Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚМЖ Бұқар жырау "Тілек"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
5.10.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау "Тілек" (2-сабақ) |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру |
|
Сабақтың мақсаты |
"Тілек" толғауындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, талдай отырып, автор стиліне баға береді |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу «Доп лақтыру» әдісі
Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырамын |
Допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап береді Толғаудың мазмұнын баяндайды |
Дескриптор
Өзара бағалау |
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Автордың психологиялық көңіл-күйін анықтаңыз.
Жұптық жұмыс 2-тапсырма. Толғаудан көркемдегіш құралдарды анықтап,кестені толтырыңыз.олардың қызметін анықтаңыз.
Сыныппен жұмыс 3-тапсырма. Бұқар жырау 21 ғасырда өмір сүрсе қандай тілек айтар еді деп ойлайсыңдар? 4-тапсырма. Төмендегі сызбаны пайдалана отырып,Бұқар жырау ойының өзектілігіне баға бер.
|
Автордың психологиялық көңіл-күйін анықтайды,өз ойларын жазады Оқушылар жұппен толғаудағы көркемдегіш құралдарды анықтап, олардың қызметі жайлы айтып береді. Өз жұмыстарын оқиды. Сұраққа жауап бере отырып,өз ойымен,өз көзқарасымен бөліседі Бұқар жырау ойының маңыздылығына, өзектілігіне баға беріп,өз ойларымен бөліседі |
Дескриптор *сұрақтарға жауап бере отырып, автордың психологиялық көңіл-күйін анықтайды ҚБ Өзара бағалау Дескриптор -тұрақты тіркесті анықтайды; -эпитетті ажыратады; -теңеуді анықтайды; -қайталау түрлерін табады; -қайталау түрлерін ажыратады; -көркемдегіш құралдың қызметін анықтайды Дескриптор -сұраққа жауап береді: -өз ойын айтады. Дескриптор - Бұқар жырау маңыздылығын бағалайды; -Бұқар жырау ойының өзектілігін бағалайды ҚБ Өзара бағалау |
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: Бұқар жырау тілімен «Тілек» деген тақырыпта өз өлең-тілегімізді жазайық Рефлексия «ННН» Не қиын болды? Не түсініксіз болды? Нені түсіндің? |
Үй тапсырмасын жазып алады Кері байланыс береді , ауызша |
Дескриптор мен оқушының жауабын ескере отырып, ФБ қою |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
7.10.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай" |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау |
|
Сабақтың мақсаты |
-Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауларымен танысады; -кейіпкер бейнесін талдайды; -толғаудың реквиеммен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды; -«Әй, Абылай, Абылай" толғауындағы Абылай ханның тарихи тұлғасын талдайсыз |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Үй тапсырмасын сұрау Бұқар жырау тілімен «Тілек» деген тақырыпта өз өлең-тілегімізді жазайық Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру |
Үй жұмысын оқиды Оқушылар Бұқар жырау тілімен «Тілек» деген тақырыпта өз өлең-тілегімізді жазайық |
Мұғалімнің бағалауы |
|
||||||
Сабақтың ортасы |
Жұптық жұмыс 1-тапсырма. Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай" толғауындағы Абылай хан бейнесін сомдайтын бейнелі сөздерді тауып, кейіпкердің тарихи тұлғасын талдаңыз. Үзінді беріледі Жеке жұмыс 2-тапсырма. Венн диаграммасы. Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай" толғауын Махамбеттің «Хан емессің қасқырсың» толғауымен салыстыру. Махамбеттің Жәңгірге айтқаны
Хан емессің, Қасқырсың,
|
Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай" толғауындағы Абылай хан бейнесін сомдайтын бейнелі сөздерді тауып, кейіпкердің тарихи тұлғасын талдайды.
Салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын атап, өз ойларымен бөліседі |
Дескриптор -Абылай хан бейнесін сомдайтын бейнелі сөздерді табады; -кейіпкердің тарихи тұлғасын талдайды Мұғалімнің бағалауы Дескриптор -ерекшеліктерін атайды; -ұқсастығын табады. Өзара бағалау |
|
||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия «БББ» Үйге тапсырма жаттау |
Үй тапсырмасын жазып алады Кері байланыс береді , ауызша |
Дескриптор мен оқушының жауабын ескере отырып, ФБ қою |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
8.10.2021 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау "Әй, Абылай, Абылай" |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру |
|
Сабақтың мақсаты |
Бұқар жыраудың "Әй, Абылай, Абылай" толғауындағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдап, автор стиліне бағалайды |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Үй жұмысын сұрау Видеоролик «Абылай хан» Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру |
Үзіндіні жатқа айтады Абылай ханның өмірі жайлы баяндалатын видеороликті тамашалайды |
Мұғалімнің бағалауы |
Абылай хан (ютуб) |
|||
Сабақтың ортасы |
Сыныппен жұмыс 1-тапсырма. Бұқар жырау "Әй, Абылай, Абылай" толғауының идеясы мен тақырыбын анықтаңыз Жұптық жұмыс 2-тапсырма. Толғаудан көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Мысалы:
3-тапсырма. Тест 1.Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай» толғауын неше жасында толғайды? А) 92 Ә)93 Б)94 2.Үзінді толғаудың қай бөлігінен алынғанын анықта. Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің. А) Сюжеттің басталуы Ә) Сюжеттің дамуы Б) Сюжеттің аяқталуы 3.Көркем шығармадағы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсету ... деп аталады А) Әдеби шығармадағы психологизм Ә) Әдеби шығармадағы параллелизм Б) Әдеби шығармадағы реализм 4.Абылай ханның көрегендігі мен даналығын үлгі ету , үлгі ету шығарманың қай бөлігі? А)Кейіпкер бейнесі Ә) Шығарманың тақырыбы Б) Шығарманың идеясы 5. «Қазақтың ханы Абылай» толғауында қандай батырлардың есімі аталады? А)Қанжығалы Бөгенбай, Абылай хан Ә)Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Б) Қанжығалы Бөгенбай, Сырым батыр Ақиқат пен жалған 1.Сені мен көргенде, Тұрымтайдай ұл едің (ақиқат) 2. Сен отыз жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар кұстай түледің. (жалған) 3. Алты Алаш баласын Аузыңа Құдай қаратып. (жалған) 4. былай-ау, Абылай, Момынға келіп бек болдың, (ақиқат) |
Бұқар жырау "Әй, Абылай, Абылай" толғауының тақырыбы мен идеясын анықтайды Толғаудан көркемдегіш құралдарды анықтайды. Олардың қалай жасалып тұрғанын атап береді Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп, жауаптарын қағазға жазып отырады. Кейін өз жұмыс дұрыс жауаптарымен салыстырады. Өз білімдерін тексереді. Жауабы: 1.Ә 2.Ә 3.А 4.Б 5.Ә «Ақиқат пен жалған» сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдерін тексереді |
Дескриптор -толғаудың тақыры-бын анықтайды; -идеясын анықтайды Өзара бағалау Дескриптор -көркемдегіш құралдарды анықтайды; -түрлерін ажыратады Мұғалімнің бағалауы Дескриптор -тестке жауап береді Дескриптор - сұрақтарына жауап бере отырып, «Ақиқат пен жалғанды» ажыратады. |
|
|||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс
Үйге тапсырма: |
Үй тапсырмасын жазып алады Кері байланыс береді , ауызша |
Дескриптор мен оқушының жауабын ескере отырып, ФБ қою |
||||
|
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
12.10.2021 |
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені» |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу Үй тапсырмасын сұрау Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені» аудио тыңдау «Асқар таудың өлгені» атты толғауында дүниеде не нәрсенің маңызды, мәңгі екенін айтады: Асқар таудың өлгені — Басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені — Аса алмай таудан қалғаны, – осындай жолмен табиғат құбылыстарының қалай «өлетінін» баяндай келе, «дүниеде не өлмейді?» деген сұраққа: Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді,- деп жауап береді. Бұл тіркес бүгінгі күні мақал- мәтел, афоризм ретінде кеңінен қолданылып жүр. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру |
Үй тапсырмасын айтады |
|
Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені» ютуб |
||||||
Сабақтың ортасы |
Сұрақ: Жыраудың табиғаттағы «өлім» мен адам рухын салыстыра суреттеуінің себебін түсіндіріңіз. 1-тапсырма. Толғаудың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Тақырыбы: Идеясы:ақыл,ғибрат, өсиетті үлгі ету 2-тапсырма. «Венн диаграммасы» Бұқар жыраудың «Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді» деген толғамын өзге ойшылдардың философиялық ойларымен салыстыра талдаңыз.
