Материалдар / Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып,білім алып келген жастар саны артуда.Бұл еліміздің дамуына қалай әсер етуде?

Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып,білім алып келген жастар саны артуда.Бұл еліміздің дамуына қалай әсер етуде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып,білім алып келген жастар саны артуда.Бұл еліміздің дамуына қалай әсер етуде?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
246
1 рет жүктелген
1170 ₸ 1300 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып,білім алып келген жастар саны артуда.Бұл еліміздің дамуына қалай әсер етуде?

Қазіргі таңда шетелде оқитын жастарға ешкім таңданбайды. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қаншама жастар мұхит пен теңіз асып, шетелдерде білім алып жатыр десеңізші! Бүгінде 45 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде оқып жатыр екен. Қалай болғанда да бұл күндері шетелдік орта және жоғары оқу орындарында оқитын қаракөздеріміз көз қуантады.

Қазақстан азаматтарына Ресей, Қытай, Түркия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің үкіметі арнайы білім гранттарын ұсынады екен. Жас қазақстандықтардың «Болашақ» стипендиясы арқылы, сол секілді Джеймс Вильям Фулбрайт (Fullbright, США), KOICA білім гранты (Халықаралық әріптестік жөніндегі Корея агенттігі), Эрасмус Мундус сынды басқа да халықаралық білім жобалары бойынша шетелден білім алуға толықтай мүмкіндіктері бар.


«Тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен» жастардың диплом алғаннан кейін Қазақстанға қайта оралуы – екіталай. Психолог мамандардың айтуы бойынша: «Оның бірден-бір себебі, жастайынан туған жерден жыраққа кеткен балалар бауырмал болмайды» деседі. Олардың айтуынша, ағайын-туғанның, ата-анасының жанынан ерте кеткеннен кейін, оларды күнде көріп отырмағасын, әрі шетелдегі думанды тірлікке еті әбден үйреніп алған соң оның өз Отанына  оралуы қиынға түседі екен. Азаматтық тұлғасы жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды шетелге жіберу арқылы еліне, жақынына,ұлтына жаны ашымайтын, өз халқының тілі мен ділін менсінбейтін нағыз нигилистер санын көбейтуіміз әбден мүмкін. Өйткені, педагогикада өз пікірі мен азаматтық санасы қалыптасатын шақ 14 пен 23 жас болып саналса, дәл осы жас аралығындағы бозбала мен бойжеткенді шетелге оқуға жіберу  дұрыс па?  Адам баласы үшін ең қымбат кезең болып есептелетін жастық шағын, махаббат пен қызыққа толы жарқын сәттерін  өткізген жерін адам баласы аңсамай тұрмайды емес пе? Оны былай қойғанда Америкада оқып жатқан Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың қылмыстық іске қатысы бар деп түрмеге жабылуы да – сабақ болатын жағдай. Жазасын өтеген Азамат  елге оралды, ал Диас әлі де үш жыл бойы мұхиттың ар жағында темір торда отырмақ. Немесе, есірткі таратуға қатысы бар деп Қытайдың сотымен өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Ақжарқын Тұрлыбайды еске алсақ та жеткілікті.

Дегенмен жақсы тұстары да бар. Қандай жағдайда да сол жастардың теория мен тәжірибені ұштастырғаннан кейін, туған елге оралып, Қазақстанның қарыштап дамуы үшін еңбек еткенін, тер төккенін қалаймыз. Бірақ еліміздегі университеттерді шетке ысырып, шетелдік оқу орнын таңдаған жастардың таңдауына шек қоюға болмайды. Тек әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімі жоғары болса деген тілегім бар.

 













Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!