Материалдар / ҚМЖ Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

ҚМЖ Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік ерекшелігі 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2024
338
1 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім: Қалың елім, қазағым...

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

9.09.2022

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

Сабақтың мақсаты

шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды, талдайды


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңдері.

Сәлемдесу. Түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау

1.«Сегіз аяқ» өлеңін жаттау

2."Мені тамсандырған өлең шумақтары" ойтолғау

  1. Ақын сынына іліккен кімдер? Өлең жолдарынан дәлелдеңдер?

  2. Қазақ әдебиетінде «Сегіз аяққа» ұқсас өлеңдер бар ма?

Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Үй тапсырмасын айтады




Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі



Дескриптор

Жатқа айтады-1

Ойтолғау жазады-1


ФБ-2 балл


ҚБ


Сабақтың ортасы


30 минут





1- тапсырма

Т Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Автор, шығарма


Тақырыбы


Жанр түрі


Идеясы (Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді)



Шумақ саны (Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді)


Тармақ саны. (Тармақ – өлеңнің әр жолы)


Бунақ саны (Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)


Буын саны (Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)



Ұйқас түрі (Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз)


Әдеби-теориялық ұғымдар (троптар мен фигуралар).


Түсіндірме сөздік



2-тапсырма.

«Сегіз аяқ» өлеңінен берілген үзінділерді оқып шығып, ондағы мәселені анықтай отырып, автор бейнесін ашыңыздар. Автордың көтерген мәселесіне, ұстанған бағытына сүйене отырып оған мінездеме беріңіздер.


2-тапсырма. Өздерің анықтаған мәселелері негізінде шығармашылық жұмыс жазыңдар.

  • Өлең

  • Әңгіме

  • Хат

  • Монолог


Қалай ойлайсың «Сегіз аяқ өлеңі стиліндегі өлеңдер қазақ поэзиясында кездесе ме?

Топтар жұмыстарын салыстырады, талқылайды. Қателері бар болса – түзетеді. Мұғалім тапсырманың орындалуы бойынша кері байланыс береді.






















«Сегіз аяқ» өлеңінендегі мәселені анықтай отырып, автор бейнесін ашады.




Оқушылар өздерінің анықтаған мәселелері негізінде шығармашылық жұмыстар жазады.

Дескрипторлар:

- көркемдегіш құралдардың қызметін біледі-1

- өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады-4

Қб


ФБ

5 балл


















Дескриптор:

- Автор мінездеме бере алады-2

ФБ-2




Дескриптор

шығармашылық жұмыстар жазады.-1

ФБ-1


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Таңдау» әдісі

1.Мен сабақ қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсе үйрендім/үйренгенім аз болды.


Үйге тапсырма: «Сегіз аяқ» пен Шәкәрімнің «Жастық туралы» өлеңін салыстыру

Сабаққа тиімді кері байланыс береді

ҚБ


ФБ

1-10 балл






Жастық туралы

Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі,
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері.
Дариядай ақыл мол еді,
Жан ғашығым сол еді.

Ұжмақтың хоры,
Іздедім соны,
Тал бойының кірі жоқ.
Бойы бар сымдай,
Белі бар қындай,
Мүшесінің міні жоқ.
Қыз осындай болар ма,
Оны сөккен оңар ма?

Жаудырап көзі,
Тамшылап сөзі,
Жібектей шашын тараса,
Қалмайды халің,
Шығады жаның,
Қиғаштап көзбен қараса.
Бұл дүниеде қыз қызық,
Бозбалада ой бұзық.

Сынаптай толқып,
Түлкідей жортып,
Кетеді көңіл әр жаққа.
Қырандай қағып,
Алмастай ағып,
Мұратын түгел алмаққа.
Ер талабы бос қалмас,
Толқынды көңіл тоқталмас.

Шырайың қашып,
Асығып-сасып,
Қыз үшін түнде кезгенде,
Бар малды салып,
Шаруадан қалып,
Серілер үйден безгенде,—
Қарамай ұят, арына,
Жанды қиып жарына.

Ақселеу мініп,
Қылаңнан киіп,
Қараған жанға көрінбей,
Ізденіп жарды,
Пида ғып жанды,
Алыс деп ауыл ерінбей,
Айлалы жолдас қасқа алып,
Аң көрген лашын бастанып.

Ауылды барлап,
Айнала шарлап,
Баруға тура бата алмай,
Кезеңнен бағып,
Жүрегің қағып,
Далада шыдап жата алмай,
«Барып кел» – деп жолдасқа,–
«Бір хабар алсақ болмас па?»

Сып етіп жолдас,
Дыбысы болмас,
Сұр жыландай сусылдап.
Ілеспей көзің,
Әкелер сөзін,
Тұрымтайдай қутыңдап:
«Тілепті тілек берсін»— деп,
«Ер болса, үйге келсін»—деп.

Болды деп қиын,
Жеңілдеп киім,
Шыр айналып ұршықтай;
Еппенен барып,
Ынтасын салып,
Тышқан көрген мысықтай.
Кіргенде барып есіктен,
Болмаса жапсар, тесіктен.

Боз үйге кіріп,
Буының құрып,
Жарыңның барсаң қасына,
Сипалап жүріп,
Төсегін біліп,
Тигенде қолың басына,
Ақылың кетіп, жан қалар,
Ғашығың сонда аңғарар.

Қолынан тартып,
Білегін артып,
Ақ тамақтан шөп етіп,
Тал бойың еріп,
Тіліңді беріп,
Сүлдерің қалар ес кетіп.
Ах, дүние, дүние!
Сонда ақылға кім ие?!

Есіңді жиып,
Иіскелеп сүйіп,
Оған да көңілің басылмай,
Тілекті алып,
Тоятың қанып,
Құйылып түскен лашындай,
Арманың бітіп жымыңдап,
Төсінде жатсаң тынымдап.

Таң келсе қуып,
Бой кетер суып,
Енді қашан келем деп.
«Ал, жарым, қош»—деп,
«Пәлен күні тос»— деп,
«Тез келмесең, өлем»—деп,
Болмады деп таң ұзақ,
Сол болар қайғың жалғыз-ақ.

Қысылып таңнан
Ағарып қалған,
Жатуға болмас жайланып,
Қош айтып жарға,
Амалың бар ма?
Қайтуға енді айналып,
Жатайын десең таң қиын,
Тастайын десең жар қиын.

Боз үйден ШЫҒЫП,
Дөң асып, бұғып,
Ертіп алып жарыңды,
Шығарып салып,
Аулаққа барып,
Асыққа айтып зарыңды,
Кетесің таңнан тұра алмай,
Жарыққа хайла қыла алмай.

Шыққан соң белге,
Көз салсаң елге:
Қарап тұр әлі жарыңыз,
Жолдасқа айтып,
Ат басын тартып,
Жүгіртіп қайта барыңыз,
Бір сүйіп алып тамақтан,
Асасың азар қабақтан.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!