі – ғылымның, техниканың тіліне айналды. Бұл осы мәселеге итеруші күш деп ойлаймын, себебі «Үш тілдік саясаттың» негізгі мақсатын жүзеге асырушы, елдің қарқынды дамуының басты сатысы. Атақты математик, академик Асқар Жұмаділов кезекті бір сұхбатында: «Негізі, үш тұғырлы тіл деген – дұрыс саясат. Ол сізге, маған ұнамауы мүмкін, бірақ түпкі негізі дұрыс. Ағылшын тілі дүние жүзі елдеріне келді, төрімізге де жетті. Одан бүкіл әлем қашып құтыла алмайды. Бүкіл техника, ғылымның 80 пайызы ағылшын тілінде, бірақ «жаратылыстану ғылымдарын тек қана ағылшын тілінде өту» дегенге мен қарсымын. Егер солай да болса, онда оның салдары қазақ тілінің отбасы, ошақ қасының тілі болып қалуына әкеліп соқтырады» деген жауап берген еді. Әрине, егер де ұлттық тіл тек қана отбасының ғана тілі болса, онда ол өз уақытында қоғамнан түбегейлі жойылады, ал кітапханалардан қазақтың әдеби прозалары, поэмалары, романдары жоғалады. Сондықтан қазақ әдебиетінде қаншама сөз тіркестердің, әдемі сөздерді, эфемизмдердің, тұлғалардыңдың нақыл сөздерінің, шешендік өнердің мән-мағынасы тереңде жатыр. Оны оқып-білу тіл мәртебесін одан әрі асырады.

Төртіншіден, қандастарымыздың тіл тазалығының дәрежесінің төмендеуі, өйткені тіл тазалығы – елдің негізгі бейнесіне айналуы тиіс және біздің ұлттық тіліміз әлемдегі ең бай тіл. Мұны мен поляк журналисі А. Янушкевичтің мына естелігімен дәлелдей аламын: «Қазақтардың ақыл - ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді! Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл - есі де өте тез жетіледі». Егер де шешендік өнерге терең үңіліп қарасаңыз, бұл тұжырымдаманың дәлелін көре аласыз, себебі онда ең бастысы қазақ тұлғаларының сөзі. Олар көбінесе дауласу, билік шешімінің әділетсіздігін жеңуде, екі бақталастың диалогында, жаман қасиеттерге қарсы туылған. Оған мынадай мысал келтіре аламын: Майқы бидің бүкіл қазақтардың басын қосуы, Әйтеке бидің «Қасқакөл дауы» шығармасы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны. Осылардың түпкі мақсаты тіл арқылы өмірдегі не мәнді, не асыл екенін жеткізу. Сондықтан тіл тазалығы – бұл өмірдегі ең жойқын қару.

Қорытындылай келе, әр ұлттың азаматы өзінің тілін қастерлеп, сол тіл үшін еліне қызмет етуі тиіс деген шешімге тоқталғым келіп отыр, себебі тіл – ұлттың жойқын қаруы, байтақ елдің мәртебесі, патриотизмнің бейнесі, тамыры тереңде жататын рухани қазына. Елмен бірге өсіп, дамитын құндылық. Оны мен Халел Досмұхамедовтың: «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу – бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деген пікірімен дәлелдей аламын. Мемлекеттік тіліміз ақ жаулықты анамыздың балдай тәтті, пәк сүтімен бойымызға дарыған ананың тілі. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп қазақтың батыры, қара домалақ баласы Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей бүкіл тарих, Ұлы Даланың өткені мен бүгіні тек қана сол ана тілінің негізгі түп қазығы болады. Сондықтан қоғамдағы тіл мәртебесі – елдің әрдайым негізгі басты назары болуы тиіс, өйткені ол бай тіл, жоғалмайтын бабалар үні. Ана тілі – болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты құрал болып саналмақ. Ортақ ұлт тілінде сөйлеу – баршамыздың борышымыз.






































































Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту -

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!