Материалдар / ҚМЖ «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны 5-сынып

ҚМЖ «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны 5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; 5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2024
214
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім. Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні

Кумисбаева Э.Е.

Күні:

15.10.2024

Сынып: 5 «Б,В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы. Дала данышпаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

- әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады;

-эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

Құндылық

«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы» тақырыбы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін, оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

-өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау

Бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз дала данышпаны Асан қайғының бейнесін ашып,шынайы өмірмен салыстыру.

Топқа бөлу: Асанқайғы, Желмая, Жерұйық деген суреттер арқылы топқа бөлу

Ойтүрткі сұрақтар:

-Асан қайғы қай ғасырда өмір сүрді?

- Асан қайғының негізгі шығармашылық тақырыптары неден тұрады?

- Асан қайғының «Жерге айтқан сыны» аңызында не туралы айтылады?

- Асан қайғының жерге айтқан сынының басты идеясы қандай?

- Асан қайғының жерге айтқан сыны арқылы қандай мәселелер көтерілген?

\Сабақтың тақырымен, оқу мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын айтады.



Оқушылар үш топқа бөлінеді.






Ойтүрткі сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-үй тапсырмасын айды

- сұрақтарға жауап береді.


Сабақтың ортасы



1-тапсырма. Жеке жұмыс

Берілген ақпараттардың ақиқат не жалған екенін ажыратыңыз.

Мысал

Ақиқат

Жалған

Асан есіміне Елдің қамы үшін қайғы-қасірет кешкендіктен «қайғы» сөзі қосылған



Асан қайғының айтқан болжамдары бүгінге дейін мәнін жойған жоқ.



Шідерті өзенінің жанынан өлең айтып өтеді.



Асан қайғы желмаясына мініп, әр жерге сын айтады.



Сиыр тұқымы үзілмейтін жер деп Жеті қоңырға баға береді.



Жалаңашты тоқты қысыр қалмайтын мекен деп сипаттайды. 



Сарыарқаның тұздығы деп Терісаққан өзенін бағалайды




«Т кестесі» әдісі

Осы әдіс бойынша біз автор бейнесін қазіргі өмірдегі біздің болашағымыз жайлы Асан қайғыша толғанып жүрген өзімізге таныс тұлғалармен салыстырайық.

Асан қайғы бейнесі


Өмірмен байланыс





Жеке жұмыс

«Бес жолды өлең» әдісі «Асан қайғы» сөзіне өлең құрастыру.

  1. Зат есім

  2. сын есім

  3. етістік

  4. төрт сөзден тұратын сөйлем

  5. тақырыпты ашатын бір синоним сөз


Оқушылар берілген ақпараттардың ақиқат не жалған екенін ажыратады.




















Оқушылар дала данышпанының бейнесін анықтап, қазіргі өмірдегі біздің болашағымыз жайлы Асан қайғыша толғанып жүрген өзімізге таныс тұлғалармен салыстырады.



Оқушылар «Асан қайғы» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

Басқа жұптың жұмысымен салыстырады.


Дескриптор

-берілген ақпараттардың ақиқат не жалған екенін ажыратады.


















Дескриптор

-автор бейнесін ашады;

-Басқа жұптың жұмысымен салыстырады;

-Кейіпкерге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді;

Дескриптор

- өлең құрастырады


Сабақтың соңы

«Табыс ағашы» әдісі

Табыс ағашына бүгінгі сабақты қалай түсінгеніміз бойынша,алмаларды ағашқа жабыстырамыз.

Үйге тапсырма:

Қазақстанның жер байлығы туралы шолу жасау

Жасыл алма-толық түсіндім

Сары алма-сұрағым бар

Қызыл алма-түсінбедім




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