Материалдар / ҚМЖ Абай Құнанбайұлы өлеңдеріндегі кейіпкерлердің типтері 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ Абай Құнанбайұлы өлеңдеріндегі кейіпкерлердің типтері 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдеріндегі кейіпкерлердің типтері 6-сынып 6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
116
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

2-бөлім: Абайды оқы, таңырқа!

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

14.11.2024

Сынып: 6 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдеріндегі кейіпкерлердің типтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

Сабақтың мақсаты

- Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-сабақтың тақырыбы арқылы өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыруға тәрбиелеу;

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

-берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;

-басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық дайындық

Бір, парталаспен қол алыс

Екі, қарсыласыңа қол бұлға

Үш, жан-жағымызға қарап жымиып, басымызды иейік

Төрт, маған қарап күлімде.

Сандардың орнын жиі ауыстыра отырып,бірнеше мәрте қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру

Өлең шумақтарын жатқа айту.

Тест парақшаларын тарату.

1.Шығарманың көркемдік құндылығын анықта.

А) Үлгі-өнеге беру

Ә)Дәстүрімізді жаңғырту

Б) Бәрі дұрыс

2. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» туындысында ақын өлең сөзді көкірегі ояу, талаптыларға арнауды ескертеді.

А)Жалған

Ә) Ақиқат

3. Өлеңде ақын күле тындаған парықсыздарға сөзіңді қор қылмау керектігін өсиет етеді.

А) Ақиқат

Ә) Жалған

4. Шығармадағы автор бейнесі деген не?

А)Шығармада ақынның немесе жазушының өзі туралы мәліметтің қамтылуы

Ә)Шығармадағы ақынның немесе жазушының пікірі

Б)Ақынның ішкі сыры, сезімі, жеке тұлғасының көріну қалпы

5.Ақын бейнесі көрініс тапқан өлең жолдарын анықта.

А) «Шу дегенде құлағың тосаңсиды»

Ә) «Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей»

Б) «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»

6.Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі көркем образды анықта.

А)халық бейнесі

Ә)жас қыздың бейнесі

Б) ақынның өзі

7. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын анықта.

А) Білім-ғылым үйренуге шақыру

Ә) Еңбекқорлыққа шақыру

Б) Ғылым жолына шақыру

Бүгінгі күнгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылар сергітуге арналған жаттығуды орындайды.

Мұғалім бер десе парталаспен қол алысады, екідегенде , қарсыласыңа қол бұлғайды, үш дегенде бір-біріне жымиып, бастарын иеді, төрт дегенде мұғалімге қарап күлімдейді.


Үйге берілген тапсырма бойынша өлең шумақтарын жатқа айтады.



Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.


Жауабы:

1.Б) Бәрі дұрыс

2. Ә) Ақиқат

3. А) Ақиқат

4. Б)Ақынның ішкі сыры, сезімі, жеке тұлғасының көріну қалпы

5. Б) «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»

6. Б) ақынның өзі

7. А) Білім-ғылым үйренуге шақыру












Дескриптор:

- орта көлемді үзінділерді жатқа айтады;

-мәнерлеп айтады;

- дауыс интонациясын сақтайды

-сұрақтарға жауап береді



Сабақтың ортасы


30 минут





Сыныппен жұмыс.

1-тапсырма.

А) Өлеңнің негізгі идеясын анықтаңыз. Бұл идеяға сәйкес өлеңдегі кейіпкердің мінез-құлқын, оның ішкі дүниесін сипаттаңыз.

Ә)«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөздерді түсіндіріңіз. Бұл сөздер арқылы Абай қандай адамды сипаттап отыр?


Кейіпкерге сипаттама

Менің түйгенім













Жұппен жұмыс.

2-тапсырма.

  1. Өлеңдегі кейіпкердің ғылымға деген көзқарасын, білімге деген құрметін, мақтаншақтыққа қарсы сыншылдығын сипаттаңыз.

  2. Өлеңдегі кейіпкердің адамгершілік және мәдениеттілік сияқты құндылықтарға деген көзқарасын ашыңыз. Бұл құндылықтар тұрғысынан ол қандай адам?


Кейіпкерге сипаттама

Менің түйгенім




Жеке жұмыс.

3-тапсырма. Вен диаграммасы

Тапсырма:

  1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің кейіпкерлерін салыстырыңыз.

  2. Олардың көзқарастары мен мінездеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Ұқсастығы

Ғылым таппай мақтанба





Оқушылар берілген кестені толтыра отырып, үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді.Өзінің көңілге түйгенін жазады.

Жауабы:

Кейіпкерге сипаттама

Менің түйгенім

Саналы: Өлең тек көңіл көтеру немесе ермек үшін емес, терең ойды, құндылықтарды және өмірдің мәнін түсіндіру үшін қажет екендігін біледі.

өнердің қадірін білетін, рухани құндылықтарды жоғары қойып, жалған мақтан мен ермекке салынбайтын, терең ойлы адам.

Сыншыл: әдебиеттің белгілі бір мақсат үшін қолданылмауы керек екендігін айтады. Бүкіл қоғамға да сын көзбен қарайтын көреген адам.



Оқушылар берілген кестені толтыра отырып, үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді.Өзінің көңілге түйгенін жазады.


Жауабы:

Бұл кейіпкер — білімді, парасатты адам, ол жастарға ғылымды түсінуді және оны қоғамға пайда келтіру үшін қолдануды үйретеді. Ол адамдарға тек сыртқы байлық пен абыройды емес, шынайы білім мен мәдениетті жоғары бағалауды насихаттайды.




Оқушылар екі өлең кейіпкерлерін салыстырады. Олардың көзқарастары мен мінездеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.

Жауабы

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі кейіпкер — өнерді қадірлейтін, оның маңызын түсінетін адам болса, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі кейіпкер — ғылым мен білімнің шын мәнін танып, оны мақтан үшін емес, қоғамның игілігіне қолдануды дұрыс деп білетін адам.

Екі өлеңнің кейіпкерлері де терең ойлы, білім мен өнерді шынайы бағалайтын , қандай мақсаттарға қолдануды білетін тұлғалар.

Дескриптор:

-кестені толтырады;

- үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді;

-өзінің көңілге түйгенін жазады.

ҚБ өзара бағалау

















Дескриптор:

-кестені толтырады;

- үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді;

-өзінің көңілге түйгенін жазады.

ҚБ өзара бағалау









Дескриптор

- екі өлең кейіпкерлерін салыстырады.

- көзқарастары мен мінездеріндегі ұқсастықтар анықтайды.

- айырмашылықтарды анықтайды.



Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

1. Маңызды ақпарат

2.Қиындық тудырған сәт.

3.Сабақта ұнаған аспекті


Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 73-бет

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді




Үй тапсырмасын жазып алады.


Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай ФБ қойылады






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!