3-тапсырма. Сыни мақала жазыңыз. Ойшылдардың мәңгілік туралы философиялық көзқарастары Сөз саны:80-100 |
(Табиғаттың жаңаруы мен ізгілік деп есептеген. Табиғаттың жаңаруын жырау табиғаттың өлуі деп есептеген. Мәңгілік не өлмейді дегенге ...деп жауап береді) Толғаудың тақырыбы мен идеясын анықтайды, өз жұмысын оқып, пікір алмасады Бұқар жыраудың «Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді» деген толғамын өзге ойшылдардың философиялық ойларымен салыстырады Ойшылдардың мәңгілік туралы философиялық көзқарастарын талдай отырып,сыни мақала жазады |
Дескриптор -тақырыбын анықтайды; -идеясын табады. Өзара бағалау Дескриптор * философиялық ойларды салыстырады; *өз ойын айтады Дескриптор -сыни мақала жазады; - философиялық көзқарастары талдайды; -мақала құрылымын сақтайды |
|
||||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс «ҚҚҚ» Үйге тапсырма Өлмегенде не өлмейді? Өз нұсқасын жазу |
Үй тапсырмасын жазып алады Кері байланыс береді , ауызша |
Дескриптор мен оқушының жауабын ескере отырып, ФБ қою |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: |
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі |
|
Педагогтің аты-жөні |
Кумисбаева Э.Е. |
|
Күні: |
14.10.2021 |
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені» БЖБ №2 |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. О қушылар стикердің түсі бойынша топтарға бөлінеді. Үйге тапсырмасы Өлмегенде не өлмейді? Өз нұсқасын жазу Сабақтың тақырыбымен оқу мақсатымен таныстыру |
Оқушылар топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын айтады «Өлмегенде не өлмейді?» Өз нұсқасын жазу |
Мұғалімнің бағалауы Өзара бағалау |
|
Сабақтың ортасы |
Жеке жұмыс 1-тапсырма. Ақиқат пен жалған Тұжырымдардың ақиқат/ жалған екендігін анықта. 1. «Асқар таудың өлгені» толғауында автор теңеуді қолданған. 2. «Асқар таудың өлгені» туындысында ақын эпитетті қолданған. 3. «Асқар таудың өлгені» толғауында автор градацияны қолданған. 2-тапсырма. Толғау мазмұнына сәйкес келетін үзіндіні анықта. А)Көл беті тып-тынық. Көкпеңбек шетсіз де шексіз кілемді жайып тастағандай. Мүлгіген тыныштық бірде сабырлы мамыражай тірліктің нышанындай көрінсе, бірде жойқын дауылдың алдындағы жан шошытар үнсіздікті елестетеді. Тылсым көл тұңғиығы өзінің жұмбақ әлемімен адам жанын арбайтындай. Ә)Шыңылтыр аяз келісімен кезіндегі тау-тау толқынын жарға ататын көл үнсіздікке көмілді. Бірде жағаны ұрғылап, тыным таппайтын, бірде аялы алақанымен сипап қана кететін толқындар мұз құрсауына қамалып, қарусыз қалған әскердей күш-қауқарсыз жатыр. Өзінің жойқын күшін қайта-қайта дәлелдеп жататын көлдің зор дауысының мұз астынан сыбдыры да естілмей қалды. Б)Ұшы-қиыры жоқ көк әлем. Аспанның жерге түскен бөлігіндей. Көл әлемі – біріне өмір нәрін беретін күш болса, біріне тіршілік етудің ортасы, ал енді бірі үшін жойқын күш. Қайткен күнде де, өз бойына түс, көлем, тереңдік, шексіздік, шетсіздік сынды мықты ұғымдарды жиыстырған. Табынуға да, мойындауға да, мойынсұнуға да лайықты. 3-тапсырма. Толғауда қандай көркемдегіш құрал қолданылған? БЖБ № 2 |
Ақиқат пен жалғанды ажыратады.
Толғаудың мазмұнына сәйкес келетін үзіндіні анықтап,себебін түсіндіреді. Дұрыс жауап : Ә Толғаудан көркемдегіш құралдарды анықтайды, дәптерге жазады. |
Дескриптор -ақиқатты анықтайды; -жалғанды анықтайды; Дескриптор -толғау мазмұнына сәйкес үзіндіні анықтайды; Дескриптор -көркемдегіш құралдарды табады; -түрлерін ажыратады |
|
Сабақтың соңы |
БЖБ тапсырмасын жинау Үйге тапсырма: Айтыс және оның түрлері |
Үй тапсырмасын жазып алады |
Дескриптор мен оқушының жауабын ескере отырып, ФБ қою |
|